ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ 2009-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы «___» № қаулысына қосымша

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ

2009-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Өскемен

МАЗМҰНЫ:

1
Бағдарлама паспорты
4
1: 2
Бағдарлама паспорты: Кіріспе
4: 7
1: 3
Бағдарлама паспорты: Туризм дамуының қазіргі жай-күйіне талдау
4: 8
1: 3. 1
Бағдарлама паспорты: Әлемдегі экономиканың саласы ретінде туризмнің рөлі
4: 8
1: 3. 2
Бағдарлама паспорты: Әлемдік туризм тенденциясы
4: 8
1: 3. 3
Бағдарлама паспорты: Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің жай-күйіне баға беру
4: 9
1: 3. 4
Бағдарлама паспорты: Шығыс Қазақстан облысының туристік саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары
4: 10
1: 3. 5
Бағдарлама паспорты: Туристік кластер құру және оны дамыту жөніндегі шараларды іске асыру
4: 16
1: 3. 6
Бағдарлама паспорты: Туризм инфрақұрылымы
4: 18
1: 4
Бағдарлама паспорты: Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4: 19
1: 5
Бағдарлама паспорты: Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
4: 21
1: 5. 1
Бағдарлама паспорты: Туристік қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамыту
4: 21
1: 5. 2
Бағдарлама паспорты: Қазақстандық туристік өнімнің маркетингі және ілгерілеуі
4: 22
1: 5. 3
Бағдарлама паспорты: Экологиялық туризм - орнықты даму факторы
4: 22
1: 5. 4
Бағдарлама паспорты: Балалар-жасөспірімдер туризмі - ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетті тәрбиелеудің негізін қалаушы факторлардың бірі
4: 24
1: 5. 5
Бағдарлама паспорты: Кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесі және туризм саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
4: 24
1: 5. 6
Бағдарлама паспорты: Туризмді ақпараттық қамтамасыз ету
4: 25
1: 5. 7
Бағдарлама паспорты: Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
4: 26
1: 5. 8
Бағдарлама паспорты: Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық
4: 26
1: 6
Бағдарлама паспорты: Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
4: 27
1: 7
Бағдарлама паспорты: Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
4: 28
1: 8
Бағдарлама паспорты: Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
4: 29
  1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
Атауы
Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама)
Атауы: Әзірлеу үшін негіздеме
Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама):

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Ќазаќстан Республикасы Президентiнiѕ 2006 жылєы 1 наурыздаєы «Ќазаќстан ґз дамуындаєы жаѕа серпiлiс жасау ќарсаѕында» атты Ќазаќстан халќына Жолдауын іске асыру жґнiндегi iс-шаралардыѕ жалпыўлттыќ жоспары; «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығы;

«Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысы

Атауы: Негізгі әзірлеуші
Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама): Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Атауы: Бағдарламаның мақсаты
Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама): Сырттан келушiлер туризмi жјне iшкi туризм кґлемiн арттыру есебiнен мемлекет пен халыќ кiрiсiнiѕ тўраќты ґсуiн, халыќты жўмыспен ќамтуды ќамтамасыз ету їшiн бјсекеге ќабiлеттi туристiк индустрия ќўру
Атауы: Бағдарламаның міндеттері
Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама):

Ќойылєан маќсатќа сјйкес Баєдарламаныѕ бiрiншi кезектегi мiндеттерi мыналар болып табылады:

туризм инфраќўрылымын дамыту;

туризмдi мемлекеттiк реттеу мен ќолдаудыѕ тиiмдi тетiгiн жасау;

облыстың тартымды туристiк имиджiн ќалыптастыру және ілгері жылжыту;

туристік индустрияға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру есебінен туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдем көрсету;

Атауы: Іске асыру мерзімдері
Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама): 2009-2011 жылдар
Атауы: Қаржыландырудың көлемдері және көздері
Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама):

Баєдарламаны iске асыру їшiн 2009-2011 жылдарєа кґзделiп отырєан шыєындар: 3 912 995, 2 мың теңге,

облыстық бюджеттен 1 983 617, 7 мыѕ теѕгенi ќўрайды, оныѕ iшiнде:

2009 жылєа - 811 247, 0 мыѕ теѕге;

2010 жылєа - 736 180, 7 мыѕ теѕге;

2011 жылєа - 436 190, 0 мыѕ теѕге.

қалалық және аудандық бюджеттен 11 620, 0 мың теңге:

2009 жылға - 5 840, 0 мың теңге;

2010 жылға - 4 600, 0 мың теңге;

2011 жылға - 1 180, 0 мың теңге.

Сонымен ќатар, Ќазаќстан Республикасыныѕ заѕнамасымен тыйым салынбаєан басќа да кґздерден жалпы сомасы 1 917 757, 5 мың теңге:

2009 жылға - 741 152, 5 мың теңге;

2010 жылға - 544 252, 5 мың теңге;

2011 жылға - 629 352, 5 мың теңге ќаражат пайдалану болжанады.

Бўл ретте Баєдарламаны iске асыруєа ќажеттi бюджеттiк ќаражаттыѕ кґлемi тиiстi жылєа бюджеттi бекiту кезiнде наќтыланатын болады.

Атауы: Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама):

Баєдарламаны iске асыру барысында мынадай нјтижелерге ќол жеткiзiледi:

iшкi туризм бойынша туристер аєыныныѕ 2009 жылєы 356, 4 мың адамнан 2011 жылы 400, 7 мың адамға дейiн;

сырттан келушiлер туризмi бойынша 2009 жылєы 33, 4 мың адамнан 2011 жылы 51, 5 адамға дейiн тўраќты ґсiмi.

Шартты тїрде орта есеппен бiр шетелдiк турист ґзiнiѕ болуы уаќытында бюджетке 63 500 теңгеге жуыќ јкелсе, 2009 жылдан 2011 жыл аралығында сырттан келушiлер туризмiнен бюджетке тїсетiн тїсiм 8 147 млрд. теѕгенi ќўрайды.

Сырттан келушiлер туризмi есебiнен сонымен ќатар, халыќтыѕ туризм саласында жўмыспен ќамтылуы 2009 жылєы 2, 3 мың адамнан 2011 жылы 3, 0 мыѕ адамєа дейiн ќамтамасыз етiледi.

Баєдарламада ұсынылған шаралар кешенін іске асыру мемлекет азаматтары, сонымен қатар шетелден келетін тұлғалардың есебінен туристер ағынының одан әрі артуына ықпал ететін болады. Нәтижесінде бұл облыстың туристік өнімінің тартымдылығының артуына, жаңа жұмыс орындарын құруға, инвестицияларды тартуға, облыстың мәдени-тарихи және табиғи әлеуетін сақтауға және үйлесімді пайдалануға әкеледі. Экономиканың шикізаттық емес секторларының арасында маңызды кіріс секторларының бірі бола алатын бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады.

2. КІРІСПЕ

Шығыс Қазақстан облысында туризмдi дамытудыѕ 2009-2011 жылдарєа арналєан өңірлік баєдарламасы (бўдан јрi - Баєдарлама) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Ќазаќстан Республикасы Президентiнiѕ 2006 жылєы 1 наурыздаєы «Ќазаќстан ґз дамуындаєы жаѕа серпiлiс жасау ќарсаѕында» атты Ќазаќстан халќына Жолдауын iске асыру жґнiндегi iс-шаралардыѕ жалпыўлттыќ жоспарына, «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығына, «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысына сјйкес јзiрлендi.

Жетi кластерлiк бастаманыѕ iшiнде туристiк индустрияныѕ экономиканыѕ басты секторларыныѕ бiрi ретiнде танылуы оны дамытуєа жаѕа серпiн бердi.

Бағдарламаның мақсаты - туризм индустриясын ШҚО экономикасының бастапқы саласына айналдыру үшін шын мәнінде жағдай жасау.

Бағдарлама үш жылға есептелген, кешенді сипатта және туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу және қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, облыстың тартымды туристік имиджін қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды.

Аталған Бағдарламаны іске асыру:

Шығыс Қазақстан облысында туризмнің дамуына кедергі келтіретін факторларды жеңуге;

облыстың тарихи-мәдени мұрасы мен экологиялық балансын сақтай отырып, бәсекеге қабілетті өңірлік туристік өнім жасақтауға;

облыстың қалыптасқан еңбек нарығы мен әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін ескере отырып, адами, ақпараттық, материалдық және қолдағы бар өзге де ресурстарды тиімді пайдалануға;

экономиканың сабақтас салаларын туризмнің қоғам өмірінің барлық жақтарына әсер етуін есепке ала отырып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету деңгейін барынша арттыруға;

туристік дестинация ретінде Шығыс Қазақстан облысының тартымдылығын қамтамасыз етуге;

өңірдің стратегиялық бейіні туризмнің бәсекеге қабілеттілігін ретінде арттыруға ықпал етеді.

3. ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІНЕ ТАЛДАУ

  1. Әлемдегі экономиканың саласы ретінде туризмнің рөлі

Туризм бұрыннан бері әлемдік шаруашылықтың кірісті және

қарқынды дамыған салаларының бірі ретінде қарастырылады. Оны әлемдік жалпы ұлттық табыстың 10 %-ға жуығы туризмнің үлесінде екендігі туралы факт дәлелдейді.

Үшінші мыңжылдықтың басында әлемдік экспорттың жалпы

көлемінің 8 % және әлемдік қызмет көрсетуді сатудың 30-35 % халықаралық туризмнің үлесінде болады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыстары әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 12 % құрайды.

Әлеуметтік проблемаларды шешуде туризмнің дамуы маңызды рөл

атқарады. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде дәл туризмнің есебінен жаңа жұмыс орындары құрылады, халықтың жоғары өмір сүру деңгейі сақталады, мемлекеттің төлем балансын жақсарту үшін алғышарттар жасалады. Туризм саласын дамыту қажеттілігі білім беру деңгейінің артуына, халыққа медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіруге, ақпарат таратудың жаңа құралдарын енгізуге және т. б. ықпал етеді.

Туризм мәдени әлеуеттің сақталуына және дамуына әсер етеді, түрлі

елдер мен халықтардың арасындағы қатынастарды үйлестіруге әкеледі, мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық құрылымдарды қоршаған ортаны сақтау және сауықтыру ісіне белсенді араласуға жұмылдырады.

3. 2. Әлемдік туризм тенденциясы

Егде жастағы адамдар бүкіл әлемде туристердің біршама тез өсетін үлесін құрайды. Оларда қажетті қаражат бар, бірак сервиске өте қатаң талап қояды. Топтық сапарларға сұраныс азайып, дербес туризм жандана түсуде. Автобустық бағдарлар үлкен сұранысқа ие. 5-6 адамнан тұратын отбасылық туристерге және кішкентай достастық кампанияларға ұсыныстар өсуде. Арнайы турларға ұсыныстар артуда. Соңғы кезде білім беру интенсив-туризмдегі ойын-сауық компонентін алмастыруда. Интенсив-турлар сән-салтанатты емес, толыққанды және пайдалы болуы қажет. Туристік компаниялар интенсив-бағдарламалардың компоненттерінің бірі ретінде конгрестер өткізуді қосады.

Туристік қызметтің іскерлік, соның ішінде конгрестер өткізу бөлігі саяхаттың қарқынды дамыған және барынша пайдалы түрлерінің біріне жатады. Туризмнің осы түрінің жыл сайынғы өсу қарқыны әлемде 8% құрайды. Ол саяхат мақсаты - демалу болатын туризмге қарағанда қабылдап алатын тарапқа екі есе кіріс береді. Қалаларға бару, демалыс күніндегі саяхаттар сияқты қысқа мерзімді турлар үлкен сұранысқа ие. Демалыстың белсенді түрлері оның пассив түрлерін толық ығыстырды. Осыған байланысты, шытырман оқиғалы және спорттық сапарлар атақты бола бастады. Туризмнің барынша келешекті түрлерінің бірі - экотуризм - адам аяғы баспаған табиғатта демалу. Туризм арнайы спорттық, мәдени іс-шараларда, соның ішінде АҚШ және Жапония нарығында өсуде.

  1. . Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің жай-күйіне баға

беру

Шығыс Қазақстан облысы ішкі және сырттан келушілер туризмін дамыту үшін қажетті ресурстарға ие. Бүгінгі күні өңір:

Экономиканың дамуының жоғары қарқыны;

Инвестициялық тартымдылық:

Тиімді геосаяси және жағрафиялық жағдайы;

Көліктік қолжетімділік;

Ойын-сауық индустриясы;

Жағымды табиғи-климаттық жағдайлар;

Бай тарихи және мәдени мұра;

Ғасырлық қонақжайлық салт-дәстүр;

Туристік индустрияның кәсіби кадрларын дайындайтын білім беру

мекемелерінің болуымен сипатталады.

Облыстың бар туристік әлеуетін бірегей ету экологиялық, мәдени-танымдық, жағажай, тау-шаңғы және іскерлік туризмді дамыту болып табылады, ол ұзақ мерзімді келешекте қазақстандық және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті кешенді туристік өнімді қамтамасыз етеді. Мұндай өнімді жасау негізінде қолайлы климаттық жағдай, су, бальнеологиялық ресурстарының болуы, бай ландшафтты-рекреациялық әлеует, сонымен қатар өзіндік тарихи-мәдени мұра, халықаралық маңызы бар бірегей мұражайлық кешендердің болуы жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында мәдени-танымдық туризмнің өзегін қалыптастыратын тарихи, мәдени ескерткіштер және тарихи-мәдени мұражай-қорықтар (2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 627 сәулет, тарихи және мәдени ескерткіш, соның ішінде 15 - республикалық маңызы бар мемлекеттік қорғауға алынған) бар.

Шығыс Қазақстан облысының негізгі танымал туристік, рекреациялық аймақтары: Солтүстік-Шығыс (Белуха), Шығыс (Марқакөл көлі), Орталық (Өскемен қаласы, Бұқтырма жағалауы), Солтүстік (Риддер қаласы), Батыс (Семей қаласы), Оңтүстік (Алакөл көлі) болып табылады.

Бұл аумақтарда ТМД ғана емес, алыс шетелдердің көптеген туристерін тартатын Оңтүстік Алтайдың негізгі табиғи ескерткіштері шоғырланған.

Облыс аумағында жалпы көлемі 1784536 гектар 10 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар, оның 50811 гектар алаңында суқоймалары бар, 641258 гектар жерді орман басып жатыр.

Туризмнің дамуына кедергі келтіретін проблемаларды шешуге жүйелі және кешенді көзқарас болған жағдайда ғана қолда бар әлеуетті іске асыру мүмкіндігі туады.

3. 4. Шығыс Қазақстан облысының туристік саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары

Сырттан келушiлер туризмi жјне iшкi туризм кґлемiн арттыру есебiнен мемлекет пен халыќ табысының тўраќты ґсуiн, халыќты жўмыспен ќамтуды ќамтамасыз ету їшiн бјсекеге ќабiлеттi туристiк индустрия ќўру мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 18 қазандағы № 13/184-ІІІ шешімімен Шығыс Қазақстан облысының Туристік саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілген.

Шығыс Қазақстан облысының Туристік саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жоспарында Шығыс Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық саясатты жетілдіру, туризм саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер қарастырылған.

Бағдарламаны іске асыру мақсатында «Саяхат-Восток» ЖШС құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 7 қарашадағы № 367 қаулысы, «Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 тамыздағы № 126 қаулысы, «Экономиканың басым салаларын кластерлік дамыту жөніндегі жұмыс топтарын құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2005 жылғы 17 тамыздағы № 1-40ө өкімі, «Өскемен және Семей қалаларының маңындағы және облыс аудандарында берілген жерлер және жер учаскелерін түгендеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» 2008 жылғы 31 наурыздағы өкімі, «Жер қойнауын пайдалануға жер учаскелерін беру туралы мәселелерді қарастыру жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 10 сәуірдегі № 22/361 шешімі қабылданды, Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің арасында «Катонқарағай бұғы паркі» шаруа қожалығының базасында Шығыс Қазақстан облысында емдеу-сауықтыру туризмін дамыту мәселелері жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Туризмнің қарышты және орнықты дамуын облыстың сырттан келушілер және ішкі туризм көлемдерінің өсу қарқыны дәлелдейді:

Жыл

Туристік фирма

лардың саны

Резидент емес туристердің саны (адам)
Резидент туристердің саны (адам)
Ішкі туристердің саны (адам)
Көрсетілген қызмет көлемі (мың теңге)
Жыл: 2006
Туристік фирмалардың саны: 72
Резидент емес туристердің саны (адам): 10 781
Резидент туристердің саны (адам): 9 083
Ішкі туристердің саны (адам): 196 798
Көрсетілген қызмет көлемі (мың теңге): 974 490, 4
Жыл: 2007
Туристік фирмалардың саны: 92
Резидент емес туристердің саны (адам): 14 814
Резидент туристердің саны (адам): 11 571
Ішкі туристердің саны (адам): 276 451
Көрсетілген қызмет көлемі (мың теңге): 1 499 000, 0
Жыл:

2008 жылдың

І-жарты

жылды

ғы

Туристік фирмалардың саны: 101
Резидент емес туристердің саны (адам): 7 094
Резидент туристердің саны (адам): 3 970
Ішкі туристердің саны (адам): 106 785
Көрсетілген қызмет көлемі (мың теңге): 767 000, 0

Бұл ретте туристік имиджді қалыптастыруға және туристік өнімді әлемдік туристік қызметтер нарығына ілгерілетуге ерекше көңіл бөлінді: 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қазақстанның ресми делегациясының құрамында Берлин (ГФР), Мадрид (Испания), Утрехт (Голландия), Лондон (Ұлыбритания), Шанхай (ҚХР), Пекин (ҚХР), Сеул (Корея), Токио (Жапония), Мәскеу (РФ), Новосібір (РФ), Алматы KITF (ҚР), Астана «Астана-Демалыс» (ҚР) қалаларында өткізілген ірі халықаралық туристік биржалар, көрмелер мен жәрмеңкелерге жыл сайынғы қатысуы қамтамасыз етілуде.

Шығыс Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру мақсатында туристік индустрия субъектілерімен бірлесіп, бұқаралық, облыстық, имидждік, туристік іс-шаралар өткізілді.

Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуеті туралы шығарылатын жарнамалық-көрмелік материалдардың сапасы артуда. Шетелде Қазақстанның туристік мүмкіндіктеріне тұсаукесер өткізу үшін үш өлшемді интерактив қарта негізінде тұсаукесерлік бағдарламалар, жаңа компьютерлік технологиялардың көмегімен Шығыс Қазақстан облысының «виртуалдық турлары» бағдарламасы, туристік паспорт, жолнұсқалар, қарталар, буклеттер мен қағаз және электрондық нұсқадағы басқа да жарнамалық-ақпараттық өнімдер шығарылды. Сонымен қатар, облыста туристік саланы дамыту үшін бірқатар бағдарламалар, шекаралас мемлекеттердің (Қазақстан, Ресей, Қытай, Монғолия) аумағынан өтетін «Алтай - алтын таулар» трансшекаралық бағдардың қазақстандық бөлігі. Трансшекаралық бағдардың мақсаты төрт мемлекеттің мәдениетімен, салт-дәстүрімен, тарихымен, табиғатымен танысу, Өскемен қаласының тұрғындарына арналған демалыс күн аймақтарын құру жөніндегі пилоттық жоба, блоктар бойынша Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың қазіргі жай-күйі мен болашағының бағдарламасы әзірленді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының туризмі туралы Web-сайт құрылған.

Туристік сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында туристік сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, жаяу және су туризмінің нұсқаушыларын дайындау және туризм нұсқаушыларын дайындау жөніндегі оқыту семинарларын өткізу қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күні Қазақстанда туризмнің қолданыстағы барлық түрлері іс жүзінде бар. Туристік кластерді дамыту аясында облыста туристік кластер түрлері айқындалған:

өңір ландшафтын пайдаланатын экологиялық туризм;

қазіргі бар тарихи-археологиялық әлеует пен мәдени мұраны ашып көрсетуге бағытталған мәдени-танымдық туризм;

жағажай туризмі.

Туристік қызметтердің негізгі жеткізушілері туристік ұйымдар болып табылады, олар - туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар 99 туристік ұйым мен жеке кәсіпкерлер және 16 туризм нұсқаушылары. Туристік ұйымдардың көбін әлемнің көптеген мемлекеттерінде инновацияға негізделген, экономикалық өсімнің тиімді генераторы болып табылатын шағын және орта кәсіпорындар құрайды.

2006 жылы туристік қызметке жүргізілген статистикалық зерттеулер қорытындысының деректері бойынша облыс аумағында 39 туристік ұйым және 2 жеке кәсіпкер болды. Орналастыру орындарын есепке ала отырып, көрсетілген туристік қызметтердің көлемі 39 615, 7 мың теңгені, сырттан келушілер туризмі 10 781 адамды құрады, сыртқа шыққан туристердің саны 9 083 адамды құрады, ішкі туризмге қатысқандардың саны - 196 798 адам. Келушілерді орналастырумен айналысатын облыстағы 138 мейманхана шаруашылығының кәсіпорны мен жеке кәсіпкерлер 188 мың адамға 932, 0 млн. теңгенің қызметін көрсетті. Орналастыру объектілерінде сыйымдылығы 10, 3 мың төсекке арналған орын бар 3313 нөмір бар.

2007 жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағында 40 туристік фирма және 5 жеке кәсіпкер туристік қызметпен айналысқан. 2006 жылмен салыстырғанда орналастыру орындарын есепке ала отырып көрсетілген қызметтердің көлемі 53, 8% артып, 1499, 0 млн. теңгені құрады. Сырттан келушілер туризмі 14 814 адамды құрады, сыртқа шыққан туристер 11 571 адамды құрады, ішкі туризмге қатысушылардың саны 276 451 адам болды. Облыстағы мейманханалық шаруашылық кәсіпорындары 1341, 8 млн. теңгеге қызмет көрсетіп, 261, 4 мың адамға қызмет етті. Орналастыру объектілерінде сыйымдылығы 12, 3 мың төсекке арналған орны бар 4034 нөмір бар.

2008 жылдың І-жартыжылдығында туристік фирмалардың саны артып, нақты туристік қызметпен айналысатын 46 туристік фирма мен 9 жеке кәсіпкер болды. Орналастыру орындарын есепке ала отырып, көрсетілген қызметтер көлемі 767, 0 млн. теңгені құрады. Сырттан келушілер туризмі 7 094 адамды құрады, сыртқа шыққан туристердің саны 3 970 адамды құрады, ішкі туризмға қатысқандардың саны 106 785 адам. Облыста 148 мейманханалық шаруашылық кәсіпорындары 667, 2 млн. теңгеге қызмет көрсетіп, 92, 5 мың адамға қызмет етті. Орналастыру объектілерінде бір реттік сыйымдылығы 12, 7 мың төсекке арналған 4220 нөмір бар.

Туризмнің дамуы көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Резидент емес туристер облысымыздың аумағына көбінесе автожол немесе әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында автожол көлігі жиі пайдаланылады. Турлар мен экскурсиялық бағдарларды ұйымдастыру автомобиль жолдарының жағдайына байланысты.

Облыста жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 11, 7 мың шақырымды құрады, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 3, 4 мың шақырым, облыстық маңызы бар жолдар 8, 3 мың шақырым. Жолдардың 95% немесе 11, 1 мың шақырымында қатты жабын бар. 457 жанар-жағар май құю стансасы автомобильдерге отынын құю қызметін жүзеге асырады.

Туризм объектілеріне апаратын республикалық маңызы бар автомобиль жолдары анықталды:

Оңтүстік рекреациялық аймағы:

Абай ауданы, Семей қаласының маңы

Семей-Қайнар - күрделі жөндеу қажет, 2000-2010 жылдарда орташа

жөндеу жоспарланған, жол маңындағы сервис: ЖҚС - 4, тамақтану пунктері - 1;

Үржар ауданы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облысы
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
Ішкі туризм туралы ақпарат
Қазақстан Республикасында туристік бизнесті ұйымдастыру
Туризм инновациясы
Алматы облысында 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасының анализі
Қазақстан Республикасының туристік зоналарына қысқашы сипаттама
Қазақстандағы туризм жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz