Тұлға және іс-әрекет


Тұлға және іс-әрекет.
Бүгінгі таңда тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелернің бірі болып саналады. Өйткені қоғамдардың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік - экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.
Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандығынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ. Л. С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л. С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі - оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды ( С. Л. Рубинштейн, 1957, Леонтьев, 1971 және т. б. ) .
Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын ( мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану, бағдар және т. б. ) түрліше қарастырады.
Л. С. Выготский пікірі бойынша адамның тұлғасы өзінің енген қарым - қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға - бұл қоғамдық - тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс - әрекеті - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады.
Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев өз еңбектерінде обьективті өмірді бейнелеу үрдісінде, белсенді тұлға - қоршаған әлеуметтік өмір танымы, сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субьект ретінде көрініс береді деп дәріптеледі.
Сонымен қатар Б. Г. Ананьев тұлға құрылымының жан - жақты зерттелуін өз
Еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның үрдістерін, күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері кіретін мінез - құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады.
А. Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға - бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлі іс - әрекеттің бірлесе бағынуы - онтогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы - индивид басқа индивидтермен біріккен іс - әрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер - қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас және жүйелермен бейнеленеді.
Ал Қазақстанда тұлға мәселесі Ж. И. Намазбаеваның жетекшілігімен және оның шәкірттерінің, яғни Л. О. Сәрсенбаева, С. Ж. Өмірбекова және т. б. ғылыми зерттеу еңбектерінде белсенді түрде дамуда.
Ж. И. Намазбаева тұлға мәселесін зерттеуінде әр түрлі іс - әрекет ( ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдері мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді көзқарастарды жетілдірді.
Іс әрекет туралы жалпы түсінік.
Барлық тіршілік иелері қоршаған әлеммен өмірге маңызды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz