Түрік халықтарының ислам дініне кірігу тарихы мен философиясы



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Түрік халықтарының ислам дініне кірігу тарихы мен
философиясы
Түркілерге ислам дінінің таратылуы арабтардың жаугершілік жорықтарымен
бірге VIII ғасырдың басында басталды. Араб әскерлерінің басшыларын тұңғыш
ислам дінін уағыздаушы деуге болады. Оған қоса мұсылман дінін уағыздаушы
мұсылман саудагерлері мен қолөнершілері өз айналымдарында көптеген түркі
елдерінде осы дінді таратқандар араб әскерлерінің алдыңғы қатарында болды.
[1,222 б.]
Түркілердің арасындағы исламның беделі ІХ—X ғасырларда шамамен 820
жылдан 1000 жылдарға дейін болған қазіргі Түркістанның мәдени облыстары
Орта Азиядағы Иран Саманид династиясы билік жүргізген кезден басталды.
Амудария өзенінің арғы жағында орналасқан арабтардың бұл облыстарында
Мауреннаћр, Дженд, Хувера, Яникент қалалары пайда болды. [1,222 б.]
Араб билеушілері дін таратуға өте қатал келді; жергілікті халықтың көне
мәдениеті мен өнерінен жұрнақ қалдырмауға тырысты. Хорезмдік ғалым Әбу
Райхан әл-Бируни (973— 1048) X ғасырдың басында жазған "Өткен ұрпақтардың
ескерткіштері" атты кітабында былай деді: "Кутаиба, бин Муслім әл-Белиқи әр
түрлі тәсілмен бұрынғының бәрін таратты, жойды: хорезмдіктердің жазу-
сызуларын, кітаптарын, бумаларын өртеп, бұрынғы дін қызметкерлерін, аңыз-
әңгімелер білетін адамдарды, ғылым байлықтарын түгел құртты,
хорезмдіктердің исламға дейінгі тарихы түгел көрге көмілді, оны қазір ешкім
де білмейді". [1,222 б.]
Араб билеушілері жаулап алған жерлерінде өздерінің мемлекеттік тәртібін
орнатты, жергілікті халыққа ислам дінін қабылдатты, араб тілін, араб
әліппесін үйретті, араб мәдениетін таратты. Оқу, білім, өнер, әдебиет —
бәрі де араб тілі, араб мәдениетінің ықпалында болды, сол бағытта дамыды.
Исламды қабылдаған Сатук Богра хан бірінші түркі ханы Қашқардың
билеушісі болып есептелді. Ол 955—956 жылдары қайтыс болған және оның
бейіті осы күнге дейін Артыш қыстағында тұр. Дегенмен кейбір мәліметтерге
сүйенсек, түркі халқы исламды 960 жылы, сол X ғасырда Сырдарияның төменгі
ағысындағы оғыз халқының бір бөлігі қабылдаған.
Белгілі ғалым Бартольдтың айтуынша түркі ханы Сатук Богра хан
Абданкерім исламды өз халқымен бірге 955—956 жылы қабылдады. Ол Сатук Богра
хан династиясынан Қарахандықтар династиясына көшті. [1,223 б.]
Географиялық әдебиеттерде түркілердің арасында исламның таралуы туралы
деректер жоқ: тарихшылардың айтуынша исламның қабылдану уақыты — 960 жыл.
Бұл дерек Бағдат жазбасында кездеседі, алайда ол туралы ешқандай нақты
құжат жарияланбаған. Шын мәнісінде мұсылмандықты бірінші Қарахандықтар
династиясы қабылдады. Ол кезде яғни X ғасырдың аяғына дейін Қарахандықтар
Қашқарды билеп тұрды, Самархан мен Бұхараны жаулап алды. Басқа түркі
халықтарының көпшілігі исламды 1043 жылы қабылдады.
Баласағұн 940 жылдан бері мұсылман қаласы болып есептеледі.
Әрине, жекелеген қалаларда сауданың жандануы бұрын мұсылман емес
халықтардың ислам дінін қабылдауына ықпал етті.
XI ғасырда ислам діні Шығыс Түркістанға, Лоп-Норға жетпеді. Себебі
солтүстік жолда шекаралық пункт Куча мен Бугур, ал оңтүстікте Черчен болды,
яғни Қашқардан арғысы тасада қала берді. [1,223 б.]
Ислам мәдениетінен тысқары шығыстағы ұйғырлардан ол кезде солтүстік-
батыста көп санды қыпшақ бар еді. Олар Ертіс өзенінен шығысқа қарай созылып
жатқан.
Ислам буддизм мен христианнан кейін келгеніне қарамастан, әлемдік және
нағыз даңқты дінге айналды. Яғни ол бір халықпен шектеліп қалмады. [1,223
б.]
Манихей діні де әлемдік дін болған жоқ. Буддизм алғашында кең
насихатталғанымен, шығыс азиат әлемінен аса алмады. Түркілер арасында
исламның беделі үстем болмай тұрғанда, сондай-ақ мұсылман дінінің
насихатталуы жеткіліксіз жүргізілген жерлерде — Батыстың бір топ халықтары,
Шығыс және Оңтүстік монғолдар христиан дінін қабылдады. Қазір христиан діні
тек еуропалықтардың діні болып саналады. [1,223 б.]
Ислам біздің заманымыздың 622 жылында Арабстанда пайда болды. Ислам
Алланың, Мұхаммед пайғамбардың сеніп, мойындаған, Аллаға берілген,
тұжырымдалған, іші-сырты таза, өзіне-өзі сәйкес деген ұғымды білдіреді.
[1,219 б.]
Алла тарапынан білдірілген әмір және туындылардың жиынтығын дін деп
атайды. Діннің атын ислам деп Алла қойды. Ислам діні — тек бір қауымға
немесе ұлтқа ғана тән дін емес, бір миллиардтан астам адам мойындаған дін.
Сондай-ақ ең соңғы ақыл, білім, мінез-құлық, бейбітшілік және ереже діні.
Жинақтап айтқанда, ол сенім бойынша өмір сүру діні болып табылады. [1,220
б.]
Мұсылмандықтың негізі бес парызға негізделген: 1) Иман. 2) Намаз. 3)
Ораза. 4) Зекет, 5) Хаж. Иманда жеті қағида бар: 1) Алланың барлығына сену,
иман келтіру, Хазірет Мұхаммед Алланың құлы, әрі пайғамбары болғанына
көңілмен сеніп, мұны араб (Құран) тілінде айту; 2) періштелерге сену; 3)
кітаптарына (Құранға) сену; 4) пайғамбарларға сену; 5) ахирет күніне сену;
жақсылық, жамандықтың тағдырын Алладан деп білу; 7) өлгеннен кейін қайта
тірілуге сену. [1,220 б.]
Исламда мұсылмандар өмірінің әр түрлі жақтарын реттеп отыратын көптеген
тыйым-шарттар бар. Мұсылмандардың алкогольді ішімдіктер ішуіне, шошқа етін
жеуге, құмар ойынын ойнауына тыйым салынған. Ислам өсімқоршылыққа рұқсат
етпейді. Өмірде және ахиретте шаттыққа, бақытқа жету үшін ахиреттік
міндеттер орындалуы керек. Онда Аллаға және пайғамбарға, өзімізге,
отбасымыз бен жақындарымызға, мемлекет пен халқымызға, адамгершілікке
қатысты бірнеше міндеттер көрсетілген. [1,220 б.]
Ислам өз атын қасиетті кітап Құраннан алады. Негізін бүгінге дейін
өзгертпей сақтаған жалғыз дін. Ислам әлемдік дін, барлық пайғамбарлардың -
әкелген діні. Барлық пайғамбарларға ислам уахи етілген. Ислам адамға тән
және барлық адамзаттың діні. Адам нәсілінің ерекшелігін қорғау және
"Алладан басқа илаћ жоқ" (лә иләћә иллаллаћ) сөзіне байланысты бір
"құлшылық түсінігі" , "танысу ахлақын (мінез-құлқын)" орнату үшін келген.
Бұл мақсатқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі түркілік дүниетанымның Қазақстан ғылымындағы және дәстүрлі қазақ қоғамындағы алатын орны мен ықпалын анықтау
Тiлдегi кiрме элементтер және оның қалыптасу жолдары
Жаһандану батыстандыру феномені, қазіргі заман модернизациясының тірегі ретінде ұлттық моделге әсері
Араб – мұсылман білімі және қазақ қоғамы
Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Ортағасырлық Ислам философиясы
Тәңіршілдік діні мен Ислам діні
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН. ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны Ж.Баласағұн туралы зерттеулер
Пәндер