ТҮЗУСЫЗЫҚТЫ ТЕҢҮДЕМЕЛІ ҚОЗҒАЛЫС. ҮДЕУ


Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ТҮЗУСЫЗЫҚТЫ ТЕҢҮДЕМЕЛІ ҚОЗҒАЛЫС. ҮДЕУ

Табиғатта да, күнделікті өмірде де денелердің жылдамдығы күрделі түрде өзгеретін қозғалыстар жиі кездеседі. Бірінші жағдайда жылдамдық күрт артуы немесе кемуі, екінші жағдайда біршама уақыт бойы тұрақты болып қалуы мүмкін. Біз жылдамдығы бірқалыпты өзгеріп отыратын ең қарапайым қозғалысты - түзусызықты теңүдемелі қозғалысты, яғни үдеуі тұрақты қозғалысты қарастырамыз. Мысалы, дене ауырлық күшінің өрекетінен қозғалғанда, еркін күлап түскенде немесе көлбеу үстел бетімен домалағанда, олардың үдеуі шамамен тұрақты болады. Автомобиль орнынан қозғалғанда немесе тежелгенде, шамамен тұрақты үдеумен қозғалады.

Үдеу деп нені айтатынын есімізге түсірейік.

Үдеу - жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама.

Күнделікті өмірде үдету немесе шапшаңдату деп қолданылатын сѳздерге қарағанда, физикадағы "үдеу" ұғымының едәуір кең мағынасы бар екенін ескерте кетейік. Ол жылдамдықтың тек артуын ғана емес, оның баяулауын да білдіреді.

уақыт аралығында дене жылдамдығы а шамасына ѳзгерді деп айтудың орнына, біз кысқаша түрде дене үдеуі а -ға тең деп айтамыз.

Тұрақты үдеумен түзусызықты қозғалыс кезінде жылдамдьщ векторы кез келген бірдей уақыт аралығында бірдей шамаға өзгереді. Сондықтан кез келген уақыт аралығы үшін дене жылдамдығының өзгерісінің уақыт аралығына қатынасы бірдей болады, яғни үдеу тұрақты шама болып қалады:

(4. 1)

Бірдей уақыт аралығында үдеуі тұрақты болатын қозғалыс теңүдемелі қозғалыс деп аталады.

векторынын бағыты векторының бағытымен сәйкес келеді. Жылдамдыктың артуы жөне кемуі жағдайындағы а векторының (шанамен сырғанап келе жатқан бала мысалыида) бағытын анықтайық.

Бірінші жағдайда және үдеу векторынын бағыты қозғалыс бағытымен сәйкес келеді, екінші жағдайда v 4 <v 3 болғандықтан горизонталь жазықтықта үйкеліс есебінен шананың жылдамдығы азаяды), үдеу векторы қозғалыс бағытына қарама-қарсы бағытталады.

Тең уакыт аралығында жылдамдығы бірдей шамаға кемитін қозғалысты көбінесе тең баяулайтын қозгалыс деп айтады (бірақ ол теңүдемелі қозғалыстың дербес жағдайы екенін ескерген жөн) .

Үдеу жылдамдықтың уақыт бірлігі ішіндегі өзгерісіне тең болғандықтан, ол метрдің квадрат секундка қатынасымен (м/с 2 ) өрнек-теледі.

Лездік үдеу. Үдеу уақыттың етуіне қарай өзгеретіндіктен, аз уақыт аралығындағы жылдамдьщ ѳзгерісін анықтай білуіміз керек. Тәжірибелер уақытт аралығы азайғанда, -ның -ға қатынасы тұрақты шамаға ұмтылатынын керсетеді. Бұл шама лездік үдеу немесе үдеу деп аталады:

(4, 2)

мұндағы dv - ѳте аз dt уакыт аралығына сәйкес келетін жылдамдықтың өзгерісі.

Еркін түсу үдеуі. Жер бетіне жақын биіктіктегі кез келген еркін түсетін дене Жер центріне карай 9, 8 м/с 2 үдеумен қозғалатындығы эксперимент жүзінде тағайындалған. Ең кереметі сол, еркін түсу үдеуі дененің массасына да, бастапқы жылдамдығына да тәуелсіз болады. Бұл үдеу g әрпімен белгіленеді: g = 9, 8 м/с 2 . Үдеу векторлык шама болғандыктан, g деп жазғанымыз орынды болады. g векторы әрқашан тік темен қарай бағытталған. Жер шары өзінің бетіне жақын маңайдағы барлық денелерге бірдей үдеу туғызатынын және оны алғаш рет Г. Галилей тағайындағанын естеріне түсіре кетейік.

(4. 1) формуласының көмегімен t уакыт мезетіндегі дененің жылдамдығы үшін ернекті жазайьщ:

(4. 3)

Түзусызықты қозғалыс жағдайында (4. 3) векторлык теңдеуіне Ох осіндегі проекциясы үшін v= v 0 +at теңдеуі сәйкес келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс
Қозғалыс тарауын оқыту әдістемесі
Инерция күштері
Кинематика мен динамика заңдарын оқыту әдістемесі
Орта мектепте физика курсындағы қазіргі технология
Физика. Қозғалыс заңдары
Тұтқырлық үйкеліс күші
Механика бойынша
Кинематиканың негізгі ұғымдары
Исаак Ньютон - ағылшын ғалымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz