Менің туған қалам - Түркістан


Менің туған қалам - Түркістан
Қазақ жеріндегі шағарлардың ірге көтеру тарихы ықылым замандар тереңінде жатыр. Түркістан шаһары - солардың бірі.
Шаһар . . . Қазақ жерін Шыңғысхан жаулап алған ХІІ ғасырда, Отырар қырғыны кезінде Ясы немесе Түркістан қаласының аты аталмайды. Демек, ол шақта бұл қала ірге көтергенмен, тым шағын болса керек.
Осы шағын қаланың өсіп, келе-келе даңқының жайылуына себепкер
болған тарихи тұлға -Қожа Ахмед Ясауи. Ол біздің ғасырдың 1093 жылы Испиджаб қаласында дүниеге келіп, шамасы 1167 жылдары 73
жасында дүние салды. Оны бүтін ел болып, Ясы тұрғындары қастерлеп,
өзі қаздырған қылует тұрған жерге жерлейді.
Ахмед Ясауидің өзі дүние салғанмен, Хикматы - өлең кітабы, білімдарлығы, соңғы істеген ісі ерлік ретінде ел аузында аңыз болып қалып еді. Мұның бағына осыдан 200 жыл өткен шақта Мавераннахр жерінде Ақсақ Темірдің туы көтерілді. Әрине, ол Қожа Ахмед басына сағана орнатуды бірден ойлаған жоқ. Бұл туралы төмендегі аңыз белгілі.
Ақсақ Темір 1881 жылы Герат қаласын алды. Артынша бүтін Персияны бағындырмақ боп, аттанар алдында бір кеңесшісі айтыпты:
«Сонау Қаратау мен Алтайдан бастап, артымызда қалын еліміз қалды.
Біз бөтен елді бағындырамыз деп жүргенде көшпелі тайпалар біздің жерімізді басып қоймай ма?»
Сол кезде Ақсақ Темір: «Мұның рас. Бірақ қол жүріп, жол түсіп тұрғанда ат басын кері бұру қиын. Басқа амалын ізделік. Меніңше сол бір діні жоқ отқа, суға табынатындардың өздері еріктерімен келіп бас иетін жер табу қажет. Ондай айланың бірі - солармен шекараға жақын жерге зәулім, өз ата-бабаларының аруағына өздері бас иеттін, қарусыз мойынұс-ынатын қасиетті жерлер болуға тиіс». Ахмедтің Хикматын оқыған кең-есші: «Ондай жер бар, ол Ахмед жатқан жер» - деген екен.
Міне, осыдан бастап, тұтқынға алынған немесе көзіне түскен ұсталарды Сырдария бойына айдайды. Қожа Ахмед жатқан Ясы қаласынан зәулім сағана-салуға бұйырды.
Түркістан - бабалардың көне қаласы. Ол Қаратау мен Сырдария өзенінің ортасында, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Ежелгі қалаға тырнадай тізілген қоңыраулы керуендер батыстан да, шығыстан да еніп жататын болған. Бұл кезде қала Шабғар деп аталатын. Мұсылман діні келгеннен бастап қала Ясы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Ясауй болатыны осы тұс.
Мұнғыл (манғол) жаугершілігінен кейін қала Түркістан атанды. Түркістан «түріктер мекені» деген сөз.
Ертеде, сақ дәуірінен бастап бабаларымыз түрік тайпасының бір бұтағы болған. Отырар, Тараз, Түркістан секілді қалалар салған. Қалаларда шәкірттер оқитын медреселер ашқан. Сондай бір ғажайып медресе-мектеп Түркістанда болады. Медресенің бас мұғалімі ақын Қожа Ахмет Ясауй еді.
Ахмет өзін «Ясауйлік құл қожа» деп атаған. Ол көне қаласы Ісбіжапта (Исфиджаб, кейінгі Сайрам) дүниеге келген. Бала кезінен алғыр, зерек болып өсті. Ахмет ақын, діни ғұлама және түрік халықтарының рухани көсемі болады. Бала оқыта жүріп, «Даналық сөздер» деген кітап жазады. Кітапқа кісінің таза жүруі, өтірік айтпауы, адал болуы туралы ақыл сөздері енді. Осы сөздерін ақын «хикмет» деп атады. Ұзақ өмірінде төрт мындай хикмет жазған. Әзірге бізге жеткені - жетпіс қана.
Осы Қожа Ахметтің әулие болуы туралы мынадай аңыз бар: «Мұхамаед пайғамбар өлерінде: «Менөлген соң, пәлен жылдан кейін жолымды ұстайтын шәкірт туады, соған апарып бер»- деп, шейх Арыстанбабқа құрма жемісін аманатқа береді. Шейх пайғамбардың аманатын сақтап қояды. Бір жолы Түркістанға келе жатса, алдынан жас жігіт шығып аманатын сұрапты. Арыстанбаб жігітке құрманы қайтарып берген екен.
Сол жас жігіт - Ахмет Ясауй екен. Ахмет аманатты жеп, содан аузынан жыр құйылған ақын болыпты, » - деседі. Қожа Ахмет туралы қызықты аңызмол. Ол кісі: «Мұхаммед пайғамбар жасына жеттім, жаным пайғабардан артық емес, жарық дүниені көрмеймін» - деп, жер астын қаздырып, мекен - жай - қылует салдырады.
Жер астында тіршілік жасау үшін, ауа, су арнайы құбыр арқылы жетіп отырған. Қылуеттің дәрет алатын, намаз оқитын, құлшылық қылатын бөлмелері болған.
Оны мекен еткен ақын қасында шәкірттерін жинап алып, теңселе отырып зікір (қосылып жалбарыну) салған. Зікір салушылар: «Ғалымдарға кітап керек, софыларға ниет керек, көкірігіме толсын иман, құдая . . . , » -деп күңіренеді. Жұмақтық жеті түрлі рақатың, тозақтың тоғыз түрлі азабын айтып жырлайды. Жұмаққа жетемін бе деп, осылай бар көңілімен иланып отырып Қожа Ахмет о дүниеге көшеді.
Әмір Теиірдің әмірі жүріп, айтқаны болып турған заман. Темір Қожа Ахметтің ақындық сөзінің қасиетіне таң қалады. Көшіп - қонып жүрген қазақтар Әмір Теи\мірдің қылышынан қорықпайды, ал, ақыңын уағыз сөзіне сенеді. Осыған орай Әмір Темір Қожа Ахметтін құрметіне дүние жүзінен ұста, зергер, сәулетші, өнерпаздары жинап, баяғыда қаза болған ақын зиратының басына ғажайып ғимарат орнатуға жарлық береді. Ғимаратты тұрғызу үшін, мындаған адам қатар тұрып күйген қышты бір - біріне қолдан беріп алыстан жеткізеді. Құрылыс іргесін үйір - үйір жылқы айдап, мал тұяғымен бекітеді. Ғимарат әр түрлі бөлмелерден тұрады. Солардың бірі - «қазандық» деп аталатын бөлме. Осы бөлмеде салмағы екі тонна келетін үлкен қола қазан орнатылған. Қазанды Әбділәзиз деген шебер Қарнақ деген жерде құйған. Оған жеті жылқының еті сияды. Ернеуінде қазанды құйған. ұстаның есімі араб тілінде жазылған.
Түркістандағы ғажайып ғимарат он жыл көлемінде салынып бітті. Сәулетті шебер ұста Ғұбайдолла Садыр жүргізді. Ол өз шеберлігіне өзі риза болып, сағананың ең биік басынан жерге түспей қойыпты, Ақырында, сол арада өлген екен, - деген де аңыз бар. Өзінің өтініші бойынша зергерді күмбездің қыр арқасына қыштың астына қойып өріп жіберген екен, - деседі. Осы ғажайып ғимараттың салынғанына 600 жылдай болды. Бір қышы сынбай, бір шегесі босамай, сыры түспей әлі тұр.
Ата - бабаларымыз көне заманнан Түркістан топырағына барып, тәу етіп, қасиет тұтқан. Хандар таққа отырған кезде Қожа Ахмет ақынның басында тұрып ант берген. Өлген кезде ол кісілерді осы жерге әкеліп қойған. Көне Түркістан топырағында сексен бір хандар, билер, батырлардың сүйегі жерленген. Жас жеткіншек, сендер атабабаларыңның ерлік жолын, тасқа басылған сөзін іздесендер осы көне Түркістаннан табасындар. Өйткені тарихы терең Түркістан қышпен, ткспен жазылған кітап секілді.
VIII ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі болған. Астанасы басында өзіне аттас шаһар екен, ал кейінірек аты XII ғасырдан белгілі Яссы қаласы. болғаны мәлім. Орта ғасырлардың аяқ шенiнде Яссы - Түркістан Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігін және Талас аймағындағы Алатау бөктерін, Сырдарияның орта белі мен Қаратау баурайын түгел қамтитын үлкен айқаптың орталығына айналған. Алқапқа қарасты Икан, Қарашық, Ұйыңқы, (Иыңқы), Сури қалаларының iшiнде ол әрдайым ең бастысы болып келген.
Қазіргі Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан Шүйтөбе атты бұзылған көне қала сол бұрынғы Шавғар шаһары деген болжамға саюшылық бар. Біздің ойымызша ол Түркістанның өз территориясында жатқан Күлтөбе атты көне қала қалдығының орнында қонысталынған. XIII ғасырдың онжылдығының басында Қазақстанның оңтүстігің иемдеп алған хорезмшах Мұхаммед ибн Текеш дәл осы жерде ақша соққызған. Ақшаның нақ осы Яссада соғылып шығарылуының саяси, идеологиялық әр-түрлі себептері бар болуы әбден айғақ.
Бұл қаланың маңғол шапқыншылығы кезіндегі тағдыры белгісіз, алайда ол Асон атауымен XIII ғасырдың орта шенiнде Гетум жол бағдарламасында аталған. XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында сопы Шейхы Ахмед Ясеви моласына орасан зор бейіт құрылуына байланысты қала атағы жұртқа жайылып, Орта Азия мен Қазақстанның үлкен идеологиялық және саяси орталығына айнала бастаған. Бұл жерде «орта азиялық көшпенділер мен Орта Азия тұрғылықты мұсылман қауымының» тұңғыш әулиелерінің бірінің моласы болған.
Қала тимуридтер мен шейбанидтер уәкілі әкімдерінің Түркістандағы орталығы болған. Қазақ хандары да Түркістанды өз астанасы ретінде сайлаған. XVI ғасырдың басында Рузбихан Түркістанды «Түркістан әкімдерінің астанасы» деп атаған. Қазақ хандары, жергілікті діни адамдардың қолдауына сүйене отырып, қалалардың ролін өз қарамағындагы жерлердегі мұсылмандық рухани өмірдің орталығы ретінде нығайтуға күш салған.
Өз кезінде Темір көптеген егістік жерлерді бейіт қарамағына беру туралы құқықтық куәлік берген. Бұл құқықтық куәлік күшін қаланың және алқаптың кейінгі барша қожалары да мойындаған.
Ясы - Түркістан ірі сауда орталығы болған. Рузби-хан бұл жерде қыр-даланың, Орта Азияның, Қытайдың сауда жолдары түйіскен деп мәлімдеген. «Солтүстік жағындағы өзбек (қазақ) жерлерінен Андижанға жүретін жолдарменен Қытайдың шегарасына дейін . . . Иасыға заттар мен сирек бұйымдар (нафаис) жеткізіледі. Мұнда (олар) саудаға түседі. Бұл (әртүрлі елдердің) саудагерлері мен жолаушыларының аялдайтыи жері» Түркістан үлкен диқаншылық аймақтың да орталығы болған; құқықтық куәліктерде Ходжа-Тұмасы құдығы, Мир-Қара-Су, Шорнақ, Қарабұлақ, Садай-бұлақ, Ақ-тепе, Ұр-жар, Мыш, Ақ-Зұлқия және т. б. арықтар айналасындағы суармалы жерлер аталған.
Қаланың топографиялық ерекшеліктерін баяндайтын суреттемелер сақталып келген. Мысалы, П. Рычковтың айтуы бойынша қала Қарасу өзенінің жағасында орналасқан, «ондағы көшелер қисық және тым тар келген, кей-кезде тіпті бір сажыннан да кем. Ондағы үйлер сол жақтың дәстүрімен салынған, бірақ ташкенттегілерден нашарырақ, мың шамасында. Қала сыртында тұрақты бекініс жоқ, тек үйлердің сыртын айналдыра саздан қабырға құйылған жәнө оның сыртынан суы бар кішігірім ор қазылған. Мұнда үш мешіт бар, олардың бірі ерте заманғы және жақсы жасалған, ішінде көптеген әртүрлі бөлмелері бар . . . Бұл қалада ешқандай базарлар жоқ . . . Далаларында бидай, арпа, тары, мақта, өседі».
Бұл деректер Тобол саудагері Тауыш Мергеннің XVII ғасырдың аяқ шенінде жазылған естеліктеріндегі мәліметтерге сай келеді - «Түркістан қаласы күйдірілмеген кірпіштен қаланған, кей жерлерде күйдірілген кірпіш те бар; қаланың биіктігі 3 сажын, жалпақтығы екі аршын сажын, ал шеңбері 500 сажып шамасында; қабырғаларында зеңбірек ататын тесіктер жасалынған, қаланың мұнарасы да бар, қақпасы төртеу, қаладағы қазақтар 1000-ға жуық». Түркістанның қақпалары Есек-қақпа, Мұсалы-қақпа (немесе Баб-араб, Ходжа Ахмедтің көрнекті оқушыларының бірі атынан), Ысты-ата-қақпа және Дарбаза қақпа.
Бұл қаланың қалдықтары қазіргі Түркістанның территориясында жатыр.
Көне қала жобасы жазбаша деректермен ұласа келе қала топографиясын былайша сипаттауға мүмкіндік береді. Ходжа Ахмед Ясеви бейіті тұрған мешіт қаланың солтүстік-батыс жағында орналасқан. Жобасында бұл бесбұрыш төбе, оның оңтүстік-шығыс жағы -13 м, солтүстік-шығысы - 80 м., солтүстігі - 90 м., солтүстік-батысы -130 м, оңтүстік-батысы-200 м.
Мешітті қоршай шикі кірпіштен мұнаралары бар бекініс қабырға салынған. Жақсы сақталып қалған қаланың тек батыс қабырғасы; оның ұзындығы 350 м, мешіттің ортасына дейінгі қашықтығы да дәл осындай. XVIII ғасырдың бас шеніндегі сурет бойынша қаланың шығыс бағытындағы ұзындығы батыс жағына қарағанда екі есе артық және қабырғадан 700 м қашық. Қайта жасау жобасы бойынша көне қаланың алып отырған орны 35 га-дан кем емес. Қақпалардың санына келсек, суретте олар төртеу болған. Қаланы төрт қақпаны қосатын 3 негізгі көше кесіп өткен. Оңтүстік бөлігінде керуен-сарай орналасқан және оның қасында қала қабырғасының сырт жағында - базар. Бұзылған ескі қала өзінің орта ғасырлардың аяқ кезіндегі өлшемдерімен моңғол басқыншыларына дейінгі Яссы қаласының өлшемдерін қайталайтын тәрізді. Қала орнының барлық жерінде IX-XII ғасырлардың материалдарының табылуы оған айғақ. Қазба жұмыстарының көрсетуі бойынша қаланың өзі XIX ғасырға дейін өмір сүрген.
Түркістан алқабында өзінің атауын әлі күнге дейін сақтап келген Иқан қаласы болған. Түркістанға қарасты жер ретінде Иқан Хафиз Таныштың шығармасында Абдолла ханның 1582 жылғы Түркістанға жорығы туралы жазған жерінде аталған.
Қазіргі селосының ортасында көне қала Қара-Иқан жатыр. Жобасында оның түрі трапеция тәріздес, биіктігі 6-7 метрлік төбе. Қаланың солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 300 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай -225 м. Мешіттің орны - оңтүстік-шығыс бөлігінде жатқан кенересі 50x50 м төмпешік Рабад кейінгі салынған үйлердің астында қалған. Қала IX-XII ғасырларда өмір сүрген. Ол Түркістаннан 18 шақырым шығыстау орналасқан.
Қарнақ қаласы Түркістандагы Ахмед Ясеви бейіті үшін қазан құйылып шығарылған жер ретінде әйгілі болған. Оған Түркістаннан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде жатқан Атабай селосындағы Ишқан атты бұзылған ескі қала сәйкес. Бұл село жақын уақытқа дейін ортағасырлық қаланың атауын сақтап, бұрынғыша Қарнақ деп аталып келген.
Қарнақты алғаш рет XI ғасырда Қашқарлық Махмұт оғыз қалаларының ішінде атап кеткен. XVII ғасырдың аяғында ол туралы Федор Скибин мсн Матвей Трошин Қазақстан мен Орта Азияға барған сапары жайындағы жазуларында мәлімдеген: «Ал қорғасынды кеннен Қарнақ қаласында балқытады екен».
Көне қаланың жобадағы түрі трапеция тәріздес, өлшемдері 150х100 м, баурайы тіп-тік жәые биіктігі 1, 5-2, 5 м. төбе. Сақталып қалғаны тек қаланың орталық бөлігі, оның қалған территориясында жаңа құрылыс орын алып отыр. Көне қала XIII-XVIII ғасырлармен даталанады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz