Түйсіктер қасиеті



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Түйсік

Жоспар

1. Түйсік түсінігі
2. Түйсік түрлері
3. Түйсіктер қасиеті

Түйсік түсінігі.
Материладық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына
әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым
психикалық процестерді түйсік деп атаймыз.
Түйсік процесі қалай шығады ? Ол біздің сезім органдарымызға : көзге,
құлаққа, теріміздің сыртқы жағына т.б сыртқы тітіркендіргіштердің (заттың
немесе процестердің) әсерінен пайда болады. Мысалы : көз торына түскен
жарық сәулесі қозу туғызады. Ал ол нерв талшығы арқылы үлкен ми
сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады.
Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі – біздің
түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың
миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты бағыт
– бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер
жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда,
ешқандай сапалы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден
белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам мүлгіген кейіпке
түседі. Мұндай жағдайда адам кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен
айрылып немесе сана сезімі қандай да сыртқы байланысты шектесе, көрініс
береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп
болмас күйзеліске ұшырайды.
Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта кереңдік пен
зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт
тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы несесе ерте жастан мұндай
халге душар болған субьектіні арнайы оқытып, кемістіктердің орнын
толтырудың жолдары мен әдістерін үйретпесе олардың психикалық дамуы өрістей
алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.
Сонымен түйсік – дүние хақындағы біздің барша білімдеріміздің бастау
көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші обьектив заттар мен құбылыстар
тітіркендіргіштер деп аталды да, ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде
туындайтын құбылыс – тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегінде,
жүйке тарамдарында қозу пайдв болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да
тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туындап, әрқандай психикалық
құбылыс секілді рефлекторлық сипатқа ие.
Түйсіктің физиологиялық механизмі –арнайы жүйке тетігі талдағыш қызметі.
әр талдағыш үш бөліктен тұрады:
1) сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененің шеткі бөліктерінде
жайласқан рецепторлар;
2) қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал
жүйкелер;
3) шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми
қабығындағы бөліктері.
Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецепторлар жасушаларына сай
арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың
тұтастай, бірлікті қызметі қажет. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана
емес, тітіркендіргіштердің әсеріне орай икемді өзгеріске келе беретін мүше,
мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетіктерге
ие. Мысалы , тері қабатына әсер етілсе, ол жер діріл қағатыны байқалады,
осындай тітіркендіргіштерден тамыр тартылуы, тері жиырылуы, көз аудару,
мойын бұру, қол қағыстары және т.б бәрі де пайда болуы мүмкін.
Слнымен түйсіктер тіпті де енжар процесс емес, олардың белсенділігі
ерекше. Бұл процестердің бәрінің де белсенділік сипаты түйсіктердің өзінше
әрекетке келу қасиетінен туындап отыр.

Түйсік түрлері
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру, түйсігі, дәм түйсігі,
иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық
болып бірнеше түрге бөлінеді. Ежелден – ақ адам өзінің сыртқы бес сезім
мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан.
Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам
түрлі талдағыштар бары белгілі. А . Р. Лурияның пайымдауынша, түйсіктер
негізгі екі принцип бойынша жіктеледі: а) жүйелі-генетикалық (қызметіне
орай), б) құрылым күрделілігі мен деңгейіне байланысты.
Түйсіктердің ең маңызды түрлерін үш топқа жіктеу қабылданған :
интрорецептік, проприорецептік, экстрорецептік.
Интрорецептік түйсіктер дененің ішкі процестеріне байланысты, яғни
ішек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да ішкі құрылым қатпарларындағы
тітіркенулерді миға жеткізіп отырады. Түйсіктердің бұл тобы тірі ағзаларда
пайда болу жағынан ең ежелгілердің әрі өте қарапайым түрі. Интрорецептік
түйсіктердің пайда болуы мен олардың жүрісін түсіндіріп білу өте қиын,
сонымен бірге нақты қозу нүктесіне ие емес, яғни, диффуздық күйде болады,
осыдан бұлар адамның көңіл – күй қалпына жақындау келеді.
Пропирорецептік түйсіктер дененің кеңістіктері қалпы жөніндегі
ақпараттармен қамтамасыз етіп, адам қозғалысының семіздік негізін құрап,
оларды реттеп отырады. Бұл түйсіктер тобының шеткі рецепторлары бұлшық
еттер мен буындарда ерекше жүйке тәндері формасында берілген (тельца
Паччани). Осы жүйкелік тәндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер
созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсіктерді бейнелейді.
Аталған топқа, сонымен бірге ерекше қасиеттерге ие теңестік және тұрақтылық
түйсіктері де кіреді. Олардың перифериялық рецепторлары ішкі құлақтың
шеңберлі сайларында жайласқан.
Экстрорецептік түйсіктер ең үлкен түйсіктер тобын құрайды. Бұл
түйсіктердің қызметі сыртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және
қоршаған ортамен үздіксіз байланысты орнату. Барша экстрорецептік түйсәктер
тобы шартты түрде аралық және түйісу түйсіктері деп аталған екі бөлікке
жіктеледі.
Түйісу түйсіктері әсерлердің дене бетіне немесе сезу мүшелеріне тікелей
жанасуына іске қосылады. Мұндай түйсіктердің мысалы ретінде тері сезілу мен
дәм сезуін келтіруге болады.
Аралық түйсіктері тітіркендіргіштердің сезімтал мүшелерге біршама
қашықтықтан әсер етуінен туындайды. Бұл топқа жататындар: иіс сезу, есіту,
және көру түйсіктері.
Генетикалық жіктеуге байланысты түйсіктерді екі топқа бөлу көзделген:
1) протопатикалық - өте қарапайым шарпулы, (аффекті), толық жіктеліп,
мекенделмеген органикалық сезімдер (ашығу, шөлдеу және т.б) ;
2) эпикритикалық жоғарғы дәрежеде жіктеуге келетін , себеп-салдарлы және
рационалды (санамен барластыраылатын), яғни адамның негізгі сезім
мүшелеріне пайда болатын түйсіктері.

Түйсік қасиеттері
Түйсіктердің әрқандай түрлі өздерінің жеке ерекшеліктерімен ғана
ажыратылып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге ие. Мұндай қасиеттер түйсік
сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекендігі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйсіну мен қабылдаудың психологиялық табиғаты
Түйсік тұралы ұғым
Түйсік түсінігі туралы
Сезіну, қабылдау, ұсыну, елестету
Түйсік түсінігі
Түйсіну мен қабылдаудың қасиеттері
Психология эмоцияны басқарып үйренейік..
Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану
Оқу материалдары және түйсік
Түйсiктің рефлекторлық табиғаты
Пәндер