Түрік қағанатының этникалық-саяси құрылымы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Түрік қағанаты

Түрік қағанаты. «Түрік» этнонимінің алғаш рет 542 жылы аталады. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл кұрылықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты.

546 жылы тирек тайпалары қазіргі Монғолияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға (жу-ань-жуань) қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген тиректер армиясының сан жағынан қаншалықты көп болғаны белгісіз, бірақ олардың нөпірі сұсты болған деп топшыланады, өйткені тиректердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға аз күштермен қарсы тұра алуы екіталай еді. Түрік қағаны Бумын күтпеген жерден қатты шабуыл жасай отырып, бей-берекет жатқан тирек армиясын қапылыста басып, кескілескен шайқастан кейін оны күйрете жеңеді де, тиректердің 50 мыңнан астам әскерін түріктер тұтқынға алады. Даланын әдеттегі құқығының қағидаларына сәйкес тұтқынға алынған әскерлер өзінен-өзі жеңушінің армиясына қосып алынатын еді. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестері-не айналады. Мұның бір көрінісі авар қағанына келіп, авар қағаны үйінің ханшасын Бумынға әйелдікке бер деп үзілді-кесілді талап еткен түрік елшілігі болды.

Мұның өзі қағанмен тең құқықтылығын көрсетуден гөрі оны басынған-дық еді. Авар қағаны Анағұй: «Маған бас иетін - вассал. Бұлай деуге қайтіп дәтің барды?» деп жаушыларын жібереді. Бірақ аварлар қалыптаса бастаған Түрік қағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тарапынан мұның өзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған әдіс қана болатын. Енді бұрынғы вассалдардың бұрынғы билеушілеріне қарсы соғыс ашуға дәлелі табылады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңгені соншалық, Анағұй өзін өзі өлтіреді. Осы кезден бастап түрік билеп-төстеушілері қағандар атағын алады, сөйтіп аварлардың бұрынғы күш-қуатына да, олардың барлық иеліктері енді біздікі деп жариялайды.

Тумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер Орхонның жоғары жағында бір жердегі Букрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежі-реші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол қағандық тағына Мұқан-қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұның бәрі 552-554 жыддардың арасында болған. Бұл уақыттың ішінде түріктер шығы-ста қайлар (татабтар), қидандар және отыз-татарлар тайпаларын, солтүстікте - Енисей қырғыздарын өздеріне қаратып алады.

Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды, кейін оны батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін салушы деп атайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтар-дың бірінде Иштеми Бумынмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері бодды; ху елін (соғдылықтар-ды?) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады». Бұл - өте-мөте назар аударарлық хабар. Мұны шежіре дәстүрінің өзі де ескермеген, бұл дәстүр бойынша тайпалық-әскери ұйымның ондық жүйесінің шығуы Жетісу түріктерінде 651 жылы ғана болады, сол жылы Ашбара-Териш қаған (Шаболо-Дилиши) «өзінің мемлеқетін күтпеген жерден он ұлысқа бөледі: әрбір ұлыс оны басқарушы бір адамның қарамағында болады». Оны шэ (шад) деп атаған. Әрбір шадқа бір жебеден сыйлық береді, осыдан келіп Он жебе деген ат шығады. Тайпалық-әскери санаудың ондық дәстүрі Жетісудың ежелгі түрік тілді тайпаларында VI ғасырдың орта кезінде-ақ болған және Батыс Түрік қағанатының этникалық-саяси құрылымында айқын бейнеленеді.

552-553 жылдары түріктер «батыста идті бағындырады». Әңгіме ОртаАзия эфталйттері туралы болып отырмағаны күмәнсіз, өйткені оларды жаулап алу үшін алдымен Алтайдан Тоқарстанға дейінгі жолдағы мем-лекеттердің бәрін бағындырып алу керек еді, ал ондай мәліметтер бізде жоқ. Оның бер жағында түріктердің Орта Азия эфталиттерін 563-567 жылдары, яғни он жылдан кейін жаулап алғаны баршаға мәлім. Сондықтан «батыста идті талқандады» деген сөзді география тұрғысынан Алтай аумағымен шек-теу керек. Түріктерді қараэфталит аймағына орналастыратын шежіреші олар осы жерде болған дейді. VIII ғасырдың орта шенінде ұйғыр жансыздары да оларды осы жерден тапқан.

Сөйтіп, батысқа түріктердің Бумынь мен Иштемидің бастауымен жасалған жорығы туралы айтылып отырғандықтан (соңғыға Жетісу түріктері қағанатының құрамына кіретінін көрсететін «Он тайпа» атағы берілген болатын), нақ осы ауданды түріктердін 552 жылғы әскери экспедицияларының батыстағы жеткен шегі деп санау керек.

Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыс-тағы, Орта Азиядағы онан арғы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және ІПығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің армиясының орасан зор да, икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің шамасы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскери одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазуымен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді. Сондықтан түріктердің эфталиттерге қысым жасауы Иранның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды. Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау I Ануширван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те қамсыз тылынан уақытша айрылып қалды. Мұның өзі түрік қағаны Силзибулға 563-567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді. Түрік-эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, тәтті тағамдар, сәндік заттар т. б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс ара-сындағы товар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді.

Бұл саудада бүкіл Орта және Орталық Азия аумағында негізгі делдалдар соғды көпестері болды, олар өздеріне қолайлы жағдайды сақтап қалуға бәрінен де гөрі мүдделі болатын. Сондықтан бұрынғы одақтастармен араздасып қалған түрік қағаны Хұсрау I Ануширванға Персия арқылы Визан-тияға жібек және басқа товарлар өткізуге рұқсат сұрап, елшілік жіберуге ұйғарғанда, бұл елшілікті соғды көпесі Маниах бастап барғанына танда-нуға болмайды. Алайда елшілік сәтсіздікке ұшырады. Хұсрау I Ануширван қағанзтпен қатынасты көрінеу біржолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін сатып алуға бұйрық берді, сөйтті де, оны Маниахтың көзінше өртеді. Екінші елшілік те осылай сәтсіз болып шықты.

Бұл жағдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византияның императоры II Юстинге сөз салуды дұрыс көрді. Тағы да сол Маниах бастаған елшілікке енді Кавказ арқылы жүруге тура келді. Маниахтың Константинопольдегі келіссөзі сәтті болды, ол кейін қайтқанда түріктердің жаңа одақтасының өкілі, Византия елшісі Земархты алып қайтты. Земарх елшілігі Кавказдан асып, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетті. Бұл елшіліктің сипатталып жазылуы Менандрда сақталған. Ол елшілердің екі оттың арасынан өтіп, тазалану рәсімін жасауға тиіс болғанын әңгімелейці, қаған шатырының ішкі жиһаздарын, дөңгелектері бар алтын тақгы суреттеп жазады. Византия елшісінің түрік қағанымен келіссөзде түріктер мен Вичамтия арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың арм мяларының сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдауы туралы сөз болады.

Алайда бірінші тармақта екі жақ келісімге келе алмайды, өйткені бұл кезде Византия жібек құртын өсіруді өзі үйреніп алған болатын, сондықтан ол сырттан жібек әкелуге зәру емес еді. Византиялықтар түріктерден Иранға қарсы әскери көмек қана күтті. Қаған сарайының бұған оң қарайтыңцығы айқын болса да, бұл мәселе жөнінде де нақты шешім қабылда-нбады. Тегі, бұл Иран мен Византияны әлсіретуді көздеген дипломатиялык есеп болса керек: егер бұлар өзара соғыс жағдайында болса, түріктерге бұл қолайлы болып шығар еді. Солай болып шықты да. Өздерінің араларын-дағы қатынастарды соғыс жолымен анықтап алудан қолдары босамаған Иран мен Византия қағанаттың істеріне ықпал жасай алмады.

Бірақ 575 жылы жағдай өзгерді. Византия мен Иран өзара уақытша бітім жасасты. Тіпті Византия түріктерге қарсы күреске олардың бүлікшіл вас-салдары уархун (вархонит) -түріктерді тарту үшін Кавказдың арғы жағына және Кавказға кіруге әрекет жасады. Бұған жауап ретінде түрік атты әскері Киммерия Боспорына, онан кейін Қырымға және Батыс Кавказға жойқын жорық жасады.

Батыс түрік қағанаты. Бірақ осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалы-птаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара бай-ланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болма-ды. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уақыт сүйеніп тұра алмадьуТүрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына ша-буыл жасауы (581-618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автоно-миялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес кағанатқа - ШыГыс және Батыс кағанаттарына бөліну-мен аяқтадцы; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуі-не қарамастан, Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама сая-си тәуедцілікте болды, онда өкімет билігі түріктердің қаған руы - ашина-лардың қолында болды.

Батыс түрік қағанаты «ежелгі усун жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы - «он тайпа» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатынын Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқаңц, Маймург, Кеш, Нахшеб. Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырық-шы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің. мұрагері болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхара-да да қағанның наместниктері, яғни, дұрысырағы, оның өкілдері бодцы. Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің -мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодаддыққатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоға-мның ұштасуы болды.

Бұл кезде феодалцық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), феодалдық қоғамдық қатынастар Кавказ еңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдың ертедегі түріктері жеріне өтіп ұлғая түсті.

Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік) қағанатының халықаралық ша-руашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жеті-судың соғдылық көпестері ерекше рөл атқарды. Жетісудың құжаттарда көбінесе «соғды» қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Түрік қағанаты мемлекеті және этникалық тарихы
Түркі қағандығы
Түркештердің этникалық құрамы
Түрік қағанатының сыртқы қарым - қатынасы тарихы
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Батыс түрік және Түргеш қағанаттары
Қытай тарихнамасы
Алғашқы түркі мемлекеттері
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz