Түркілік басқаруға қатысты ұғымдар



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1) Түркілік басқаруға қатысты ұғымдар
2) Қаған болмысы кемелділік символы ретінде

Қоғам адамның мәнін ашу және оның танудың нақты кеңістігі болып
табылады. Дәстүрлі қоғам өмірі праволық, діни-мистикалық негіздегі жарғылар
мен тыйымдар жүйесі бойынша қалыптасқан. Бұл қоғам жабық сенім жүйесі
бойынша реттеліп, бірыңғай экономикалық тіршілік саны мен қандастық одақ
негізінде бірлікке сүйенеді. Мұндай қоғамда адам өзін қоршаған ортасымен
органикалық тұтастықта болады. Оның қайғысы да, қуанышы да ортақ. Қоғам
табиғатпен біртұтас, бір субстанциядан тұрады.
Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы саяси басқару жүйесіне қатысты құт,
қоғам, қам, бұдын, ұлыс, орда, оғыс, ұрын-ру, оба, бой, ел, айман, ошан,
ауыл, арыс, төбе, төре, жерғы, ұран, оқ, елші, жаушы және т.б. ұғымдардың
қазақтың мемлекеттік, саяси басқару тарихы үшін ерекше маңызы бар. Өйткені
осы ұғымдардың өзі қазақтардың мемлекеттік, саяси басқару тарихы үшін
ерекше бар.
Мемлекеттік тәжірибесінің тарихы мен мәнінің тереңдігін көрсетеді.
Бұл туралы түркі танушылар А. Инан мен И. Хассан дәстүрлі түркілік
дүниетанымдағы одақтастықтар мен әскери, мемлекеттік және әлеуметтік
байланыстарды анықтудағы ең негізгі қайнар көзі ретінде қазақ мәдениетінің
қарастырылуы керектігін айтады.
Көне түркілердің мемлекеті территориялар мен заңдары ортан ерікті
көшпелі әскери тайпалар бірлігін құраған. Мысалы, атты әскер-тұрун- орталық
әскер, оң қанат – толы әскер, сол қанат- торду оғыс- негізгі тайпа болып
жүйеленген. Бұған қоса көмекші, барлаушы функциясын қазақ деп аталатын
бөліктер атқаратын. Қазақ сөзі – саха тілінде шекара танымайтын, еркін
адам деген мағынада қолданылады. Дәстүрлі түркілік дүниетанымда ұлыс-орда
үштік негізде түзілгендіктен үш жүз ретінде танылған.
2. Түркілік дүниетанымда басқару жүйесі бар орталықтан басқару жүйесінде
негізделген. Бір орталықтан басқару Тәңірдің құты, төре, йасақ-жасақ,
қаған, ұлыс және т.б. Қамдың институттарымен негізделіп, үштік онтологиялық-
теориялық дүниетаным негізінде үштік функциялық бөлініс түрінде көрініс
береді.
Ежелгі түркілерде билік жоғарыдан төмен қарай жүргізілді. Яғни
түркілер саяси билікпен үстемдік көзін Тәңірден алған.
Көне көк түріктер мен ұйғырлар кезіндегідей көне түрік мемлекетінде
саяси билік құт ұғымы арқылы берілген. Құт көне түрік тілінде мемлекет,
бақыт, рух сияқты мағыналарға келді. Құт пен құттылық түрік
қағандарында немесе адамдарға Тәңір тарапынан беріледі.
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік атты еңбегінде бұл туралы Парасат
пен несібе құттан туады, билікке барар жол сол арқылы өтеді, барлығы құттың
қолында делінген.
Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы мемлекеттілік философиясының ең
басты тұғыры билік институты. Әрқашан билік басында қоғам болады.
Қаған (хан - сөзі сақа тілінде- қорған мағынасына келеді),
Халық мен Тәңір арасын байланыстырушы көпір, өткен- мағынасын беретін көне
түрік сөзі.
Ежелгі көшпелілер үшін ең ұлы көсем-қаған, ол ел мен Тәңірі, ел мен
қоршаған арасын байланыстыратын көпір ретінде саналған. Қаған Тәңірдің құты
арқылы ұлысты, яғни Тәңірдің аманатын басқару құтқа лайық бола алады. Бұл
түсінікті кейіннен Әл-Фараби ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі түркілік дүниетаным және оның мәні
Қазақ жерінде ислам діні
Түрік руна жазуы. Ел және қаған ұғымдар арақатынасы
НАУРЫЗ - ТҮРКІЛІК ЖЫЛ БАСЫ
Ел және Қаған ұғымдар ара-қатынасы
Наурыз мейрамының жаңаша тұжырымдамасы
Тасаууф ілімі
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Қожа Ахмет Яасауи
Қожа Ахмет Йассауи өмірі
Пәндер