Туризм – бұл халықтың рекрациялық қажеттіліктерін тиімді түрде қанағаттандыратын экономиканың өндірістік емес саласы


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Туризм - бұл халықтың рекрациялық қажеттіліктерін тиімді түрде қанағаттандыратын экономиканың өндірістік емес саласы, ұсынылатын қызметтер туризм индустриясының жүйесі арқылы жүзеге асырылады, онда туристерді орналастыру бойынша кәсіпорындар кіреді: қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер және тағы басқалар; тамақтану, байланыс, тасымал кәсіпорындары, валюта алмастыру бюросы, туристік фирмалар: ақпараттық- жарнама, ғылыми, жобалық, мәдени - танымдық және емдік-сауықтыру мекемелері мен кәсіпорындары.
«Туризм» термині «tour» француз сөзінен келіп шыққан, оның мағынасы шыққан орнына қайта оралу дегенді білдіреді. Егер де бастапқыда «туризм» сөзі қыдыру мақсатымен жаяу қозғалыс жасау ретінде анықталса, онда қазір бұл түсінік жан - жақты мағынаға ие болған.
Бүкіл әлемдік туристік ұйымның деректеріне қарасақ, әлемдегі 15-17 жұмыс орындарының бірі туризм индустриясының саласына жатады екен. Салыстырмалы түрде эксперттердің есебі Ресейде 300 жұмыс орнының шамамен 1-і туризм саласына жататынының көрсетіп отыр.
Өте бай табиғи байлықтар мен мәдени қүндылықтарға ие Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан соң туризмге мән бере бастады. Әлемдік нормативтерді қамтитын туризм саласына байланысты жарғы 1992 жылдың 13 тамызында Қазақстан Парламенті тарапынан қабылданды. 1993 жылы Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болған Қазақстанда туризм өнеркәсібін жетілдіру мақсатында Ұлттық бағдарлама қабылданған болатын. Қазақстан бірнеше елдермен туризм ынтымақтастығы келісім-шарттарын жасаты. Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігінің 2007 жылғы қызметінің стратегиялық маңызды бағыттары - отандық туризм және спорт инфрақұрылымы саласындағы мемелекеттік саясаты іске асыру, туризмді кластерлік дамыту, туристік орталықтар құру, дене шынықтыру және спортпен айналысатын турғындар санын көбейту және қазақстандық спортшылардың әлемдік аренадағы спорттық шеберлігін жоғарлату болды.
Дүниежүзілік туристік үйымның деректері бойынша туризм әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 10 пайызы бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Сондықтан Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беруде. Туризм елдің тутас өңірлерінің экономикасына белсінді ықпал етеді. Қазіргі уақытта 2007-2011 жылдарға арналған туризмді дамыту жөніндегі республикалық бағдарламасының басты мақсаты республикада қазіргі заманға сай жоғары нәтижелі және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, экономикалық қосалқы салаларын өркендету болып табылады.
Тақырыптың негізгі міндеті мен мақсаты. Қазақстан туризмнің дамуына көптеген күш жұмсауда. Қазақстан өзінің туристік нарығын халықаралық деңгейге шығаруға барлық мүмкіншіліктері бар. Сондықтан туризм секторынан күтілетін дамуды қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туризм секторы орнатылуы тиіс. Әлемде бәсекеге түсудің ең маңызды элементтерінің бірі - білім және технология екендігі ақиқат. Сол себептен, туризм білімінде технологиялық дамуларға мән беруі тиіс. Сондай-ақ туризм саласында білім беретін барлық оқу орындарында шет тілі оқытылып, кәсіби терминология меңгерілуі тиіс.
Адам ресурстарын дамыту үшін туризм индустриясының түрлі салаларында және түрлі мамандықтар бойынша қажетті маман дайындауға бағытталған білім жүйелерінің дамытылуы, туристік аймақтарда білім орталықтарының немесе оқу орындарының бай мекемелерінің ашылуы, осындай аймақтарда тұратын және туристік қызметтерде жұмыс істейтін немесе істегісі келетін адамдарға арналған курстардың және сертификат бағдарламаларының жүзеге асырылуы керек.
Сондай-ақ, оқу орындары мен туризм кәсіпорындары арасында координацияның дамуы қолға алынуы қажет маңызды мәселе. Оқу бағдарламасы жасалған кезде әлемдік туризмдегі дамулар және ішкі туризм нарығының талаптары назарға алынуы керек.
Міне, туризм саласы дамытуда осы секторда жұмыс істейтін кәсіби қызметкерлердің оқытылуы актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Осы орайда, дипломдық жұмысымның тақрыбын дәл осы мамандарды даярлау мен біліктілігін жоғарлату шеңберіндегі туристік ұйым жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды факторы ретінде персоналды оқыту төңірегінде сөз қозғауды жөн көрдім. Дипломдық жұмысымның бірінші бөлімінде персоналды басқарудың кәсіпорындағы маңызы туралы сөз еттім. Бұл бөлімде туристік фирманы басқаруда тиімділікті қамтамасыз етудегі жетекші кадрлердің алатын орны, туристік фирманың адам ресурстары бөлімі, персоналға деген қажеттілікті жоспарлаумен персоналды іріктеу процесі туралы мәліметтер берілген. Қонақ үй кәсіпорындарында ұсынылатын қызметтер мен өнімдердің қонақтардың қажеттілігін қанағаттандыруы өте маңызды мәселе. Бәсеке артқан ортада сапаның және икемді әрекет жасай алатын, білікті мамандары бар кәсіпорындар жетістікке жетеді. Сол себептен, жоғары білікті, мәдениетті, өз ісінің маманы болып табылатын басқарушы кадрларсыз менеджмент саласында тамыры терең сапалы өзгерістердің болуы мүмкін емес екендігін қарастырып өттім.
Екінші бөлімде персоналды оқытудың қажеттілігі қарастырылған, ол өз кезегінде кадрлардың кәсіби турғыда жетілуінің мақсатқа жету тәсілдерін, персоналды оқытудың формалары, туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бөлімшелеріне бөлінеді. Мұнда, туризм қызметкерлерінің біліктілігін кәсіби турғада жетілдіру астарында, қызметкерлердің жұмысты тиімді түрде атқаруына деген қалаулары мен білім сапасының жоғарлауына бағытталған кештердің жинаған түсінуге болады. Бұл жердегі әңгіменің мәні, кадр біліктілігін тереңдете түгел кеңейту мақсатында үнемі жүргізілетін оқыту жұмыстары туралы. Туризм менеджментінің пратикасы персоналдың білімін жоғары деңгейде ұстап түру фирманың тиімді жұмыстарының маңызды элементтерінің бірі ретінде қарастырылатынын дәлелдейді. Ешқандай да жаңаша техника, басқарудың түрлі әдістері өз ретінде қажетті нәтижеге қол жеткізбейді, егер де фирма қызметкерлері қазіргі заманның талаптарына сай келмейтін болса. Сол үшінде әрбір туристік ұйым өз қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жоғарылатып, жаңа білімдермен тәжірибеге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынса, еңбек нарығында бәсеке қабілеттілігіне төтеп бере алатыны сөзсіз.
Қазақстан Республикасы туризм саласындағы персоналдың білім деңгейі атты бөлімде: Қазақстандағы туризм саласындағы білім берудің қазіргі жағдайы және оны арттыру мәселелері, Интерконтинеталь Алматы-Анкара отеліндегі персоналды оқыту жағдайы қарастырылған. Қазіргі таңда кадрлар даярлау деңгейін арттыру жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударылуда. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасында туризм саласында мамандарды даярлауға мән берген. Онда туристік кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыстар орындалуы қажет делінген. Оларды атап өтер болсақ: Халықаралық тәжірибеге сәйкес Дүниежүзілік туристік ұйым ұсынған туризм бойынша мамандықтарды «Қазақстан Республикасының бакалаврит және магистратура мамандықтарының жіктегіші» ҚРМ08- 2004 мемлекеттік жіктегішке енгізді;
Туристік сапа үшін кадрлар дайындайтын жоғары оқу орындарында туристік білім беру сапасының «WTO-Ted Qual» сертификатын енгізді.
Туристік кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және орта оқу орындары үшін оқу бағдарламаларын, оқу әдістемелік құралдарды, оқулықтармен көрнекі материалдарды әзірлеуге қатысу.
Тақырыптың зерттелу объектісі. Қазіргі таңда туризмді ел қазынасына мол үлесін қосатын үлкен бір кірісті сала ретінде дамыту қолға алынуда. Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық мүмкіншіліктер бар, алайда жасалатын тірлік аз емес.
Туризм мемлекет қазынасына құйылар қомақты қаржының көзі екенін ескеретін болсақ, елімізде осы сала бойынша атқарылып жатқан жөн-жобаларға еріксіз көз жүгіртесіз. Еліміздегі туризм саласының мамандары Малайзияның туризм министрі Датук Сери Тенгумен кездескен бір отырыстарында, туристік кластерді дамыту жұмыстарында қордаланып жатқан мәселелерді жіліктеген болатын. Эко-сарапшылардың болжауынша алдағы 3 жылда елімізге туристік сапармен келетіндердің саны 24 пайызға артпақ. «Қазақстанның инвестициялық»тартымдылығын арттыру үшін туристік сападағы мамандар тапшылығын жоюымыз керек» деген бірқатар маманның пікіріне малазиялықтар таңданыс білдірген. Малайзиядағы туризм одағының мүшесі Азиза Азизан:
Мамандар дайындауды енді қолға алып жатқан болсақ, онда 2011 жылға дейін туристік сападан пайда таппайтынымызды айтып өтті.
Туризмді дамытуда осыдан он жыл бұрын бастағанда, әлдеқашан дамыған елдермен қатарласатынынымызды да көзден таса қылған жоқ. Қазақстанда, Бурабай, Қапшағай, Алакөл тәрізді тамаша жерлердің барынан хабардар екендігін айтты. Міне, бұл аймақтарда қазақ елінің болашағына капитал жасайтын жер деуге болады, -деп өз сөзін аяқтаған болатын. Мәселенің түп-төркіні мамандардың жетіспеушілігінен іздеген қазақстандықтарға Қазақстан туризм одағынаң төрағасы Қайырбек Өскенбаев былай деп өз ойын білдірген болатын.
Біздің елімізде туризм саласының кешігіп қалғаны рас. Мамандарымыздың 30 пайызында арнайы білім жоқ екендігін айтып өтті. 2007 -2011 жылдарға дейін «Туризм сапасын дамыту» бағдарламасын қабылданғандығын сөз етті. Аталған бағдарламада мамандардың біліктілігін арттырудың да ескерілгендігі туралы пікірін білдіргенді.
Өзге елдің топырағын басып көрген адамдардың сөзіне жүгінетін болсақ, шет елдің туризм саласындағы мамандары елін - жерін таныстыруға келгенде барын салып, атам заманғы аңыздарын тамсана айтып, тарихын тамылжыта дәріптейді екен. Ал біздің мамандардың тарихты ақтару жағына келгенде ақсап жатқаны ақиқат. Әдемілік үшін маңына тарихи құндылықтардан хабары жоқ көркем қыздарды жинап, ақша жасап отырған түрлі орталықтардың да қарасы көбейіп кеткені де рас.
Осы саланы басқару тізгінін өз қолына алған туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовтың айтуынша министрлік туризмнің көсегесін көгертуді ойластырып отыр. «Ұлтымыздың, жеріміздің мәртебесін арттыру үшін туристік инфрақұрылымдарды дамытуға жеке мән беру керек» деген шетелдік экологтар пікірінің астарына үңілсек министр биылдан бастап туристік салаға сауатты мамандарды жинақтауды тікелей өзі қадағалайтындығын мәлімдеген болатын.
Ғалымдасқан бәсеке жеке және ұйымдық өзгерудің қаншалықты керек екендігін түсінуді қамтамасыз етуде. Қазір әлем көптеген кәсіпорынның жұмыс істеу әдістерін өзгертуді керек етеді. Бұл өзгерістерге мойынсұнбайтын адамдардың өнімдерімен кәсіпорындарының артта қалатындығы ақиқат. Сол үшінде, әлемдік зерттеулер жұмысының нәтижесі көрсеткендей, бәсекеге қабілетті болудың бір жолы, кәсіпорын қызметкерлерінің қабілетті, білікті маман болуы болып отыр. Осы орайда, Интерконтиненталь Алматы-Анкара отелінде де қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату жолында түрлі тренинг, семинарлар оқыту жұмыстары үздіксіз түрде жүргізіліп отырады.
Дүниежүзілік туристік ұйымның болжамдарына сенер болсақ, Қазақстан өзінің туристік нарығын халықаралық деңгейге шығаруға барлық мүмкіндіктері бар. Туристер әлемнің әйгілі жерлерін жақсы зерттеп алды, енді олар туристік секторлары енді ғана дамып келе жатқан елдерге ұмтылуда.
Қазақстан - міне, осындай елдер қатарында. Туризм саласын елімізде дамыту үшін, осы салада жұмыс істейтін мамандардың дамытылуына да еркше назар аударған абзал. Өйткені кәсіби біліктілік - жарқын болашақтың кепілі!. [1]
І. Персоналды басқарудың кәсіпорындағы маңызы
1. 1. Туристік фирманы басқаруды тиімділікті қамтамасыз етудегі жетекші кадрлардың алатын орны.
Персоналды басқару - бұл кәсіпорынның мақсатқа жетуіне бағытталған, ұжымға және ондағы жеке жұмысшалардың шығармашылық қабілетін көрсете отырып, ынталы, саналы түрде еңбек етуі үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатымен кешенді және мақсатқа бағдарланған түрдегі әсер ету.
Бәрімізге белгілі болғанда, кез-келген кәсіпорынның менеджменті
өзіне екі негізгі аспектті құрайды. Олардың алғашқысы - фирманың мақсаттарын анықтауға бағдарланған. Аты аталған аспектті жүзеге асыру бойынша кештер ұйымдастырылып, сәйкесінше нәтиже бақыланады. Бұл аспектте менеджмент материалды-логикалық мәселелерді шешуге, кәсіпорындағы жағдайларды ұйымдастыруға және оларды басқаруға бағытталған. Екінші аспект - бұл кәсіпорынды басқару, яғни сәйкесінше адамдарды басқару болып табылады. Фирманың қызметкерлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру - ең маңызды мақсаттардың бірі, кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауыны кепілі. Бұл істегі жетістіктерді, кәсіпорынның функцияландырылуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар кәсіпорынның қызметкерлерінің өмір сүруге деген қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Менеджменттің бірінші және екінші аспектілері өзара тығыз байланысқан, сондықтан да оларды бір-біріне қарама-қайшы қоюға,
немесе екі бағыттың біріне көбірек көңіл бөлудің мәні жоқ. Стратегиялық менеджмент мынадай басқаруды болжамдайды, яғни кәсіпорын басшысы
бір жағынан материалды-логикалық шешімдерді дұрыс қабылдай алуы қажет, басқа жағынан - өзінің қызметкерлерінің жұмысын фирма мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағыттау және ынталандыру. Осылайша, кәсіпорынды басқару сонымен қатар алға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған қызметкерлердің қатынастарына әсер ету мағынасында адамдарға да билік жүргізуді білдіреді. Бұл фактор туристік кәсіпорында ерекше маңызға ие болуда, өйткені қызмет (туристік өнім) қонақтың қатысуымен ұсынылып, жүзеге асырылады. Сонымен байланысты туристік индустрияның персоналы кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауына қажетті маңызды стратегиялық факторды құрайды.
Нарықтық жағдайларға көшіп, туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етумен сапаның приоритеті туралы сұрақтары әкімшілік басқарушылық жұмысшыларға қойылатын талаптарды өзгертіп, олардың еңбекке деген шығармашылық қабілеттіліктерінің маңыздылығын және жоғары кәсіби біліктілігін жоғарлатты. Бұл жағдайлар персоналды басқарудағы әлеуметтік-психологиялық мәселелер мен методтардың және принциптердің түбегейлі өзгеруіне алып келеді, олардың ұйымдағы алатын рөлін жоғарлатты.
Жоғары білікті, мәдениетті өз ісінің маманы болып табылатын басқарушы кадрларсыз менеджмент саласында тамыры терең сапалы өзгерістердің болуы мүмкін емес. Бұл жағдай «жоғарыдан» келетін топтың бұйрығын көз жұма орындайтын шынайы басқарушыға қарағанда, шешуші сәтте ауыспалы нарықтық жағдайларға ие болатын қызметтерінің барысы мотивация саясатының жүзеге асуына бағытталған туристік фирманың менеджері шығармашыл тұлғаға айналады.
Еңбектің ұжымдық ұйымдастырылуының даму жағдайларындағы мотивацияның саясаты (акционерлік қоғамдар, жалға алу ұжымдары және т. б. ) және барлық қызметкерлердің басқаруға жұмылдырылуы ортақ мақсаттарға жетуі үшін персоналдардың әкімшілікпен бірлесіп қызмет жасауларының дамуына бағытталған.
Өз кезегінде бұл жайт басқарушы жұмысшылардың басқарудың
жаңа формасын іздеп табуға, потенциалды қабілеттіліктерін дамытуға,
тиімді түрде еңбек етуіне, еңбек процесіне шығармашыл түрде
қарауға итермелейді. Басқару ісіне менеджерлердің шығармашылық қабілеттіліктерін таныту талаптары, олардың орындайтын жұмысы үшін жаупкершілікпен өз бетімен шешім қабылдауларын жоғарлатып, басқарушылық шешімдерді қабылдауға белсенді атсалысуларымен бірлескен жұмыс нәтижелеріне деген тікелей қызығушылық танытуларының жоғарлауына негіз болды.
Еңбек ресурстарын басқару, туристік ұйым қызметіндегі ең маңызды бағыттардың бірі болып табылып, оның экономикалық жемістерінің негізгі критерияларының бірі болып саналады. Егер де алғашқыда басты назар техникалық прогрестің жетілдірілуі мен дамуына, прогрессивті технология мен ұйымдық құрылымның модификациясының енуіне аударылған болса, ал қазіргі таңда адам факторының тарапына көшкен, басқаша айтқанда бизнестің мәнімен, тиімділігін адамдар айқындайды.
Сонымен, бизнестің шешуші көзін құраушы кадрларды басқару
болып табылады. Ол қолайлы ортаны қалыптастырады, онда еңбек потенциалы жүзеге асырады, қабілеттілік дамытылады. Адамдар орындаған жұмыстан және өздерінің жетістіктеріне деген сенімдеріне қоғамның қолдануынан ләззат алады. Сондықтан да, персоналды басқару облысында бірте-бірте технократтық тәсілдемелерден көңіл аударудың өзгерістері орындалады, олар негізінде жұмысшылардың ұзақ мерзімді еңбек потенциалдарының дамуы жататын жүйелік тәсілдерге, еңбек процесінің мазмұнымен қатаң түрде регламенттелінеді. Әкімшілік - бұйрық беру басқаруындағы мерзімде функцияланған жүйе көптеген менеджерлерді қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуға үйретті, ол басқарушылық кадрлардың экономикалық ойлауының деңгейіне әсер етпей қоймайды. Кадрларды жинау барысында кәсіби біліктілік ескерілмейтін. Нағыз өз ісіне лайықты менеджерлер өте сирек таңдалатын, ал ресурстарды жинай алу қабілеті басшының ең маңызды қасиетінің бірі
болып саналатын. Ол уақытта бұл жағдай расталған, өйткені жоғарыда тұрған ұйым өзінің толық басқарушы директивімен бірнеше туристік фирмаға және фирманың өзімен таңдалған басшыға бағыттайтын, ол жоғарыда тұрған билік мүшелерінің өкілінің рөлінде шығып, және өзінің қызметі барысында ең бастысы олардың бұйрықтарын орындауға бағдарланатын.
Экономикадағы орын алған өзгерістер еңбек ресурстарын басқару облысындағы тәсілдемелерді де қайта өңдейді. Жаңа типтегі басшыларда пайда болып, олардың ойлау қабілетімен жұмыс істеу стилі белгілі бір мөлшерде ұйымның жаңа міндеттері мен даму жағдайларына сай келеді. Кадр қызметтерінің де рөлі айтарлықтай жоғарылайды, олар көбірек белсенді түрде персоналды басқару бағытында ұйымның стартегиясын жүзеге асырумен және дайындық процесіне ат салысулары қажет. [2]
- Туристік фирманың адам ресурстарын басқару.
Еңбек күші бөлімі туристік кәсіпорынның функционалды немесе көмекші бөлімшесі болып табылады.
Бұл жағдай оның қызметкерлерінің туристік өнімді жасауға тікелей емес, жаңаша түрде қатысуымен байланысты. Тәртіп бойынша, еңбек күші ресурстары бөлімнің жұмысшылары сызықты басшылардың эксперт кеңесшілері ретінде жұмысқа қабылдау мен босату, жаңа қызметке тағайындау туралы, кәсіби біліктілігін арттыруда оқытуға, еңбек ақының жоғарылауы және т. б. бағыттарында жұмыс жасайды.
Туристік фирма алдындағы туризмді басқарудың орталықтандырылған жүйесінің күшін жоғалту мөлшері бойынша еңбек күші ресурстарын басқарушы байланысты принципиалды жаңа мәселелер пайда бола бастады
Бұл мәселелердің шешілуі алғашқы кезде пайланылған еңбек кітапшаларын сақтау, мәдени-қоғамдық кештерді ұйымдастыру, есептерді құрастыру.
Құжаттарды жүргізу үшін жеткілікті болған алғырлық тәсілдерге қарағанда мүлдем басқа түрлерін талап етеді. Міне сондықтан да дәл осы себеп бойынша қазіргі күні кадр қызметінің көптеген жұмысшылары алғашқы қалыптасқан кадр бөлімінен ауысқандар туристік кәсіпорынның басшылығына персоналды басқарумен байланысты мәселені тиімді түрде шешуді ұсына алмайды. Сондықтан да «менеджер-персонал» атты жаңа мамандық ортаға енді, яғни персоналды басқару. Персоналды басқару - бұл кәсіби менеджер-мамандарының жеке тобы, олардың басты мақсаты - ұйымдағы кадрлардың бағдарламасын белсенділігі мен шығармашылық қабілеттіліктерін өсіру.
Нарықтық типтегі пайда болған ұйымдарда бір жағынан алғанда
жаңа өнімдермен құрылымдарды құрумен және инновациялық стратегияның дамуы арасындағы алшақтықты қысқарту мәселесі туындаса, басқа
жағынан жұмыс потенциалының дамуымен еңбек күші ресурстарын басқару тәсілдері пайда болды. Мұнда ерекше рөлді кадр қызметі ойнайды.
Өзінің функциясы бойынша, дайындық деңгейі, техникалық жабдықтауымен құрал-саймандары бойынша баяғы кезеңдердегідей кадр қызметіне бұл нәрселер жеткіліксіз, жоғары сатыда тұрған менеджерлермен таңдалған жұмысшылар санына бұйрық қағаздарын толтырумен кадр туралы
ақпаратты сақтау ісімен ғана айналысады. Бұл жердегі түпкі мақсат, кадр
қызметінің бірте-бірте еңбек бойынша стратегияларды жасап және жүзеге асыруды ұйымдастыратын орталықтарға айналуында болды. Бұл дегеніміз, олар - жоғары білікті жұмысшыларды жалдай отырып, бизнестің дамуына, олардың карьераларын жоспарлауына, еңбек ақысының жетілдірілуі мен өндірістік қызметтің құнына жәрдем тигізулері қажет. Кадр жұмысы енді басқа басқарумен фунциялардан тәуелсіз түрде жүзеге асатын таза
әкімшілік ретінде қарастырылмайды. Енді ұйымның шаруашылық қажеттіліктерін осымен байланысты кадр қызметінің атқаратын қызметін басқа да құрылымдармен жүйелі түрде қарастыруды білген жөн.
Бұның нәтижесі көп санды адамдардың бизнеске тартылуы, өзінің міндеттерімен жауапкершіліктерін білуі, жұмыс потенциалының дамуы, қолайлы психологиялық орта болып табылуы қажет. Әр түрлі деңгейлі сызықтық басшылардың арасында өзара қарым-қатынастың өзіне тән инфрақұрылымы құрылды, ол кадрлардың орын ауыстыруымен қызметтерге тағайындалуы барысында оларды құжаттармен оперативті түрде қамтамасыз етеді. Еңбек күші ресурстарын басқару функциясы өзгеріп отырады, шаруашылық шешім қабылдауларда кадр қызметі пассивті түрден белсенді түрде қатысуға ауысады, нәтижесінде ұйымда сәйкес келетін консенсусты қалыптастырады.
Кадр қызметінің жұмыс мазмұнының негізін келесідей факторлар құрайды:
- ұйымның кадрларын қалыптастыру (жоспарлау, жинақтау мен жалдау, босату, ағым шешімі (анализі) және т. б. ) ;
- жұмысшылардың жетілуі (дамуы) (кәсіби даярлау мен қайта даярлау, аттестациядан өткізу мен персоналды бағалау, қызмет бабы бойынша жоғары көтерілуін ұйымдастыру) ;
- жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру және оның ынталандырылуы, жұмыс жасаудың қауіпсіз жағдайларын құру.
Ұйым ішінде еңбек күшінің ресурстарын басқаратын стратегия жасалуы қажет: персоналды пайдаланудың перспективті бағдарлануы, оның өзгеруі мен жетілдірілуі, мотивацияның дамуы анықталған.
Персоналды басқару жүйесіндегі өзгерістердің орын алу есебімен төрт факторды бөліп шығарды.
Технико-технологиялық:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz