Туроперейтингтегі құжаттар айналымы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Туроперейтингтегі құжаттар айналымы

Құжаттармен жұмыс істеу, туроператор менеджерінің жұмысын құрайтын, оған жұмыс уақытының негізгі бөлігі жұмсалатын ең маңызды жұмыстарының бірі болып табылады. Туроперейтингті құжаттармен қатар жүргізуге ұқыпты және маңызды қатынасы мына төмендегідей басты себептерге бйланысты қажет болып табылады:

● біріншіден, туристік қызмет көрсету, тауардан өзінің сапасының өзгермелі болып келетіндігімен ерекшеленеді, осы себепті тур-өнімді құраушылардың барлығы қатаң реттелген болуы, олардың сәл ғана өзгерісі құжаттарда жедел көрсетілуі тиіс болады;

● екіншіден, ағымдағы туроперейтинг турпоераторлардың менеджері арқылы өтетін ақпараттардың үлкен ағымын білдіреді. Бұл кезде кез келген кіретін және шығатын ақпарат тіркеуге алуды қажет етеді және туроперейтингтің өзі үшін қажетті сипатта болады;

● үшіншіден, белгіленген үлгідегі белгілі бір құжаттар тізімінің болуы туроперейтингтің және бухгалтерлік есептің қажетті шарты болып табылады.

Туроператордың құжаттарын бірқатар белгілері бойынша жіктеуге болады:

● пайдаланушылар шеңбері бойынша құжаттарды іште пайдаланатын және үшінші тұлғалар пайдаланатын құжаттарға бөлуге болады;

● құжатта болатын ақпарат көздері бойынша, ол кіретін және шығатын ақпарат құжаттары болып келеді;

● құжаттағы ерікті білдіретін дәрежесі мен формасы бойынша оларды келісушілік, императивті, рұқсат беруші, ұсыныс беруші және кеңес беру-түсіндіру құжаттары деп жіктеуге болады.

Туроперейтингтің құжаттарының жетекші жіктелуіне құжаттарда болатын ақпараттың туроператордың қызметінің қай саласына қатысы бойынша жіктелуі жатады. Осы жіктеу негізінде мына төмендегілерді бөліп қарауға болады:

● жарғылық құжаттар;

● бухгалтерлік және статистикалық құжаттар;

● ішкі жұмыс тәртібінің құжттары;

● жеткізушілермен қатынасты реттейтін құжаттар;

● агенттермен қатынасты реттейтін құжаттар;

● туристермен қатынасты реттейтін құжаттар;

● әріптестермен қатынасты реттейтін құжаттар;

Туроператордың жарғылық құжаттарының бірқатар сипаттамалары болады:

● заңдар мен заң актілерінің аймақтар мен елдің территориясында әрекет етуі бойынша құжаттардың заңды күші болуы;

● ол құжаттар туристік бизнестің ресми екендігін дәлелдейді және туроператордың қызметінің құқықтық негізі туралы ақпарат береді.

Ресей Федерациясындағы өмір сүретін нормативті-құқықтық актілер бойынша жарғылық құжаттарға мына төмендегілерді жтқызуға болады:

● Туроператордың жарғысы - фирманың құрылтайшыларының құрамы туралы, олардың Жарғылық капиталға салатын жарналары, фирманы басқару барысындағы олардың құқықтары мен міндеттерімәліметтер бар негізгі құжат;

● Құрылтайшылық келісім-шарт - бұл құрылтайшылардың біріккен коммерциялық мақсаттар мен мүдделерге қол жеткізу үшін күштерін біріктірудің ерікті сиаптын білдіруі болып табылады;

● Фирма-туроператордың мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;

● Салық органында есепке алығандығы туралы куәлік;

● бюджеттен тыс қорларда есепке тұрғандығы туралы куәлік.

Жарғылық құжаттардың бұл толық емес тізімі ресей территориясында әрекет ететін кез келген заңды тұлғалар үшін ортақ құжат болып табылады.

Туроперейтингтер үшін жеке жарғылық құжаттарға экономикалық даму және сауда Министрлігі үш жылға беретін туроператорлық қызметті жүзеге асыру құқығының лицензиясы, сондай-ақ туроператорларға ұсынылатын қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес сертификаттар мен сапа сертификаты жатады.

Атап көрсетілген жарғылық құжаттар туроператордың офисінде тұрақты сақталуы тиіс және клиенттер мен әріптестердің немесе мемлекеттік билік оргадарының өкілдерінің талап етуі бойынша беріледі .

Туроператордың бухгалтерлік және статистикалық құжаттары коммерциялық қызметтің басқа түрлерімен айналысатын фирмалардың құжаттарынан онша айырмашылығы жоқ. Олардың сипатты белгілеріне жататындар:

● мемлекеттік билік органдары қатаң белгілеген құжаттар үлгісі мен

оларды толтыру тәртібі;

● ол құжаттардың ішкі пайдалануға арналуы мен үшінші тұдғаның пайдалауына берілуі (мысалы, салық инспекциясы алдында немесе бюджеттен тыс қорлар алдында есеп беру ;

● осы құжаттардың мемлекеттік органдар белгілеген сақтау ережесі;

● Туроператордың Жарғысы мен бұйрығымен бекітілетін, тұлғаладың

шектеулі шеңберіне тиесілі бухгалтерлік немесе стаистикалық

құжаттарды жасау мен қол қою құқығы.

Бухгалтерлік құжаттар негізінен туроператор жұмысының мынадай саласын реттейді:

● нақты және нақты емес есеп айырысуды жүзеге асыру;

● кассалық тәртіпті сақтау;

● белгіленген салықтар мен алымдарды төлеу;

● қызметкерлерге жалақыны есептеу;

● фирманың құрылтайшылары арасындағы ақшалай және мүліктік қатынастар;

● фирманың қорлары мен мүліктерін есепке алу ;

● резервтік қорларды жинақтау;

● фирманың дебиторлық және кредиторлық қарыздарын есепке алу мен бақылау.

Атап көрсетілген қатынастар тухгалетрлік құжаттрдың орасан м көп санымен реттеліп отырады, олрды өз кзегінде бірнеше топтарға жіктеуге болады:

● банктік құжаттар (төлем тапсырыстары, есепшоттар, есепшот-фактурасы және т. б. ) ;

● кассалық құжаттар (ордерлер, кассалық кітап және т. б. ) ;

● материаолдық құндылықтар мен қатаң есеп беру құжаттарын емепке алу бойынша құжаттар;

● жалақы бойынша құжатта (ведомостар) ;

● және т. б. құжаттар.

Стаистикалық құжаттар статистикалық органдарға беріледі, олар туристік нарықты макроэкономикалық мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар берумен айналысады.

Ішкі қызмет құжаттары тек қана іште пайдалануға арналады және мына төмендегілерді реттейді :

● туроператор менеджментінің қызметкерлермен қатынасы (қызметкерлердің жеке құжаттары, еңбек келісім-шарттары, қызметтік нұсқаулар, жалдану бойынша бұйрықтар, қызмет сатысы бойынша жоғарылау, жұмытан шығару, еңбек демалысын беру және т. б. (;

● фирманың қызметінің ағымдағы ұйымдастырушылық мәселелері (штаттық тізім, жұмыс күнінің графигі, фирманың ұйымдастырушылық құрылымы, бөлімдер арасындағы өзара қатынастар схемасы) ;

● еңбек қызметінің экологиялығы, қауіпсіздігі және эргономикалығының мәселелері (жұмыс орнындағы өрт қауіпсіздігінің ережелері, өрт болған жағдайда көшіру жоспары және т. б. ) .

Ішкі қызмет құжаттарының сипатты ерекшеліктеріне жататындар :

● ол құжаттардың туроператор жұмысында болуының қажеттілігі;

● осы құжаттардың авторы да, пайдаланушылары да бір фирманың

қызметкерлері болып табылады;

● осы құжаттардың болуы мен олардың мемлекеттік талаптарға сай болуын үшінші тұлға тексере алады.

Туристік өнімді жеткізушілермен жұмыс туралы құжаттар

Бұл құжаттар туроператордың барлық жеткізушілермен қатынастарын реттейді, туристік қызмет көрсету ағымдағы турейтингте қолданылады, және де туроператорлардың маңызды құзырлы құжаттар болып табылдаы, өйткені ол туристік өнім құру процесін реттейді және оны сапалы сатудың кепілі болып табылады. Бұл құжат болмаған жағдайда немесе оның дұрыс толтырылмаған жағдайында, мейлі олар объективті түрде кінәлі болса да, туроператордың туристердің алдындағы жауапкершілігінің жеткізушілерге қатысы жоқ.

Келісім-шарттар туроператордың туристік өнімді жеткізушілермен қатынасын реттейді, келісім-шарт тек қана әрекетке қабілетті жеткізушілермен ғана жасалынады. Туристік өнімді жеткізушілердің әрекетке қабілеттілігі ормативтік-құқықтық актілермен анықталады және жеткізушіде ресми коммерциялық қызмтті жүзеге асыруға қажетті құжаттардың болғанда ғана мәміле жасалынады. Қажетті құжаттары болмаған жағдайда әрекетке қабілетсіз туристік өнім жеткізушілермен келісім-шарт заңсыз деп танылады. Туроператодың жеткізушімен кез келген келісім-шартының мына төмендегідей ақпараттары болуы тиіс:

● тараптардың толық атауы мен реквизиттері (заңды және пошталық мекен-жайы, телефоны, факстері, банктік реквизиттері, салық төлеушінің жеке нөмірі СТН) ;

● тараптардың әрекетке қабілеттілігі танылатын құжаттар (лицензияның нөмірі немесе басқадай рұқсат берушілік құжаттар) ;

● келісім-шарт заты (екі тараптың не үшін әріптестікке қол жеткізуді мақсат еткен келісімі) ;

● екі тараптың да олардың әріптестігі барысындағы құқықтары мен міндеттері;

● тараптардың келісім-шартты бұзғандығы үшін жауапкершілігі;

● келісім-шарттың күшіне енуі, оның мерзімін ұзарту немесе келісім-шартты бұзу.

Туроперейтингте туристік өнімді жекізушілермен келісім-шарт базасын үнемі жаңартып тұру қажет, өйткені заңға сәйкес, үшінші тұлғамен кез келген келісім-шартсыз әріптес болу заңсыз болып саналады, ал ондай жеткізушілердің қызметін пайдалану, тур-пакеттерді сату - туроператорлық лицензияны, немсе сапа сертификатын алып қоюдың бірінші кезектегі себептері болып табылдаы.

Орындалған жұмыстарды тексеру актілері. Бұл құжаттардың мәнісі, белгілі бір есеп беру кезеңіндегі тараптардың ақфысы төленген немесе көрсетілген қызмет арасындағы сәйкестілігін тұрақты түрде өзара тексеру болып табылады. Бұл акті екі дана болып құрылады және онда көрсетілген мәліметтер күмән тудырмаған жағдайда актіге екі тарап та қол қояды . Көбінесе көрсетілген қызметті тексеру актісі бертерлік операциялар, немесе туристік несие кезінде қолданылады. Тексеру тұрақты түрде жүргізіледі, ал екінші бір тараптың тексеруге келіспеуі істі төрелік сотқа беру үшін негіз болып табылдаы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туроперейтинг тәртібінің рөлі мен орны
Турагенттік және туроператорлық қызмет сақтандыруының мақсаты мен міндеттері
Құжат айналымы. Құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Құжат айналымының көлемі
Іске қатысушылардың сотқа келуін қамтамасыз ету
Аудандық және оған теңестірілген сотқа келіп түскен кіріс хат-хабарларды тіркеу және есепке алу.
Кәсіпорын құжат айналымының инфроқұрылымын жақсарту жолдары
Мұрағаттардың құжаттарымен жұмыс жасауды автоматтандырылған іздестіру жүйесін пайдалану
Қазақстан Республикасында басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету: дамуы және проблемалары
Шаруашылық операциялардың құжатталуы және олардың бағалануы
Құжат алмасу жүйесінің негізгі моделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz