Әлеуметтану ғылымындағы тұлғаның әлеуметтік мәселесі


Тұлға (социологиялық теориялар талдамасы)
Мазмұны
Кіріспе. . …2
І. Әлеуметтану ғылымындағы тұлғаның әлеуметтік мәселесі
- Адам, индивид, тұлға, ұғымының түсінігі мен мәні… . . . 7
- Тұлға туралы әлеуметтанулық теориялар мен концепциялар . . . 28
ІІ. Тұлғаның қалыптасу жолдары және әлеуметтендіру кезеңдері .
- Тұлғаның қалыптауындағы әлеуметтік ортаның рөлі…… . . . …37
- Тұлғаны әлеуметтендіру кезеңіндегі жаңа әдіс - тәсілдер… . . . 48
Қорытынды . . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . ……. . 60
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тұлға әлеуметтік қатнастардың субъектісі ретінде қоғамдық ғылымдардың жүйесінде ерекше орын алады. Тұлға әлеуметтануының объектісі ретінде тұлға, адам, индивид ұғымдары ғылыми -теориялық жағынан негізделген. Тұлға ұғымының әлеуметтік мәні мен түсінігі қоғамдық ғылымдар жүйесінде ортақ катеогория болып табылады. Тұлға туралы теориялар зерттеу нысанының кең көлемді екенін көрсетеді. Тұлғаның әлеуметтік статус - қоғам дамуының негізін құрайтын және әлеуметтік ролдердің мәнін құрайды. Әлеуметтану ғылымында тұлғаның әлеуметтену процесі адамзат өміріндегі негізгі мәселелердің бірі, мұнда адам дамуының барлық қырлары толық қамтылатын білім, тәрбие, материалдық, рухани қажеттіліктердің үрдісі қалыптасады. Тұлға - әлеуметтік қатнастардың объектісі мен субъектісі зерттелетін әлеуметтік мәселе. Әлеуметтану ғылымы тұлға мәселесін әлеуметтік зерттеулердің методологиясы негізінде талдау жасайды.
Әлеуметтік іс әрекет пен күші қажеттігінен, мұң мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан дамиды. Басқаша айтқанда, адамда мүдде және мақсат. Қажеттілік өмірде болады, бірақ, ол жоқ ие және бөлінеді. Табиғи қажеттілік, ол өз кезегінде әлеуметтік қажеттілікке ұласады. Табиғи қажеттілік тамақ ішу, киім кию, баспана, т. б. ету, басқа адамдармен байланыс-қатынаста болу, қоғамдық т. б адам сезініп түсінсе, оны өтеуге, іске асыруға тырысса, ол мүддеге, ал, мүдде мақсатқа айналады. Мұның өзі терең көзқарасын қалыптастыруын керек етеді.
Адам бір іс-әрекетінің, қызметтерінің бағыттарын белгілеп отырады. Мүдделердің, мақсаттардың негізінде қажеттіліктері жатады. Осыған орай мүдде, мақсат бір түрі-даму заңдарының негізгі түрі. Осыған орай тұлға оны меңгеріп, өзінің ісінде, қызметінде пайдаланып отырады. Екінші жағынан, қажеттілік тұлғаның өмірдегі белсендігін, жауапкершілігін арттырудың басты адам жаңа бір әлеуметтік жағдайда өзінің мүдделерінөзгерте алмайтын халге ұшыраса, онда ол өзінің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын өзгертуге, яғни бейімдеуге сүру сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп я болмаса оны бәсеңдетуге жағдай туғызады.
Зерттеу мақсаты - тұлғаның дамуы, әлеуметтанулық теориялар және методикалық тұрғыдан зерттеу.
Зерттеу нысаны - тұлғаны социолгиялық тұрғыдан негіздеу
Зерттеу пәні - тұлғаның іс - әрекетін, әлеуметтенуін, әлеуметтік зерттеулер жүргізуде қалыптасу ерекшелігі.
Зерттеу жұмысының болжамы - тұлға іс - әрекеті барысында мінез - құлықты қалыптастыратын негізгі шарттарды анықтай отырып, эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетіндегі мінез - құлықтарының қалыптасуы туралы мәлімет алуға болады. Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың: философия, социология, психология, педагогика, т. б. ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен шығармашылықтың, іс- әрекетінің субъектісі ретінде қарастырса, психология оның психикалық қасиеттері мен процестердің: мінез- құлық, темперамент, қабілет, т. б. тұрақты жиынтығын зерттейді.
Осы аталған және басқа ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде араласатын, әлеуметтік қатнастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - әлеуметтанудың өзекті мәселелерінің бірі, өйткені қоғамда болып жатқан әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардыңіс-әрекетінің себептерін, мәнін жеке тұлғаның мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез - құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.
Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет, т. б. ) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.
Тұлға әлеуметтік қатнастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. "Тұлға" дегеніміз кім. Бұл сұраққа жауап беру үшін "адам", "индивид", "тұлға" деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. "Адам" деген - адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
"Индивид" адам тегінің нақтылы өкілі, жеке адам. Индивидуалдық - бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің хиынтығы, яғыни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, "тұлға" дегеніміз, адамның тек табиғи биологиялық қасиеті ғана емес, сол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс - қатнастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғыни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Индивид - жеке дара адам . Барлық адамға тән ортақ қасиет - ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтежие алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірбиесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды.
Демек адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп швғуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрлерінен бастап, бірте - бірте жетілдіру жолдарын меңгеру қабілетінде болады. Анығында адамның өлшемі (кейбір кезде құрамы деп те атайды) үш түрлі болады.
Биологиялық, өлшем - бұл адам организінің түр бейнесі мен құамының басқаша айтқанда, организмнің құрлысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйкежүйесін, т. б. қамтиды.
Психологиялық өлшем - адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын санадан тыс құбылыстар мен процестер, сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көруі, сүю, мақтаныш, не қорлану, наразылық, ойлау т. б. адамның еркі мен сипаты, темпераментін, тағы басқаны қамтиды.
Жеке тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыруда барлық жұмыстардың маңызы зор. Бұл мәселе педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде қарастырылған. Олар мектептегі бай рухани өмірді қалыптастыруға, оқу пәндері бойынша білімдерін тереңдетуге, оны іс жүзінде қолдануға, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық пайдалануға, дүниеге ғылыми көзқарасын және оқу пәндеріне танымдық қызығуын қалыптастырып, дамытады.
Адам әрекетінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отыратыны анық. Еңбек ерекетінде немесе оқу әрекетінде болсын адам алдына бір мақсат қойып содан бір нәтиже шығаруға ұмтылады.
Осындай мақсаттардың бірінде адамның оқу іс - әрекетін алуға болады. Оқу іс - әрекеті барысында адамның жеке дара қасиеті жетекші орынға ие. Соның ішінде адамның күрделі жеке даралығы - мінез - құлығы.
Мінез - құлық қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Оқу іс - әрекеті барысында жеке тұлғаның маңызды психологиялық сапаларының бірі ретінде, мінез - құлықты қалыптастыру жолдарын анықтау мақсатымен ғалымдардың теорияларымен байланыстырып, зерттеу нәтижесін көрсету көзделіп отыр.
Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке - жара зерттеп оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.
Әлеуметтік өлшем - адамды тұлға, яғыни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс- әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатнаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:
а) Тұлғаның қатнастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуы;
б) Әлеуметтік қатнастардың және саналы іс-әрекеттердің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады;
Адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әртүрлі байланыс пен қатнастардықазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етеді. Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында 20 ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929ж. ж. ), Мид Джордж Герберт (1863-1931ж. ж. ), т. б. Кули Ч. Х. "шағын кіші" топтар теориясының негізін салушылардың бірі, "Зеркальное я", "Человеческая природа" и "Социольный порядок" (1902ж. ), Социольная организация"(1909ж. ), "Социольный процесс" (1918 ж. ), "Социологическая теория", "Соцольное иследование" (1930ж. ) деген еңбектері бар. Кулидың жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерін қалыптастыруды шешу рөлін мойындау жатыр.
Ал, Мидтің әлеуметтану теориясының пайда болуы негізінде өткендегі болған әрекет, оқиға (қысқаша акт) ұғымы жатыр. Бұл акт ұғымы әрекеттенуші субъектінің шынайы өмірін қабылдаудағы ерекшелігін анықтайды. Мидтің пікірінше, әрекет етуші субъект кең мағынада физикалық "субъект", "тірі форма", әлеуметтік "мән" ("я") ретінде қарастырылады.
Ч. Кули мен Дж. Мидтің бұл теориялары әлеуметтанудағы әр түрлі ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т Парсонс өзінің әлеуметтік - функционолдық талдау теориясында көп қолданды.
Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатнастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдайды. Осылардың негізінде адам өзінің "айнадағы мен" деген имиджін жасайды. Ол үш элементтен құралады:
а) Жұрт мені қалай қабылдайды;
ә) Жұрт менің сыртқы түріме қалайәсер етеді;
б) Мен жұрттың тигізетін ықпалына қалай жауап беремін.
Бұл теориялар біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.
Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан құралады.
1) Иммитация. Бұл сатыда балалар үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.
2) Ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін - белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші, т. б. Ойын процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуыршақтармен ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке - шешенің қылықтарын қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете бастады.
3) Ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы, фудбол ойнап жүрген бала ойынның барлық ережелерін біледі. Бұны команданың барлық ойыншылары да біледі. Балалардың фудбол ойынының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамға өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және ережелер түрінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.
Тұлға туралы рөлдік теорияда адамның әлеуметтік мінез-құлқы негізгі екі ұғыммен түсіндіріледі: Олар: "әлеуметтік статус" және "әлеуметтік рөл".
І. Әлеуметтану ғылымындағы тұлғаның әлеуметтік мәселесі
1. 1 Адам, индивид, тұлға, ұғымының түсінігі мен мәні
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агентіболыпсаналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. Адам - адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. Индивид - адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық - бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, тұлға дегеніміз адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға - индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет ететін және керісінше де солай.
Индивид-жеке дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет - ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам баласы жетіле алмаған болар еді.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолдарын меңгеру қабілетінде болады. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды, ойларын бір-біріне сөз арқылы жеткізуді үйренді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі, яғни жасаушысы болып шықты. Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
Адамның өлшемі үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік. Биологиялық өлшем - адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының, басқаша айтқанда, организмнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін қамтиды. Психологиялық өлшем - адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, сезім жүйесі (құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш), адамның еркі мен сипатын, темпераментін қамтиды. Әлеуметтік өлшем - адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды.
Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды типтен қандай ерекшелігі барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:
1) Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;
2) Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.
Дүние есігін ашқан, жаңа туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индавид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:
Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары.
Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы керек. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz