Тұлғаның толеранттылығы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тұлғаның толеранттылығы

Мақсаты: Педагогтарға ұлттық толеранттылық маңызын түсіндіре отырып, жас
ұрпақты толеранттылық негізінде тәрбиелеуді мақсат ету.

Толеранттық - [ лат. tolerencia - төзімділік] - айырмашылықтарды
мойындау, сыйлау; өзінен өзге сенімдегі, көзқарастағы, мінез-құлықтағы
басқаның құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу мүмкіндігін
іздестіруге апаратын адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын
өнегелік жүріс-тұрыс ережесі. Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің
кемшілігіне кешіріммен қарау, төзе білу, басқаны қабылдай білу түсініледі.
Толеранттылық (лат. tolerantia - шыдам, төзім) терминіне шет тілдері
сөздігінде екі мағынада түсініктеме беріледі:

1) бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау;
2) биологиялық, медициналық тұрғыда - иммундық реакцияның
жартылай немесе толықтай болмауы, яғни организмнің ауруға қарсы тұратын
антиденелер шығару қабілетінің болмауы.
3) Ал педагогикалық сөздіктерде бұл ұғымға қайсыбір жағымсыз факторға
жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің
нәтижесі деген анықтама беріледі.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде соңғы кезге дейін Толеранттық
термині көп кездескен жоқ. Сондықтан да біз ең алдымен бұл сөздің
этимологиясына назар аудардық. Толеранттық түсінігі латынның шыдау, төзу,
көндігу түсініктерін беретін tolero етістігінен шығады. Неофрейдизм
өкілдерінің еңбектеріне сүйене отырып, (В.Райх, К.Хорни, Г.Маркузе,
А.Миттерлих, Н.Браун, А.Баллок, Э.Фромм) агрессия жауығудың негізінде, ал
толеранттық бейбітшілдік пен зорлық-зомбылыққа қарсылықтың негізі екендігін
көреміз.
Қазақ түсінігіндегі "қонақжайлық" ұғымы осы толеранттық ұғымымен
мағыналас келеді. Сонымен, біздің ойымызша толеранттылық дегеніміз – бөтен
деп саналатын өмір салтына, мінез-құлыққа, дәстүрлерге, сезімдерге,
идеяларға, нанымдарға, көзқарастарға, қасиеттерге, әдеттерге деген шыдамды
қатынас. Толеранттылық – адам құқығы мен бостандығы. Ол қарапайым тұрмыста
көршінің көршіге деген төзімділігінен бастап, кең ауқымда мәдениеттер
арасындағы, діни конфессиялар арасындағы, ұлттар, ұлыстар, тілдер
арасындағы өзара төзімділікті білдіреді. Толеранттылық түрлі халықтардың,
ұлттардың және діндердің ерекшеліктеріне қатысты қажет болатын қасиет. Бұл
ұғым қазақ ойшылдарының еңбектерінде тікелей осы мағынада
қарастырылмағанымен, гуманизм, әлеуметтік әріптестік, мәдени сабақтастық,
бірлік, зорлықсыздық идеялары арқылы айқын көрінеді.
Қазақтың төзімділігінде шек жоқ екенін ешкім жоққа шығара алмас.
Етінен ет кесіп жатса да, бір былқ етпейтін қанға сіңді қасиетіміз бар. Осы
төзімділіктің жағымды жақтары көп, бірақ, кесірі тиетін кездер де аз емес.
Әсіресе, ұлттық мүддені қорғауға келгенде құлықсызбыз. Ел болған соң,
өзіңді де сыйлата білуің, өзіңнің де сыйлай білуің маңызды. Өкінішке орай,
біздің елдік мұраттарды ұлықтау жолында өрлігімізден ынжықтығымыз басым.
Көршінің көңіліне келіп қалар деп үйдей пәледен үндемей құтылғымыз келеді.
Тарихтың әр кезеңінде біздің республикамыз түрлі себептермен көптеген
этнос пен ұлыстардың өкілдерінің Отанына айналды. Қазақстанда 140-қа тарта
ұлыс тату-тәтті тұрмыс құрып, айрандай ұйып отыр. Осы жарастық халықаралық
деңгейде қазақстандық феномен деген жаңа терминді туғызды. Нұрсұлтан
Назарбаевтың: Толеранттылық -ұран емес, ол біздің өмір салтымыз! деуінің
өзі толеранттық біз үшін саммит алдында бөтен елдерге көз қылып арзан ұпай
жинау емес, қазақтың қанына сіңіп кеткен өмір дағдысы екенін айғақтап тұр.
Оған осы Тәуелсіздіктің 22 жылында өзге ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір
сүрген уақыт куә. Бұдан артық дәлелдің де керегі жоқ. Әлбетте, қазақтың
қанында толеранттық қасиет болмаса, елдегі бүгінгідей татулық пен достыққа
қол жеткізер ме едік?! Қазір Қазақстандағы тұрақтылық ахуал дос сүйсініп,
дұшпан күйінетіндей халде. Енді осы жарастылықты шайқап-төгіп алмай, одан
әрі келешек ұрпаққа аманаттап кету – бүгінгілердің парызы.
“Толеранттық” деген атауы халықаралық термин сөз болғанымен,
мазмұн-мағынасы қазақтың төл сөзі — кәдімгі төзімділік дегеннің баламасы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
арнаған Жолдауларында осы маңызды мәселе – үнемі басты орында.
Қазақстандықтар үшін негізгі құндылық – ұлтаралық татулықты сақтау,
көпұлтты Қазақстан жағдайында бірін-бірі түсіну, сену мен құрметтеу және
азаматтық келісімді орнату.
Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас
ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін
отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік
орта.
Қазіргі заманғы философиялық зерттеулерде толеранттық – шыдамдылық:
басқалардың пікіріне, мінезіне және т.б. шыдамдылық таныту, достық қарым-
қатынас, сабырлық, бейбіт көңіл-күй.
Толеранттыққа қарама-қайшы ұғым – ксенофобия ( xenos бөтен + phobos
үрей деген сөздерінен шыққан). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси мәдениетті зерттеудегі әр түрлі бағыттар мен әдістер
МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕКЕ-ДАРАЛЫҚ ПЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Тәрбие барысында діни мәдениетті қалыптастырудың негіздері
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. абиотикалық факторлардың сигналдық мәні. организмдердің индикаторлық мәні
Стенобионттық, эврибионттық организмдер
Акмеология
Коммуникативтік дағды туралы түсінік
Организмдердің индикаторлық мәні
Түзету функциясы
Тіршілік ортасы және экологиялық факторлар жайында
Пәндер