Эндоскопиялық тәсілдер


Эндоскопиялық тәсілдер
Бронхоскопия. Бронхыларды тексеріп қарау әрқашанда да кеңірдекті қараумен қатар жүргізіледі, яғни трахеобронхоскопия жасалынады. Егер рентгентелекөріністік және рентгенологиялық бақылаудың қажеттігі байқалса, бронхоскопияны рентген-эндоскопиялық кабинетте жасайды (рентген-бронхологиялық тексеріс) .
Бронхоскопия жасауға қатты (металл) немесе иілгіш шыны талшықты оптикалы бронхоскоп (фибробронхоскоп) қолданылады. Қатты бронхоскоптың негізі металдан жасалған қуысты тубус болып табылады, оның диаметрі 12 мм-ге дейін; сондай-ақ оның жарық беруге, өкпені жасанды желдетуге, телескопты әртүрлі көру бұрышымен бағыттауға, сонымен қатар үлкейткіш шыныны фотоқондырғыға қосатын тетігі бар. Металды бронхоскоппен бронхоскопия жасағанда науқасты шалқасынан жатқызып, өкпені жасанды желдетіп, наркоз береді. Тубусты ауыз, көмекей және дауыс саңылаулары жолдары арқылы кеңірдекке, содан кейін бронхыларға, сегментарлы бронхтар сағасына дейін жылжытады. Тубус арқылы өтетін оптикалық телескопты қолдану бронхыны тексеріп қарауды жеңілдетеді.
Бронхофиброскоптың диаметрі кішкентай (5-6 мм және одан да кіші), ол жақсы иіледі. Оның үш жағындағы иілу бұрышын өзгертуге, реттеп отыруға болады. Фибробронхоскоптың диаметрінің кішілігі және жақсы басқарылуы арқасында негізгі бөлікті, сегментарлы бронхыларды ғана емес, субсегментарлы бронхыларды да тексеріп қарауға болады. Бронхофиброскоптардың барлық үлгісінде бронхы ішіндегі сұйықты сорып алуға, әртүрлі құралдарды, оның ішінде биопсия алатын аспаптарды өткізуге арналған түтіктер болады. Бронхофиброскопты түрлі-түсті эндоскопиялық көріністі телекөрініс экранына беретін қондырғыға қосуға және көріністі бейнепленкаға жазуға болады.
Науқасты басына жастықша қоятыны бар ыңғайлы орынтаққа отырғызып, жергілікті жансыздандыру жасағаннан кейін бронхо-фиброскопия жасайды, тыныс жолдарын жансыздандыру үшін лидокаин, тремекаин, дикаин, новокаин ертінділері қолданылады. Бронхофиброскопты теменгі мұрын жолымен кеңірдекке енгізеді. Бронхофиброскопты ауыз қуысы арқылы енгізуге болады, бұл - аса ыңғайсыз тәсіл; оны негізінде мұрын жолдарының патологиясында қолданады. Наркоз жасап тексерген жағдайда бронхофиброскоп интубациялық түтік немесе қатты бронхоскоптың тубусы арқылы енгізіледі (біріктірілген бронхоскопия) .
Ересек адамдар үшін негізінен бронхофиброскопия әдісін пайдаланған жен. Қатты бронхоскопия жасаудың ерекше көрсеткіштері бар, олар - өкпеден қан кетуді анықтау және оны тоқтату, бөтен заттардың болуын, кеуде қуысы лимфа түйіндерінің туберкулезіндегі бронхолиттерді (бронхы тастарын) анықтау және оны алып тастау, бронхылардағы мол іріңді сорып алу.
Бронхыларды тексеріп қарағанда, кілегей қабаттың жағдайына, бронхы ішіндегі сұйықтың түріне, бронхы түтігі диаметрінің, иілгіштігіне, серпімділігіне (тонусына) бронхы қабырғасының қозғалыс жасау қабілетіне баға беріледі. Қалыптан ауытқулардың баска да түрлерін анықтайды. Эндоскопиялық көріністі суретке түсіреді. Тексеріс бактериологиялық, патоморфологиялық тексерістерге керекті материалдарды алумен аяқталады. Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарға бронхоскопия жасағанда бронхылар бұтағының жағдайы ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар бактериологиялық тексерістер теріс нәтиже бергенде, диагнозды растайтын (верификация) гистологиялық материалдар алынады, онымен қоса лабораториялық тексерістер үшін жуынды (лаважды) сұйық та алынады диагноз қоюда жуынды сүйығын тексерудің көмегі бар. Әртүрлі диффузды өкпе ауруларымен ауыратын науқастарға цитологиялық тексеріс жасап, Т - В - лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының санын білуге болады. Жуынды (лаважды) сұйықтықтың протеолитикалық және қарсы протеолитикалық белсенділігінің нәтижелері өкпедегі процестің белсеңділігін анықтауға мүмкіндік береді, ал липидтер және фосфолипидтер деңгейі өкпенің сурфактанты жүйесінің жағдайын көрсетеді. Кейде лаваж сүйығында басқа тәсілдер қолданғанда анықталмайтын ТМБ табылуы мүмкін.
Торакоскопия (плевраскопия) . Торакоскопиялық тексеріс мәнісі - плевра қуысын торакоскоппен қарау. Торакоскоптан басқа да оптикалық аппараттар, мәселен, бронхофиброскоп, қолданылуы мүмкін.
Бұл эндоскопиялық тәсіл өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарға жасанды пневмоторакс салғанда плевраны қарап тексеруде кеңінен қолданылған.
Торакоскопия жасанды пневмоторакста плевралды жабысуды күйдіріп ажырату және оны түзету үшін қажетті компоненттің бірі болды. Қазіргі кезде аспаптардың жетілдірілуі және шыны талшықты оптиканың пайда болуына орай торакоскопия жасау мүмкіндігі мейлінше кеңейді. Кейінгі кезеңдерде диагностикалық бейне торакоскопиясы плевриттерде және басқа да плевра ауруларында, спонтанды пневмоторакста, өкпенің диффузды ауруларында кеңінен қолданылып жүр.
Торакоскопия жасаудың алдында жасанды пневмоторакс салынады. Плевра қуысында ауа қабатының жеткілікті болуы үшін өкпе өзінің 1/2-1/3 көлеміне дейін сығылуы керек. Экссудативті плевриті бар науқастарға жеңілдету пункциясы жасалып, сұйықтың орньша ауа жіберіледі. Науқасты сау бүйіріне жатқызып, наркоз береді. Әйтпесе жергілікті жансыздандыру жасайды, содан соң тексеріс жүргізіледі. Қабырғааралық кеңістіктегі тесік арқылы тораскопты плевра қуысына енгізеді. Торакоскоп жіберетін нүктені рентген тексеріс нәтижесіне сүйене отырып анықтайды. Кәдімгі немесе талшықты оптикалық жүйелер көмегімен плевра жапырақтарын, өкпені қарап тексереді, ал қажет болған жағдайда биопсия (қысқашты немесе пункциялы) жасалынады. Торакоскопиялық көріністі суретке түсіруге, теледидар экранына жіберіп, одан бейнелентаға жазып алуға болады. Торакоскопияның асқынулары қан ағу, тері асты эмфиземасы болып табылады, олар, әдетте, торакоскопия жасау техникасын бұзғанда пайда болады.
Биопсия тәсілдері
Трансбронхиалды биопсия. Биопсияның осы түрі көбінесе қатты бронхоскоппен немесе бронхофиброскоп қолдану арқылы жасалады. Биопсия жасаудың негізгі керсеткіші басты, бөліктік, сегментарлық, субсегментарлық бронхылардағы патологиялық өзгерістердің анықталуы болып табылады. Биопсия (үзінді) алу үшін әртүрлі техникалық әдістердің көмегіне сүйенуге болады: қысқашпен тістеп қыршып алу (қысқашты биопсия), кюреткамен қырып алу, шеткемен (шөткелі немесе браш-биопсия) поролон жұмсағына (губкаға) сіңдіріп алу (сіңдірілген немесе спонг-биопсия), пункция, аспирация (сорып алу) . Осындай әдістердің біреуін алдын ала рентгенологиялық мәліметтер бойынша таңдап алады, ал қорытынды шешім бронхоскопия кезінде анықталады. Мейлінше дәл, нақты мәліметтер алу үшін бірнеше тәсілдерді бірге, жиынтықты түрде пайдалануға болады. Бұл жағдайда мыналарды еске ұстау керек: қысқашты биопсия жасағанда гистологиялық тексеруге жеткілікті мөлшерде үзік (тін) алуға болады. Қырып алу, пункция және аспирация жасау цитологиялық тексерістер жүргізу үшін тиімді. Бұл әдістер қысқашпен биопсия жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданылады. Бронхоскоп арқылы ұзын инемен пункция жасау кеңірдекке және бронхыларға жақын орналасқан лимфа түйіндерінен биоптат алу үшін кеңінен қолданылады.
Сегментарлы, субсегментарлы тіпті одан да ұсақ бронхылардан аспирациялык, және шөткелі биопсия алу бронхоскопияның көмегінсіз-ақ орындалады. Бұл үшін арнайы, иілмелі, басқарылатын катетр қажет. Жергілікті жансыздаңдырудан кейін рентгентеде көрініс бақылаумен катетрді мұрын арқылы жібереді.
Трансбронхиалды қысқашты биопсияны өкпе тінін зерттеуде қолдануға болады. Бронхоскопияны рентгенологиялық кабинетте жергілікті жансыздандыру жасап, рентгентелекеріністің бақылауы арқылы бронхофиброскоппен жасаған дұрыс. Бір жерге шоғырланған процестерде биопсиялық материал рентген патология көрсеткен аймақтан, ал диффузды немесе шашыранды (диссеминацияланған) процестерде көп өзгеріске үшыраған аймақтан алына-ды. Бронхоскоп керекті аймақка "тірелгенше" өткізіледі, содан соң оны аздап кейін тартып, қысқашты ары қарай итереді. Демді барынша ішке тарткан сәтте, тіннің аздаған қарсыласуына қарамай-ақ оны әрі қарай тереңдете жіберуге болады. Кеуде кабырғасынан 3-4 см тереңдікте кысқашты ашады, демді сыртқа шығарған кезде бранштарды бір-біріне жымдастырады. Әдетте осындай әдістердің көмегімен өкпе тінінен гистологиялық тексеріске толық жететін 2-3 үзінді алынады. Асқыну байқала қоймайды, аздаған қан түкіру соншалықты кауіпті емес. Жекелеген жағдайларда ішкі (висцералды) плевра зақымданғанда, пневмоторакс түзілуі мүмкін.
1-сурет. Өкпе және көкірек қуысы биопсияларының түрлері.
1 - бронхоскоп арқылы бронхыайырығы лимфа түйіндеріні пункциясы; 2 - қысқашты биопсия; 3 - шөткелі биопсия; 4 - бронхы қабырғасының пунк-циялы биопсиясы; 5 - трансторакалды инелі өкпе биопсиясы; 6 - торакоскоп арқылы өкпенің шөткелі биопсиясы; 7 - өкпенің ашық биопсиясы.
Трансторакалды инелі биопсия. Бұл - плеврадан және өкпеден шприцтің және иненің көмегімен (1-суретті кара) гистологиялық және цитологиялық тексеріске қажетті материалдар алу үшін кеңінен қолданылатын тәсілдердің бірі. Трансбронхиалдық биопсия сәтсіз жасалса, немесе кейбір себептерге байланысты оны жасау тиімсіз деп саналса, өкпенің шеткі бөлімдерінің зақымдануы кезівде инелі биопеияны қолданады. Инелі биопсия жасаудың кері көрсеткіштері - қан ұю жүйесінің патологиясы, эмфизема, жалғыз қалған өкпенің зақымдануы.
Инелі биопсия жасауга кәдімгі жіңішке (аспирациялық биопсия), немесе арнайы, жуандау инелер (трепанациялық биопсия) қолданылады. Бұндай инелердің әртүрлі құрылымдық ерекшеліктері бар, олар өкпеден, плеврадан цитологиялық тексеріске ғана емес, сонымен қатар гистологиялық тексеріске жарамды материалдар алуға мүмкіндік тудырады.
Науқасты рентген аппараты немесе компьютерлі томограф үстелінің үстіне жатқызып, жергілікті жансыздандырудан кейін тексерісті жүргізеді. Инені енгізетін нүкте (пункция жасайтын) нысанаға өте жақын жерде болуы қажет. Иненің өтуін рентгентеледидармен немесе компьютерлі томографиямен бақылайды. Компьютерлі томографиямен бақылау жүргізу техникасы жағынан күрделірек және оған едәуір уақыт кетеді, дегенмен ол ине ұшының нысаналы орынға дәл түсуіне мүмкіндік береді. Инемен материалды алған соң тез арада препарат дайындалып, цитологиялық тексеріс жүргізіледі. Қажет болған жағдайда пункция алуды қайталауға болады.
Трансторакалды инелі пункция алу көмегімен 80-90%-ке дейінгі жағдайда диагнозды растауға болады. Осы тәсілдің қатерлі ісікте көмегі айтарлықтай, ал, керісінше өкпенің қабынулы ауруларында көмегі төмен. Биопсия жасағанда қан кету, спонтанды пневмоторакс, тесілген өзек бойында имплантациялы көшінділердің дамуы сияқты асқыну процестері де болуы мүмкін.
Ашық биопсия. Ашық биопсия дегеніміз - кеуде қуысын ашып, өкпеден, плеврадан немесе лимфа түйіндерінен үзінді (биоптат) алу. Негізінде ашық биопсия өкпенің диффузды және диссеминацияланған (шашыранды) ауруларында, сонымен қатар биопсияның басқа түрлері нәтиже бермеген жағдайда қолданылады. Науқасқа наркоз жасағаннан соң қабырғааралық кеңістікті кішкене кесіп немесе медиастинотомиядан кейін ашык үзінді алынады. Ашық биопсиянын артықшылығы - бір немесе бірнеше жерден үлкен биоптаттар (үзікті заттар) алу мүмкіндігінің болуы (1-сурет) . Ашық биопсияның асқынулары пневмоторакс, гемоторакс, ал жағдайы ауыр науқас адамдарда тыныс жетіспеушілігі болып табылады.
Сатылы бұлшық ет биопсиясы (прескаленді биопсия) . Прескаленді биопсия (трансцервикалды) биопсия алдыңғы сатылы бұлшық еттің үстіңгі бетінде орналасқан клетчаткалар мен лимфа түйіндерін хирургиялық тәсілмен кесіп алу болып табылады. Операцияны жергілікті жансыздандыруды қолдану арқылы жасайды. Бұғананың үстіңгі жағын және оған жарыстыра скальпелмен (4-6 см) кеседі, содан соң биоптат алады. Пальпация жасау кезінде анықталатын лимфа түйіндерінен алынған прескаленді биопсия көп мәлімет береді. Лимфа түйіндері пальпация жасағанда білінбеген жағдайда прескаленді биопсияның беретін мәліметтерінің көлемі медиастиноскопияға қарағанда өте төмен болады.
Медиастиноскопиямен биопсия алу. Бұл тексеріс - эндоскоп көмегімен биопсия алатын диагностикалық операцияға жатады. Операция наркозбен жасалады. Төс сүйегінің үстін кішкене кеседі, кеңірдекті бойлай, оның айырығына дейінгі аралықта кеңірдекті тіндерден ажыратады. Содан кейін медиастиноскоппен бақылай отырып, пункция жасалады, клетчаткадан, кеңірдек маңайындағы кеңірдек айырығындағы лимфа түйіндерін қысқашпен қысып, үзік (биоптат) алып шығады.
Медиастиноскопияның асқынулары - қан кету, пневмоторакс, қайталама нервтің зақымдануы. Медиастиноскопияның кеңейтілген тәсілі ұсынылған: алдыңғы көкірек қуысынан медиастиноскоппен және арнайы аспаптармен өкпе түбірі аймағына етеді, медиастиналды плевраны әдейі теседі және плевра қуысына медиастиноскопты ендіреді. Соның нәтижесінде тереңде орналасқан лимфа бездеріне, өкпеге, плевраға жету мүмкіндігі туады.
Плевра пункциясы және плевраның биопсиялық пункциясы. Плевраға пункция жасаудың алдында физикалды, көп бағыттағы рентгенологиялық тексеріс өткізу қажет, бұл сұйықтың, газдың плевра қуысында бар немесе жоқ екендігін және олардың орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді. Әдетте пункция науқастың отырған қалпында жасалынады. Қабырғааралық кеңістікті кенейту үшін пункция жасалатын жақтағы иықты жоғары және алдыға қарай көтереді. Өкпеде және плеврада тыртықты өзгерістері бар науқастарға пункцияны науқастың басын төмен түсіріп, столға жатқызып жасаған қауіпсіз болады, өйткені веналар жарақаттанса, ауалы эмболия пайда болуы мүмкін. Жергілікті жансыздандыру жасап, қолтық астының орта тұсы мен жауырын сызықтары арасындағы жетінші немесе сегізінші қабырға аралығын теседі. Бұл үшін жуаңдау ине қолданылады. Қабырғаның төменгі шеткі бойындағы қан тамырларымен нервтер жүреді, сондықтан оларды зақымдануға ұшыратпау үшін инені қабырғаның жоғарғы жағынан енгізеді. Инені шприцке түтік, пластмасса немесе резеңке түтікше арқылы қосады. Сұйықты сорып, шприцті түтіктен шығарар алдында кранды жабады немесе түтікке қысқаш салады. Бұл ауаның плевра қуысына өтпеуі үшін жасалады. Кеуде қуысындағы көкірек ортасы мүшелері өз орнына тез ығыспауы үшін плеврада жиналған көп сұйықты ақырындап сорып алады.
Плевра пункциясының асқынулары: плевра қуысының ішіне қан кетуі, бас ми тамырларының ауалы эмболиясы, өкпенің, асқазанның тесілуі. Асқынулардың алдын алу үшін пункция жасайтын жерді, инені жіберу бағытын мұқият анықтау, пункция жасау техникасын шебер меңгеру керек.
Пункция жасалынып алынған сұйықтан лабораториялық тексеріске материал алынады. Сұйықтың тығыздығын, жасушалық құрамын, белок пен глюкозаның мөлшерін анықтайды.
Плевраның пункциялы биопсиясын арнайы инемен рентгеноскопия бақылауына сүйене отырып жасайды. Биопсия сұйық анықталғанда немесе плевра қуысы өсіп, бітеліп, жабылған жағдайда жасалынады. Әдетте плеврадан гистологиялық тексеріске және ТМБ анықтауға екі биоптат (үзік) алады.
Шеткі лимфа түйіндерінің пункциялық биопсиясы. Ол аспирациялы (сорып алынған), трепанация болуы мүмкін. Лимфа түйіндерінен аспирация алу үшін поршень мен ине тығыз енгізілген кәдімгі шприц пайдаланылады. Лимфа түйіндерін тескеннен кейін 2-3 аспирация жасалынады (аспирация сайын шприцті инеден ажыратады) . Инені түйіннен шығарар алдында шприцті инеден ажыратады. Өйткені алынған материал шприцке сорылуы мүмкін.
Шприц көмегімен шыққан материал инеден алынып, арнаулы шынының үстіне жағылады содан соң оны тиісінше өңдеуден өткізеді. Биоптатты цитологиялық, микробиологиялық әдістермен тексереді. Трепанациялық биопсияны осы тәсілге әдейі бейімделген ине арқылы жасайды, өйткені ол лимфа түйіндерінен гистологиялық тексеріске тіннің үзігін алуға мүмкіңдік береді. Трепанациялық биопсияның беретін мәліметі, аспирациялық биопсияға қарағанда жоғары.
Тыныс және қанайналым қызметтерін (функцияларын) тексеру әдістері
Өкпе туберкулезі, әсіресе онын созылмалы және жайылған түрлері, әдетте тыныс қызметінің және жүрек-тамыр жүйесінін бұзылуымен ілесе жүреді. Олардың пайда болуы интоксикацияға, өкпенің, плевраның, бронхылардың зақымдануына байланысты. Тыныс және қанайналым қызметтерін тексерудің, әдетте нозологиялық диагноз қоюда мәні төмен, алайда науқастың жалпы жағдайына баға беруде, ауру ағымын бақылауда, емдік әдісті анықтауда, хирургиялық ем қолданудың керектігін шешуде және оның нәтижесін бағалауда зор маңызға ие. Тексерістің мақсаты - тыныс және жүрек-тамыр жетіспеушілігін және осы жүйелердің қалпына келу бейімділігін анықтау. Тыныс және қанайналым қызметтерін науқастың шағымдары, анамнезі, физикалды тексерістер, кан қысымын өлшеу, рентгенологиялық тексерістер нәтижесінде бағалауға болады, жан-жақты тексеріс мөлшерленген жүктеме беру жағдайында арнайы аппаратуралардың және зертханалық диагностикалық тексеріс көмегімен жүргізіледі.
Тыныс қызметінің бұзылуына санды және сапалы анықтама беру үшін әралуан тәсілдер қолданылады. Олардың ең маңыздылары - спирография, жалпы плетизмография, қанның газды құрамын және қышқылды-негізді қалпын анықтау болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz