XI ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыз тайпаларынан бөлінген көшпенді селжүк тайпалары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

1. Тарихы

XI ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыз тайпаларынан бөлінген көшпенді селжүк тайпалары кірді. Сол кездегі ірі, қуатты Византия империясы да оларға тойтарыс бере алмады. 1071 жылы Манцикерт (түрікше Маназкерт) маңындағы шайқаста селжүктер византиялықтарды күйретті. Нәтижесінде селжүктер олардың Кіші Азиядағы, Сүрия мен Палестинадағы иеліктерді тартып алды.

Бірақ та Ирак, Иран, Сирия, Палестина, Кіші Азияны қамтыған Селжүк империясы біраздан кейін бірнеше бөлікке бөлінді. Оның Кіші Азиядағы бөлігі өзін Конья сұлтандығы деп жариялады оның астанасы Конья (бұрыңғы Иконий) қаласында болды. Крестшілердің жорықтарына, Кіші Азия мен Қиыр Шығыстың корольдіктеріне (Антиохия, Кіші Әрменстан, т. б. ) тойтарыс бере алған Конья сұлтандығын 1318 жылда Хулагу хандығы құлатты.

Соған дейін, XII ғасырдың басында, Шыңғысханның және оның ұрпақтарының шабуылдардан құтылып, Хорасаннан Сүлеймен ханның басшылығымен оғыздар Әрменстанға, одан кейін, оның баласы Ертоғырыл ханның кезінде Кіші Азияға көшіп кетті де, Кония сұлтаны Ала-эд-дин Византиямен соғыста көмектесті, сондықтан ол оғыздарға Ангора(Анкара) мен Брусса (Бурса) қалаларының арасындағы жерлерді берді.

Ертоғырылдың баласы Осман бей Византиямен күресте оның Кіші Азиядағы көптеген жерлерін тартып алды. Содан кейін, 1299 жылы Осман Кония сұлтандығынан тәуелсіздігін жариялап, Осман мемлекетін құрды. Жағрафиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азия материгінде, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эге теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Географиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия материгінің тоғысқан жерінде орналасқандығы. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты. Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстанбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) астанасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған. Генерал Мұстафа Кемал Ататүрктің басқаруымен түрік халқының ұлт - азаттық көтерілісі нәтижесінде ( 1918 - 1923 ж. ) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кемал Ататүрк сайланды. Елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Армения, Гүржістан, Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сириямен, батысында Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі. Жер бедері. Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін ( Кіші азия немесе Анадолы ) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен птырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады. Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді. Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедаг ( 3086 м. ) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджигөл, Ақшекер бар. Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан. Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фырат және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан. Елдің солтүстік шығысында Әрменстан Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы ( 3925 м. ) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмкалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкіну жиі болып тұрады.

2. Географиялық - экономикалық жағдай

Түркия Республикасы - Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Аумағының 97%-ы Кіші Азия (Анадолы) түбегін, 3%-ға жуығы Еуропа ендігін немесе оңтүстік - шығыс Балқан түбегін (Шығыс Фракия) қамтиды. Солтүстік - шығысында ТМД елдерімен, шығысында Иранмен, оңтүстік - батысында Иракпен, Сириямен, солтүстік - батысында Болгария және Грекиямен шектеседі. Жер аумағы 780, 6 мың км², халқы 75, 1 млн. адам. Астанасы - Анкара қаласы. Негізгі халқы түріктер. Одан басқа күрдтер, арабтар, гректер, кавказ халықтары, т. б. тұрады. Сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқында болып, кейінннен Батыс Еуропада қалып қойған, 1940-1950 жылдары Шығыс Түркістанда Қытай коммунистеріне қарсы күресіп, Үндістан мен Пәкстан арқылы келген және 1970-1980 жылдары Ауғанстандағы соғыстан бас сауғалаған қазақтар мен олардың ұрпақтары тұрады (10-15 мың адам) . Жергілікті халық негізінен ислам дініннің суннит тармағын ұстанады. 1982 жылы қабылданған соңғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы - президент. Оны елдегі бір палаталы парламент - Түркияның ұлы ұлттық мәжілісі 7 жылға сайлайды. Президент премьер -министр мен үкімет мүшелерін мәжіліс депутаттары арасынан тағайындайды. Елде көппартиялы салау жүйесі орныққан. Премьер - министр сайлауда ең көпшілік дауыс алған партия арасынан ұсынылады және үкімет мүшелері партиялардың мәжілістегі орнына тәуелді. Ресми тілі - түркі тілі. Ұлттық валютасы - түрік лирасы. Әкімшілік жағынан 67 ильге (уәлаятқа) бөлінген. Жұрт саны - 70 млн. Тәуелсіздігін 1923 ж. алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эге мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығыста Гүржістанмен, Әзірбайжанмен, Иранмен, Әрменстанмен, батыста Болгариямен, Грекиямен, оңтүстікте Ирак пен Сүриямен шекаралас.

2. 1 Табиғат жағдайы мен географиялық орны

Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан, Кіші Азия мен Армян қыраттары шегінде жатқан таулы мемлекет. Солтүстік және оңтүстік жағалаулары аз тілімденген. Батыс жағалауы шығанақты келеді. Жерінің 97 % -ы Азия материгінде, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эге теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Жағрафиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия материгінің тоғысқан жерінде орналасқандығы. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты.

Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстанбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) астанасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған.

Генерал Мұстафа Кемал Ататүрктің басқаруымен түрік халқының ұлт - азаттық көтерілісі нәтижесінде ( 1918 - 1923 ж. ) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кемал Ататүрк сайланды.

Елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Әрменстан, Гүржістан, Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сириямен, батысында Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі.

Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін ( Кіші азия немесе Анадолы ) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен атырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады.

Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді.

Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедағ ( 3086 м. ) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджиғөл, Ақшекер бар.

Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан.

Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фыратт және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан.

Елдің солтүстік шығысында Әрменстан Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы ( 3925 м. ) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмикалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкіну жиі болып тұрады.

Жері әр түрлі климат белдеулерінде орналасқан. Қара теңіз жағалауының қысы-жылы, жазы-ыстық, жауын-шашын мөлшері 900-2000 мм аралығында. Жерорта теңіз жағалауының жазы ыстық, құрғақ, қысы жылы, аяз болмайды. Жауын-шашын күзден бастап көктемге дейін жауады (600-700 мм) . Ішкі аймақтарда (Орталық және Оңтүстік-шығыс Анадолы) климаты континенттік (жазы ыстық, қысы суық әрі ұзақ) . Жауын- шашын мөлшері 300-550 мм. Шығыс Анадолының климаты тым континенттік, қысы суық (-40 C қа дейін) әрі ұзақ (5-6 ай) . Жазы салқын, құрғақ. Дегенмен, кей жерлерде (Дияртақыр қазаншұңқырында) ыстық, құрғақ (46 C-қа дейін) . Тауларында мәңгі қар жатады.

2. 3 Халқы

Халқының саны 73, 6 млн адам, тығыздығы шамамен 1 км² -ге 95 адамнан келеді. Елдегі халықтың 94%-ға жуығы түріктер, өзге ұлттардан күрдтер (4 млн-дай), арабтар, түрікмендер, черкестер, лазылар, аджарлар, абхаздар, ингуштер, шешендер, т. б. ұлттар бар. Түрік тілі алтай тіл семьясының түркі тобына жатады. Халқының 99%-ға жуығы ислам дінін ұстанады. Туу көрсеткіші 1000 адамға 18 нәрестеден, өлім көрсеткіші 1000 адамға 6 адамнан келеді. Өмір сүру ұзақтығы орта есеппен ерлер үшін 69 жас, әйелдер үшін 74 жас. 20, 4 млн адам еңбекке жарамды халықтың 44%-ы ауыл шаруашылығында, 41%-ы қызмет ету саласында, 15%-ы өнеркәсіпте жұмыс істейді.

Елдің ірі қалалары батыс бөлігінде орналасқан. Олар Стамбұл, Измир, Бурса, Аданазары, Денізлі, Адана, Балыкесир және Стамбұл қаласы агломерациясына кіретін Измир, Каятхане және Байрампаша қалалары қарқынды даму үстінде. Орталық Анадолыдағы ең ірі қала елдің астанасы - Анкара қаласы. Онда 4 млн-ға жуық халық тұрады.

Босфор бұғазының жартасты жағалауына Түркияның ең үлкен қалаларының бірі - Стамбұл орналасқан. Мұнда 9 млн-нан астам халық тұрады. Қалада көне заман ескерткіштері, ортағасырлық сарайлар мен ғимаратта осы күнгі зауыт-фабрикалармен қатар кездеседі. қалада 500-ден аса мешіт жұмыс істейді.

2. 4 Экономикасы

Түркия -аграрлы-индустриялы ел. Түркия азық-түлік өнімдерін өндіруде дербестікке жеткен әлемдегі санаулы елдердің бірі. Егіншілік - ауыл шаруашылығының жетекші саласы. Ел аумағының 33%-ын егістік алып жатыр. Оның 80%-ына дәнді дақылдар өсіріледі. Егістік алқаптың 15%-ына техникалық дақылдар (мақта, темекі, қант қызылшасы, күнжіт, зығыр) егіледі. 4, 2%-ын бақ пн жүзім баулары алып жатыр. Жерорта теңіз жағалауында негізінен жүзім, інжір, маслина, цитрусты жемістер, алма, өрік, т. б. ал Қара теңіз жағалауының шығыс бөлігінде шай (жылына 200 мың т шамасында) өсіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Түрік ангор ешкісінің түбітін әлемдік рынокқа шығаратын жетекші ел. Ауыл щаруашылығының ежелгі саласы жібек тұтын өсіру сақталған. Елде балық шаруашылығымен айналасатын кәсіпкерліктер көп: жылына шамамен 180 мың т теңіз балығы ауланады. Ел аумағының шамамен 25%-ын орман-тоғай алып жатыр. Түркия өнеркәсібінің тарихы 19 ғасырдың соңынан басталады. 1927 жылы өнеркәсіпті қолдау туралы жаңа заң қолданысқа енді. 1927 -1950 жылы жалпыұлттық өндірістегі өнеркәсіптің үлесі 20%-ға артты. 1960 жылы жоспарлы даму кезеңі басталып, үкімет мемлекеттік секторға басшылық жасауды өз қолына алды. 1980 жылы экономика мен өнеркәсіптегі тоқырауды жоюға арналған жаңа экономикалық бағдарлама әзірленді. Бұл бағдарлама елдің экономикасын әлемдік экономикамен ынтымақтасуға бағыттаған жаңа саясатқа жол салды. Бағдарлама нарықтық экономикаға жол ашып, импортты ырықтандырды және төлемдердің табиғи балансын қалыптастырды. Өнеркәсіп секторының үлесі ауыл шаруашылық өндірісін қысқарту есебінен ұлғайды. Соған орай осы кезеңде өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығару арта түсті. 1990-1994 жылдардан бастап өнімдерді бөлу жүйесі жақсарып, елдегі жұмыссыздық пен аймақтық сәйкессіздік ахуалы жойыла бастады. Қазіргі кезде Түркия әлемдік стандарттар бойынша тауар шығаратын өнеркәсіптің жетекші салаларын құрылымдық жағынан жетілдіріп, экспортқа бағдарлаған даму стратегиясын ұстануда. Елде туризм жақсы дамыған және ол экономикаға үлкен кіріс кіргізіп отыр. Түркия үкіметі Еуроодаққа кіруді мақсат етіп, ел экономикасые еуропалық стандартқа жақындату мақсатында көптеген жұмыстар жүргізді. Негізгі сауда серіктестері: ЕО елдері, Иран, Ирак, АҚШ, ТМД елдері, т. б. Түркия 1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін тұңғыш мойындаған ел. Түріктер алғашқылардың бірі блып Қазақстан экономикасына инвестиция тартты. Қазір Қазақстанда түрік компаниялары әр түрлі салаларда жұмыс жасайды. Екі ел арасында тығыз саяси, экономикалық, мәдени байланыстар орныққан. Қазақстанда Қожа Ахмет Йасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті бар, көптеген түрік лицейлері жүмыс істейді.

3. Мәдениеті

Түркия әдебиеті көп жанрлы, терең мазмұнды ежелгі фольклордан бастау алады. Түркі дәстүрлі әдебиетінде «Оғызнаме», «Китаби дәдәм Қоркуд» эпостық шығармалары мен «Көроғлы» дастаны ерекше аталады. Романтикалық хикая-әңгімелер, қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, күлдіргі, т. б. ертегілер, мысалдар, рәуіштер (соның ішінде Қожанасыр әңгімелері), мқал-мәтелдер, жүмбақтар елеулі орын алады. Ауыз әдебиетінде манп, түрік қошма (гошма), ташлама сияқты өлең түрлері бар. Кейін түріктер ислам дінін, мәдениетін қабылдаған соң араб тілі, діни және ғылыми-танымдық, ал парсы тілі сарай әдебиетінің тілі болды. Жазба әдебиеттің алғашқы үлгілері: (аруз, маснауи, қасида, ғазал) 13 ғасырда пайда болды. Алғашқы шығармалар сопылық сарында жазылды. Олардың қатарына Ахмед Факихтың «Тағдыр кітабы», Шейд Хамзаның «Жүсіп-Зылиқа» поэмасы, Сұлтан Уелет пен дәруіш Жүніс Әмренің сопылық өлеңдері, Ашик-пашаның «Қуғындаушының кітабы» атты маснауи-поэмасы жатады. 15-17 ғасырлар түркі поэзиясының тарихындағы классикалық дәуір болды. Сарай ақындары Ахмед паша, Месихи, Михри Хатун, Махмұд Бақи өз дәуірін жырлады. 17 ғасырдың басында түркі әдебиетінде сатирикалық-дидактикалық жаңа жанр пайда болды. Сықақшы Омер Нефидің өлеңдері, Жүсіп Нәбидің «Хайрие» маснауиі, Алледин Сәбиттің «Ғарыштау» поэмасы қоғамдағы кереғар нышандарды сынады. 18 ғасырда сопылық поэзия өркен жайып, әдебиетте жаңа жанрлар шыға бастады. 19 ғасырдың 2-жартысында түркі поэзиясы жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Түркі әдебиетінде тың ағымдар қосылып, көркем шығармаларға ескі мен жаңаның тартысы өзек болды. 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап роман жанрында жазылған туындылар көбейді.

Түріктің музыкалық фольклоры түркі тектес халықтардың ұлттық саз өнерімен үндес. Түркияда кеманча, ребап, тамбур, уд, ковар, зурна, дэф, т. б. музыкалық аспаптар кең тараған. Президенттік Стамбұл қаласының, Измир филармонияы қоғамының симфониялық оркестері, аспапты және вокалды ансамбль ұжымдары бар.

Түркия, Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti ) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783, 562 км²) . Жұрт саны - 72, 600, 000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәртеңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Жағрафиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азияда, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысындаЭгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Жағрафиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия құрлықтың тоғысқан жерінде орналасқандығы. Боспор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа құрлықтын жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның нышаны сияқты.

Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Боспор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Боспор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан.

Елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Армения, Грузия, Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сириямен, батысында Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі.

Түркияның әкімшілік бөлінуі

Аудандар:

  • Эгей ауданы
  • Қара теңіз ауданы
  • Орталық Анатолия ауданы
  • Шығыс Анатолия ауданы
  • Мәрмәрә ауданы
  • Жерорта теңіз ауданы
  • Оңтүстік-Шығыс Анатолия ауданы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Түркия Мемлекетінің құрылуы
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Түркі халықатырының түп тамыры
Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті
Патшалық Ресейдің отарлау саясат және түркі халықтарының күресі
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
«Түркі» этносы және этнонимі
Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуы
Қыпшақ хандығының құрылуы мәселесін қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz