Түркілердің сәулет өнері және материалдық мәдениеті



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Түркілердің сәулет өнері және материалдық мәдениеті
Зерттеушілердің айтуына қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан
қалған заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші бар. Олар негізінен Сыр
бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас —
Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Көкше өңіріндегі мұнан 5
мың жыл бұрынғы қоныстың орны Ботай, Іленің оң жақ қанатындағы Бесшатыр
қорғандары (б. з. б. ҮІІ—ІҮ ғ.), Қаракеңгірдегі Домбауыл ғибадатханасы
(ҮІІІ ғ.), Маңғыстаудағы Шақпақ Ата мешіті (X ғ.) халқымыздың мақтанышы,
олардың ғасырлар бойы қалыптасқан құрылыс мәдениетінің жетістіктері болып
табылады.
Қазір ғылым тарапынан қолдау таба бастаған Отырар өркениетін Отырар мен
оның өзінен кем түсе қоймайтын іргелестері — Көкмардан, Кедер (Құйрық
төбе), Оқсыз, Қаракәншек, Шілік (Бұзық), олардың тікелей ықпалында болған
Иасы (Түркістан), Сауран, Сығанақ, Шорнақ, Қарнақ, Хұзақ (Созақ), Баба
Ата, Құмкент, Сүткент, Қараспан, Хұрлық (Шымкент) сияқты ортағасырлық
қоныстар қалыптастырылған. Мұны біз Отырар — Қаратау мәдениеті дегенге
жататын Кәкмардан, Күйкімардан, Қыркескен қазбаларынан табылған заттардан
әсіресе балшықтан күйдірілген, тастан қашалған, металдан соғылған
бұйымдардан, еңбек құралдарынан аңғарамыз. Қалалардың қаулай өсуіне ҮІ—IX
ғасырларда архитектура мен қосалқы өнердің жана үлгілерінің туындауы себеп
болды. Бертін келе, X—XI ғасырлар құрылыста күйдірілген кірпіш, гипс,
алебастр кеңінен қолданылып, глазунь бояуымен және ою-өрнекпен үйді
безендіру кең өріс адды.
Отырар— 18 ғасырдан астам өмір сүрген ұлы қала, бүгінде өзінің
үйіңдісінің ауқымымен қайран қалдыратын алып төбеге айналған. Отырардың
казылған орнынан бір көрініс.
Отырардың берік қамалы, айнала қазылған сулы ор үстіндегі аспалы
көпірлермен жабдықталған үш қақпасы болған. Олар арқылы жұрт мұқият
орналастырылған көшелермен қаланың орталық алаңына шығады екен. Ақша
соғатын орынның, қолөнершілер тұрағының, су құбырының, нәжіс жүйесінің
болуы мұндағы қала тіршілігінің астаналық сипатта болғанын көрсетеді.
Отырармен аттас көгалды алқаптың қалаға тіркесе жатқан бөлігінің өзіңде
оннан астам үлкенді-кішілі қалалар болған. Ғажайып суландыру жүйесі бар
қала егістігінің өзі әлденеше шақырымға созылып жатқан. "Отырардағы
баспананың негізгі ұясы,— деп жазған археологтар КАқышев, К. Байпақов, Л.
Ерзакович,—дәлізді немесе қоймалы бөлме, сол сияқты көп бөлмелі тіркеспелер
отырықшы қазақтардың үйлеріне ұқсас".

Сыр бойының отырықшы және жартылай отырықшы халқының біріңде өздері
тұрып, екіншісіңде қонақ күтетін ортасы дәлізбен ажырасатын екі бөлмелі
"қоржын үйі" (мұны қоржын іспетті болғаңдықтан осылай атаған), оның өн
бойына түнек (қойма) салатыны археологтар пікірін растайды.
Профессор М. Меңдіқұлов қазақ арасыңда кеңінен тараған тұрғын жайдың
негізгі екі түрінен — далалық қыстаудан, ондағы "ауыз үй", "оттық үй",
"жатақ үй", "қонақ үй" тіркеспесінен де, оңтүстіктің "қарсы есіктісінен" де
қоржын іспетті ұядан тұратын баспана сұлбасын ашқан. Оның үстіне кенді
Алтайдың ормаңды алқабында тұратын түркілердің ағаштан қиыстырып тұрғызатын
төрт қабырғалы "қыстағынан" да, бес қабырғалы "дүкенінеи" де, оларға
тіркестіре орналастырылған "шарбақ үйінен" де, тіпті Арал мен Каспий
балықшыларының лашығынан да "қоржын үй" сарыны байқалады .
Қазақтың өзіне тән тұрғын үйлері — шошала, қоржын үй, тіркеспе, тоқалтам,
қыстық, дүкен, шарбақ үй, жертөле әлшек ғылым мен мәдениет үшін ең алдымен
бізде қалыптасқан сәулет өнеріңде қаңқаның (қабырғаның), төбежабының
(итарқаның), ұстынның (бағананың), есік-терезе ойықтарының құрастырма
бөлшектердің орнығу үрдісін, құрылыс тәсілдеріндегі, материал таңдаудағы
жапсарбастағы түбегейлі өзгерістерді, қазақ құрылысшыларының қарсы, әсіресе
үй тұрғызуда ұқыптылық көрсете білгенін айқындайтындығымен құнды.
Тағы да айта кететін жайт — түркінің әуізді, шүңетті суландыру жүйесінің,
кіші-гірім атыздарға егістікті орналастыру тәртібінің Отырар тұрғыңдарының
диқаншылык іс-қарекетін еске салатыны. Оның үстіне қазіргі Шәуілдір каналы
ескі оман арыктың ізімен қазылған. Арыс — Түркістан каналын салуда ежелгі
Ақарықтың көне заманда Арыс пен Бөгенді қосқаны ескерілген. Отырардан
табылған еңбек құралдарының, ат әбзелдерінің көпшілігі қазақтікіне сәйкес
келеді. Сонымен Қазақстан жеріндегі түркі қалаларының дамуына тән құбылыс —
түркілерде отырықшылық пен көшпеңділік тығыз байланыста болған.
Отырардың біз үшін аса маңызды болатыны — әлемге әйгілі осы бір көгалды
алқапта атам заманнан, шамамен айтқаңда, мұнан 2 — 2,5 мыңжыл бұрын қоныс
тебе бастаған қаңғүй (қаңлы), каңғар, кеңгерес, кейініректегі қият
(қоңырат), қыпшақ тайпаларының қазақтың тектестік құрамында аса күрделі
коспа болып, қазақ халқының калыптасуына жол ашқанында болып отыр.
Ежелгі түркі тайпалары тек малшы, егінші, құрылысшы, жауынгер ғана емес,
сонымен бірге тамаша сәулетші, мүсінші, суретші де болғандығы байқалады.
Бұған Маңғыстау түбегінен таяуда табылған мәдениет қазыналары бірден-бір
айғақ. Әсіресе, Сарытасқа таяу жердегі жартасты кеулеп салған Шақпақ ата
зираты ғажайып: ол көшпелі тайпалар өнерінің ежелгі дәстүрлеріне сай
өрнектелген. Еліміздің Азиялық бөлігінде әзірше бұлай әшекейленген құрылыс
ұшырасқан емес. Зират шамамен бұдан 1000 жыл бұрын жасалған. Төрт бұрышты
зәулім мұнараның қабырғалары хайуанаттардың, салт атты садақшылардың
суреттерімен оюланған; сайысты бейнелейтін көріністер мейлінше әсерлі. Ою-
өрнектің ішінде бес саусағын жайған алақанның бедері жиі ұшырасады.
Темірден соғылған ұзын сырыққа саптаған "бес қол" (саусақ) жергілікті түркі
рулары мен тайпаларынан құрылған одақтардың жауынгерлік туы іспетті.
Археологиялық зерттеулср қазіргі Өзбек, Қырғыз, Түрікмен, Якут, Монғолия,
Қазақстан аймақтарында жүздеген тұрақты қоныстар мен қалалардың көне
жұрттарын тауып, ежелгі түркі тайпаларының өзіндік материаддық және рухани
мәдениеті болғандығын анықтап отыр. Күнкөріске байланысты қалыптасқан
түркілердің қоленері, оған тікелей қатысты ою-өрнегі, қайталанбас үй
жиһаздары, киім-кешегі, қару-жарағы, әуез аспаптары, тіпті қырыққа тарта
жанры мен қосалқылары бар ете бай ауыз әдебиеті, белгілі бір мазмұнға
құрылатын күйлері, ақындық, шешендік өнері, әр түрлі кейіпке кіре өнер
көрсететін жалғыз орындаушыдан тұратын халық "театры", халық әуендері
болған.
Кедерде (Отырардың іргесінде) шамамен IX—X ғасырларға жататын тұрғын
жайдың орнын қазғанда, саз балшықтан күйдірілген ойыншының маскасы
табылған. Мұның өзі жасанып, маска киіп жұрт алдына шығатындардың
қатысуымен ететін қызықшылық түркілерде орта ғасырларда, бәлкім, онан да
әрірек болған деген ой туғызады.
Тіптен қазақ арасында баланың әуездік қабілетін дамыту үшін дүңгіршек,
шың, қамыссырнай, қостілік, сақпан сияқты аспаптармен бірге пайдаланылып
келген үскіріктің (оны "сазсырнай" деп бекер айтып жүр) Отырардан табылғаны
да кездейсоқ емес. Отырар тұрғындарының астық құятын хұмдарға (орларға), су
таситын құмыраларға, май салатын, айран ұйытатын кезелерге түркі руларының
таңбаларын салғанында да үлкен мән бар.
Түркілердің астрономия саласындағы жетістіктері де әйгілі болған. Олар
негізгі планеталар мен жұлдыздар қозғалысын жетік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет морфологиясы туралы
Көшпенділер рухани мәдениетінің ерекшелігі
Ортағасырлардағы тайпалардың материалдық мәдениеті
Рухани мәдениеттің даму ерекшелігі
Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері туралы ақпарат
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
Көне түркі мәдениеті жайлы
Ахмет Ясауидің Түркі дүниесіне жасаған қызметтері жайлы
Пәндер