Түркістан алқабы
Түркістан алқабы
VIII ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі болған. Астанасы басында
өзіне аттас шаһар екен, ал кейінірек аты XII ғасырдан белгілі Яссы қаласы.
болғаны мәлім. Орта ғасырлардың аяқ шенiнде Яссы — Түркістан Оңтүстік
Қазақстанның едәуір бөлігін және Талас аймағындағы Алатау бөктерін,
Сырдарияның орта белі мен Қаратау баурайын түгел қамтитын үлкен айқаптың
орталығына айналған. Алқапқа қарасты Икан, Қарашық, Ұйыңқы, (Иыңқы), Сури
қалаларының iшiнде ол әрдайым ең бастысы болып келген.
Қазіргі Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 шақырым жерде
орналасқан Шүйтөбе атты бұзылған көне қала сол бұрынғы Шавғар шаһары деген
болжамға саюшылық бар. Біздің ойымызша ол Түркістанның өз территориясында
жатқан Күлтөбе атты көне қала қалдығының орнында қонысталынған. XIII
ғасырдың онжылдығының басында Қазақстанның оңтүстігің иемдеп алған
хорезмшах Мұхаммед ибн Текеш дәл осы жерде ақша соққызған. Ақшаның нақ осы
Яссада соғылып шығарылуының саяси, идеологиялық әр-түрлі себептері бар
болуы әбден айғақ.
Бұл қаланың маңғол шапқыншылығы кезіндегі тағдыры белгісіз, алайда ол
Асон атауымен XIII ғасырдың орта шенiнде Гетум жол бағдарламасында аталған.
XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында сопы Шейхы Ахмед Ясеви моласына
орасан зор бейіт құрылуына байланысты қала атағы жұртқа жайылып, Орта Азия
мен Қазақстанның үлкен идеологиялық және саяси орталығына айнала бастаған.
Бұл жерде орта азиялық көшпенділер мен Орта Азия тұрғылықты мұсылман
қауымының тұңғыш әулиелерінің бірінің моласы болған.
Қала тимуридтер мен шейбанидтер уәкілі әкімдерінің Түркістандағы
орталығы болған. Қазақ хандары да Түркістанды өз астанасы ретінде сайлаған.
XVI ғасырдың басында Рузбихан Түркістанды Түркістан әкімдерінің астанасы
деп атаған. Қазақ хандары, жергілікті діни адамдардың қолдауына сүйене
отырып, қалалардың ролін өз қарамағындагы жерлердегі мұсылмандық рухани
өмірдің орталығы ретінде нығайтуға күш салған.
Өз кезінде Темір көптеген егістік жерлерді бейіт қарамағына беру
туралы құқықтық куәлік берген. Бұл құқықтық куәлік күшін қаланың және
алқаптың кейінгі барша қожалары да мойындаған.
Ясы – Түркістан ірі сауда орталығы болған. Рузби-хан бұл жерде қыр-
даланың, Орта Азияның, Қытайдың сауда жолдары түйіскен деп мәлімдеген.
Солтүстік жағындағы өзбек (қазақ) жерлерінен Андижанға жүретін жолдарменен
Қытайдың шегарасына дейін... Иасыға заттар мен сирек бұйымдар (нафаис)
жеткізіледі. Мұнда (олар) саудаға түседі. Бұл (әртүрлі елдердің)
саудагерлері мен жолаушыларының аялдайтыи жері Түркістан үлкен диқаншылық
аймақтың да орталығы болған; құқықтық куәліктерде Ходжа-Тұмасы құдығы, Мир-
Қара-Су, Шорнақ, Қарабұлақ, Садай-бұлақ, Ақ-тепе, Ұр-жар, Мыш, Ақ-Зұлқия
және т.б. арықтар айналасындағы суармалы жерлер аталған.
Қаланың топографиялық ерекшеліктерін баяндайтын суреттемелер сақталып
келген. Мысалы, П. Рычковтың айтуы бойынша қала Қарасу өзенінің жағасында
орналасқан, ондағы көшелер қисық және тым тар келген, кей-кезде тіпті бір
сажыннан да кем. Ондағы үйлер сол жақтың дәстүрімен салынған, бірақ
ташкенттегілерден нашарырақ, мың шамасында. Қала сыртында тұрақты бекініс
жоқ, тек үйлердің сыртын айналдыра саздан қабырға құйылған жәнө оның
сыртынан суы бар кішігірім ор қазылған. Мұнда үш мешіт бар, олардың бірі
ерте заманғы және жақсы жасалған, ішінде көптеген әртүрлі бөлмелері бар...
Бұл қалада ешқандай базарлар жоқ... Далаларында бидай, арпа, тары, мақта,
өседі.
Бұл деректер Тобол саудагері Тауыш Мергеннің XVII ғасырдың аяқ шенінде
жазылған естеліктеріндегі мәліметтерге сай келеді — Түркістан қаласы
күйдірілмеген кірпіштен қаланған, кей жерлерде күйдірілген кірпіш те бар;
қаланың биіктігі 3 сажын, жалпақтығы екі аршын сажын, ал шеңбері 500 сажып
шамасында; қабырғаларында зеңбірек ататын тесіктер жасалынған, қаланың
мұнарасы да бар, қақпасы төртеу, қаладағы қазақтар 1000-ға жуық.
Түркістанның қақпалары Есек-қақпа, Мұсалы-қақпа (немесе Баб-араб, Ходжа
Ахмедтің көрнекті оқушыларының бірі атынан), Ысты-ата-қақпа және Дарбаза
қақпа.
Бұл қаланың қалдықтары қазіргі Түркістанның территориясында жатыр.
Көне қала жобасы жазбаша деректермен ұласа келе қала топографиясын
былайша сипаттауға мүмкіндік береді. Ходжа Ахмед Ясеви бейіті тұрған мешіт
қаланың солтүстік-батыс жағында орналасқан. Жобасында бұл бесбұрыш төбе,
оның оңтүстік-шығыс жағы —13 м, солтүстік-шығысы — 80 м., солтүстігі — 90
м., солтүстік-батысы —130 м, оңтүстік-батысы—200 м.
Мешітті қоршай шикі кірпіштен мұнаралары бар бекініс қабырға салынған.
Жақсы сақталып қалған қаланың тек батыс қабырғасы; оның ұзындығы 350 м,
мешіттің ортасына дейінгі қашықтығы да дәл осындай. XVIII ғасырдың бас
шеніндегі сурет бойынша қаланың шығыс бағытындағы ұзындығы батыс жағына
қарағанда екі есе артық және қабырғадан 700 м қашық. Қайта жасау жобасы
бойынша көне қаланың алып отырған орны 35 га-дан кем емес. Қақпалардың
санына келсек, суретте олар төртеу болған. Қаланы төрт қақпаны қосатын 3
негізгі көше кесіп өткен. Оңтүстік бөлігінде керуен-сарай орналасқан және
оның қасында қала қабырғасының сырт жағында — базар. Бұзылған ескі қала
өзінің орта ғасырлардың аяқ кезіндегі өлшемдерімен моңғол басқыншыларына
дейінгі Яссы қаласының өлшемдерін қайталайтын тәрізді. Қала орнының барлық
жерінде IX-XII ғасырлардың материалдарының табылуы оған айғақ. Қазба
жұмыстарының көрсетуі бойынша қаланың өзі XIX ғасырға дейін өмір сүрген.
Түркістан алқабында өзінің атауын әлі күнге дейін сақтап келген Иқан
қаласы болған. Түркістанға қарасты жер ретінде Иқан Хафиз Таныштың
шығармасында Абдолла ханның 1582 жылғы Түркістанға жорығы туралы жазған
жерінде аталған.
Қазіргі селосының ортасында көне қала Қара-Иқан жатыр. Жобасында оның
түрі трапеция тәріздес, биіктігі 6-7 метрлік төбе. Қаланың солтүстік-
батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 300 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік-
батысқа қарай —225 м. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz