Түркі тілдес ойшылдардың гуманистік-педагогикалық мұрасы: Жүсіп Баласағұн және Құтты білік


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Түркі тілдес ойшылдардың гуманистік идеясы

Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары - Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Әл - Фараби қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.

Соның бір дәлелі ретінде атақты ақын, Жүсіп Баласағұнның қазіргі ұрпаққа жеткен «Құтты білік» шығармасын атай аламыз. Дастан - саяси және ғибрат, өсиет, ақыл ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында, тәлім - тәрбиелік, ғибраттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы көркем туынды.

«Құтты білік» дастанын тек қана әдеби мұра деп қарау біржақтылық болар еді. Оның жалпы түрік тілдес халықтар тарихындағы елтану, әдебиеттану, тілтану, мәдени - тарихи қатынастар саласындағы алатын орны, маңызы мен мәні ерекше. Бұл тұрғыда, қазақ халқының да рухани кәмелеттену жолының күретамыры Жүсіп Баласағұнның эстетикалық әлемінде жатыр.

Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын ролі туралы, баланың мінез - құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ата - ананың бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді. Бұл орайда көзге көрініп тұрған тағы бір жай - ақынның тәлім - тәрбиелік, ақылдылық, адамшылық пікірлері қазіргі біздің заманымыздың жағдаятына сай келуі, онда «барша адамзат қауымының ұстанатын мұраттардың» болуы.

Қай заманда болмасын адамзат атаулының алдында тұрған басты міндеттердің бірі - келешек өмірді жалғастыратын салауатты, саналы, өзінің ісін жетік білетін - тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам, халық қамын ойлау екені даусыз. Педагогика ғылымында тәрбие заңдылықтарын тәрбие үрдісінде берік қайталанатын және маңызды байланыстар деп түсінсек, ендеше оларды іс жүзінде қолдану, жүзеге асыру жеке тұлғаны дамытуда, қалыптастыруда нәтижелі қорытындыларға жетелейді.

Халықтық тәлім - тәрбие дәстүрін он бірінші ғасыр шамасында түркі халықтарының қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне енгізуші, гуманистік, адамгершілік, ағартушылық идеялар мұрасын жалғастырып уағыздаған Жүсіп Баласағұнның еңбектерімен жастарымызды таныстыру, бай мұрасынан нәр алдыру - бүгінгі ұрпақ алдындағы басты міндеттеріміздің бірі.

Ертедегі ойшылдар тәрбие саласында қалыптасқан бай тәжірибелерді ескере отырып, өздерінің теориялық ілімдерін, идеяларын ұсынған. Зерделей келсек, Баласағұн, Қашғари, Яссауи, Әл-Фараби идеялары мен эстетикалық құнарының түп тамырлары ежелгі ойшылдар Сократ, Платон, Аристотель сияқты әлемдік алып тұлғалардың жүрегімен қанаттасып қатар соғатындай. Түркі тілдес ойшылдардың шығармалары мен еңбектеріндегі тәлім - тәрбиелік пікірлер, ұсыныстар мен нақыл сөздер, озықтығы мен жаңашылдығына байланысты оқу-тәрбие саласында нағыз табан тірейтін негіздердің бірі бола алады. Оны ақынның ғақлия сөздерін оқығанда көзіміз жете түседі. Орта ғасыр ойшылы Жүсіп Баласағұн идеяларының сипатын төмендегідей етіп даралап көрсетуге болар еді:

1) дүниетаным, эстетикалық көзқарас, адамгершілік мұрат бірлігі;
2) қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді, заман тынысын нақты сезіну, көркемдік танымда реалистік - рационалдық қасиеттерге жүгіну;
3) тақырып тамырластығы, ой толғап отырған жайлардың ортақтығы;
4) поэтикалық табиғаттың үндестігі (ойшылдық, табиғатындағы жақындық) .
Бұрынғы өткен түрік қағанатынан бастау алып, күні бүгінге дейін кәдеге жарап келе жатқан рухани мұра - халықтық педагогика. Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа білім беру үрдісі заманымыздың талабы мен мүддесіне орай этнопедагогика ғылымының кең қанат жайып келе жатқанына сай тәрбие. Осыған байланысты біз жастарға этнопедагогикалық пікірлерді оқытып, данышпан тұлғалардың бір - бірімен жалғасып жатқан білім, ғылымдарын ұштастырып көрсеткеніміз абзал.
Сонымен қатар, «Құтты білік», ғалым Х. Сүйінішалиев айтқандай: «Орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерді таңқалдырған әдеби көркем туынды. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілердің және олардың мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра».

Дастанда білім, ақылдың қасиеттері жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, адам бойындағы ізгі асыл құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады, мәселен, «Ақылды - ұлы, білімді - білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде сол білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен - текке өледі», «Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын, Білім - жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға қадір - құрмет лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»… «Ақылды кісіден кісілік келер, Білікті - кісілер кісісі болар. »

Жүсіп Баласағұн өз дастанында өнер - білімге қажырлы еңбек пен зор табандылық, талаптылық қана жеткізетінін ескерткен. Ол өзінің ақыл - кеңестерінде Абай Құнанбаевқа ұқсас түйіндер жасап былай деген:
Талапты ер жалықпас,

Талапсыз өмір жарытпас.

Ақылымен ғана адам хайуаннан ажырар,

Ақылымен ғана ер - әділет үшін құрбандыққа шалынар…

Осылайша ақынның әлем мәдениетінің алтын қорына қосқан еңбегін оқыған сайын, әрбір сөзі бұрынғыдан да баурай береді.
Бұл аталған тұлғалардың өнегелі туындылары халқымыздың сонау Түрік қағанаттарынан бастау алатын мәдениетімен сусындатып, халық бұқарасына адамдық парасатты таратады. Надандық, зұлымдық, парықсыздыққа жаны күйзелген ойшыл ақын тұйықталған тығырықтан жол іздеп, құтты қоғам, білімді, саналы қауым жолын аңсайды. Қайткенде әділдік, шындық, адалдық жеңбек? Гуманистік адамшылық келбетті қайтіп сақтап қалмақ? Осы жайында ақын былайша үн қатады:

Мен айтайын, жаманатты білгейсің,

Жақындамай, одан аулақ жүргейсің.

Ақыл керек, білім таңдап аларға,

Білім керек, іске жақсы қарарға,

Сонда толық болар ісің, пішінің,

Білімді асты жейді баппен пісіріп…т. б.

«Білім - байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да тоналмас!».
Білік-білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл кеңес береді: «Білік біліп - төрден орын аларсың, Білік білсең, күшті, берік адамсың», «Білік-түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, қанша сімір, сарқылмайды білсеңіз!». Бұлардың барлығы қарапайым трактат. Әрбір сөзі кез - келген адамның көкейіне қона кететін оңтайлы орамдар.

Жақсылардың көтер, жебеп, еңсесін,

Жамандардан бүтін сақта ел шетін.

Заңды түзе, сұмдық сонда сасады,

Құтың өсіп, абыройың асады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Баласағұн және Құтты білік: философиялық-педагогикалық талдау
Жүсіп Баласағұн және Құтты білік: ортағасырлық түркі философиясы мен әдебиеті
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн мен Құтты білік: өмірі, тілі және шығармашылық мәні
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік шығармасындағы әлеуметтік философия және Махмұд Қашқаридің Диуани луғат ат-түркі тілдік мұрасы
Жүсіп Баласағұни және Құтты білік: түркі мәдениеті мен қазақ тіліндегі рөлі
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанындағы халықтық педагогика негіздері
Орта ғасыр түркі ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері: Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи және Ахмет Йгүнекидің тәлім-тәрбиелік мұрасы
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанының көркемдік ерекшеліктері
Жүсіп Баласағұн және Құтты білік: аудармалар, дастан идеясы, мақал-мәтелдер және төрт сахабаның ерекшеліктері
Құтты білік (Жүсіп Баласағұн): басқару, парасат пен діни-моральдық өсиеттердің таңдамалы үзінділері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz