Туроператор мен авиакомпанияның өзара қатынастарының схемасы


Туроператор мен авиакомпанияның өзара қатынастарының
схемасы
Туроператор мен авиакомпанияның өзара қатынастары - бұл қазіргі заманғы туристік нарықтағы күш жұмсалатын ең маңызды сала болып табылады. Бүгінде туроператорлар авиакомпанияның жетекші тапсырыс берушілері болып табылады, ал авиаұшулар турлардың барлық санының ажырамас және құраушы компоненті болып табылады. Бәрінен бұрын, авиатурлар халықаралық туризмнің географиясының кеюеңі салдарынан пайда болып отырады, және жер шарының түкпір-түкпірінде орналасқан курорттар туристік ағымның бағыттары болып табылады. Туристерді өте қашықта орналасқан аймақтарға тек авиацияның күшімен ғана жеткізуге болады, авиация өзінің жолаушыларын теңіздер мен мұхиттар, шөл далалар мен джунглилер, таулар мен далалы жерлермен алып ұшады. Сонымен бірге, қазіргі заманғы туризм тасымалдаушылардан жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды ең жоғары жылдамдықта жүзеге асыруын талап етеді, өйткені саяхатшылардың көп жағдайда алысқа жер бетімен баруына бос уақыттары бола бермейді. Тек авиацияның кеңінен таралуы арқасында европалықтар үшін апталық турлар мүмкін болып отыр, мысалы, европалықтар алыстағы Таиланд пен Түркияға авиация арқылы апта ішінде саяхат жасап келе алады. Сонымен, авиакомпанияның қазіргі заманғы туристік индустрияның көзге түсетін және ең маңызды элементіне айналуы - халықаралық туризмнің жаһандануы мен туристердің демалыс орындарына жеткізу жылдамдығын ұлғайтуды талап етуі салдарынан туындап отыр.
Авиатурлардың таралуының тағы бір маңызды себептерінің бірі ХХ ғасырдың аяғында авиаұшудың бағасының айтарлықтай арзандап кетуі болып отыр.
Халықаралық туроперейтинг пен авиакомпаниялар бір-бірімен тығыз байланыста болып отыр, ал олардың өзара қатынастарының сипатына авиатурлардың сапасы мен қол жеткізуге болатындығы ғана емес, сонымен бірге халықаралық туризмнің келешегі мен туристік ағымның бағыттылығы да байланысты болып отыр.
Авиакомпаниялар - бұл белгілі бір әуе кемелерінің паркі мен тұрақты және чартерлік авиатасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат қағаздары бар мемлекеттік, муниципальдық немесе жеке коммерциялық кәсіпорындар. Авиакомпанияларды туристік индустрияның супрақұрылымына жатқызуға болады, өйткені олардың жұмысы туристерге тікелей қызмет көрсетуге бағытталмағаныме, соған сай уақыт аралығында халықтың туристік белсенділігінің күшті ықпалына беріліп кетеді.
Авиакомпанияның туристерге көрсететін басты қызметіне ауада тасымалдау жатады. Авиатасымалдаудың азаматтарға өзіндік ерекшелігі бар қызмет көрсетуді жүзеге асыруының мына төмендегідей бірқатар себептері болады :
● жолаушылардың өмірі мен денсаулығына мүмкін болатын зиян келтіруіне байланысты;
● жолаушылардың өмірі мен денсаулығына, мүліктеріне және авиакомпанияға жолаушылардың өздерінің тарапынан мүмкін болатын зиян келтіруіне байланысты;
● тұтас форсмажорлық жағдайлардың жинағы мен ауа-райына барынша байланысты болуы;
● құнының жоғары болуына байланысты;
● жүктеуге шектеулі қабілетінің болуы;
● қызмет көрсетудің түрлі кластарының болуын білдіреді.
Осы себептерге байланысты әуе кемелері жолаушыларының, авиакомпания өкілдері мен азаматтық авиация кемелерінің экипаждарның статусын айқындайтын ережесі (халықаралық және ұлттық) болады . Бұл ережелер туристің қандай компанияның және қандай линияның қызметін пайдалануына қарамастан орындалуы міндетті болып табылады.
Жолаушылардың құқытары мен міндеттері көптеген елдердің Ауа кодексімен мына төмендегіше айқындалады :
● жолаушы ұшу алдындағы тіркелуге дер кезінде келуі тиіс (әдетте ұшақтың ұшып кетуінен 1-2 сағат бұрын келуі тиіс) . Осы қажеттілік туралы авиакомпания қызметкерлері олардың қызметін пайдаланушы барлық барлық клиенттергеолардың билет сатып алған кезінде ескертуі тиіс. Туристің қандай рейспен (тұрақты немесе чартерлік, кедендік тексеруді қажет етеін халықаралық немесе ішкі рейстер) ұшатынына байланысты оның аэропорттың ұшып кету залына келуі тиіс. Туристің дер кезінде кешігіп келе алмауы немесе мүлдем келмеген жағдайында оның билеті жойылады, және төлеген билет ақысы (чартерлік авиажелілер) қайтарылмайды немесе бір бөлігі (тұрақты авиажелілер) қайтарылады;
● турист басқа жолаушылардың өміріне қауіп төндіретін заттарды, жүктерді, сондай-ақ заң жүзінде тасымалдауға тыйым салынған ірі мөлшердегі, нәзік және тез бұзылатын заттарды, жарылғыш заттарды, сығылған газдарды, тез тұтанғыш сұйықтарды, улы және улағыш заттар мен иісі жаман және тоттандырушы заттарды алып өтуіне алып жүруіне құқығы жоқ;
● жолаушы тасымалдау басталғаннан бұрын өзінің ұшу бағытын, күнін және уақытын өзгертуге құқылы. Жолаушының тасымалдаудан мәжбүрлі бас тартқан жағдайында оған билеттің толық құны қайтарылады:
● жолаушы белгіленген нормада жүкті тегін алып өтуге құқылы (эконом-класс жолаушыларжолаушылары үшін 20 кг, бизнес -класс үшін 30 кг, 40 кг - бірінші класта ұшатын жолаушылар үшін) ;
● ұшу кезінде әуе кемесінің бортында жолаушының есту аппараты мен жүрек қызметін реттеуші аппараттан басқа мобильді байланыс құралдарымен, электронды ойындарды, радиоқабылдағыштарды пайдалануына болады;
● жолаушы аэропорт залдары мен әуе кемесінің бортында болған барлық уақытта аэровокзалдың арнайы қызметі мен авиакомпанияның қауіпсіздік қызметінің қойған талаптарын орындауға міндетті.
Тасымалдаушының құқығы мен міндеттері
● Тасымалдаушы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолаушыны және оның жүктерін тасымалдаудан, жолаушының оның айналасындағыларға қауіп төндіретін сырқаттануы, борттағы жолаушылардың және экипаждың өмірі немесе ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруші әрекет етуші жолаушының мас күйі жағдайында тасымалдаудан бас тартуға құқылы.
● Тасымалдаушы кез келген уақытта ұшу қаіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолаушының әуе кемесіндегі орнын, билет құны тең орынға ауыстыруға құқылы.
● Сондай-ақ тасымалдаушы жолаушының құжаттары дұрыс болмаған, түзетілген, билеті қолдан жасалған жағдайда жолаушыны тасымалдаудан бас тарта алады.
● Тасымалдаушы талап етілген қалыпта оралмаған жүкті тасымалдаудан бас тарта алады, өзінің қатысуымен жолаушының қол жүктері мен ауыр жүктерін қарап шығу кезінде қатыса алады.
● Ұшу кезінде тасымалдаушы жолаушының мінез-құлқы басқа жолаушылардың өмірі мен денсаулығына, жүктеріне, мүліктеріне және авиакомпанияның мүліктеріне немесе ұшу қауіпсіздігіне қауіп тудырған жағдайда мүмкін болатын барлық әрекеттерді жасауға құқылы.
● Тасымалдаушы жолаушыларды ұшу кестесіне сәйкес баратын жеріне дер кезінде жеткізуге міндетті.
● Тасымалдаушы төтенше жағдай болмас үшін барлық мүмкін болатын шараларды жасаған болса, жолаушының жарақат алуы, денесіне зақым келген немесе өліміне жауап бермейді.
● Тасымалдаушы тіркеуденөтпеген жүктердің сақталуына жауап бермейді.
● тасымалдаушы форс-мажорлы жағдайға байланысты рейсті алып тастаған немесе ұшу кестесінің өзгеруіне жауап бермейді.
Әуе кемесі мына жағдайларда ұшуға жіберіледі:
● азаматтық әуе кемесі мемлекетте қабылданған ұшу жарамдылығының нормасына сәйкес келген жағдайда ;
● әуе лайнері зауыт, мемлекеттік және пайдалану сынағынан өткен жағдайда және сәйкес келуші сертификаты болған жағдайда ;
● әуе лайнерінің бортының мемлекеттік тіркеу және тану белгілері болғанда;
● ұшу жағдайына сәйкес келетін типтегі әуе кемесінің ұшуға жіберілген және ұшақ экипажының дайын болған жағдайында;
● әуе кемесінің қажетті отын мөлшерімен қамтамасыз етілуі жағдайында ;
● әуе кемесі экипажының ұшуға тапсырысы, басқа да құжаттары болған кезде ұшуға жіберіледі.
Жолаушының және тасымалдаушының құқықтары мен міндеттерінің пайда болуын дәлелдейтін, сондай-ақ олардың арасында келісім-шарттың болуын дәлелдейтін құжат авиабилет болып табылады.
Авиабилеттердің мына төмендегідей бланкалары болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz