Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу


Түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қалыптасуы мен дамуы (IX-XII ғ. ғ. )
13. 00. 01- жалпы педагогика, педагогика және білім
тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
а в т о р е ф е р а т ы
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды
Ғылыми кеңесшілері: педагогика ғылымдарының докторы
Бейсенбаева А. А.
филология ғылымдарының докторы
Мырзахметов М.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы
Р. Қ. Дүйсембінова
педагогика ғылымдарының докторы
Қ. Т. Ыбыраимжанов
педагогика ғылымдарының докторы
Қ. А. Сарбасова
Жетекші ұйым: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік университеті.
Диссертация 2010 ж. «» сағат Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д. 14. 05. 01 диссертациялық кеңесінде қорғалады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы; 050010, Алматы қаласы, Қазыбек-би, 30, 3-қабат.
Автореферат 2010 жылы «___»таратылды
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы: А. Н. Көшербаева
КІРІСПЕ
Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу" деген еңбегінде қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемінің әлі де жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние екендігін атап көрсетуі педагог-ғалымдар қауымына өткен тарихымызға көз жібере отырып, ұлттық құндылықтарымызды жаңаша зерделеп, озық тұстарын бүгінгі күн қажетіне пайдалануды жүктейді. Осы орайда Қазақстан Республикасының соңғы жылдарда болып отырған түбегейлі өзгерістері еліміздің білім беру саласындағы көптеген міндеттерін тарихи, мәдени тұрғыдан қайта қарауды қажет етеді. Әсіресе, тәрбие салаларында жүргізіліп жатқан реформалар мен ғаламдық талаптардың біртіндеп ене бастауы да жас ұрпақты өзгермелі қоғамға әлеуметтендірудегі уақыт талабымен бiрге келген игiлiктi мақсат. Бұл мақсат-міндеттер тұтастықта іске асуы үшін оның негізі ең алдымен отбасы тәрбиесі арқылы бастау алуы тиіс. Себебі, отбасы тұлғаны әлеуметтендірудің жетекші және айқындаушы көзі болып табылады.
Осы жағдайда қоғамның алға басуы және болашақ ұрпақтың қандай дәрежеде қалыптасуы тарихи тәжірибеміздегі педагогикалық құнды мұраларды қайта жаңғырта отырып пайдалануға тікелей байланысты. Өйткені, адамзаттың дамуындағы мәдени білімдерді нақты, анық танып біле отырып, оны қайта қарау арқылы ғана бүгінгі қоғамдық мәдениетті құруға қол жеткіземіз.
Педагогика тарихында қазақ халқының өзіне тән отбасы тәрбиесінің қалыптасуында ертедегі түркі мәдениетінің орны ерекше екендігі белгілі. Осыған байланысты бүгiнгi күнi рухани салада жүрiп жатқан сананың жаңаруы, адами құндылықтарды қайта бағамдау үрдістерi нәтижесiнде ғасырлар бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бiзге жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай отырып, ертедегі түркі халықтарының отбасы тәрбиесі идеяларының қалыптасуы туралы педагогикалық ой-пiкiрлердiң өзiндiк ерекшелiктерi мен бүгiнгi ұрпақ санасына еткен әсерiн және пiкiр сабақтастығын жан-жақты жүйелi зерттеу өзектi мәселелердiң бiрi деп санаймыз.
Түркі халықтарындағы отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен даму мәселелерін қарастыруда біз тарихи кезеңнің IX-XII ғасырларын зерттеу обьектімізге аламыз. Өйткені, бұл кезең түркі халықтарының тәлім-тәрбиесінің жүйелі қалыптасуында бетбұрыс кезеңі болды.
Осы кезеңдерде түркі халықтарының отбасында бала тәрбиелеу дәстүрлері туралы ойлар Қорқыт(VII-VIIIғғ. ), әл-Фараби (IX-Xғғ. ), Ж. Баласағұн(XIғ. ), М. Қашқари(XIғ. ), Қ. Йассауи(XIIғ. ) және т. б. ғұламалар еңбектерінен бастау алған. Арадан ондаған ғасырды артқа салып, мұндай ойлар қазақтың ақын- жыраулары Шалкиіз, Ақтамберді, Асан Қайғы мен Бұқар жырау, Сүйінбай жырларында, қазақ ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев еңбектерiнде, қазақ зиялылары Ш. Құдайбердиев, М. Әуезов, М. Жұмабаев, С. Көбеев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов және т. б. еңбектерiнде жалғасын тапқан.
Ертедегі түркі халықтарының отбасы тәрбиесі идеялары туралы сөз етуде біз бірқатар дерек көздерге сүйендік (тарихи ғұламалар еңбектері, мұрағат материалдары, қолжазбалар, мамандар зерттеулері және т. б. ) . Арнайы ғылыми-педагогикалық еңбектерді зерделей келе, отбасы тәрбиесінің жекелеген мәселелері қазақстандық ғалымдардың жетекшілігімен ғылыми педагогикалық институттарда зерттеліп, бүгінгі күнде бұл жұмыстардың ТМД және алыс шетелдердегі ғылыми-зерттеу институттарында да жалғасын тапқандығына көзіміз жетті.
Нақтылап айтқанда, түркі тектес халықтардың отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлерінің даму тарихы бүгінге дейін қырғызстандық ғалымдар Н. Имаева, А. Измаилов және т. б., өзбекстандық ғалымдар Х. Тіллашев, Н. Сафаров, З. Нуритдинова, Ө. Әлеуов, М. Мұхамеджанова, М. Иномова, Л. Шишова және т. б., әзербайжандық ғалымдар Г. Ахмедов, А. Сеидов, А. Гашимов және т. б., түркменстандық ғалымдар К. Пирлиев, А. Құрбанов, Г. Чарыев және т. б. тарапынан зерделенсе;
Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің және ағарту ісінің даму тарихын отандық ғалымдар Қ. Бержанов, Г. Уманов, Қ. Сейталиев, И. Мадин, Қ. Жарықбаев, Ш. Жұматаева, А. Ильясова, Г. Храпченков, В. Храпченков, Е. Омар, А. Тұрсынова, Э. Урунбасарова, Ж. Ибраимова, Ш. Беркімбаева, Б. Альмухамбетов, А. Игибаева, Қ. Ыбыраимжанов, Ж. Баймағамбетова және т. б. зерттеген;
- оның ішінде қазақ қыздарының тәрбиесi мен оларға бiлiм беру мәселелерiн тарихи-педагогикалық тұрғыдан қарастырып зерттеген ғалымдар К. Құнантаева, Ш. Жалғасова, А. Дайрабаева, Ж. Сарыбекова, Г. Алдамбергенова және т. б. болды.
Қазақстанда халықтық педагогика материалдарын оқу-тәрбие үрдісіне ендіру мәселелерін қазақстандық ғалымдар Қ. Жарықбаев, А. Бейсенбаева, Б. Айтмамбетова, К. Қожахметова, А. Қалыбекова, Р. Дүйсембінова, Ұ. Әбдіғаппарова және т. б. зерделесе;
- халықтық педагогика материалдарын отбасындағы тәрбиенi ұйымдастыруда пайдалану мәселелерiн ғалымдар С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Р. Төлеубекова, С. Ғаббасов, Қ. Бөлеев, Л. Ибраимова және т. б. зерттеген;
- отбасы тәрбиесiн жетiлдiрудегi мектеппен байланыс жасау жұмыстары М. Ғабдуллин, Г. Байдельдинова, Н. Тригубова, И. Лысенко, Б. Мұқанова, А. Капенова, А. Шумебаева, Г. Сейдалиева, К. Құмаржанова, Ж. Торыбаеваның және т. б. зерттеулерінде;
- отбасы тәрбиесі жағдайында балаларды болашақ отбасылық өмірге даярлау мәселелерін А. Жұмадiллаева, А. Шарафадин, Д. Сакенов және т. б. қарастырған.
Отбасы тәрбиесi мәселелерiнiң бүгiнгі қоғамдық талаптарына сай даму ерекшелiктерiнің педагогикалық және психологиялық тұстарын Ресей ғалымдары Ю. Азаров, И. Гребенников, В. В. Ивляева, Н. Ф. Девыцина және т. б.
- жастарды болашақ отбасылық өмірге даярлау мәселелерін Т. Троцюк, Е. Сычева, М. Певзнер, И. Петренко және т. б. ;
- мектеп жасына дейiнгi балаларды отбасында тәрбиелеудiң ерекшелiктерiн А. Пинт, А. Белова және т. б. зерттеген.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді арнайы шолу жасау орта ғасырда өмір сүрген ұлы ғұламалардың еңбектері көптеген жылдар көлемінде бірқатар қазақстандық ғалымдар зерттеулерінің негізгі обьектісі болып келгендігін көрсетті. Атап айтқанда, әл-Фарабидің педагогикалық ой-пікірлерін А. Көбесов, Ж. Баласағұнның педагогикалық идеяларының даму тарихын А. Көшербаева, Т. Ахметов, К. Модасан, М. Қашғаридің педагогикалық идеяларының қалыптасу тарихын К. Қалиева, көне дәуірдегі және орта ғасыр ғұламалары еңбектерінің педагогикалық мәні мен қазақ тәлім-тәрбиесіндегі маңыздылығын Қ. Сарбасова, К. Ыбраева, С. Жанболатов, М. Х. Дулатидің педагогикалық идеяларының тарихи құндылығын Д. Алиева, VI-VIII ғасырлардағы педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихын А. Жұмабеков, XV-XVIII ғасырдағы тәлім-тәрбиелік ойлардың даму тарихын Т. Әлсатов, Э. Құрманалиева және т. б. зерттеген. Дегенмен, бұл жұмыстарда ұлы ғұламалар еңбектеріндегі тәлім-тәрбие мәселелері жалпылама қарастырылып, отбасы тәрбиесі идеялары оның құрамдас бөлігі ретінде баяндалады.
Қазақстандық ғалым Х. Арғынбаев өзінің "Қазақ халқындағы семья және неке"(1973ж. ), "Қазақ отбасы"(1996ж. ) деген еңбектерінде қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгі жағдайын және оның дамуындағы ерекшеліктерін тарихи-этнографиялық тұрғыдан шолу жасайды. Бірақ, мұнда нақты қазақ отбасы тәрбиесінің мазмұны мен ерекшелігі педагогикалық тұрғыдан ашып көрсетілмейді.
Қазіргі таңда отбасы тәрбиесінің көп аспектілі мәселелері мемлекет тарапынан қолдау тауып, елбасының тікелей бастамасымен бірқатар игілікті істер атқарылуда. Оған әрбір туылған нәресте үшін берілетін жөргекпұлдың пайыздық өсуін, балалар ауруханаларының саны мен сапасының артып, балалардың тегін емделуін, балабақшалар мен мектептердің көптеп салына бастауын жатқызуға болады. Бұл фактілер халықтың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық (бала туу санының арта түсуі яғни 2006 жылы бір ғана Алматы қаласының өзінде бала туу көрсеткіші 7 пайызға өскен. Бұл соңғы 30 жылдағы ең жоғары көрсеткіш) өсуге деген ынтасын біршама арттырып отырғандығын көрсетеді. Өкінішке орай, нарықтық қоғам жағдайында әлеуметтік бағытта бірқатар игі істер жолға қойылып отырғанымен, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктердің көрсеткіштері керісінше төмендемей отыр.
Өйткені, бүгінгі қоғамда отбасына деген көзқарастарда өте маңызды өзгерістер орын алды. Нарықтық қатынастар экономикалық фактордың мәнін күшейте түсті, бұл ата-аналар мен педагогтардың бүкіл қызметінің тұлғалық - педагогикалық, құндылық-адамгершілік факторына қайта бағдар жасау керектігін туғызды. Қазіргі кезде психологиялық қорғаудың және оңды әсерленушлікті қалыптастырудың отбасы қайнар көзі деген көзқарас бұзылды. Отбасындағы ата-аналар өз балаларының тәрбиесін мектеп міндетіне жүктесе, көпшілік әлеуметтік ортаның ықпалын көлденең тартады. Соған қарамай, әр адамның жеке басының бақытын қамтамасыз ету отбасының міндеті болып саналады және әлеуметтік құндылықтар болып табылатын мақсаттарды жүзеге асыру, жас ұрпақты әлеуметтендіру бұрынғысынша отбасының жауапкершілігінде қала береді.
Педагогикалық зерттеулер бойынша осы заманғы отбасының әлеуметтік, рухани және құндылық ахуалының төмендігі салдарынан адамдар арасындағы адамгершілік қарым - қатынастардағы өзгерістерге байланысты жалғыз басты аналардың, әкесіз, анасыз және тастанды балалардың саны жыл сайын көбейе түскен (жыл сайын 90 мыңнан астам бала тастанды аталады, сонымен қатар бүгінге дейін 5591 бала шетелге сатылған), жастардың отбасылық өмiрге жеңiл қарауы немесе отбасын құруға деген ынта-ықыласының төмендiгiнен асықпауы, тiптi ажырасу фактiлерiнiң көптiгi (жыл сайын үйленуге арыз берушілердің 40% қайта ажырасады ) орын алып келеді.
Сондай-ақ, некеге тұрмай бала табу бүгiнде үйреншiктi жағдайға айналып барады (2004 жылғы санақ бойынша 68004 қыз некесіз бала тапқан) . Мұндай жағдай әсiресе қара көз қазақ қыздары арасында басым болып отырғандығы өкiнiштi-ақ (соның ішінде 39177-сі қазақ қыздары) . Бұл келеңсiз жағдайлардың пайда болуы, біріншіден , табиғатымызға жат батыс мәдениетiнiң жастарға терiс ықпал етуi болса, екіншіден , жастарды отбасылық өмiрге дайындаудың жеткiлiксiздiгi дер едік.
Осы тұста халқымыздың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы ғаламдық талаптарды ескере отырып, ұлттық болмысымызды сақтап қалу, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негiзiнде отбасы тәрбиесiн дамыту мiндеттерiн шешуде қазақ халқының негізін құраған түркі халықтарының отбасы тәрбиесін ұйымдастыру дәстүрлерiне сүйену жоғары тиiмдiлiк берерi даусыз деп ойлаймыз. Ол түркі халықтарының тарихындағы отбасы тәрбиесi тәжiрибелерiн зерделеп, бүгiнгi күн тәжірибесінде озық тұстарын енгізу арқылы жүзеге асырылмақ.
Жоғарыда талдауға алынған ғалымдар еңбектерінде отбасы тәрбиесінің мәселелерi көптеген педагогикалық ой-пiкiрлердiң тарихына арналған зерттеулер мазмұнында қарастырылып келгенiмен, түркі халықтарына тән отбасы тәрбиесінiң жүйесі жеке зерттеу обьектісіне алынбағандығын айқындайды. Сондықтан, отбасы тәрбиесі мәселелерінің қалыптасуы мен дамуын бақылап отыру және бұл мәліметтерді тек теориялық-педагогикалық тұрғыда ғана емес, көне дерек көздері мен мұрағат материалдарын ескеруді тереңдете отырып тарихи-педагогикалық мақсатта пайдаланудың қажет екендігіне көзіміз жетеді.
Демек, біздің зерттеу саласында жарық көрген көне дәуірден сақталған тарихи деректерге, арнайы ғылыми еңбектерге жасалған жүйелі, салыстырмалы талдау нәтижесінде түркі ғұламалары мұраларының отбасы тәрбиесі тұрғысында жете зерттелмеуі мен бүгінгі қазақ отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда оның қажеттілігі арасында; отбасы тәрбиесі тәжірибелерін пайдаланудың мүмкіндіктерінің жоғарылығы мен арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтың бар екендігі анық байқалды. Осы қайшылықтарды шешуге байланысты түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларын жүйелі талдау негізінде бүгінгі отбасы тәрбиесін жетілдірудің мүмкіндіктерін көрсету біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және зерттеу тақырыбын «Түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қалыптасуы мен дамуы (IX-XIIғ. ғ. ) » деп алуымызға негіз болды.
Зерттеудің обьектісі: Түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі.
Зерттеудің пәнi: IX-XII ғасырлардағы түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қалыптасуы мен даму үрдісі.
Зерттеудiң мақсаты: Түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі туралы идеялардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін айқындап, ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу және жүйелеу.
Зерттеудің мiндеттерi:
- IX-XII ғасырдағы түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қалыптасуы мен дамуының әдіснамалық-теориялық негіздерін анықтау;
- түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесi идеяларының қалыптасуы мен дамуының әлеуметтiк-педагогикалық алғы шарттарын айқындау;
- түркі ғұламалары мұраларын жүйелеу негізінде отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен факторларды, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда басшылыққа алынған тұжырымдамалық идеялар мен қағидаларды айқындау;
- ұлы ғұламалар мұраларын зерделеу негізінде «Кемел адам» тұлғасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін түркі халықтарына тән отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін көрсету;
-түркі ғұламалары мұралары негізінде аталмыш кезеңдегі отбасы тәрбиесінің жүйесін айқындап, сипаттама беру;
- түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қазақтың халықтық педагогикасындағы, ақын-жыраулары мен ағартушыларының және қазақ зиялылары еңбектеріндегі сабақтастығын дәлелдеу;
- отбасы тәрбиесі бойынша зерттеу нәтижелерін бүгінгі білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға байланысты ғылыми- әдістемелік ұсыныстар беру.
Жетекшi идея. Түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларын жүйелі, біртұтастық негізде қарастыру - бүгінгі қазақ отбасы тәрбиесін тиімді жетілдірудің жетекші факторы.
Зерттеу жұмысының әдiснамалық және теориялық негiзiне философия, әлеуметтану, педагогика және психология ғылымдарының жеке тұлғаны дамыту туралы iлiмдерi, іс-әрекет теориясы, жалпыадамзаттық және ұлттық-мәдени құндылықтардың диалектикалық өзара бiрлiгiне байланысты iлiмдерi, педагогикалық құбылыстарды зерттеудегi жүйелілік, тұтастық, тарихи-салыстырмалылық, кешенділік тұжырымдамалары, сондай-ақ, IX-XII ғасырларда өмір сүрген түркі ғұламаларының, қазақтың ақын-жырауларының, қазақ ағартушылары мен зиялыларының және Қазақстандық ғалымдардың отбасы тәрбиесi туралы зерттеулері, ғылым мен тәжірибені интеграциялау теориясы алынды.
Зерттеу көздерiне IX-XII ғасырда жазылған ұлы ғұламалардың құнды мұралары, философия, педагогика, психология, этнография, әдебиеттану, тарих, әлеуметтану және т. б. ғылымдары саласындағы отбасы тәрбиесi туралы зерттеулер, Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Бiлiм министрлiгiнiң ресми-құқықтық құжаттары («ҚР Конституциясы», «Қазақстан Республикасының тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының Бiлiм беру туралы» Заңы, «Баланың құқығы туралы Қазақстан Республикасының Конвенциясы», «Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы», Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары және т. б. ), Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының орталық мұрағаттарының материалдары, Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты, Қазақстан Республикасының ұлттық кiтапханасының, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң сирек кiтаптар мен қолжазбалар қорының материалдары, зерттеу мәселесіне байланысты ұлттық энциклопедиясындағы материалдар жатады.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты сирек кездесетін кітаптар қорларындағы еңбектерді, тарихи-педагогикалық арнайы әдебиеттерді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат материалдарын талдау; диссертацияда диалектикалық абстрактыдан нақтылыға өрлеу, тарихи-салыстырмалылық, жинақтау, топтау, теориялық талдау, мамандардан интервью алу, сұхбат, сауалнама жүргізу, студенттердің зерттеу мәселесіне қатысты жазба жұмыстарына талдау жасау әдістері қолданылды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері. Ғылыми-зерттеу жұмысы бір-бірімен өзара байланысты үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде (1999-2003 жж. ) зерттеу тақырыбы анықталып, ғылыми- педагогикалық және арнаулы әдебиеттерде қарастырылған отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша материалдар жинақталды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалып, мақсат-міндеттер нақтыланды; проблема төңірегінде қарастырылған философиялық, педагогикалық, филологиялық, тарихи-педагогикалық тұрғыдан және әлеуметтанушылық, мәдениеттану салаларындағы еңбектерге теориялық талдау жасалып, жүйеленді.
Екінші кезеңде (2003-2007жж. ) IX-XII ғасырда Қазақстан территориясында өмір сүрген түркі ғұламалары әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. Яссауи және т. б. құнды педагогикалық ой-пікірлері талданып, өзіндік ұстанымдары анықталды. Зерттеудің тарихи кезеңіндегі отбасы тәрбиесі туралы жинақталған деректерге қазіргі педагогика ғылымының теориясы тұрғысында талдау жасалынды. Түркі ғұламалары мұраларындағы көзқарастары бойынша отбасы тәрбиесінің факторлары, негізгі тұжырымдамалық идеялары, қағидалары, тәлім-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктері жүйеленіп көрсетілді. Аталмыш кезеңдегі отбасы тәрбиесінің даму үрдісіндегі дәстүрлерінің кейінгі ұрпақ еңбектерінде және халықтық педагогика материалдарында сабақтастығы дәлелденіп көрсетілді.
Үшінші кезеңде (2007-2010жж. ) жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері қорытындыланып, жүйеге келтірілді. Сондай-ақ, арнайы курстың мазмұны бойынша түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуына байланысты бағдарлама, оқу құралдары мен монография дайындалды. Зерттеу нәтижелері бойынша туындаған тұжырымдар қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар әзiрленді, теориялық тұжырымдар схемалармен, кестелермен және суреттермен ықшамдалып көрсетілді, диссертация өңделіп, рәсімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қалыптасуы мен дамуының әдіснамалық-теориялық негіздері анықталды;
- түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қалыптасуы мен дамуының әлеуметтік-педагогикалық алғышарттары айқындалып, оларға сипаттама берiлдi;
- түркі ғұламалары мұраларын жүйелеу негізінде отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен факторлар, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда басшылыққа алынған тұжырымдамалық идеялар мен қағидалар айқындалды;
- ұлы ғұламалар мұраларын зерделеу негізінде «Кемел адам» тұлғасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін түркі халықтарына тән отбасы тәрбиесі ерекшеліктері көрсетілді;
- түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін ескере келіп, оның мазмұны, формалары мен әдіс-тәсілдері жүйеленді;
- түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қазақтың халықтық педагогикасындағы, ақын-жыраулары мен ағартушыларының және қазақ зиялылары еңбектеріндегі сабақтастығы дәлелденді;
- түркі ғұламаларының отбасы тәрбиесі туралы идеяларын жоғары оқу орны мен басқа да тәрбие мекемелерінің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану бойынша ғылыми-әдістемелік нұсқаулар ұсынылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- зерттеу проблемасы бойынша «Түркі халықтарындағы отбасы тәрбиесінің дамуы» атты арнайы курс бағдарламасы жасалып, Шымкент университетінің «Педагогика және психология» мамандығының оқу жоспарына енгізілді және «Оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының рөлі» (2002), «IX-XII ғасырлардағы ұлы ғұламалардың отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлері» (2007) оқу құралдары дайындалды;
- зерттеу жұмысының теориялық қағидалары мен деректі материалдарын, ғылыми негізделген ұсыныстарын жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарындағы және мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарындағы оқу үрдісі мазмұнында, сонымен бірге, отбасы тәрбиесін жетілдіру жұмыстарында пайдалануға болады;
- зерттеу жұмысының материалдарын педагогикалық оқу орындарындағы "Педагогика тарихы", "Этнопедагогика", "Педагогика", “Тәрбие жұмысының әдістемесі” және т. б. пәндер мазмұнын жетілдіруде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылады:
- түркі ғұламалары мұраларындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен Қазақстанға ислам дінінің келуіне байланысты туындаған отбасы тәрбиесі идеяларының қалыптасуы мен дамуы туралы идеяларының жиынтығы;
- түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен факторлардың, тұжырымдамалық идеялар мен қағидалардың мәні;
- аталмыш ғасырдағы педагогикалық мұралар мазмұнындағы түркі халықтарын тән отбасы тәрбиесі ерекшеліктерінің ғылыми-педагогикалық негізделуі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz