Түркістан - қазақ хандығының астанасы
Жоспар
Кіріспе
1. Негізгі бөлім
I. Түркістан - тарихи қала
II. Түркістан - қазақ хандығының астанасы
2. Қорытынды
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі Биылғы жылғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Нұрлы
жол-болашаққа бастар жол атты халыққа жолдауында 2015 жыл - ұлттық
тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі
белестер жылы деп, Қазақ хандығының 550 жылдығын деп ерекше атап
көрсетті. Түркістанның қазақ тарихында алар орын туралы Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев: Түркістанда қазақ хандары таққа отырғызылды. Көршілес
мемлекеттердің елшілері қабылданды. Аса маңызды мемлекеттік мәселелер
талқыланған аса жоғары мәртебелі жиындар өткізілді. Ондағы Күлтөбеде үш
жүздің игі жақсылары Тәуке ханның басшылығымен қазақ мемлекеттігін
нығайтудың заңдық негізі — Жеті жарғыны қабылдады. Бір сөзбен айтқанда,
Түркістан — қазақ халқының ұлттық мемлекеттігін дүниеге әкелген алтын бесік
әрі оны кемелдендірген өнегелі мектеп, — деді
Қазақтың ақиық ақыны: Мағжан Жұмабаев
Түркістан туралы өлеңінде:
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер Түрігім туып өскен.
Тұранның тарихы бар толқыламалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңір берген несібі ғой,- деп жырлады. Демек, Түркістан тек қазақ
үшін ғана емес, күллі Түркі жұртының түбі, ақ бесігі.
Қала туралы қытай зерттеушілердің айтуы бойынша, Қытай санекрит
жазбаларындағы деректерде, Түркістан қаласы біздің дәуірге дейінгі ІІ-ІІІ
ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және рухани орталық
болғандығы туралы баяндалған. Мысал келтіретін болсақ, сол кезде өмірден
озған Қарахандық билеушілерді осы Түркістанға әкелініп жерлген. Атап
айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс пен Сайрамда туып-өскен Ахмет Иассауйдің
де Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық.
Көне шаһар тұрғындарымен жалпы мемлекет құрушы халықтың басым бөлігі
қазақтардың есебінде болды. Тарихи мәліметтер бойынша сол уақытта шамамен
Түркістан қаласының өзінде 10 мыңға жуық адам тұрған. Қала туралы алғашқы
деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе
бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех өз жазбаларында:
“Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІ ғ. бастап қала орталығы
Яссыға көшті”, - дейді. Бұл деректерді қазіргі біздің археолог ғалымдар да
растап отыр
Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол
туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген
атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-
Танрази өз жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ.
бастап қала орталығы Яссыға көшті”, - дейді. Бұл деректерді қазіргі біздің
археолог ғалымдар да растайды.
Ал қорық ғылыми қызметкерлердің зерттеуі бойынша, Қытай санекрит
жазбаларындағы деректерге қарағанда, Түркістан қаласы біздің дәуірге
дейінгі ІІ-ІІІ ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және
рухани орталық болғандығы туралы болжамдар айтылып жүр. Мысал келтіретін
болсақ, сол кездегі Қарахандық билеушілердің осында әкелініп жерлене
бастауы, атап айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс ханның жерленуі, тіптен
Сайрамда туып-өскен Ахмет Иассауидің де Түркістан жерінде тұрып, осында
жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық..
ХІҮ ғасырда, яғни А.Иассауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан
бүкіл түрік тілдес халықтардың діни орталығына айналып, “Хазрети Түркістан”
немесе “Кіші Мекке” атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик
В.В.Бартольд да қолдайды.
ХҮ ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық
орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы
болады. Бұған дәлел – А.Иассауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының
жерленуі.
Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы
болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін
уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады.
Олардың қатарына Ахмет Иассауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани,
Ахмет Иүгнеки, Жүсіп Баласағұндар жатады.
Мұсылмандар қауымының қасиетті мекеніне, қазақ хандықтарының
резиденциясына айналған Түркістан қаласында Есім хан, Жәңгір хан, Абылай
хандардың кесенелері салынды. Ақын М.Жұмабаевтың Түркістан өлеңінде ер
түріктің бесігі болған бұл қала қазақ хандығының аты мәшһүр астанасы
ретінде кеңінен жырланады.
Арыстан елге Отан болған Тұран,
Тұранда қазағым деп хандық құрған.
Қазақтың қасқа жолды Қасым ханы
Тұранның талай жерін билеп тұрған.
Әділ хан аз болады Назардайын,
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен
Қасында Күлтөбенің Құрылтайын.
Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан,
Алаштың арыстаны – Абылай ері... – деп, Түркістан аймағында елі үшін ерен
ерлік пен елдік танытқан қазақ хандарын тілге тиек етеді. Еңсегей бойлы ер
Есім атанған Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы, Қасым
ханның қасқа жолы, жалпы қазақ хандарының заңдары мен билік жүргізу
саясаты олардың нағыз реформатор екендігін танытып отырды. Тарихтан белгілі
Хақназар хан да қырық жылдан астам уақыт өзінің атына лайық хақ, әділ хан
болды. Керей мен Жәнібектен бастап, Тәуке ханға дейінгі аралықта қазақта он
сегіз хан болса, Тәуке ханнан Кенесарыға дейін тағы да жиырмаға жуық хан
болған. Бәрінің де өзіндік ел билеу тәсілі, дипломатиялық қарым-қатынасы,
орасан зор рөлі болды. азақ хандығының 550 жылдығының аталып өтуі — біздер
үшін ерекше тарихи оқиға. Тарихын білмеген елдің болашағы да бұлыңғыр
болады деп, халықтың болашағы үшін тарихын таразылаған Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың батыл түрде осы ғасырлар қойнауындағы көне тарихты кең
көлемде қайта жаңғыртудағы шешімі ұлт рухын көтеретін тағылымды бастама
болды. Мәңгілік еліміз барда қазақтың тарихы да мәңгілік- деп, жарқын
болашағымызға нық сенім білдіреді. Біздің тарихымыз — мақтан етуге
лайықты, ерлік пен елдіктің тарихы — деп, ұрпаққа ұран болар ұлағатты сөз
айтты.
Тақырыптың мақсаты
Түркістан ендікпен өлшегенде де,бойлықпен өлшегенде де жер шарының кіндік
тұсына орналасқан.Түркістанның қазақ баласы үшін қадір қасиеті
ерекше.Өйткені,ол біздің бұрынғы мен бүгінімізді жалғап тұрған алтын көпір
іспетті деген екен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала.
Монғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол
кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала.
Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен
шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де осы қала. Тақырыптың мақсаты қасиетті
қаламыз Түркістанның Қазақ хандығының астанасы кезіндегі атқарған рөлі
жайында мол мағлұмат беру.
ХҮІІ ғасырдың басынан Түркістан қазақ хандығының, яғни қазақ
мемлекетінің астанасы болды. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу
үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған.
Түркістанның бүкіл қазақ халқының байтақ астанасы болғандығын дәлелдеу үшін
Шығай, Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай, Қазыбек, Әйтеке секілді қазақ халқының
ұлдары мен Қанжығалы Бөгенбай, Тобықты, Мамай, Қоңырат Сырғақ, Нияз, Дулат
сияқты батырларының құлыптастарының А.Иассауи сағанасында орналасқанын
айтудың өзі жеткілікті емес пе?!
Түркістан–қазақ хандығының астанасы
Қазақ хандығы (1470-1847) құрамына Түркістан аймағы, яғни Сырдарияның
орта сағасы ХVІ ғ. соңында түпкілікті қарады. Бұл өңір әдетте ұлы дала
аумағында үстемдік құрған түркі мемлекеттеріне қараған.Қазақ хандығының
тарихында Дешті Қыпшақ аумағындағы әрбір аймақ пен өңірдің атқарған рөлі
мен маңызы ерекше. Солардың ішінде Түркістан аймағының рөлі мен маңызы
айрықша көзге түседі. Біз төменде Қазақ хандығы үшін XV-XVII ғасырларда
аймақтың маңызын қарастырамыз. Алдыменен, Түркістан атауының мәні мен
мазмұны мәселелеріне қысқаша тоқтала кетсек.VІІІ-ХVІІ ғасырлар аралығында
жазылған шығыс жазба деректерінің мәліметтерінде Түркістан атауының
бірнеше мәнде қолданылғанын байқаймыз.Алғаш рет бұл атауды VІІІ-ІХ
ғасырларда араб-парсы тарихшылары қолданады да, оған барлық түркі тілдес
тайпалардың мекендеген жерлерін жатқызады. ІХ ғасырда өмір сүрген
араб географы Ибн Хордадбех “Китаб ал-масалик уа ал-мамалик” атты
еңбегінде: “Мервтен екі жол шығады, бірі – Шашқа және түркілер еліне,
келесісі – Балх пен Тохаристанға апарады” – деп жазса,оның замандасы,
тарихшы, әрі географ ал-Якуби бұл ұғымды нақтылап көрсетеді. Ол өзінің
“Китаб ал-булдан” атты шығармасының бір тарауын “Түркістан” деп атап:
Барлық түркі елдері Хорасанмен және Седжестанмен шектеседі. Ал Түркістанда
түркілер бірнеше елге, тайпаға бөлінеді – дей келе, түркі тайпаларының
атауларын жазып қалдырады.Осылайша, Түркістан атауы ІХ-Х ғасырлардан бастап
этно-географиялық мәнге ие болады да, кең түрде қолданыла бастайды.
Атаупарсы тілінде “Түркілер елі” деген мағынаны білдіреді. Моңғол
шапқыншылығына дейінгі жазба деректердің мәліметтері бойынша, Түркістан –
шығыста – Қытаймен, батыста – Каспий теңізінің шығыс және солтүстік
жағалауларына дейінгі жерлермен, оңтүстікте – Хорасанмен шектесіп жатқан
орасан зор аумақ болып саналған. Бұны Түркістан атауының кең мағынада
қолданылуы дейміз.
XІV–ХVІ ғасырлардағы парсы-тәжік, түркі, шағатай тілдеріндегі
деректердің мәліметтерінде Түркістан ұғымы өзінің алғашқы мәніне қарағанда
анағұрлым өзгеріске ұшырайды. Моңғол шапқыншылығына дейін Мауереннахр атауы
Түркістан ұғымының құрамында айтылып келсе, ХІV ғасырдан бастап
Мауереннахр – жеке, дербес тарихи-географиялық және саяси аймақ ретінде
Түркістан ұғымынан бөлектенеді.Соған байланысты Түркістан ұғымының
географиялық аумағы анағұрлым кішірейеді.
XIV-XVI ғғ. жазба дерек мәліметтерінде Түркістан деп нақты бір аймақ,
өлке немесе уәлайат айтыла бастайды. Тауарих-и гузида-йи нусрат наме атты
ХVІ ғасыр басында жазылған анонимді шығармада Түркістан уалаяты деп
жазылса, Фатх-намада Отырар және Сауран немесе бір сөзбен
Түркістан деп аталады. Сондай-ақ, ХVІ ғасыр басы мен ортасына дейінгі
жазылған Шайбани-наме, Зубдат ал-асар, Тарих-и Абу-л-Хайр-хани
секілді шығармаларда жеке иелікті, өлкені, елді Түркістан деп атайды
Бадай ал-вакай, Тарихи Рашиди еңбектерінде де Түркістан деп нақты
әкімшілік-географиялық аймақ жазылады. ХVІІ ғасыр тарихшысы Махмуд бен Уәли
Түркістан бұрын қалалары көп, үлкен ел болған, – деп түсіндіреді. 1509
жылы Түркістан аймағында болған Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани аймақ
туралы былай деп жазады: Түркістан аймағы халық көп қоныстанған жерлердің
бірі боп есептеледі. Егерде көркейтілген жерді адам денесіне теңеп, жердің
әрбір бөлігі өз ерекшелігіне байланысты адамның әр мүшесіне сәйкес келеді
деп есептесек, онда әлемнің әр климатындағы ғалымдар мен даналар Түркістан
аймағына адамның басы ғана тең келеді деп санаған болар еді. Түркістан –
Сейхун өзенінің бойында орналасқан 30 қамалдан тұрады
Сөйтіп, ХІV – ХVІ ғасырларда Түркістан атауы Сырдария өзенінің
бойындағы аймаққа қатысты ғана қолданылған деген қорытындыға келеміз.
Ал ХVІІ ғасырдың ортасынан бастап Түркістан деп Сырдария өзенінің орта
ағысы бойындағы жеке бір қала нақты айтыла бастайды. Бұл туралы Махмуд бен
Уәли: ... қазір Түркістан – Сакси қаласы, жергілікті халық оны Иассы деп
атайды, – деп жазады.Осылайша, Түркістан атауының VІІІ – ХVІІ ғғ.
қолданылу тарихына қарасақ, ірі саяси өзгерістерге байланысты атау
үнемі өз ұғымын өзгертіп отырған екен. Дерек мәліметтеріне талдау жасай
келе, ортағасырларда Түркістан атауының үш мәнi болғанына көз жеткiзу қиын
емес. Бiрiншiге, VIII-XII ғасырларда бүкіл түрік тiлдес тайпалардың
мекендеген жалпы аумағы жатқан. Екiншiсiне – XIV – XVI ғасырлардағы
Сырдария өзенiнiң орта ағысы бойындағы жерлер енген де, үшiншi мәнге
XVII ғасырдың басынан бастап Сыр бойындағы Иассы қаласының жаңа атауы
енген.
Түркістан аймағының ХІV- ХVІ ғасырларда гүлденуіне оның қолайлы
географиялық орында орналасуы күшті әсер етті. Оның солтүстігінде Дешті
Қыпшақ, шығысында Моғолстан, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында Мауереннахр
және Хорезм орналасты. Географиялық тұрғыдан аймақ территориясы көшпелі
және отырықшы шаруашылықтардың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени,
этникалық қарым-қатынастарында дәнекерлік, байланыстырушы роль атқарады.ХІV
– ХVІ ғасырларда Түркістан аймағы Дешті Қыпшақ пен Мауереннахрдағы ең бір
гүлденген аймақтардың бірі болды. Аймақтың атын шығарған факторларға
қолайлы географиялық жерде орналасу, өзен-бұлақтардың көптігі және
қалалардың атқарған рөльдері жатты. Қалаларының көптігіне қарай бұл аймақты
қалалар өлкесі деуге де болады. Бұл жөнінде ибн Рузбехан “Түркістан –
Сейхун өзенінің бойында орналасқан 30 қала-қамалдан тұрады”, – деп жазғанын
білеміз.Әмір Темір бұйрығы бойынша атақты Қожа Ахмет Яссауи мазары үстіне
кесене орнатылды. Көптеген тарихи кезендерді бастан кешкен бұл кесене
биіктігі 40 метр.Орталық залы – Қазақ хандар резиденциясы сақталған,
спецификалық мұражай – пантеон ашылды. Мұражай маржаны болып мұсылман
елдері ішіндегі ең үлкен уға арналған –Тай Қазан бар. Ол 7 металл
қоспасынан жасалған. Тарихи ескерткішке тағы да қорық болып саналған
Ордабасы қорығы жатады. Бұл жерде Шымкенттен 30 км қашықтықта XVII ғасыр
басында Қазақтар бірігіп, батыстағы моңғолдарға, яғни жоңғарларға қарсы
шығып, Орда құрған еді.Түркістан қаласының түп тарихы осыдан 1500 жылдан
астам уақыт бұрын басталғандығы айтылған. Осы Түркістанның кіндігінде
тұрған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мұсылман әлемінде екінші Мекке болып
саналады. Әмір Темір бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Яссауи қабірінің үстіне
кесене орнатылды.
Өз заманында гүлденген қала талай тарихты бастан өткереді. Ұлы жібек
жолы арқылы келген шығыс пен батыстың барлық мәдениеті осы жерде тоғысты.
Мұнда сауда орындары мен бірге түрлі гүл, әрі жеміс бақтары да болды.
Құрылыс архитектирасы да ерекше дамыды. Су құбырлары мен субұрқақтары
болған қала туралы тарихшылар мен зерттеушілер көп жазды. Ұстаханалар мен
қыш өнеркісібі теңдессіз қала еді. Жан жақтан келген саудагерлерге арналып
әр түрлі жағдайлар да рет ретімен жүзеге асырылып отырды. Тіпті, алғашқы
қонақүй үлгілері де осы қаладан табылды.Қалада: Ұлы астроном, ғалым Ұлықбек
қызы Рәбия Сұлтан Бегім мазары бар;Ортағасырлық “Шығыс моншасы” сақталған;
Жер асты мешіті (Аңызға қарағанда, Ахмет Яссауй 63 жасқа келген соң,
Мұхаммедтен артық өмір сүру күнә деп, өмірінің қалған жылдарын осы жер
астында өткізген көрінеді. Осында отырып бүкіл мұсылман әлеміне белгілі
“Хикметтерін” жазған.Хақназар ханның тұсында хандықтың негізгі күресі Сыр
бойындағы қалалар үшін Ташкент билеушісі Баба сұлтан мен Бұхар ханы ІІ
Абдоллаларға қарсы бағытталды. Кезекті күрестердің бірінде Хақназар хан мен
Бұқар ханы ІІ Абдолла Баба сұлтанға қарсы одақ құрады. Өзіне деген
ізеттілігі үшін ІІ Абдолла Түркістан өлкесіндегі қалаларды Хақназар ханға
сыйға тартады. Бұл кезде Қазақ хандығының астанасы Сығанақ қаласы болды.
Кейбір деректерде Хақназар ханның тұсында Созақ пен Сауран қаласы да саяси
орталықтардың бірі ретінде көрсетіледі..1580 жылы Хақназар хан Баба сұлтан
тарапынан қастандықпен өлтірілді. Оның орнына уақытша отырған Шығай хан
Баба сұлтанға қарсы күресте ІІ Абдолламен одақты күшейтіп, нәтиже Шығайдың
ұлы Тәуекел Баба сұлтанды өлтіріп, Қазақ хандығы Сыр бойындағы қалаларға
иелік етті. 1582 жылы таққа отырған Тәуекел ендігі күресті Бұқар хандығымен
жүргізді. Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы туралы нақты
деректер жоқ. Деректердің жиынтығына қарап Тәуекел хан кезінде алғашқыда
Созақ, кейін Ташкент, соңынан Самарқан қаласы астана болды деуге болады.
Бұл кезеңде бір қаланың тұрақты астана болмауының себебі, Тәуекел хан Бұхар
хандығын жаулап алуға күш жұмсап, Бұхар хандығына қарасты қалаларды басып
алып, ол қалаларды біртіндеп астанаға айналдырып отырды. Тәуекел ханың
тұсында Қазақ хандығы желкесін күдірейте төңірегіне сес көрсете алатын алып
империяға айналды. Оның тұсында Ноғайлы жұрты, Ташкент билеушісі Баба
сұлтан, Шығыстағы Ойраттар, оңтүстіктегі Бұхар хандығы Қазақ хандығының
алдында тізе бүкті. 1582 жылы таққа отырған Тәуекел ханның тұсында қазақта
тұрақты астана Түркістан болды деген деректер де бар. Отырар бойндағы
қалалардың ішінде ерекше гүлденген қалалардың бірі болды. Тарихшылар
Түркістан қаласын Есімнен кейін екі жүз жыл қазақ хандығының астанасы
болғандығын айтады.
Созақ, кейін Ташкент, соңынан Самарқан қалалары да саяси орталықтар ретінде
белгілеген. Осылайша Тәуекел ханың тұсында Түркістандай астанасы бар Қазақ
хандығы желкесін күдірейте төңірегіне сес көрсете алатын алып империяға
айналды.1598 жылы Сыр бойындағы қалалар үшін шайқаста Тәуекел хан қаза
табады. Осыдан кейін қазаққа хан болып інісі Есім сайланады.
Түркістан қаласын алғаш астана еткен қазақ хандарының бірі Есім хан
(1598–1614; 1627-1628) болды. Хиуа хандығының ханы, айтулы тарихшы Әбілғазы
өзі хан болмай тұрып Есім ханның Түркістан қаласындағы ордасын үш ай бойы
паналағанын жазып кеткен. Яссы қаласы Есімханның кезінен бастап Түркістан
деген атауға ие болып, Қазақ Хандығының астанасына айналған Тарихшы
Әбілғазы ханның хабарлауынша Есім хан 1598-1628 Түркістан қаласын Қазақ
хандығының астанасы етіп бекітеді және өз билігінің тәуелсіз екендігін
көрсету үшін осында ақша соқтыра бастайды,бұған қоса тұрғындардан жан басы
салығы мен жер салығын жиюды жолға қояды.Осы кезден бастап Түркістан
қаласы XIX ғасырға дейін Қазақ хандығының экономикалық орталығының бірі
және ресми әкімшілік орыны ретінде Ұлы жүз хандығына да,Орта жүз хандығына
да қызмет етті Яссы қаласы Есімханның кезінен бастап Түркістан деген атауға
ие болып, Қазақ Хандығының астанасына айналған..
Тақта басы қалған, құты қашқан” заман – Хан Тұрсынның заманы. Елдің
шығыс шетіне тиген қалмақ пен қытайға жорыққа аттанған Есім Хан жоқта
Ташкен мен оның айналасындағы елдерге билік жүргізген, Қазақ Хандығына
қарап тұрған Тұрсын Хан өзінің ортасындағы дінбасылардың азғыруына еріп,
антты бұзып бар билікті басып алмақ болып, орталық астана болған
Түркістанды шауып кетеді. Туысын бірнеше рет кешіргенімен, бұл сатқындық
әрекеттер қайталана бергесін Есім Хан жиырма күндік соғыстан соң Тұрсын
Ханның басын алады. Оның айналасындағы Тұрсын Ханды қолдаған рулар мен
тайпалар Қатаған аталып қырғын тауып, Ауған, тәжік жеріне дейін қашып,
сонда тұрақтап, парсы дирхемдердің салт-дәстүрін қабылдап тексіз болып
кетеді.
Түркістанға билік жүргізген қазақ хандарының бірі Тұрсын Мұхаммед
(1613-1627) болды. Шығыстанушы П. Лерх, Түркістан аумағына 1867 жылғы
барған іссапарының барысында Қожа Ахмет Йасауи ұрпағының қолында билеушілер
артықшылықтар берген он бес құжат ішінде Тұрсын ханның һижра бойынша
10351625-26 жылғы жарлығын көргенін жазады.
1642 жылы Жәнібек ханнан кейін Салқам Жәңгір Қазаққа хан болды. (1642-1652)
Оның кезінде де астана Түркістан қаласы болды. Жәңгірден соң Батыр хан
(1652-1680) билеген. Батырдан кейін Тәуке хан болды. ХVІІ ғасырдың екінші
жартысы мен ХVІІІ ғасырдың басында Қазақ хандығының билеушісі Тәуке болды.
Жоңғар шапқыншылығы қаупі таяп тұрған кезде мемлекет қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында Тәуке хан қазақ хандығының жаңа заң жобасын
жасауды бастады. Жеті жарғы деген атпен белгілі бұл заңда мемлекеттік
құрылым мен заң қағидаларының негізгі принциптері анықталған. Жеті жарғы
бойынша рубасы өкілдері – билердің қызметі белгілі дәрежеде кеңейтілді.
Өзінің алдындағы Шығыс ұрпақтарына сенім білдірген билеушілерге қарағанда
Тәуке хан ел басқаруда билерге көбірек сенім артты. Оның сенімді тіректері
— қазақтың әйгілі билері Төле, Қазыбек және Әйтеке болды. . Салқам
Жәңгірден кейін 1680 жылы таққа отырған Тәуке хан Қазақ хандығының одан ары
күшейе түсуіне бар күш-жігерін салды. В.Я Басиннің пікірінше оның кезінде
Қазақ хандығының астанасы Ангрен қаласы болды. 1682 жылғы Қазақ хандығына
келген Орыс елшілері Тәуке ханға Ангрендегі ордасында жолыққанын айтады.
Ал, 1694 жылы келген Орыс елшілері Феодор Скибин, Матвей Трошихин Тәуке
ханға Түркістанда кездескен. Тәуке ханның Ангреннен астананы қайта
Түркістанға көшіруінің себебі, сол кезде Иранның Сафефиттер динацтиясы Орта
Азия хандықтарына едәуір қауып төндірген болатын. Бұл кезде Бұхар хандығы
бұрынғы айбынан айырылып, Иранға тәуелді болудың аз алдында тұрды. Осыны
ескерген Тәуке хан астананы Ангреннен қайта Түркістанға көшірген сыңайлы.
Сонымен бірге, Тәуке хан тұсында жалпы Қазақ құрылтайлары Ангрендегі
Күлтөбе, Сайрамдағы Мөртөбе де жыл сайын өтіп тұрды.
Тәуке ханнан кейін оның орнына отырған Қайып (1715-19), Болат (1719-
31), Әбілмәмбет (1731-1771) хандардың тұсында Қазақ хандығының астанасы
Түркістан қаласы болып қала берді. Тәуке хан өлгеннен кейін үш жүздің кіші
хандары елді жеке-дара билей бастады.
Түркістан қаласында қазақ хандары түрлі елшіліктер қабылдады. Орыс
деректерінде 1694 ж. 22 шілдесінде Тәуке ханның (1652-1717) орыс елшілерін
қабылдағаны сипатталады. Осы кезде өткен келіссөздер барысында қазақ ханы
тең дәрежелі қатынастар болуын талап еткен. Тәуке хан түрік сұлтаны мен
қызылбас (парсы) патшасын өз нен ешбір жоғары санамайтынын мәлімдейді
Түркістан XYI-XYII ғасырларда Қазақ хандығының аты әйгілі қаласына
айналды. XYI ғасыр соңында Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасында саяси
қарым қатынас орнайды. Қазақ хандығы Россиямен экономикалық және саяси
экономикалық тығыз байланыс орнатуға тырысты, себебі, Орта Азия
билеушілерімен күресте оған көрші одақтас қажет болды. Бір жағынан жоңғар
шапқыншылығы қаупі де күннен күнге күшейіп келе жатты. Орыс мемлекетіне
Қазақ хандығымен байланысты күшейту, Орта Азия билеушілерімен күресте оған
көрші одақтас қажет болды. XYII ғасырда Қазақ хандығы мен Россия арасында
елшілік қатынасы күшейе түсті.Орыс елшіліктері Қазақ хандығының астанасы
Түркістанға келіп түсетін сонымен бірге Орта Азияға беттеген дипломатиялық
немесе Миссиялары да Түркістанға тоқтап өтетін болды.
1694 жылы Түркістан қаласына Орыс мемлекетінің Ф.Скибин мен М.Трошин
бастаған елшілігі келеді.Кейбір деректердің көрсетуінше XVII ғасырда қазақ
далалары арқылы Бұхара мен Хиуадан Россияға бағыт алған 44,ал орыс
патшасынан орта азиялық хандықтарға сапар шеккен 9 елшілік тобы өткен.
Қазақ хандығының қаласы ретінде Түркістан 1718 ғасырлардағы орыс
деректерінде жиі еске алынады.XIY-XYI ғасырлардағы Түркістан қаласы жайлы
атүсті айтылатын деректерге қарағанда орыс деректері қаланыі неғұрлым толық
сипатын береді,олардың жалпы қала көрінісі,оның бөліктері бекініс
қорғандары ,цитаделі мен архитектуралық ескерткіштері,табиғаты жайлы т.б
мәліметтерді кездестіруге болады. Ең алғашқы деректер XYI ғасыр
құжаттарында кездеседі.Бұларға сол заманғы көне карталар,орта Азия мен
Қазақстанның жолдары сипатталатын жол көрсеткіштер, көпестер мен
саяхатшылардың жол жазбалары жатады .
Неғұрлым толығырақ қала атаулары Ф.Скидин мен Трошиннің 1696-1697
жылдары Тәуке ханнан қайтып келе жатып түзген Описание городов Казачьей
Орды по пути от Тобольска,до Тургистану деген еңбегінде келтіріледі,ондпа
қалалар арасының қашықтығы мен көрінісі сипатталып берілді.Қалалардың
Түркістан мен аракашықтығы арқылы берілді,бұл да оның осы өлкедегі басты
рөл аткаратын қала екендігінің айғағы.Дерек көзінен,сонымен бірге,Түркістан
маңының бұл кезеңде Оңтүстік Қазақстандағы тұрғын халқы ең тығыз орналасқан
жер екендігін көреміз.
XYI-XYII ғасырлар Түркістанның нағыз гулденген кезеңі болды.Қала
Оңтүстік Қазақстанның аса ірі орталығына айналды,онда бүкіл Сырдария
белдеуіндегі басты басты саяси , экономикалық және мәдени өмір жетістіктері
мен куштері жинақталған еді.Ол баяғысынша ,үлкен көлемдегі жер өңдеушілік
және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін өлкенің орталығы болып қана
қоймай, басқа да сауда орталықтарына азық түлікпен қамтамасыз етті.
Жазба деректерде Түркістан аймағы кең де жасыл желекпен көмкерілген деп
жазылды.
XYII ғасырда, Түркістан қазақ хандарыныі ордасына айналған соң жер
өңдеу аймағының орталығы ретіндегі маңызы бұрынғыдан да арта түсті.
Орыс елшісі В.Кобяков 1695 жылы Тәуке ханның ордасына барған сапарынан соң
былай деп хабарлайды в районе города Туркестана хлеба у Тевки хана родится
многое число,пшеница и ячмень , и просо, и хлебы сеют озимое и яровые
Түркістан экономикасы басқа да орта ғасырлық қалалар сияқты тек ауыл
шаруашылығына ғана емес, негізінен сауда мен қол өнері кәсіпкершілігінің
дамуына да арқа сүйеді.
Рузбиханның айтуынша Түркістан Қазақстанның көшпенді тұрғындары мекендеген
далалары мен Орта Азияның отырықшы аудандары арасындағы ірі сауда
орталығына айналған.
Түркістанның XYII-XYIII ғасыр сауда ісіндегі байланыстарын
археологиялық қазба кезінде табылған ақша қоймалары мен жекелеген теңгелер
де көрсетеді.
1985 жылы Отырарды қазу кезінде XYI ғасыр және XYII ғасыр I жартысында
соғылған екі ақша қоймасы табылды.Ондағы теңгелер Ташкент,Түркістан мен
Ташкентте соғылған.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңынан бес рет мыс теңгелер
қоймасы табылды.Теңгелерді анализдік зерттеу Түркістанда ақша сарайының 16
ғасыр басынан бастап жұмыс істегендігін көрсетті.
Тәукеден кейін орнына отырған Қайып (1715-19), Болат (1719-31),
Болат ханнан кейін Әбілмәмбет (1731-1771) хандық құрады. Бұл кезде де
астана Түркістан қаласы болып қала берді.
Бірақ Тәуке хан өлгеннен кейін үш жүздің кіші хандары елді жеке-дара
билей бастады. Ұлы жүздің орталығы Ташкентте болып мұнда Жолбарыс хан билік
жүргізді.
ХVІІІ ғасырдың алғашқы онжылдығында Қазақ хандығының ең белгілі саяси
тұлғасы Әбілхайыр хан болды. ХVІІІ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы жоңғар
шапқыншылығына тойтарыстар берудегі Әбілхайырдың аса жоғары
ұйымдастырушылық қабілеті, оның әскери қолбасшы және көреген саясаткер
екендігін көрсетті. Әбілхайыр өзінің жеке қасиеті арқасында шығу тегіне
қарамастан Шыңғыс ұрпағының билеуші тармағына жатпаса да хандық дәрежеге
дейін жетті.
1719 ж. бастап 1724 ж. дейін қазақ хандарының басшысы болған Әбілқайыр
(1718-1748) Түркістан қаласын өзінің астанасы етті. Әбілхайыр хан кіші
орданың орталығын алғашқыда Түркістан, кейін Қазалы мен Хиуаға тікті. 1724
ж. Әбілқайыр әскермен келіп Түркістан қаласын қалмақтардан азат етті. Бір
жылдай ол қаланы және оның айналасындағы елді мекендерді жау қолына бермей
тырысып бақты. Алайда 1725 ж. басында сан жағынан басым болған қалмақтардың
қысымымен Оңтүстік Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды.
ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегі қазақ халқы үшін Жоңғар хандығынан айқын
қауіп төніп тұрған жылдар болды.
1723 жылдан бастап әйгілі Ақтабан шұбырынды, Алқакөл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz