ТҮРІК ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ МӘСЕЛЕСІ


ТҮРІК ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ МӘСЕЛЕСІ
Дүниенің жаратылуы адамзатты толғандырып келе жатқан маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қадым замандардан уақыт пен кеңістік бағдары шексіз дүние ретінде ұғынылып, дүниенің пайда болуы жұмбақ күйінде қалып келді.
Ежелгі Грецияда қалыптасқан философия әлемнің материядан тұратындығын, әрі оның мәңгі екенін дәлелдеуге тырысады. Әлем «мәңгілігі» ұғымы - атеистік теорияға да негіз болды. Әлем жаратылысының шексіздігіне сену - оның жаратылғандығын, оны жаратқан Жаратушыны мойындау деген пікірге жетелейді.
Ежелгі антика заманында өмір сүрген грек ойшылдарының бірі - Фалес дүниенің түпнегізін заттардың сұйық күйінен, демек судан іздеді. Барлық заттар мен жан-жануарлардың шыққан тегі, түп «атасы» су деп есептеді. Барлық заттар тіршілік судан пайда болады және суға айналады, -деді[5, 47-48 б. ] .
Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б. э. дейінгі 585-525 жж. шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы біртұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауаға тән қасиет- сұйылу мен қоюланудың арқасында барлық заттар пайда болады, - деп түсіндірді [6, 272 б. ] .
Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық негізі от болып саналады: барлық нәрсе оттан жаратылады және ақыр соңында отқа айналады. Жан да оттан пайда болады. Біртұтас дүниені, деді ол, ешбір құдай, не ешбір адам жаратқан жоқ, ол бірде жанатын, енді бірде өшіп тұратын, бұрын болған, қазір бар және келешекте бола беретін тірі мәңгі от болып табылады, - деді [6, 272 б. ] .
Идеализмнің ең алғашқы негізін салған Пифагор (б. э. дейінгі 580-500 жж. шамасы) болды. Оңың пікірінше, барлық заттардың мәні - олардың санында, сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді.
Демек, ертедегі ойшылдардың философиялық көзқарастарында, материя мен ойлау дүниелерін қарама-қарсы қою орын алғанын көреміз. Ертедегі Грецияда материализмнің одан әрі дамуы Демокриттің (б. э. дейінгі V ғ. ) атомдық теориясымен тығыз байланысты. Бұл теория бойынша, барлық дүниедегінің негізі - сансыз көп атомдарда. Атомистер дүниені әрі қарай бөлінбейтін бөлшектер - көзге көрінбейтіп аса ұсақ атомдардан тұратын біртұтас дүние деп түсіндірді.
Ислам дініндегі діни еңбектерге көз салсақ, дүниенің жаратылғандығы анық деген ақиқатқа сүйенеді. Қасиетті Құранда бүкіл дүние, ондағы тіршілікті Алла жаратты деп жазылады: «Көктер мен жерді жоқтан бар етуші . . . »- деген Құрандағы сөздері әлем жаратылған деген идеяны уағыздайды. Қазіргі заман ғылымы да бұл тұжырымнан алыс кетпейді. Дүниені Алла жаратты, ол анық екені даусыз.
Opxoн-Енисей жазбаларында "идуқ йер-су(б) " анықтамасы кездеседі. Түркітанушы Б. Өгелдің пікірі бойынша, бұл жердегі "идуқ" сөзінің "-ид, -ад" жалғауы, "жіберілген, берілген" мағынасына келетін "-дан, -ден, -тан, -тен" сияқты шығыс септігінің жалғауларымен төркіндес келеді. Яғни жер мен су түріктерге "Тәңірі тарапынан берілген" болып шығады. "Ид" сөзі "қасиетті", "киелі", "құтты" деген мағынаны білдіреді.
Сонымен, дәстүрлі түркілік дүниетанымда жер, су, отан - құтты, өйткені, идуқ, яғни киелі. Идук-жер тіркесі Инал Сатығ атына тігілген "Бай-Бұлын" деп аталатып 1-жазуының бірінші жолында " . . . әз жерім, идук-жерім . . . " ретінде кездессе, отан сөзінің мағынасы "Тәңірі-ел", "Тәңірі-жер" тіркесімен берілген" "Ұйық-Тұран" жазуында: "Жоғарыда Ұлы Түрік Тәңірісі идуқ "жер-суды" жаратты-реттеді" делінетін және т. б. деректер бар.
Осы деректерге сүйене отырып, туған жердің Тәңір тарапынан берілген құт, аталардан қалған қасиетті мирас екендігін көруге болады.
Бабаларының сүйегі жатқан қорымның тоналып, қиянатқа ұшырауы, Батыс Еуропаны тітіреткен Атилланың (Еділдің Арысы) да Византияға қарсы соғыс ашуына себеп болған. Өйткені, дәстүрлі түркілік дүниетанымда ел (мемлекет), ұлыс (халық), йер-су (отан-топырақ) - теократиялық түсініктегі киелі болмыстар. Жер мен Кок (Тәңір) ажырамас тұтастықта.
Кіндігі - "Жерұйық", басы - "Өту" (өте), аяғы - "Төмен", құлағы мен қойны-метафизикалық әлем, яғни "әруақтар әлемін" білдіреді. Б. Өгелдің "Түрік мифологиясы" атты еңбегінен дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы пантеистік түсініктегі ұстындардың көптеп кездесетіндігін көруге болады. Түріктер туған жерінің әрбір қарысына "Тәңірдің бесігі" немесе Жер-Ана ретінде мән берген. Енді осы "Жер - Тәңірдін бесігі" және Жер-Ана тіркестеріндегі ана мен бесікті біртұтас деп қарасақ, Тәңір мен жер де біртұтас ғарыштық үндестік ішінде екені анық байқалады. Дегенмен де, Тәңір мен жер арасына тендік белгісін қойғалы отырған жоқпыз.
Демек, қазақтар арасында Тәңірлік сенімнің (діннің) негізгі категориялық ұғымдары мен ұстындары ұмытылғанымен, дәстүрлі дүниетанымның сынықтары (элементтері) халық ырымдарында әлі де өмір сүріп келеді деген сөз.
Бұл жердегі "қайың ағашы да киелі болып саналады. Өйткені, Тәңірлік сенімде қайың ғарыштық орталықтың" символын білдіреді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның ерекшелікгерінің бірі қоршаған әлемді мәденилендіру (культивациялау) екендігі белгілі. Әлемді мәденилендіру деп кеңістіктер, бағыттар, қабаттар, символдық салт-жоралар (рәсімдер) мен діни қағидалар арқылы уақыт пен кеңістік ішінде құндылықтар жүйесінің қалыптасуын айтамыз, осы тұрғыдан дәстүрлі қоғам адамы өз әлемін Шығыс, Батыс, Теріскей, Күнгей және Орталық деп, бағыттарға бөліп, мән-мағына дарытқан [7, 341б. ] .
Әрбір бағыт немесе кеңістіктің өзіндік мазмұны мен маңызы бар. Мысалы, Шығыс - көктемді; таң сәріні; тіршіліктің бастауын алдыңғы жақ-бағытты; киіз үйдің есік жағын және т. б. кеңістіктік тұрғыдан нақтылайды.
Ғұн ханы таң сәріде күншығысқа бет алатын. Отаудың есігі де күн шығысқа қарай ашылады. Батыс - күзді; күн батысты; өмірдің екінші жартысын; киіз үйдің құрметті бөлігі - төрді, яғни әруақтар әлемін білдіреді.
Күнгей - жазды, түсті, өмірдің кемелдік шағын, әлемнің жоғарғы жағын, киіз үйдің еркектер отыратын жақты, ал Теріскей - қысты, түнді, өмірдің соңы - қартаюды, әлемнің төменгі жағын, өлілер әлемін, киіз үйдің әйелдер отыратын тарапын білдіреді. Бұл құбылыс дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы әлемді кеңістіктік тұрғыдан мәденилендірудің маңыздылығын көрсетеді.
Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені, бұл кеңістік (ғарыш) - әйелдікі. Оның ішіндегі жасау, дүние де әйелдің өзіне тән. Еркектің әлемі - үйдің табалдырықтан шыққаннан кейін басталады. Үй - әйелдікі, түз - еркектікі. Киіз үйде әр нәрсенің, әр заттың өз орны болғаны сияқты әрбір отбасы мүшелерінің де жанұяда өз орны бар.
Бұл тәртіп, жүйе бұзылмауы тиіс. Яғни әйелге тән заттар өз тарапында болып, еркек жағына ауысып кетпеуі керек. Киіз үйдің босағасында үйдің "иелері мен кие рухтарына" құрмет көрсетілуі тиіс. Босағаның оң жағында отбасының иесі бар. Киіз үйдің ортасында ошақ орналасқан.
Ол-әлемнің, жанұяның, әулеттің орталығы мен ынтымағының символы. Әлемнің бағанасы болса, киіз үйді ұстап тұрған тіректер - "дүниенің тірегі" деп аталатын жекелеген қазықтармен теңестіріледі. Уақыт өте келе киіз үйдегі шаңырақтың мифтік - діни функциясы түтіннің шығуы үшін шаңырақтың үстіңгі жағында жасалған түңлікке (түтіндік) ауысқан. Тіректің сынуы немесе шаңырақтың ортаға түсуі жаман ырым саналып, бәленің басы ретінде қабылданады. Спенсер мен С. Гиллен осы қасиетті тірек сынғанда, бүкіл тайпа-ру қаралы күн кешіп, соңында тізе бүгіп, өздерін өлімге қиғандығы туралы аңызды еске салады. Киіз үй - ғарыштың (космос) символы, кіші нұсқасы.
Көшпелілердің киіз үйі әлемнің орталығында орналасқан іспетті, ал оның шаңырағы -әлемнің тірегі ұғымын береді. Яғни, көпшелі адам әрдайым қасиетті, киелі мекенде, космостық әлемдер арасында құрылған байланыстың жүзеге асуы үшін жол - кеңістік - шаңырақ арқылы әлеммен үйлесімділікте өмір сүруге тырысады. Отаудың шаңырағы мен тірегі Көк аспанның тірегі секілді, отау кіші бір космос - кіші әлем секілді. Адам осы көк күмбездің (аспан) астындағы орны мен кіші күмбез (отау) ішіндегі орны арасындағы үндестіктің сақталуын қадағалауы тиіс. Киіз үйге космостық форма (пішін) берген ең негізгі тірек-шаңырақ. Негізінде, Азияның діни ғимараттарындағы көк күмбез символизмінің сан ғасырлық тарихы бар.
Макрокосмостық байланыс деңгейінде ғарыштық бағана (ось) - ағаш, тау, төбе, тірекпен, ал микрокосмостық деңгейде болса, үйдің орта тірегі немесе шаңырақпен үйлестіріледі [7, 341б. ] .
Бұл әр үйдің шаңырағы "ғарыштың орталығына" сай орналасқан деген сөз. Дәстүрлі дүниетанымда әлемдік дәлдік, яғни ғарыштық орталық әрбір нүктеде, барлық жерде бірдей бар екендігін көрсететін табиғат заңы кең тараған. Шаңырақ пен бағана арасында функционалдық байланыс бар. "Бағана" сөзі сахаларда (якуттарда) Тәңірге барар жол, тірек, мағынасында қолданылады. Әрбір шаңырақ көкке үласу қабілетін білдірсе, құрбандық шалу - Тәңірмен үндесудің жолын білдіреді.
Шаңырақ Тәңір мен адам арасындағы қатынасқа түсу мүмкіндігін береді. Бұл мүмкіндікті дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы әлемнің құрылысы, жаратылысы беріп отыр. Шындығында, бұл құрылыс-жүйе, бір-бірін өзара байланыстырып тұрған орта бағананы бойлай үш қабаттан тұратындай етіп үйлескен. Әлемде бірінің үстіне бірі орналасқан үш үлкен қабат бар. Бұлар орталық тұстан өтетін бағана арқылы өзара байланысты болғандықтан, бір әлемнен екіншісіне өтуге мүмкіндік туғызады. Экстаз хәліндегі қамның (бақсы) рухы да көкке немесе жер асты әлеміне "мистикалық сапар" жасарда осы "түңлік-бағана-шаңырақты" қолданады.
Демек, дәстүрлі түркілік дүниетанымын әлемді өзара вертикал кеңістіктер арқылы Тәңірге апарар жол болып табылатын бағаналармен байланысқан үштік әлем түрінде елестеткен.
1. 2 Түрік мәдениетіндегі әлем үлгісі
Дәстурлі түркілік дүниетанымда космологияның көшірмесі болып табылатын адамның жаратылуы да әлемнің орталығында жүзеге асқан. Мысалы, Месопотамия мәдениетінде адам Жер жүзі мен Көк арасындағы "көпірдің" орналасқан жері - "жердің кіндігі-Жерұйықта" дүниеге келген символдық бейнелеулер түркілік космсологияның да негізгі ұстындары болып табылады. Негізінен, ескі түркі космологиясы "Жерүйық" түсінігі төңірегінде қалыптасқан. Түрік жұрты, "түркі ордасы, " яғни билеу, басқару орталығы, дүниенің төрт бұрышының түйіскен жерінде, яғни дәл ортада, әлемнің кіндігінде орналасқан [7, 341б. ] .
Жалпы алғанда, әрбір мекен ету, отанға айналдыру процесі - алғашқы космогонияны (әлемнің жаратылуын) жаңғырту болып табылады. Шаңырақты, мекенді киелі, қасиетті отанға айналдыру үшін оны Тәңірмен байланыс құруға ыңғайлы жағдайға келтіру керек. Адам өз әлемінде өмір сүруі үшін алдымен қоршаған сыртқы әлемді ритуалдық рәсімдер арқылы оны қайта жаратуы қажет. Әрбір жаратылыс әр нәрсенің бастауындағы космогониялық әрекетті қайта жаңғыртады. Сондықтан әрбір құрылыстың іргетасы әлемнің орталығына орналасқан деп ессптелгеп. Қазіргі кездегі жаңа құрылыс саларда "ірге тас қалау" дәстүрін де алғашқы космогониялық әрекетті қайта жаңғыртудың өзгерген формасы ретінде қарауға болады.
Әрбір кеңістіқ трансцендентальды ата мекенге айналуымен ғана емес, сонымен қатар нақты уақыттың мифтік уақытқа айналуы арқылы да дәстүрлі қоғам адамының киелі, қасиетті отанына айналады. Яғни, әрбір ритуал киелі мекенмен ғана емес, сонымен қатар қасиетті уақытпен, яғни тәңірлік жаратудың алғаш рет жүзеге асырылған уақытында өтіп жатады деген сөз. Демек, отанға айналған топырақ немесе шаңырақ құдайлық жаратудың қайталануы болып отыр [7, 341б. ] .
Олай болса, әлем, киіз үй және адам болмысы арасында ұқсастық құруға мүмкіндік бар. Адам тәні де үйдің құрылысына ұқсас. Бұлар үш әлем арасындағы симметриялар мен ұқсастықтарды көрсететін категориялар, олардың араларындағы байланыс жолдарын, бірлікті, ғарыштық бірлік пен тұтастықты көрсетеді. Яғни, үштік космостық функция концепциясы "Әлемнің Бірлігі" түсінігіне қайшы келмейді.
Әрбір жаратылыс, космогония немесе антропогония болсын, бір орталықтан басталып, бір орталықтан аяқталып жататын үздіксіз процесс.
Бұл процесс "әлемнің кіндігі немесе орталығында" жүзеге асып жатады. Әлемнің кіндігі -Жерұйық ең алғашқы құдайлық бастаманың, яғни адамның жаратылыс негізі болғандықтан да қасиетті. Дәстүрлі көшпелі қоғам адамның ашық космоста тіршілік етуге мұқтаж екендігін сезінуі қарапайым құбылыс емес.
Әртүрлі кеңістіктерде анықталғанындай, "шаңырақ-түңліктердің" нақты дүниетанымдық қызметі, жоғарғы (трансценденталь) әлеммен осы жол арқылы байланыс құрудың зәрулігі өз универсалдылығы мен өміршеңдігі көшпелі дала өркениетіне терең із қалдырған [7, 341б. ] .
Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы бақытқа ұласуды және Тәңірмен байланысты қамтамасыз ететін метафизикалық-символдық құбылысты білдіретін "Көктің тірегі", киіз үйдің "шаңырағы" сияқты түсініктер исламның енуімен бірге формалық және мазмұндық өзгеріске ұшырап, мұсылман түркілерде "құтб" яғни, тірек ретінде жалғасын тапқан. Яғни, Тәңірмен байланысу сопылық дүниетанымның енуімен бірге ешқандай құралсыз (Жерұйық, Шаңырақсыз) тікелей кемел адам арқылы жүзеге асатын болды. Мысалы, мұсылман түріктер "құтб-ул ақтаб"- "тіректердің тірегі" ретінде ілімі және рухани жолы арқылы Тәңірге жөн сілтер ұстаз деп Әзірет Султан Қожа Ахмет Иасауиды таныған.
Сонымен қатар, дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы жердің "идуқ", яғни Тәңірдің берген құты, сыйы деген түсінігі сопылық дүниетаным әсерімен Тәңірдің "көрінісі" ретінде ұғыныла бастады. Яғни, әлем Тәңірдің сипаттарын шағылыстыратын. Оның "Бар" және "Бір" екендігін көрсететін кеңістік ретінде жаңа түсінікке ие болады. Дәстүрлі түркілік дүниетанымда адам әлемнің үйлесімділігіне қызмет ететін болса, Иассауи ілімінен кейін олем Тәңір тарапынан жаратылған адамның қызметіндегі болмыс ретінде танылады. Өйткені, исламдық дүниетаныммен бірге адам "Әлемнің кіндігіне" айналды.
Яғни, адам әлемнің жаны, рухы дәрежесіне көтерілді. Бұрын әлем мәңгілік деп есептелетін болса, Иассауи дәстүрлі дүниетанымдағы әлемді кеңістіктерге бөлу арқылы мағыналандырылған құндылықтар жүйесі енді жаңа сапалық мәндегі тұтастыққа жетіп, барлық әлемдік қабаттар, кеңістіктер мен бағыттар Тәңірдің сипаттық ақиқатына айналды. Яғни бөлулер тұтастыққа орын берді. Әлемнің құрылысындағы құбылыстар мен ерекшеліктер тікелей адамның рухани хәлдері мен моральдық психологиялық мақамдары ретіндегі түсінікке ие болды. Қысқаша айтқанда, әлем адамға айналды. Яғни, болмыс тұтастық, бірлік (таухид) сатысына көтерілді. Осылайша адамның әлемдегі орны исламдық дүниетаным арқылы толықтырылды. Бұл процестердің толығымен Иассауи ілімінің негізі болып табылатын еркін сұхбат әдісі арқылы құбылыстық, әрі мазмұндық тұрғыдан жүзеге асқандығын толық айтуымызға болады [7, 341б. ] .
"Әлем үлгісі" категориясын анықтауда осы ұғымды В. Н. Топоровтың түсіндіруі пайдаланылды. "Әлем үлгісі - сол дәстур ішінде әлем туралы жүйелі және операциялық аспектілерде алынған түсініктердің барлық жиынының қысқа және қарапайым бейнесі [8, 468б. ] .
"Әлем үлгісі" ұғымы ғарыш туралы білім ғана емес, сонымен бірге құндылықтар субординациясын өткізетін бағалар, тіршілік формалары енетін "дүниеге көзқарас". Бұл категорияларды тарата айтайық. Жазуы жоқ қоғамда дүниеге көзқарастың аксиологиялық, аспектісін қалпына келтіру қиындықтары оның үлгісімен бейнеленген онтологиялық аспектісін (қоршаған әлем туралы тұтас көзқарас) ғана игеруге мүмкіндік береді.
"Әлем" түсіндірмесі екі ұғымға (дүниеге көзқарас және әлем үлгісі) бір-бірімен сәйкес келеді. Бұл барлық универсум емес, тек оның адамиландырған элементі ғана, басқаша айтқанда, адам игерген әлем. Мәдениет иелерінің өзі әлем үлгісін салт-дәстүрде, мифтерде, бейнелеу образдарында жасай отырып, канондап және туындата отырып, оны тұтас күйінде санамен меңгере алмауы мүмкін. "Үлгі - үлгінің ол туралы, оның қасиеттері мен құрылымдары туралы білімді сақтап, кеңейтуге, тұпнұсқаны қайта түзеп немесе меңгерте қызмет ететін түпнүсқалық анологы әрқашан түсіндіру, болжау немесе эвристика құралы ретінде танымдық қызмет атқарады [10, 840б] .
Үлгі ардайым нысанды түгелдей емес, оның белгілі бір жақтарын, функциялары мен қалып-күйін туындатады, бұндайда тандау ісінің өзі танымның маңызды буыны болып табылады. Үлгілеу қажеттілігі тікелей нысанның өзін зерттеу мүмкін болмаған, қиындық келтірген, мөлшерден тыс уақытты керек еткен т. с. с. жағдайларда туады. Үлгі жасау - әлемді игерудің көне әмбебап тәсілдерінің бірі.
Әлем үлгісін қоса алғанда, өмірде бар заттар мен құбылыстардың үлгісін құру мен үйрену адам санасының көне формасына да, қазіргі формасына да тән. Тіпті, ең қарапайым көркем актіде - жартасқа салынған мамонт я бизонда - толық емес аналогия толық күйінде
Қабылданады бейнеленгеннің жансыз, қозғалуға қабылетсіз екені біліне тұра, олар жанды қозғалыстағы нысанның аналогы мен үлгісі ретінде қабылданады. Бұл процестің қажеттілігі адам өмірінің маңызды қажеттілігімен байланысты, өйткені, әлем үлгісін жасау (адам санасы арқылы ұғылатын шындық дүние туралы құрылған мәліметтер де бұған енеді) мәдени жүйенің бекіп, тұрақтануына және рудың аман қалуына жол ашты [11, 260б. ] .
Барлық рухани мәдениетті синтездеп, күллі тарихи тәжірибелі жинақтау арқылы философия адамның дүниедегі құндылық өлшемдерін сараптап отырып айғақтайды.
Құндылық өлшемдері философияда тыс жүйелерде де құрылады. Олар әр түрлі дүниетанымдық, үлгілердің түрлері арқылы білінеді.
Біздің диссертацияда зерттеген мәселемізде бейнелеу өнерінің, ілкі мәдениеттегі әлем үлгісін құндылық тұрғысынан танудағы рөлі зор, өйткені, бейнелеуде ежелгі қоғамның рухани құндылық сипаты байырғы қалпында сақталған [12, 129б. ] .
Әлем үлгісі этникалық қауым үшін реттілік, үйлесімділік түрінде қабылданады, сондықтан да әлем үлгісінің негізгі қызметі- қауымының психологиялық қорғаныс қызметі.
Бізге жеткен ежелгі әлем үлгісінің фрагменттеріне сүйене отырып оны өзара байланыстағы шынайы болмыстың мифологиясы ретінде әрі логикалық тұтастық қалпында жаңғыртуға болады.
Айтылған жүйе бойынша құрылған әлем үлгісі қай халыққа тән болса дағы, оның қоршаған ортамен, болмыспен әсерлесу негізінде күйзеліске ұшырамау үшін, оның этникалық бейсаналық деңгейінде қорғаушы механизмі болуы шарт, ол этникалық әлем үлгісінің ішкі тұтастық қалпын сақтап қалады.
Адамзат қоғамында әлем үлгісі ерекше маңызды орын алады. Оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны түйсініп, қатынас, байланыстық заңдылықтарын қалыптастырады, білімі мен тәжірибесін жүйеге келтіріп өзінің сезімі мен қажетін білдіреді. Үлгі адамдардың танымдылық қаруы және тылсым дүниемен іштесу құралы. Сондықтан да әлем үлгісін жақ-жақты зерттеу, оның этникалық қалыптасуын жүйелі талдау айрықша құнды болмақ.
"Мәдениеттегі үлгілеудің жалпы қағидалары" атты бірінші тарауы екі баптан тұрады. Бірінші тарауда, дәстүрлі мәдениеттегі жәдігерлерде көрініс тапқан байырғы әлем үлгісін зерттеудін теориялық бастаулары мен методологиялық шешімдерін мазмұндауға арналған. Жүйелі талдаудың заты болған әлем үлгісі екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншіден, ол әр тектес жиынтық емес, бір-бірімен тұрақты түрде ықпалдасатын, құрылымы өзара байланысты ішкі жүйеден тұратын күрделі тұтас қалпында көрсетіледі.
Оны тұтас синхрондық тұрғыдан болмыс динамикасынан бөліп алған жағдайда, осы аспектімен қарастыра аламыз. Бұл жайт - идеалды жай, ол сондықтан үлгіні қайта құру кезінде методикалық тәсіл ретінде ғана пайдаланылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz