ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
ӘОЖ 811. 512. 1 Қолжазба құқығында
БАЙЫМБЕТОВА РАУШАН КАЛХАБАЕВНА
Түркілер дүниетанымының тілдік репрезентациясы (ҮIІ-ІХ ғасырлардағы түркі ескерткіштерінің тілі негізінде)
10. 02. 06 - түркі тілдері
Филология ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы
Ғылыми жетекшілері:
филология ғылымдарының
докторы М. Қ. Ескеева,
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент Г. Қ. Жылқыбай
Қазақстан Республикасы
Астана, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ …… . . . 4
1 ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8
1. 1 Көне түркі жазба дәстүрінің қалыптасуы ……… . . . 8
1. 2 Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштері тілінің зерттелуі . . . 16
1. 2. 1ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін рунологиялық және құрылымдық тұрғыдан зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі . . . 16
1. 2. 2 Түркі жазба ескерткіштері тілінің антропоөзектік бағытта зерттелуі . . . 20
1. 3 Түркі жазба ескерткіштерінің мәтіндік сипаты . . . 34
1. 4 Көне түркі жазба дәстүріндегі - тілдік тұлға . . . 54
2 КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН ДІНИ-МИФОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ АЯСЫНДАҒЫ АДАМ КОНЦЕПТІСІ . . . 62
2. 1 Орхон-Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі Тәңірлік идеясы . . . 63
2. 1. 1Тәңір және Көк ұғымдарының ара-қатысын білдіретін тілдік
бірліктер . . . 70
2. 1. 2 Ыдуқ йер-суб/Қасиетті Жер-су ұғымының тілдегі көрінісі . 73
2. 1. 3 Ата-баба рухы - аруаққа тағзым идеясының тілдегі бейнесі. 76
2. 1. 4 Көне түркілердің мифологиялық дүниетанымындағы Ұмай және Құт ұғымдарының тілдегі көрінісі . . . 78
2. 2 Көне түркі тіліндегі Кіsі //Адам концептісінің тілдік бірліктері . . . 82
2. 2. 1 Кісі/Адам этноконцептісінің Елдік позициясын танытатын тілдік
бірліктер . . . 87
2. 2. 2 Кісі/ Адам этноконцептісінің Жауынгерлік позициясын танытатын тілдік бірліктер . . . 92
2. 2. 3 Кісі/Адам этноконцептісінің адамгершілік позициясын көрсететін тілдік бірліктер . . . 98
2. 3 Тәңірлік идеясы аясындағы Адам, Кеңістік, Уақыт концептілерінің репрезентациялық сабақтастығы . . . 102
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 114
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 117
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
БҚ Білгеқаған ескерткіші
Е Енисей жазбалары
КТ Күлтегін ескерткіші
КТү Күлтегін ескерткіші, үлкен жазба
КТк Күлтегін ескерткіші, кіші жазба
КЧ Кули Чор ескерткіші
МЧ Мойун Чур ескерткіші
Он Онгин ескерткіші
Орх Орхон жазбалары
Т Талас жазбалары
Тон Тоникуқ ескерткіші
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтар жүйесі жалпы түркі халықтары ата-бабаларының дүниетанымымен, тарихымен, өмір тәжірибесімен үздіксіз жалғасып келе жатқан тұтас құбылыс. Түркі халықтарының рухани архетиптері Еуразия құрлығының автохтонды тұрғындары - жартылай көшпелі көне тайпалардың мәдени құндылықтар әлемінен бастау алып, түркі суперэтносының қалыптасу тарихындағы сан ғасырлық уақыт тезінен өтіп, халықтық тәжірибенің сүзгісінен екшеліп, сұрыпталған кешенді жүйенің негізін құрайды. Кең даланы емін-еркін жайлап, табиғатпен етене жақын ғұмыр кешкен ежелгі түркі тайпаларының қайталанбас дүниетанымы, бірегей мәдени-құндылықтар жүйесі жалпы адамзат өркениетінің сүбелі бөлігін құрайды. Ежелгі түркі халықтарының қоршаған орта, адамзаттың пайда болуы, адами қасиеттер жайлы таным-түсініктері туралы, жалпы түркілік болмысқа тән мәдени-рухани құндылықтар жүйесі жайлы мағлұмат беретін бірден-бір жазба дерек - ҮІІ-ІХ ғасырларда жазылған көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Жазба ескерткіштер - қай халықтың болмасын өткен тарихы, мәдениеті, әдебиеті, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мифологиялық, діни наным-сенімдерінен мағлұмат алуға мүмкіндік беретін асыл мұра. Халықтың мәдени-рухани тұрғыдан өркендеуі, тілінің өсу деңгейі оның түп тамырының тереңдігімен де өлшенеді. Сондықтан халық болмысын тілі арқылы танып-білу үшін алдымен өз халқының түпкі тамырын олардың алғашқы жазба тілімен, жыл өткен сайын құндылығы еселеп артатын көне жазбалар тілімен сабақтастыра қарастыру - бүгінгі ұрпақтың еншісінде.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Түркі халықтарының ортақ мұрасы - Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тілінің зерттелуі жүз жылдан аса уақытты қамтитын тарихы, өзіндік дәстүрі бар, ғылыми ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері қалыптасқан сала болғанымен көне түркі мұралары тілін антропоөзектік парадигма аясында этнолингвистикалық, , тұрғыдан, тіл филосфиясы негізінде зерттеу енді-енді қолға алына бастады. Сондықтан қазіргі түркілердің дүниетанымдық стереотиптерінің арқауы болып табылатын ҮІІ-ІХ ғасыр түркілерінің дара болмысын олардың өздері қалдырған жазба мұралар тілі арқылы анықтау, көне түркі дүниетанымын көрсететудегі тілдің этномәдени ақпараттық әлеуетін тілдік бірліктердің мазмұндық-семантикалық аясы негізінде саралау түркі тіл біліміндегі өзекті мәселе болып табылады. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері мазмұны жағынан ұлы түркі мемлекеті мен оның халықтарын іштей ру-тайпа ретінде топтастырса да, оның тұтастығын, елдігін сақтап қалуға негіз болатын, ұрпаққа мұра болып қалған, тасқа жазылған тарихымыз. Сондықтан да ол барша түркі әлеміне ортақ. Ал ескерткіштер мәтінінің мазмұны ғұндар дәуірінен жалғасып келе жатқан түркілік төлтума мәдениеттің негізі болған Тәңірлік дүниетаным аясындағы рухани-мәдени құндылықтарды қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ рухани құндылықтар жүйесімен салыстыруға мүмкіндік береді және қазіргі түркі халықтарының әрқайсысына тән дара болмысы мен ортақ түркілік болмыстың жігін айқындауға да жол ашады. Бұл жұмыстың жалпы түркітанудағы өзектілігін айқындайды. Рухани дүниенің, танымдық үдерістердің тіл арқылы бейнеленуі тілдің деректік-ақпараттық, кумулятивтік әлеуетінің жоғарылығын көрсетеді. Әлемдік лингвистиканың зерттеу нәтижелері - қазіргі тіл білімінің ғылыми-теориялық ұстанымдары мен зерттеу тәсілдері парадигмасының тым ауқымды екенін айғақтайды. Көне түркі жазба мұраларының толық оқылып болмауы немесе кейбір жазбалардың оқылуы, аударылуы, транскрипциясы жайлы даулы пікірлердің болуы көне түркілер тілін танымдық тұрғыдан зерттеуде қиындықтар тудырады. Дегенмен «Күлтегін», «Білге қаған», «Тониқук» тәрізді көлемді мұралардың оқылуында, аударылуында пікір қайшылықтарының аз кездесуі түркілер дүниетанымының тіл арқылы бейнеленуінің басты ерекшеліктерін, басты концептілер жүйесін, олардың тілдік репрезентациясын айқындауға мүмкіндік береді.
Ескерткіштер тіліндегі тірек концепт Адам жүйесінің тілдік репрезентациясын қазіргі түркі тілдерінің бірі - қазақ тілі деректерімен салыстыра отырып сипаттау қазақ тілінің лексика-семантикалық даму заңдылықтарын тереңірек аша түсуге де септігін тигізетін көкейкесті мәселе.
Зерттеу нысаны. Көне түркі жазба мұраларының тілі.
Зерттеу пәні. ҮІІ-ІХ ғасыр түркі жазба ескерткіштері тілінің этнофилософиялық және этномәдени қырлары.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының басты мақсаты - ҮІІ-ІХ ғасыр түркі жазба мұралары тіліне лингвофилософиялық этнолингвистикалық, талдау жасау арқылы түркілер дүниетанымының өзегі Тәңірлік идеясы аясындағы Кісі/Адам этноконцептісінің тілдік репрезентациясы негізінде көне түркілердің дүниетанымдық ұстанымдарының тілдегі көрнісін айқындау, тілдік бірліктердің этномәдени, этнофилософиялық мазмұнын ашу. Осы мақсатқа қол жеткізу барысында мынадай міндеттерді шешу көзделді.
- Көне түркі жазба дәстүрінің қалыптасу ерекшеліктерін саралау;
- көне түркі ескерткіштері тіліндегі Тілдік тұлғаның мәнін айқындау;
- көне түркілердің діни-мифологиялық дүниетанымының негізі -Тәңірлікидеясының тілдегі көрінісін саралау;
- көне түркілер тіліндегіКісі/Адамконцептісінің тілдік репрезентанттарының этнофилософиялық және этномәдени мазмұнын айқындау;
- Көне түркілер дүниетанымындағыАдам, Кеңістік, Уақытконцептілерінің репрезентациялық сабақтастығын көрсету.
Зерттеудің дерекөздері мен материалдары. Зерттеу барысында Орхон ескерткiштерi - Бiлгеқаған, Күлтегiн, Туниқуқ, Күлi Чор, Моюн Чор жазбаларының, Енисей ескерткiштерi - Уюк-Тарлақ, Уюк-Аржан, Барык жазбаларының, Талас өңiрiнен табылған Айыртам-Ой ескерткiштерiнiң, Шу-Талас бойынан табылған басқа да шағын жазбалардың мәтiндерi (С. Малов, Ғ. Айдаров, А. Аманжолов, Қ. Сартқожаұлының оқылымдары мен аудармалары бойынша) ; «Древние тюркские диалекты и их отражение в современных языках. Глоссарии. Указатель аффиксов» (1971), «Современная и древня Енисейка» (1962), «Древнетюрский словарь» (1969), еңбектерiндегi деректер; Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi (2008), I. Кеңесбаевтың «Қазақ тiлiнiң фразеологиялық сөздiгi» (1977), «Қазақ тiлiнiң диалектологиялық сөздiгi» (1996) қолданылды.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Көне түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеудің қазіргі түркі халықтары тілдерінің даму жолын, дүниетанымын анықтаудағы маңызын көрсету мақсатында дәстүрлі сипаттама әдісі, тілдік бірліктердің этнофилсофиялық, этномәдени мазмұнын ашуда жүйелеу, семантикалық, семасиологиялық, танымдық-логикалық тұрғыдан талдау тәсілдері қолданылды. Сондай-ақ лингвистикалық талдаудың тарихи-салыстырмалы әдісі, диахрониялық-компоненттік, этимологиялық, стилистикалық, мәтіндік амалдары да пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ тіл білімінде ҮІІ-ІХ ғасыр түркі жазба мұралары - Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері мәтіндерінің тілі (транскрипция бойынша) негізінде көне түркілер дүниетанымын бейнелейтін тілдік бірліктер алғаш рет лингвофилософиялық тұрғыдан арнайы зерттеу нысаны ретінде алынып, олардың мазмұнындағы этнофилософиялық, этномәдени ақпарат тұңғыш рет зерделенді;
- Йоллығ тегіннің көне түркі дәуіріндегі тарихи тілдік тұлға екені анықталды;
- ескерткіштер тіліндегі концептілер жүйесі көне түркілердің діни-мифологиялық дүниетанымының аясында өрбитіні тілдік деректер арқылы нақтыланды;
- Кісі/Адамконцептісінің тілдік репрезентанттарының этномәдени, этнофилософиялық мазмұны сараланды;
- Кісі/, жауынгерлік, танытатын тілдік бірліктер айқындалды;
- Тәңірлікидеясы аясындағыАдам, Кеңістік, Уақытконцептілерінің репрезентациялық сабақтастығы дәйектелді.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен ұсынылатын тұжырымдар түркі тілдерінің тарихи лексикологиясына қатысты мәселелердің ғылыми-теориялық негіздерін тереңдетуге және толықтыруға өз деңгейінде үлес қосады. Түркі тіл біліміндегі антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің теориялық негіздері мен ұстанымдарын нақтылай түсуге ықпал етеді. Жұмыс нәтижелері мен жинақталған тілдік деректерді «Түркітануға кіріспе», «Көне түркі тілі», «Түркі жазба ескерткіштерінің тілі», «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» пәндерін оқыту барысында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Йоллығ тегін - көне түркілердің тілдік санасын жете түсінетін, қолданыстағы тілді терең меңгерген, сол арқылы өз қоғамының, өз ұлтының рухани-мәдени тұрғыдан өркендеуіне қызмет еткен тарихи тілдік тұлға;
- Орхон, Енисей, Талас жазба ескерткіштері тілінде көне түркілер дүниетанымының өзегі - Тәңірлік идеясы негізгі төрт бағытта көрініс табады: 1. Жалғыз жаратқан Ие - Тәңірге тағзым ету; 2. Мәңгі өзгермейтін әлем, Тәңір мекені - Көкті киелі санау; 3. Тіршіліктің өсіп-өркендеуін қамтамасыз етіп отырған, адам мекені - Жер-суды киелі санау; 4. Ата-баба рухын қадірлеу, аруаққа сиыну.
- Көне түркі тіліндегі тірек концепті -Кісі/Адамэтноконцептісінің тілдік бірліктері Түркі қағанатындағы ең маңызды принцип - Түрік будынының бостандығы мен бейбіт өмір сүруі екенін дәйектейді;
- Кісі/Адамконцептісінің түркілік моделінің тілдік репрезентациясы көне түркілердіңелдік, жауынгерлік, бейнелейді;
- Көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегіАдам, Кеңістік, Уақытконцептілерінің тілдік репрезентациялық сабақтастығы концептілер тоғысын көрсетеді.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Дисссертацияның негізгі мазмұны мен нәтижелері «Алтайтану және түркітану: қорытындылары және алдағы міндеттері» атты І Халықаралық түркологиялық конгресте (Көкшетау, 2009), «Әдебиет теориясы: жанр, методология, жаңа бағыттар» атты ғылыми-теориялық конференцияда (Астана, 2009), «Тәуелсіздік тұлғалары кеше мен бүгін» атты жас ғалымдарға арналған республикалық ғыдыми-практикалық конференцияда (Қарағанды, 2010) баяндалды. Сондай-ақ зерттеудің ғылыми нәтижелері мен қорытындылары ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізіміндегі Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабаршысы (Түркістан, 2009), Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы (Астана, 2009), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысы. Филология сериясы (Алматы, 2009), Қазақстанның ғылыми әлемі (Шымкент, 2009) ғылыми басылымдарында мақалалар түрінде жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1 ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Көне түркі жазба дәстүрінің қалыптасуы
Жазу - адамзат ақыл-ойы дамуының жетістігін көрсететін мәдени құндылықтар қатарына жатады. Барлық халықтың өркениет әлеміне аяқ басуы жазба дәстүрдің қалыптасуынан басталады. Адам санасының жетілуі мен қоғамның мәдени өркендеуімен қатар жүретін жазба дәстүрдің дамуы сол жазуды қалыптастырып, дамытушы этностың рухани және қоғамдық қажеттілігінен туындайды. Ауызша тілдің адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынасты толық қанағаттандыра алмауы, оның белгілі бір уақыт пен кеңістікке тәуелді болып келуі, қолданылу шеңберінің шектеулілігі жазбаша тілдің пайда болуына алып келді. Жазба тілдің қолданыс аясы кең, жазу таңбалары арқылы ойды, ақпаратты ұзақ мерзімге әрі кез-келген аумаққа жеткізуге болады. Белгілі ғалым И. Е. Гельб адамдардың ой мен сезімді жеткізудің уақыт пен кеңістікке тәуелсіз формасын ойлап табуға деген ұмтылысы, ақпаратты ұзақ уақытқа және алыс жерлерге жеткізуге деген мұқтаждығы қарым-қатынастың түрлі көру құралдары арқылы іске асатын түрінің дамуына алып келгендігін айтады [1, 252 б. ] . Саналы адамзаттың ерекше қырларының бірі - өз пікірін білдіру және басқаның пікірін қабылдау арқылы өзара қарым-қатынасқа түсу. Коммуникация әрекетінде адамдар табиғи құралдарды да жасанды құралдарды да пайдаланатыны белгілі. Сурет, музыка басқа да өнер туындылары тәрізді адам әрекетінен пайда болған жазу да жасанды құралдар қатарына жатқанымен коммуникация процесіндегі маңызы ерекше. Қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамзат қажеттілігін қамтамасыз ететін радио, теледидар т. б. дыбыс жазу құралдары тәрізді қарым-қатынас түрлері көбейгені белгілі. Ғылым мен техниканың осындай мүмкіндіктерге жетуінің өзі де, жалпы адамзат өркениетінің дамуы да жазба тілмен байланысты. Бұл жөнінде И. М. Дьяконов “Мәдениет тарихында жазу қосалқы қызмет атқаратындай болып көрінгенімен, жазусыз заманауи әлемді осындай деңгейге жеткізуге ықпал еткен, тас дәуірінен атом дәуіріне дейінгі уақытты қамтитын адамзаттың мәдени дамуының қарқынды жүруі мүмкін емес еді. Радио мен дыбыс жазу техникалары ойлап табылғанға дейін адамның ойлау шығармашылығынан туындаған ақпараттарды қашықтыққа жеткізіп және оны ғасырлар бойы сақтауға мүмкіндік берген жазу ғана болды. Қазіргі таңда да механикалық дыбыс жазуда қолданылатын мәтіндерді жинақтау барысында жазудың маңыздылығы, артықшылықтары айқын көрінеді”[2, 5 б. ] деген пікірін білдіреді.
Жазу бір қарағанда қосалқы қарым-қатынас құралдарының бірі ретінде ғана көрінуі мүмкін, шын мәнінде жазба тіл жалпы адамзат тілін бейнелейтін коммуникация құралы болып табылады. Бұл жөнінде жазу тарихымен және жазу теориясымен ұзақ жылдар бойы айналысқан ғалым В. А. Истрин « егер тіл - ойдың материалды бөлшегі, адамдар қарым-қатынасының негізгі құралы десек, онда жазу тілдің көмекші құралы қызметін ғана атқарады, графикалық таңбалар мен мен кескіндер арқылы тілдің белгілі бір элементтерін хабарлау болып шығады, ал тіл - сол тілде сөйлеуші халықтың сүзгіден өткізілген, өңделген сөздік қоры, лексикалық жүйесі, олардың тіркесім ережелері және грамматикалық құрылысы десек, онда жазу сол халықтың тілін бейнелейтін графикалық таңбалардың белгілі бір заңдылықтарға сәйкес түзілген кешені, белгілі дәрежеде тілмен тең келетін кешенді жүйе» [3, 18 б. ] деген ой айтады. Сондықтан әр дәуірде, әр халықта қолданылған жазба тіл өз кезеңіндегі ауызша тілдің құрылымдық ерекшеліктерін танытумен қатар сол тілде сөйлеуші халықтың дүниетанымының, дара болмысының көрсеткіші де бола алады.
Жазба тіл - жазу негізінде қалыптасқан, өзіндік дәстүрі бар тіл, ауызша сөйлеу тілінің белгілі бір орфографиялық заңдылықтарға бағына отырып , сол тілдің фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерін сақтай отырып жазбаша көрініс табуы, хатталуы [4, 129] . Бұл жазба тілге синхрондық тұрғыдан, ұзақ уақыт даму жолынан өткен жүйелі тіл мен жетілген дыбыстық жазу негізінде берілген анықтама. Жазба тілдің ауызша тілге эквивалент ретінде қолданылуы кейінгі дәуірлердің жемісі екені белгілі. Жазба тіл ауызша тілден кейін қалыптасқанымен тілдің жүйелі құрылымға айналуына, тілдің барлық мүмкіндіктерін ашуға ықпал етеді. Сондықтан әрбір “жазылған дүниені сол тілдің жүйесі мен құрылымы ретінде тануға, қабылдауға, тілдің “өзі” деп түсіндіруге, түсінуге күмән қалмайды” [5, 8-9] . Демек, көне жазба ескерткіштер тілін де сол дәуірде өмір сүрген көне тайпалар мен рулар, этностық топтар тілінің қалыпқа түскен құрылымдық жүйесі, тілдік санасының материалдануының нәтижесі ретінде қабылдауға болады. Көне түркілердің келер ұрпаққа Türük bodun aty küsi joq bolmazun tijin «Түркі халқының атағы-күші жоқ болмасын деп» (БҚ) Ečümiz-apamïïz tutmïs jer-sub idisiz bolmasun, - tijin, (КТү, 19) «Ағаларымыз-бабамыз тұтқан жер-су иесіз болмасын деп»; «Kögmen jir-sub idisiz qalmazun», - tijin, «Көгмен жер-суы иесіз қалмасын, - деп» (КТү, 20) тәрізді патриоттық сипаттағы өсиеті мен үлгі-өнегелерін тасқа қашап қалдырған көне түркілердің ҮІІ-ІХ ғасырдағы жазба ескерткіштері тілі де олардың дүниетанымы мен дара болмысын айқындаудың түп қазығы болып табылады.
Ежелгі ру - тайпалық қоғамдық құрылымдар тілдерінің жазумен бекітілуі олардың қазіргі мұрагерлерінің әдеби тілдеріне негіз бола бастаған ауызекі тілдің жинақталып, қорытылған сапасымен сипатталады. Зерттеушілер осындай тілдік нысанды гомер поэзиясының эпикалық дәстүрінен, герман руналық жазбалар тілінен, көне исландтық ауыз әдеби тілінен, көне орыс эпосы мен іскерлік әдебиет тілдерінен, солтүстік-албан лау тұрғындарының тілдік койнелерінен көрсетеді.
Әртүрлі уақыт кезеңдерінде түрлі этникалық ұжымдарда мәдени даму деңгейлері әр түрлі ауызекі тілдік койненің функционалдық қызметі олардың әмбебаптық сипатын көрсетеді. Ауызекі койнелердің әмбебаптығы әрбір тілге тән мәнерлі құралдар - көркем поэзия стилі, көпшілік, ораторлық тіл бен дәстүрлік іс-әрекеттермен байланысты тіл стиль ретінде ерекшеліктерді көрсетумен қатар, тілдік стильдер арасындағы сабақтастық пен ұқсастықты да бейнелейді.
Түркі тілдес тайпалар руникалық жазуды пайдаланғанға дейін көпшілік іс-әрекеттер мен әдет-ғұрыптық іс-әрекеттер барысында, ауызша поэтикалық тәжірибеде пайдаланылатын диалектіден тыс, ұзақ уақыт бойы жинақталып, қорытылған ортақ тілді қалыптастыруы мүмкін. Сол тіл көне түркілердің жазба тілінің қалыптасуына негіз болған.
Руникалық жазбалардың деректері көне түркілік ауызша койне негізінен екі тілдік бастаулардың аралығында қалыптасқан, олар: оғыздық және қыпшақтық бастаулар. Түркілердің руникалық жазуының пайда болуы мемлекеттік бірлестіктердің құрылуына байланысты ауызекі тілдің белгілі дәрежеде әдеби норма құқықтарына иеленуіне, ресми-мемлекеттік тіл дәрежесін алуына ықпал етті. VІІ-ІХ ғасырлардағы оғыздар, ұйғырлар, қырғыздар, қыпшақтар тәрізді т. б. әр түрлі түркі тайпалары руникалық жазба ескерткіштер тілін бірыңғай әдеби тіл ретінде пайдаланған. Көне түркі жазбаларының тілдік деректері көрсеткендей, көне түркілік қоғамның жалпы жазбаша әдеби тілі орхон тобының жазбаларында: Күлтегін, Білгеқаған, Туниқук, Кули-Чур, Моюн-Чур, Онгин ескерткіштерінде кеңінен көрініс тапқан стилистикалық тұрақтылық айқын. Орхон мәтіндері поэтикалық, құқықтық және басқа да формулаларға, салыстыруларға - мағыналық және нысанды параллелизмдерге құрылуы, эмоционалды және сакралды лексиканың орнымен қолданылуы ескерткіштер тілінің ресми баяндау стилін айшықтайды.
Орталық Сібірдің оңтүстік аймағынан, солтүстік-батыс Монғолия мен солтүстік-шығыс Түркістаннан табылған түркі мұралары негізінен ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда жазылған. Әлемдік грамматологияда Сібір жазбалары, көне түркі жазбалары, көк түріктер жазуы, исламға дейінгі түркі жазбалары деген жалпы атаулармен аталатын Орхон, Енисей, Талас мұралары жазылуының екі формасы көрсетіледі: балбал тастардағы (құлпытастардағы) және жартастар мен басқа бұйымдардағы жазулар. Түркі жазбалары жайлы Д. Дирингер былай дейді. “Существуют две формы этой письменности: монументальная, имеющая несколько разновидностей, и скоропись. Монументальные надписи написаны руническим письмом, называемым кек-тюркскими рунами. Эллис Х. Миннз сравнивает кёк-тюркские руны с германской рунической письменностью, но не потому, что между ними существуют какие-либо фонетические связи, а лишь из-за их внешнего сходства. Язык этих надписей - древнетюркский, древнейший из известных тюркских языков, значительно отличающийся от турецкого. Хотя самые древние из сохранившихся надписей восходят к ҮІІ -ҮІІІ вв., письменность, должно быть, употреблялось уже в ҮІ в. ” [6, 369-370 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz