Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы қытай деректері



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Ғұндар мемлекеті

Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен
мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Бұл күндері түркі тілінде
сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан
күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер
жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен,
қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндар мемлекеттілігін толық
калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты
(қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте
күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай
тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл
сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас
қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның
үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып
отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған.
Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар.
Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі
жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан
ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды.
Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш
тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі
қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың
мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан
кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын
хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі
артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның
үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке
жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін
жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар
елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында
орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24
әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар,
билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары
лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта,
төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар
тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің
өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін
құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде
қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына
негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді.
Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің
саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі
қалыптасты.
Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы қытай деректері
Б.з.д. 1-мыңжылдыктың басында Орталық Азияны мекендеген тайпалар жартылай
көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, скифтік мәдениетке ұқсас мәдениетті
игеріп, арбалы көлікпен кәшіп-қонып жүрді. Ежелгі Қытай жазбаларында
Қытайдың солтүстік шығыс жағын мекендеген жундер (цяндар) туралы айтылады.
Б.з.д. В ғасырдың соңында бұрынғы жундердің орнына Орталық Азияда
көшпенділердің күшті бірлестігі — ғұндар (қытайша "сюнну") мен юэчжилер
пайда болды. Юэчжилер — шығыс скиф (сақ) тайпаларына жатады. Олардың
құрамында үйсіндер де болған. Аумағы Тянь-Шаньнан бастап, Орталық және
Батыс Монғолия, Жоңғария, Алтай өңірі, Шығыс Түркістанды қамтыды.Олар
Ганьсу провинциясының оңтүстік-батысын иемденген. Ғұндардың соққысынан
б.з.д. 174 жылдан кейін батысқа кеткен юэчжилер Бактрияны бағындырды,
кейіннен Бактрия жерінде Кушан патшалығы пайда болды.
Ғұндар мемлекетінің гүлденуі
Сыма Цянь ғұндардың күшті тайпа бірлестігі құрылғандығы туралы былай
дейді:
Оның екі әйелінен туған екі так мұрагері болған еді. Тоуман екі баласының
біреуі Мөдеден құтылу үшін юэчжилерге аманат ретінде жұмсайды. Мұны сезген
Мөденің юэчжилер арасында жүріп калай билікті қайтарып алуға
дайындалғандығын дерек көзі былайша қызықты баяндайды. Деректен ғұндардың
басында юәчжилерге тәуелді болғандығын, юэчжилерге аманат ретінде тәңірқұты
ұлдарын жіберіп тұрғандығы байкалады.Осындай аманатта жүріп, Мөде
юэчжилерден қашып шығады. Әскер жинап, катаң тәртіп енгізіп, билікті басып
алады. "Маодунь (Мөде) өз жауынгерлерін үйрете отырып, оларға өзінің
"ыскыратын жебесін" (ғұндардың тесігі бар сүйектен жасалған жебелері) қайда
жетсе, сол жаққа атуға бұйырды. Жүздеген ысқырған жебелер жаудың зөресін
ұшырып, олардың аттарын үркітті... Ол өз қосынындағы оқ атпағандардың басын
шабуға бұйырды. Сонда ғана барлық жауынгерлер онымен бірге оқ атуды
үйренді. Маодунь уакыттың таянғанын түсінді".
Осылайша төңкеріс жолымен б.з.д. 209 жылы Мөде тәңірқұты билік басына
келеді. Ғұндардың жаулап алу соғыстары дунхулардан басталды. Мөде батыстағы
юәчжи тайпаларын бағындыру үшін әскери жорықтар жасады. Ол 203—201 жылдары
Саян Алтайы мен Жоғары Енисей өзеніндегі ежелгі қырғыз тайпаларын
бағындырып, солтүстік шекарасын кеңейтті. Ендігі негізгі карсыластары —
Қытай ментюэчжилер еді.Ғұндардың ұзак уақыт бойғы басты қарсыласы — Хань
империясы (Қытай) болды. Сол кезде б.з.д. 202 жылы Қытайда азамат соғысы
аяқталып, бір орталыққа біріккен Хань әулеті билікке келді. Бұл тарихи
дерек Ғұндар мемлекетінің күшеюімен тұстас келді.Өзінің шекарасының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен б.з.д. 200 жылы Қытай империясы
ғұндарға қарсы соғысты өзі бастады. Алғашкы қақтығыстан кейін Мөде өз
әскерлеріне кейін шегінуге бұйрык береді. Ал Хань әскері жауды қудалай,
ізіне түсіп, негізгі күштерінен алыстап қол үзіп қалады. Алдыңғы шепте
императордың езі де бар еді.Ғүндар шегінуін тоқтатып, тертке бөлінген атты
әскер белімімен тау аңғарында қытай әскерлерін жан-жақтан қоршауға алады.
Жеті күн қоршауда қалған император ғұндармен келісімшарт жасауға мәжбүр
болады. Ол шарт бойынша, император қытай ханшасын Мөдеге әйелдікке беріп,
жыл сайын бағалы сыйлықтар (жібек мата, шарап, күріш) жіберіп тұруға уәде
етеді. Хань императоры Гаоцзудың осы "тыныштық пен туыстық" туралы шартқа
кол қоюуы, оның ғұндардың күштілігін мойындағандығын көрсетеді.
Сейтіп, 40 жылға ғұн мен Хань әулеті арасында тыныштық орнайды. Меде билік
жүргізген кезде ғұндар гүлдену дәуірін басынан өткізіп, кемеліне жетті.
Халық саны 300 мыңға жетіп жығылды. Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс
Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алып жатты.
Мөденің мұрагері Лаушан (Лаошань) тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің
құдіреті күшейе түсті. Бүдан кейінгі ғұндардың тарихы Шығыс Түркістандағы
аса бай қалалар үшін Хань империясымен күреске толы болды.
Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен қарым-қатынасы
Ғұндардың юэчжи тайпасымен күресі ғұндардың жеңісімен аяқталды. Юэчжилер
тек б.з.д. 174—165 жылдары түпкілікті талқандалды. Нәтижесінде, юэчжилер
Орталық Азияға шегініп, Әмударияның жоғарғы ағысына жылжиды. Ғұндарға
бағынғандардың арасында үйсіндер де бар еді. Қытай жазбаларында 36-ға жуык
керші ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған.Мөде б. з. д. 174 жылы қайтыс
болды. Мөденің баласы Лаушан тұсында юэчжилер тасталкан болып жеңіліп,
олардың бір бөлігі Жетісуды мекен етті. Жетісудағы сақтардың бір белігі
юэчжилердің қысымынан Ферғананы басып өтіп, Парфия, Бактрияға жылжып,
келесі бір белігі Ауғанстан Солтүстік Үндістанға (Кашмирге) өтіп кетеді.
Үлкен юэчжилер Жетісуды 30—40 жыл шамасындай ғана иемдене алды. Кейін
Жетісуды үйсіндер юэчжилерден тартып алды.Ғұндардың әскери көмегінің
арқасында үйсіндер осылайша Жетісуға орналасқан болатын. Батысқа қарай
ығыскан юэчжилер Бактрияны өзіне бағындырады. Олардың енді бір бөлігі
үйсіндермен араласты. Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды.
Бүл, әсіресе ғұндарға тиімді еді. Б.з.д. 158 жылы шекарадағы сауда кездерін
кеңейту мақсатында тәңірқұты Қытайға карсы соғыс ашты.Б.з.д. 152 жылы
ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда
сауда орындары ашылады. Сонымен қатар Гобиден оңтүстікке қарай жайылымдарды
қайтарып алады.Б.з.д. 133 оқылы ғұн- қытай соғыстарының жаңа кезеңі
басталды. Бұл жолы соғысты қытайлықтар бастады. Әскери қимылдар бұрынғы ғұн
аумағына ауысты. Соңғы ұрыста 90 мың ғұн әскері талқандалды.Б.з.д. 90-
жылдардағы кақтығыстарда 70 мың қытай әскері ғұн әскерін жеңе алмады. Өз
күшімен ғұндарды жеңе алмайтындығына көзі жеткен Қытай билеушілері енді 20
жыл үзілістен кейін басқа көшпелі тайпаларды ғұндарға қарсы айдап салуға
кірісті.Б.з.д. 71 жылы ғұндар бағындырған елдерді өз жағына тарта бастады.
Солардың қатарында үйсін билеушісіне елші жіберіп, некелік байланыстар
орнатады. Ғұндар да қарап қалмай, өз кезегінде үйсін күнбиіне (гуньмосына)
бір қызын береді. Ал ғұндар мен қытайлыктар арасындағы текетірес одан әрі
жалғаса берді. Ғұндар енді қытайлықтардың одақтасы — үйсіндерден кек алуға
кіріседі. Үйсіндердегі қытай ханшасы император сарайына хат жолдап,
үйсіндерге көмек беруін талап етеді.Қытайдың 100 мың атты әскері ғұндарға
қарсы аттанады. Үйсіндердің өзі 50 мың әскер шығарады. Біріккен үйсін-қытай
күштеріне қарсы тұра алмаған ғұндардың 39 мың беделді адамдары қолға түсіп,
700 мың малы жаудың қолында қалды. Бұл ғұндар үшін орны толмас ауыр соққы
болды.Б.з.д. 71 жылы үйсіндерге қарымта шабуылға шыққан ғұндарға шығыстан
дунхулар, батыстан үйсіндер шабуыл жасады. Ғұндар әскері ауыр жеңіліске
ұшырайды. Бүкіл малдарының тең жартысынан айырылады. Үштен бір бөлігі ұрыс
алаңында қаза табады. Адамдарының 310 бөлігі аштан өледі.Қытай әскерлері
де үш бағытта шабуылдап, мыңдаған әскерді тұтқынға түсіреді. Қытайлыктар
ғұндарға қарсы көршілерін айдап салуын жалғастыра берді. Ғұндардан тартып
алған жерге әскери еңбек армияларын орналастырады.Б.з.д. 59 жылы Қытай
Батыс өңірді басқаратын орган құрды. Енді ғұндардың өз ішінде де іріткі
басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан, ішкі-сыртқы
дағдарыстардан Ғұн мемлекеті ыдырап, б.з.д. 55 жылы оңтустік және солтүстік
болып екіге бөлінеді. Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік топ — Қытаймен
бейбіт қарым-қатынас орнатты. Ал Чжи-Чжи бастаған ғұндардың солтүстік
бөлігі Қытайдың қысымымен батысқа ауады.Деректерде юэбандықтардың тілі
ежелгі түрік тіліне жақын болғандығы туралы мәлімет бар.
Ғұндар және халықтардың орын ауыстыруы
Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық
құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа
арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын
ауыстыруына әсер етті.Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес,
басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты
"Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен
әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың
шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.Ғүндар Еділден өтіп,
алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азияльщ ғұндар
Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға
дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар
(герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр
болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл
Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.376
жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. В ғасырдың 30-жылдарында
ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап
мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн
мемлекетін кұрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті.Рим
империясы әскерлері мен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы
түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды.
Еуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған.Батыс
готтар ғұндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді.
Сонымен қатар тайпалардың антропологиялық түс-келбетінің өзгеруіне әсер ете
отырып, түркі тілінің таралуына ықпал жасады. Түркі тілінің жергілікті
диалектісі қалыптастыБатыс Ғұн Империясының территориясы Орталық Азия
даласынан бастап қазіргі кездегі Германия жерлеріне дейін, және Қара теңіз
бен Балтық теңізіне дейін созылған.
Ғұндар - көшпенді халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын
тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде шыгыс ху
тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон
алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде
батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі
Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін
созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн
конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға
дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына
жасаған жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы
сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып,
Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды.
Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің
солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле
алқабына дейін созылып жатса керек. Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай
тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толық қол
астына каратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша
деректемелер де, архео-логиялык материалдар да көрсете алмады.
Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне қоса олар батыста да
қызу кимыл көрсете бастайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде көршілеріне қарсы оз
бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы туктерін (князьдарын)
юедилерге қарсы жорыққа аттандырды. Ғұндардың атты әскерлері Чжанье-
Ганьчжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыратты және сонымен бірге
ғұндардың қалыптасып жаткан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті
бағындырды. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаньюй былай деген: Аспанның
рақымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып,
жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе багындырып, (оз билігін) ныгайтты.
Лоулань, Усун, Хуцзе және оларга шектес 36 үлес (князьдік) сюннулерге
қаратылды. Олардын бәрі сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды.
Бұл кұжат өте маңызды, бірақ сын көзбен қарауды талап етеді. Отыз алты
мемлекет деп қазіргі Шығыс Түркістан аумағына орналаскан князьдіктер, яғни
жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер
айтылған. Тарихи жазбалардың (Шицзи) авторы Сыма Цянь юедилердің толық
талқандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл орайда б. з. б. 177 жылы
қытайларға юедилердің (юечжилердің) Хуанхэнің солтүстік ойпатынан
батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген.
Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бактрияны
талқандаганнан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да
тарала бастайды.
Сірә, б. з. б. 177 жылы сюнну-гұндардың Тынық мүхиттан Каспий теңізінің
жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдің атты әскері күшімен
бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, шығыстағы
юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сияқты Лоулан, Усун және
Хуцзэ бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны туралы хабар да рас. Бұл
этникалық-саяси атаулардың географиялық орны онша айқын емес. Қазіргі
картаға Лобнор ауданындагы Лоулан (Крораина) князьдігі ғана азды-көпті
сәйкес келеді. Қытай жазбаларындагы басқа деректердің есімен теңестірілген
Хуцзе жерінің немесе тайпасының этнонимі жергілікті Айғыр атауынан шығуы
мүмкін. Ол Усун және Цзянь- кунь елдерінің арасында, яғни шамамен Оңтүстік
Алтайда болған. Геродоттың аргиппейлер тайпасы осы маңайда орналасқан деп
саналады. И. Х. Дворещсийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі
гректерше арғамақ, тұлпар дегенді білдірді, демек нақ сол ұғымға жақын
әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда,
ертедегі қытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын түркілердің
арғымақ немесе айғыр деген сөздерімен салыстыру дұрыс сияқты. Ғұндар
бірлестігіне шыкқан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалық- саяси
құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық өміріне бір орталықка бағынғысы
келмейтін куатты күштер, кең-байтақ жердің әр түрлі аудандары арасында
берік саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал жасады.
Алғашқы кезде біршама бірлік ғұн коғамындағы фратрияаралық ұйымның ерекше
түрі болуы арқылы орнаған.
Сюнну-ғұн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт экзогамиялық
билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде былай делінген:
Хуянь руы, Лань руы, олардан кейін Сюйбу руы пайда болды; оларда ең атақты
тармақтар да нақ осы үш әулет11. Бұл орайда сол қанатты құрайтын Хуянь руы
ең атақтысы болган, ал Лань және оған еншілес Сюйбу он қанат болга. Бір
қызығы, шаньюйлік Люаньти руы атақты ру деп аталмаған. Ал Хуянь мен Лань
шаньюймен құдандалы туыс болған. Біздің заманымызға жақындағанда құдандалы
туыстық біраз өзгерген. Оңтүстік сюннулерде шаньюй руы Сюй-Лянь-ти деп
атала бастады, баска ақсүйектер әулетінен Хуянь, Сюйбу, Цюлинь және Лань
аталған. Осы төрт әулет олардың елінде атақты рулар болды және әдетте
шаньюймен құдандалы туыс еді. Онда бұдан әрі былай делінген: Хуянь руы
сол (яғни шығыс және үлкен) қанат, ал Лань және Сюйбу рулары оң (яғни батыс
және кіші) канат болды. Тағы екі ғасырдан кейін олардың патшалық руы
алмасқан және өз атауын өзгерткен. Тізіп келтірілген ең атақтысы енді Дугэ
(Туглаг) руы болып шыгады, ол ең батыр және ұлығы болды, сондықтан
шаньюйлер солардан шықты. Олардың атақты төрт руы Хуянь руы, Сюйбу руы,
Лань руы, Цяо (Цюлинь) руы болды, бірақ ең атақтысы — Хуянь руы, одан
канцлерлер, сол және оң қанаттағы жичжулер шықкан. Уақыт өте келе шаньюй
руының белгісіз рудан ең ержүрек болуы негізінде ең ұлық руга айналған
эволюциясы ерекше көрінеді. Тегінде, мұнда белгілі бір кезенде сол кезде-ақ
болған ер адам жағынан мұрага қалатын принципті көрсеткен еркек
(патриархаттық) тегінің іс жүзінде үстемдік етуімен дуалдық ұйым
қалыптасқан болса керек.Сюнну қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен
айырылумен бірге байырғы құрамында екі топқа — Хуханьешаньюй бастаған
оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік
сюннулер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстік сюннулер өз
тайпаластарының қысымымен Саян мен Байкал өңіріне ыгысты, яғни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі ғұндар
Қаңлылар жайында
Әлем тарихындағы ғұндардың тарихы
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы мен тарих сахнасынан шығуы
Үйсін, қаңлы, ғұндар
Ғұндар - көшпенді халық
Ғұндар мемлекетінің гүлденуі
Ғұн мемелекеті
Ғұндардың арғы атасы
Үйсіндер мемлекеті
Пәндер