Тұлға социологиясы
Тұлға социологиясы.
Жоспары:
1. Тұлға туралы жалпы түсінік.
2. Тұлға туралы теориялар, әлеуметтік статус және әлеуметтік рөл.
3. Тұлғаның әлеуметтенуі.
Лекция мақсаты: Студенттерге тұлға туралы жалпы түсінік беру. Тұлға туралы
теорияларды қарастырып, тұлғаның әлеуметтенуі және әлеуметтік статус және
әлеуметтік ролдің мәнін ашып беру.
Лекция мазмұны: Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың философия,
социология, психология, педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу обьектісіне
жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның іс-әрекетінің
субьектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен
процестердің; мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы
ретінде зерттейді.
Әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде
араласатын, әлеуметтік қатынастардың өзекті проблемаларының бірі, өйткені
қоғамда болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің
себептерін,сондай-ақ жекеленген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-
әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың белгілері арқылы түсінуге
болады.Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлықы арқылы тұтас топтық,
қоғамның өмірін түсінуге болады.
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып
саналады. Тұлға ұғымын "индивид", "адам" ұғымдарымен салыстырылып анықтауға
болады. Адам ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер мен қабілеттерге
мінездеме беру үшін қолданылады. Бұл ұғым адамзат баласының жер бетіндегі
басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама
ұғым. Яғни, адамның жануардан, өсімдіктерден машинадан айырмасын атап
көрсетеді.
"Индивид" адам тегінің нақтылы өкілі, жеке адам. Осы ұғымға қатысты
индивидуалдық деген бар. Индивидуалдық –бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-
дара қасиеттернің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.
Ал, "тұлға" дегеніміз, адамның табиғи биологиялық қасиеті ғана емес. Ол
қоғамммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасатын адамның мәні.
Тұлға-бұл индивидтің дамуының қорытындысы, жемісі, оның қоғамдық
жағдайлардағы көрінісі.
Адам-адам болып туылады, тұлға болып қалыптасады, яғни тұлға болып
туылмайды. Адамды тұлға қылып қалыптастыратын қоғам, қоршаған әлеуметтік
ортасы.
Егер жаңа туылған жас егіз баланы алып, оларды әртүрлі жағдайларда,
мәселен, бірін Африкада, енді бірін Америкада өсірсе, онда бірдей
индивитерден әр түрлі тұлғалар қалыптасады.Өйткені олар әр түрлі ортада
өсті, әртүрлі мәдени құндылықтарды бойына сіңіреді. Тұлғаның қалыптасуы
табиғи қасиеттеріне және қабылдау мүмкіндіктеріне негізделеді.
Тұлғаның қалыптасуынада басты алатын не нәрсе; тұқым қуалаушылық па,
тәрбие ма? Бұл мәселе бойынша ғалымдар бір пікірге келе алмауда. Кейбір
зерттеушілер барлығы тәрбиеден деп есептейді. Олар "жаман оқушы жоқ, жаман
оқытушылар бар" деген пікір айтады. Екінші бір зерттеулер туа біткен
қасиеттерге үлкен мән береді.
Тұлғаны қалыптастыратын қоғам. Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менім
өмір сүруім, сенің өмір сүруіңде және басқалардың өмір сүруін қажет етеді
және керісінше де солай.
Мысалы. кездей соқ бір жағдайлармен кішкентай балалардың аңдар
арасына түсіп қалып, солардың арасында өскені жайлы оқиғалар бар.Олар да
адамдық қасет қалмаған аңдар сияқты өмір сүреді, төрт аяқтап жүреді, аңдар
сияқты тамақтанады. Оларды кейін тауып алып сөйлеуге адамдар арасында өмір
сүруге үйретуге ұмтылған әрекеттерден ешқандай нәтиже шықпаған.
Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта.
Бірақ бұдан адамның биологиялық, психологиялық жақтары маңызды емес деген
пікір тумауы керек. Анығында адамның өлшемі үш түрлі болады; биологиялық,
психологиялық және әлеуметтік.
Биологиялық өлшем-бұл адам организмінің түр бейнесін,құбылысын және
формаларын,оның атқаратын қызметін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем-адамның ішкі жан дүниесін,онда жүріп жататын
саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, сезім жүйесін қамтиды.
Мысалы адамның құмарлығы, жек көру, сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш,
наразылық, ойлау еркі мен сипаты, темпераменті т.б.жатады.
Әлеуметтік өлшем-адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның
үлгісі, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Әр бір қоғам өзіне тән лайықты
тұлғаны қалыптастырып отырады. Сондықтан тұлғаның әлеуметтік өлшемі әр
қоғамда әр түрлі болады.
Әлеуметтануда тұлғаны негізгі екі тұрғыдан қарастырады;
а) Тұлғаның қоғамдық қатынастыр жүйесіне араласып, мұның бар
жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;
б) Әлеуметтік қатынастардың және іс-әрекеттің субьектісі ретінде
тұлғаны қарастырады.
Сонымен қорыта келгенде туған сәби тұлға емес. Ол тек қана индивид.
Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет;
1) Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары.
2. Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады,онымен
жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы керек. Онсыз, яғни
әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
2. Тұлға туралы теориялар. Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер.
Адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әр-түрлі байланыс-қатынастарды
қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі
модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі-адамның бейнесіне (образын)
әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.
Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны
мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға
кіреді. Мысалы: отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына,
т.б. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты
болады, оған белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен,
нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам
дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни, нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі
рөлдерде қызмет атқарады.
Осындай қызметтердің маңызды, мәнді жақтары “әлеуметтік рөл”, “әлеуметтік
статус” ұғымдарын тудырады. Әлеуметтік рөл қоғамдағы адамдардың белгілі бір
алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен қарым-қатынастарына
байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын
қызметтері.
Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белгілі
бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын
айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына,
жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметтің жйынтығы. Адамдардың
әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру
процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті
шарты.
Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың 30-
шы жылдары пайда болды. Оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz