Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
I Тарау. Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың
теориялық негiздерi.
1. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық
қызығушылықтарын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6-26
2. Бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 27-44
II Тарау. Бастауыш сыныпта қазақ тiлi пәнiн оқыту барысында оқушылардың оқу-
танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың
әдiстемелiк мәселелерi.
2.1. 3-шi сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылықтары
мен шығармашылық қабiлеттерiн дамытуда қазақ тiлi пәнiнiң маңызы ... 45-51
2.2. Бастауыш сыныптарда қазақ тiлiн оқытуда
оқушылардың қызығушылықтары мен шығармашылық
қабiлеттерiн дамытуды жүзеге асыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52-68
2.3. 3-шi сыныптың қазақ тiлiн оқытуда iс-тәжiрибелiк сабақ
үлгiлерi ... ... 69-74
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .75-76
Әдебиеттер
тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 77-78

Кiрiспе.
Бүгiнгi қоғамымыздың дамуына байланысты оқушылардың танымдық
әрекеттерiн және шығармашылық қабiлеттерiн арттыру қазiргi заман
педогогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңiнде көкейкестi
проблемалардың бiрi болып отыр. Оқушылардың негiзгi әрекетiнiң түрi оқу
болғандықтан, бұл заңды. Қазiргi қоғам жеке адамнан прогрессивтi ойлай
алатын белсендi әрекеттi, жан– жақты болуды талап етедi. Бiлiм беру үрдiсiн
дұрыс жолға қоймайынша мүмкiн емес.
Себебi жеке пәндi оқытуды яғни оқыту үрдiсiн жетiлдiрмей, қоғамның
қажеттiлiгiн қанағаттандыратындай жеке адамды тәрбиелеу мүмкiн емес.
Халқымыздың ұлы ақыны Абай өзiнiң даналық ойларының бiрiнде “Адам
баласы екi түрлi мiнезбен дүниеге келедi. Бiрiншiсi iшсем жесем деп туса,
екiншiсi көрсем, бiлсем, үйренсем деп туады деп армандайды” деген. Осының
екiншiсi көрсем, бiлсем, үйренсем деп тұратын бастауыш сынып оқушыларына
мұғалiм тарапынан көптеп көмек көрсетiлiп, көптеген үйрету жолдарын
қызықтыра отырып қалыптастыруды қажет етедi. Себебi өзiн қоршаған ортаны,
дүниенi жете таныған бала сабақты да терең меңгерерi сөзсiз.
Жалпы бiлiм беретiн мектептiң бастауыш сатысындағы бiлiм мазмұны
тұжырымдмасында 1-шi кезекте оқу әрекетiн қалыптастырып оқушылардың жеке
бас тұлғасын тәрбиелеу көзделсе, 2-шi кезекте оқушыларды сабаққа
ынтландырып шығармашылық әрекетке жетелейтiн iшкi байланыстарды,
заңдылықтарды өздiгiнен ашып, түсiнiп оқитындай әдiс –тәсiлдердi қолдануға
мүмкiндiк туады, оқу әрекетi арқылы оқушы осындай тәсiлдермен жұмыс iстей
бiлу бiлiктерiн меңгередi.
Қоғам барған сайын күрделенiп даму үстiнде Ф.Гусейнова бастауыш сынып
оқушыларының қызығу жүйелерiн зерттесе, А..Дусавицкий оқушылардың танымдық
қызыушылық танымының дамуына оқыту құралдарының әсерi зерттелiндi. Ал
оқушылардың танымдық қабiлеттерiн дамыту туралы Т.И.Махмутов, Л.В.Занков,
М.Н.Скаткин, И.А.Лернер тұжырымды ұсыныстары мен пiкiрлерi бар.
Сонымен бiрге бүгiнгi таңда мектеп практикасында қолданыс тауып, iзгi
нәтижелер берген Ш.А.Аманашвилидiң Бiлiм берудi iзгiлендiру
технологиясы’’, В.Ф.Шаталовтың “Тiрек сигналдар арқылы оқыту технологиясы”,
С.Н.Лысенкованың “Түсiндiре басқарып оза оқыту” сол сияқты “Проблемалы
оқыту проблемалысы”, оның мақсаттары мен тұжырымдамалары және мазмұны мен
әдiстерiнiң өзiне тән ерекшелiктерi бар. Атап айтқанда Ж.А.Қараевтiң
“Деңгейлiк саралап оқыту технологиясы” мен Б.А.Тұрғынбаеваның “Дамыта оқыту
технологиясы” басшылыққа алынуда.
Тақырыптың көкейкестiлiгi.
Қазiргi кезде мамандық атаулының барлығы, ептiлiктi, бейiмдiлiктi,
шапшаңдықты ерекшк ой қызметiн, шығармашылық мүмкiндiкердi, өзiн қоршаған
ортаға тез икемделiп қана қоймай, оларды керектi бағытына шығармашылықпен
бұра бiлу қабiлеттiлiгiн және танымдық қызығушылықтары арқылы бiллiм алуға
және оны меңгеругше талпындыруды қажет етедi. Осы мәселелердiң шешiмiн табу
бiздiң зерттеу проблемамызды айқындап, тақырыпты,жеке пәндi оқыту барысында
оқушылардың оқу – танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабiлеттерiн
дамыту деп таңдауымызға негiз болды.
Зерттеу пәнi. Бастауыш сыныпта қазақ тiлiн оқыту процесi.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тiлi сабағында танымдық
мiндеттерiн қалыптастыру, шығармашылық қабiлеттерi мен қызығушылығын
жетiлдiру жолдарын теориялық және практикалық тұрғыда негiздеп әдiстемелiк
жағын қарастыру.
Зерттеу мiндеттерi: 1) Бастауыш сыныпты оқыту барысында оқушылардың оқу
танымдық қызығушылық қабiлеттерiн қалыптастырудың педогогикалық -
психологиялық еңбектерге талдау жүргiзу.
2) Бастауыш сыныпты оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызығушылық
қабiлеттерiн қалыптастырудың шарттарын анықтау.
3) 3-шi сыныпта оқушылардың оқу танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық
қабiлеттерiн арттыруда қазақ тiлi пәнiнiң ерекшелiгi.
4) Бастауыш сыныпта қазақ тiлiн оқытуда оқушылардың оқу танымдық
қызығушылықтары мен шығармашылық қабiлеттерiн дамыту жолдары.
Зерттеу көздерi: Қазақстан Республикасының заңдары, Бiлiм мәдениет және
денсаулық сақтау министрлiгiнiң тұжырымдамалары, бағдарламалары, танымдық
қызығушылық, шығармашылық қаблеттерiн дамыту туралы философ, педогог,
психолог еңбектерi, бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң озат тәжiрибелерi;
педогогикалық инновация және оқытудың қазiргi технологиялары.
Зерттеу әдiстерi: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық,
педогогикалық әдiстемелiк әдебиеттерге теориялық талдау жасау, бақылау,
әңгiме, озат педогогикалық iс-тәжiрибелерiмен танысу және оқушылардың
шығармашылық еңбектерiн және тапсырмаларды талдау.
Диплом құрылымы: кiрiспеден, екi бөлiмнен, төрт параграфтан, қорытындыдан,
әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшадан тұрады.

І Тарау. Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi
1. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық
қызығушылықтарын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық
ерекшелiктерi
Баланың танымдық қабiлеттерiн дамыту мәселесi өзiнiң тамырын адамзат
тарихының тереңiнен алады.
Әлемнiң екiншi ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фараби ‘’Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарастары жайлы” трактатында бақытқа жетудiң бiрден-бiр
жолы адамның ақыл-ойын, қабiлеттерiн қалыптастырып, дамыту арқылы жүзеге
асатындығын айтып өшпес мұра етiп қалдырған ғалым.
Бүкiл бiр халықтың ұстазы ұлы Абай өзiнiң қара сөздерiнде [43], бала
өмiрге келгендегi бойындағы қабiлеттерiн қалыптастырып, дамытуды қажет
ететiндiгiн, сонда ғана ол пайдаға, керекке асатынын жазып, назардан тыс
қалған жағдайда бала бойындағы қабiлеттерi бара-бара жойылып кететiн, оған
қайта қол жеткiзу қиынға түсетiнiн айтқан.
Бастауыш сынып оқу-танымдық қызығушылық қабiлеттерiн қалыптастыру
мәселесiн талдау ең алдымен ‘’қабiлет’’ ұғымының мәнiн терең түсiнiп алуды
талап етедi.
Философияда қабiлеттердi, тұлғаның белгiлi-бiр әрекеттi орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшелiктерi дей келе олар қоғамдық тарихи iс-
әрекеттердiң нәтижесiнде қалыптасып әрi қарай дамып отыратынын атап
көрсетедi.
Орыс халқының аса көрнектi психологы А.Н.Леонтев: “Қабiлеттер”-деп
әрекеттiң талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетiстiктерге жеткiзетiн
адамның қасиеттерiнiң синтезiн атаса, “Қабiлеттер”-бiлiм алуға қажеттi
адамның психологиялық ерекшелiктерi” –дейдi А.В.Петровский.
“Қабiлет iс-әрекеттiң белгiлi бiр түрiн орындай алу мүмкiндiктерi”
деген де анықтама бар. ”Мүмкiндiк бiлiм де, дағды да емес. Ол адамның
белгiлi бiр iстi орындауға даярлығы” деп қарастырады Ә. Алдамұратов.
Отандық психологияда қабiлеттер жайлы iлiм бiркелкi дамып отырған жоқ.
Мысалы: 1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы социолистiк
көзқарас қалыптастырған кезде қабiлеттер жайлы мәлiметтер психологиядан
да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын. Тек 1950
жылдардың ортасынан бастап бұл мәселе қайта көтерiле бастады. Бұдан кейiн
нақты қабiлеттер жайлы iргелi зерттеулер жасалады. Олар: музыкалық
қабiлеттер (Б.М Теплов), бейнелеу өнерiне деген қабiлеттер (Н.В Кузмина)
сияқты зерттеулер.
Кеңестiк психологтардың қабiлеттер жайлы еңбектерiн шартты түрде екi
топқа бөлуге болады. Бiрiншiлер - қабiлеттер мәселесiн теориялық тұрғыдан
талдаса, екiншi топ өкiлдерi нақты қабiлеттер құрылымын зерттейдi. Ендi
сол еңбектердiң кейбiреулерiне тоқтала кетейiк.
Қабiлеттiлiк мәселесiнiң теориялық және практикалық негiзiн қалауда
С.Л. Рубинштейн еңбектерi зор роль атқарады. Ең алдымен қабiлеттiлiктiң
дамуы туралы, қабiлеттiң қалыптасуының негiзiн салса, кейiнiрек олардың
көрiнуiнiң психологиялық құрылымын ашып бердi. (5) С.Л.Рубинштейн
қабiлеттiлiктi нақты бiр iс-әрекетке икемдiлiк деп түсiндiредi.
Қабiлеттiлiк – жаңа бiр iс-әрекеттi жеңiл меңгерумен, сонымен қатар
индивидтiң бiр iс-әрекеттен екiншi бiр iс-әрекетке көшуi мен қабылдау
тәсiлдерiн терең меңгере алуы. Оның айтуы бойынша қабiлеттiң негiзi туа
бiткен нышан, тұқым қуалаушылықтың белгiсi болып табылады. Яғни, адамның
жүйке, ми аппараттарының анатомиялық-физиологиялық ерекшелiгi болып
табылады. Осыған орай, ғалым “қабiлет-нышандардың негiзiнде дами отырып,
нышанның өз бетiнше функциялануы емес, тек дамудың негiзгi кезеңi, алғы
шарты“ - деп жазды.
С.Л. Рубинштейн iс-әрекет барысында қабiлет пен ептiлiктiң өзара
байланысы ерекше роль атқаратынын айтады. Бұл екеуiнiң бiр-бiрiмен тығыз
байланыста екендiгiн еске сала отырып, бiр жағынан ептiлiк, бiлiм т.б.
меңгеру қабiлетi бар екенiн бiлдiрсе, қабiлеттiң қалыптасуы сол iс-
әрекеттердiң ептiлiгi мен бiлiмдердi меңгеруi арқылы iске асатындығын
түсiндiредi. Осыдан бастап қабiлеттердiң әрекетте дамитындығы жайлы теория
қалыптасып, бұл екi теория бiртұтастықта қарастырылатын болды.
Ерекше тоқталуды қажет ететiн еңбектер қатарына Б.М.Теплов және оның
шәкiрттерiнiң еңбектерi жатады. Олар қабiлеттердi жеке адамдар арасындағы
психолгиялық өзгешелiк деп қарастырады. (6) Б.М Теплов қабiлеттiлiкке
анықтама бере отырып, қабiлеттiлiктiң үш белгiсiн көрсетедi, бiрiншiден
қабiлеттiлiк бiр адамды екiншi адамнан ажыратуға негiз болатын жеке
даралық психологиялық ерекшелiк; екiншiден қабiлеттiлiкке барлық жеке
даралық ерекшелiктердi жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бiр немесе
бiрнеше iс-әрекеттi орындау барысында нәтижесi табысқа сәйкес жететiн
ерекшелiктердi, қабiлет деп атауға болады; үшiншiден, “қабiлет“ түсiнiгi
адамда бар бiлiм, ептiлiк және дағдымен ғана шектелiп қана қоймайтындығын
айтады, яғни тек ептiлiк, бiлiм, дағды ғана бар деп айтуға болмайды,
керiсiнше, сол ептiлiк, бiлiм, дағдыны меңгеруге қабiлеттi деп санайды.
Б.М.Теплов қабiлеттiлiктiң дамуы-бiр жақты ғана болмайды, оның қозғаушы
күшi қарама-қарсы ойлардың күресi деп көрсетедi.
Қорыта айтқанда олар қабiлеттер дамуындағы нышандардың ролiне ерекше
назар аударып, қабiлеттер туа пайда болады деген пiкiрлерге қарсы шығып,
туа берiлген тек табиғи алғышарттар,яғни нышандар деп қорытындылайды.
А.Н. Леонтьев басқа авторлардың қабiлеттерге берген анықтамаларына
қосыла отырып, оларды дамытудағы әлеуметтiк жағдайлардың шешушi роль
болатындығына назар аударады. Барлық психикалық қасиеттер де алдыңғы
ұрпақтар тәжiрибесiн меңгеруде қалыптасып, дамып отырады деген идеяны алға
тартады. Қабiлеттер жайлы ой-пiкiрлердi өрбiте отырып, Б.Г. Ананьев
қабiлеттер тек бiлiм, бiлiк жиынтығы ғана емес, оларды қолдана бiлудегi
дербестiк, саналылық, шығармашылық деген пiкiр айтады. Қабiлеттердiң
дамуын тұлғаның дамуымен байланыстырады. Сондай-ақ, таланттылық жайлы
мәселе көтерiп, таланттылық деп қабiлеттердiң көп қырлылығын айтады.
Б.Г.Ананьевтiң пiкiрi бойынша нышан қабiлеттердiң алғы-шарты және олар
тек iс-әрекетте ғана қабiлетке айналады.
Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше қасиеттi зерттеген Н.С.Лейтес
“қабiлет - iс-әректтiң белгiлi бiр түрiнде жетiстiктерге жеткiзетiн
психологиялық қасиет“, - деген анықтама бередi. Ақыл-ой қабiлетiнiң
алғышарты белсендiлiк және өзiн-өзi реттеу деген қорытынды жасайды.
К.К.Платонов қабiлеттер жайлы зерттеулер туралы сөз еткенде,
В.А.Крутецкийдiң математикалық қабiлеттерге байланысты жасаған iргелi
еңбегiне тоқталған жөн. Көрнектi ғалым қабiлеттердi әрекетке жарамдылық деп
тануды ұсынады.
Ал академик А.Н.Колмогоровтың тұжырымдамасы былай дейдi:
“Математиканы меңгеру үшiн баланың айрықша қабiлетi болуы керек деген
ұғымдар артық айтылады және басқа зерттеушiлер сияқты қабiлеттер әрекеттiң
белгiлi бiр түрiн ойдағыдай орындауда көрiнетiн қасиет“ деген пiкiрдi
қуаттайды. Бейнелеу өнерiне деген қабiлеттер жайлы зерттеу жүргiзген В.И.
Кирленко да басқа авторлар сияқты, қабiлеттер адамдардың жекелiк
айырмашылықтары деген қорытындыға қосылады және бейнелеу өнерiне деген
қабiлеттер тек сурет салуда ғана, ойын еңбек сияқты басқа да әрекетте
дамитындығын дәлелдейдi.
Педагогикалық қабiлеттердi арнайы зерттеген Н.В. Кузмина оның
құрамының үш түрлi қасиеттер тобынан тұратындығын анықтап, олардың бiр-
бiрiмен байланысын ашып көрсетедi.
Қабiлеттер жайлы еңбектер мен зерттеулердi талдай отырып, бұл
проблемаға деген қызығушылықтың үнемi болып отыратындығын және оларда
соншалықты қарама-қайшылықтың жоқ екенiн байқауға болады. Аталған
еңбектердiң әрқайсысы қабiлеттер мәселесiнiң теориялық негiздемесiн
қамтамасыз етiп, әрi қарай жетiлдiру жолдарын белгiлеуге үлес қосады.
Қабiлет туа бiттi қасиет емес, ол тәрбие арқылы қалыптасады және дамиды.
Қабiлеттiң қалыптасуына мiнез, табандылық, еңбексүйгiштiк, ерiк күшi
қатысады. Ал бұл аталған қасиеттер адам нақты, қатаң әрi белсендi әрекет
жағдайында болғанда қалыптасады, жетiледi.
Қабiлеттердiң қалыптасып даму мәселесiн зерттей келе А.Н.Леонтьев,
А.В.Петровский, В.А.Куртецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов,
Т.Тәжiбаев, Қ.Жарықбаев қабiлеттер оқытусыз да дамитынын, бiрақ онда ол
ұзақ процеске айналатынын айтады.
Осы пiкiрдi қуаттауда “халық поэзиясының алыбы“ атанған, есiмi дүние
жүзi халықтарына кеңiнен мәлiм, балаларды жанындай жақсы көрген Жамбыл
Жабаевты айтуымызға болады. Ол медресе мектептiң есiгiн ашпаса да, қолына
қалам ұстап, жазу-сызуды бiлмесе де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады,
қазақ халқының сөз өнерiн үйрендi, кейiн ақындығымен бiрге, әйгiлi жыршы
атанға ұзақ жылдарда бойындағы ерекше қабiлеттерiн қалыптастырып, дамыта
бiлген, екi дәуiрдiң куәсi болған ақын өз көзiмен көрген өмiрдiң бар
шындығын жырлаған жыршы, ақын.
Сонымен қабiлеттер жайлы барлық айтылғандарды қорыта келе, бiз
төмендегiдей тұжырым жасаймыз.
Қабiлеттер проблемасы – оқушылардың жекелiк айырмашылықтар проблемасы.
Мүлдем еш нәрсеге қабiлетi жоқ адам болмайды әр адам бойында бiр нәрсеге
деген қабiлет болады. Қабiлеттер дәрежесi әр адамда әр түрлi деңгейде
болады. Бала бойындағы қабiлеттердiң алғы шарты нышан болып табылады.
Қабiлет әрекетте байқалып, қалыптасып дамып отырады. Қабiлеттер туа бiттi
қасиет емес, олар өмiр сүру барысында қалыптасып, дамып отырады.
“Қабiлет - әр адамның белгiлi бiр әс-әрекет түрiне икемдiлiгiнде
немесе мақсатқа бағытталған, тәлiм-тәрбие жұмысына байланысты бiр iс-
әрекетке ұйымдасқан түрде бейiмделуiнен байқалады. Бейiмдiлiк-адамның
әрекетпен айналысуға бет-бұрысы, оған көңiлiнiң аууы, оянып келе жатқан
қабiлеттердiң алғашқы белгiсi“, - деп жазды академик Т.Тәжiбаев. Бала
кезiнде ерекше көзге түсетiн бейiмдiлiк оның келешек қабiлетiнiң көрсеткiшi
екендiгiн айтады.
“Бейiмдiлiк пен қабiлеттiң соншалықты тығыз байланыстылығы кейде
тiптi бiрiнен – бiрiн ажырату қиындығын туғызады. Дегенмен бейiмдiлiк -
ұмтылу, ал қабiлет мүмкiндiктер“ дейдi көрнектi психолог Н.С.Лейтес.
Баланың бейiмдiлiгiн тәрбиелей отырып, оның жалпы қалыптасуына, ақыл-ойдың
өсуiне жағдай жасауға болатындығына тоқталады. Сондықтан бастауыш сынып
мұғалiмдерiн қалыптастырып, оның әрi қарай дамытуға деген үлкен
жауапкершiлiктiң болғаны дұрыс деп есептейдi.
Қабiлеттер мәселесiн қарастыруда “талант“, “дарын“, “данышпан“
терминдерiн айналып өтуге болмайды.
Адам қабiлеттерiнiң дарлық ерекшелiктерiн танытатын қасиеттiң бiрi –
дарындылық. Көптеген зерттеушiлер мен психологтар нышан – көп мәндi қасиет.
Яғни сол нышанға негiзделiп, адам өмiрiнiң жан-жақтылығына қарай түрлi
қабiлет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабiлеттiң түрiн-
дарындылық дейдi көрнектi психолог Қ. Жарықбаев. Дарындылық - адамның
белгiлi бiр iске деген айырықша қабiлеттiлiгi, өмiрдiң қандай да бiр
саласында өзiн ерекше қырынан көрсетуi. Мұны мынадан айқындай түсiнуге
болады: Яғни дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетiн
болады. Мысалы: осыдан 200 жылдай бұрын Германияда “ұстазы Кристиан Фон
Шенах жазып алған любектiк төрт жасар дарынды бала Кристиан Гейнрих
Хейнекенiн өмiрi , iс-әрекетi, саяхаты мен өлiмi“ деген кiтап жарық көрген.

Туғанына он ай толмай жатып кiшкентай Генрих “суретке салынған
заттардың көпшiлiгiн айырып атайтын“ болды. Ол үш жасқа келгенде
ертегiлердi өзi оқып, математиканың төрт амалымен есеп шығара алады, көп
ұзамай сәби француз тiлiн үйренiп, географиядан жақсы мағлұмат алады және
мыңнан астам латын мәтелiн бiледi.
Гейнрихтың даңқы әлемге жайылып, оны Дания королi қонаққа шақырады.
Сол дарынды сәби төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болған.
Қазiргi математиканың негiзiн салушы Гаусс үш жарым жасында әкесiнiң
салық төлеу жөнiндегi есебiн көрiп, соның қатесiн шығарып әкесiнiң жиырма
бес талер ақшасын сақтап қалыпты деседi. Ол алгебралық есептер мен сандар
теориясы жөнiндегi өзiнiң дарынын ерте танытқанға ұқсайды. Гаусс өзiнiң ең
басты жаңалықтарын негiзiнен 14 пен 17 жастың арасында ашыпты.
Кибернетиканың атасы Ноберт Винер бес жасынан бастап ғылымға ден
қояды да, тоғыз жасында он сегiз жасар балалармен бiрге оқиды. Он екi
жасында колледжге түсiп, он төрт жасында оған ғылыми атақ берiледi. Сонымен
қатар қазақтың аса дарынды күйшi композиторы Құрманғазының шәкiртi Дина
Нүрпейiсова өзiнiң күйшiлiк қабiлетiн сегiз жасынан-ақ байқатып, бiр-ақ
рет тыңдаған күйiн мүдiрмей, айна қатесiз, дәл орындай алған. Дарынды
актер, әрi режисер Шәкен Аймановтiң де жалпы өнерге деген құштарлығы бала
кезiнен-ақ айқын байқалғандығы жайлы Қазақстанның халық әртiсi Кәукен
Кенжетаев тебiрене еске алады. Небары отыз жыл өмiр сүрген Шоқан
Уалихановта аз ғана ғұмырының iшiнде адамзаттың ғылымға, оның көнтеген
саласына баға жетпес көп үлес қосты. Ол музыка сурет саласында да,
публицистика мен жазушылық өнерде де, өзiн жоғары биiктен көрсете бiлдi.
Дарынды адамдарды ғылым саласынанда көптеп кездестiремiз.Мәселен,
қазiргi аттары әйгiлi математик С. Мергелян
Он алты жасында университеттiң бiрден екiншi курсына қабылданды. Ол жиырма
жасында ғылым докторы атағын алды. Академик Л.Ландау орта мектептi он үш
жасында үздiк бiтiрiп, он төрт жасында университеттiң екiншi курсына
түседi. Мұндай мысалдарды көптеп келтiре беруге болады.
Қабiлеттiлiктiң ең жоғарғы дәрежесiн ”талант” деген сөзбен белгiлейдi.
Көптеген ғалым психологтар ”талант” адамның нақты бiр iстi нәтижелi
орындауға қабiлеттiң бiршама жағымды қасиеттерiнiң өзара байланысты түрде
үндесуi деп дәлелдейдi көрнектi ғалым Ә. Алдамұратов.
Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада, т.б.
әрекеттерде көрiнедi және таланттың дамуы еңбек ете бiлумен,
сүйiспеншiлiкпен тығыз байланысты. Орыстың ұлы жазушысы М.Горький (талантты
өсiретiн нәрсе – iстi сүю” деп бекер айтпаған.
Францияның ағарту iсiнiң өкiлi К.А.Гелъвеций адамдардың бiрдей тең
дәрежеде болатындығын сол себептi кез-келген баланы талант дәрежесiне
көтеруге болады дегендi уағыздап кеткен.
Осы пiкiрдi қуаттайтын ХIХ ғасырдағы немiс ғалымы Карл Витте оны
дәлелдеу үшiн өз ұлын өзi дайындаған жуйесi бойынша тәрбиелейдi.
Нәтижесiнде әкесiнiң атымен аталған кiшкентай Карл тоғыз жасында Лейпциг
университетiне түсiп, бiр жылда оның толық курсын бiтiредi. Он үш жасында
философия докторы деген атақ алады. Он сегiз жасында Гейделберг
университетiнiң кафедра меңгерушiсi қызметiн атқарады.
Әйгiлi суретшi К.П.Брюллов өзiнiң керемет талантының арқасында тоғыз
жасында сурет академиясына түскен.
Көптеген зерттеушiлер мен психологтар дарындылық пен таланттылық одан
әрi дамып, тарихи-әлеуметтiк маңызы бар творчество беретiн қабiлеттiлiктiң
ең жоғарғы түрi данышпандық деп тұжырымдайды. Данышпан адамның iс-әрекет
нәтижелдерi адамның әлеуметтiк өмiрi мен қоғамдық тiршiлiгiнiң жақсаруына
елеулi үлес қосып, мәдени рухани, саяси экономикалық т б салалардың
өркендеуiне әсер етедi, қоғамның тарихи дамуында өшпес iз қалдырады.Сондай
адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Насыр Әл-Фараби, Ұлықбек сынды
ғұламалар, қазақтың Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке
би, Майқы би Мәнұлы, Абай тәрiздi бiртуар перзенттерiн жатқызуға болады.
Қабiлеттер мәселесiн қорытындылай келе педагогикалық практика үшiн
мәнi ерекше мына жағдайларға айырықша тоқталуды жөн деп есептеймiз.
Бiрiншi-адамдардың қабiлеттер деңгейi жағынан тең дәрежеде болмауы.
Қабiлеттердiң бiрдей еместiгiн сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр
пәнге және әр деңгейде қабiлеттi болатындығы мен дәлелдеуге болады. Бiрi
есепке жүйрiк болса, екiншiсi тiлге бай, ал ендi бiреулерi сурет салғанды
тәуiр көредi. Олардың қабiлеттерiнiң құрылымы да, оны құрайтын компоненттер
де әртүрлi болады. Мәселен математикалық қабiлетi басым балаларда ойлау
операциялары тез, дiл болады да, бейнелеу өнерiне қабiлеттi балаларда нақты
заттардың бөлiктерiнiң арақатынасынан жылдам анықтай бiлу сияқты белгiлер
басым болады. Музыкаға қабiлеттi есту, ритмдi түсiну сезiмталдық сияқты
сапаларымен ерекшеленедi.
Екiншi-адамдар бойында қабiлеттiң бiр түрi ғана бола ма, әлде әр
түрлi қабiлеттiң белгiлерi болама деген сауал төңiрегiндегi пiкiрлер жайлы.
Ғалымдар керiсiнше көзқарастардың бар екендiгiне қарамастан, адам бойында
әрекеттiң бiрнеше түрiн орындай алу мүмкiндiктерiнiң бар екенiн дәлелдейдi.
Б.М.Теплов ақындықпен қатар музыкаға, суретке қабiлеттi болған.
А.С.Грибоедовты мысал ретiнде келтiрсе, ұлы Абай, Шоқан, Шәкәрiм сынды
ғұламаларымыздың қалдырған мол мұралары да осының айғағы дегiмiз келедi.
Халқымыздың (жiгiтке жетi өнер де аз болмайды(, ”сегiз қырлы, бiр сырлы
болсын” деп айтылатын нақыл сөздерi адам табиғатының шексiз мүмкiндiктерiн
көрсетсе керек.
Қоғамдағы өзгерiстерге сәйкес оқушыларға бүгiнгi таңда тиянақты бiлiм
беру үшiн олардың танымдық қабiлетiн дамыту басты мақсат болып отыр. Бұл
мақсатқа жету жолында пән аралық байланыс, оқушылардың өздiк танымдық
белсендiлiгiн дамытуға арналған дәстүрлi және дәстүрлi емес сабақтардың
түрiн өзгертiп отыру нәтиже беретiнi сөзсiз. Педагогикалық ахуалдарға
байланысты оқытудың дара және ұжымдық түрлерiн бiрiктiру,оқу құралдарын
дұрыс пайдалана бiлудiң маңызы зор.
Соңғы кезде оқушылардың танымдық iзденiмпаздылық қабiлеттерiн арттыруға
көп көңiл бөлiнiп отыр. Көптеген әдiстемелiк еңбектер де айтарлықтай бар.
Осы мәселелер төңiрегiнде әр түрлi көзқарастар бар.
Ұлы немiс педагогы А. Дистервергтiң әйгiлi ”Немiс мұғалiмдерiнiң бiлiм
беру iсiне басшылық” атты еңбегiнде ”Жаман мұғалiм ақиқатты өзi айтып
бередi, ал жақсы мұғалiм оқушының өзiн iзденуге жетелейдi, ойлауға
үйретедi”–деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, алып педагог Л.Занков ”Оқыту-
оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет” десе көрнектi психолог
Л.Выготский ”Жақсы оқыту деп, баланың дамуын iлгерi жүретiн, оны жетекке
алатын оқытуды айтады(- деп тұжырымдайды және оқу баласын өзiнiң танымдық
белсендiлiгi екенiн анықтайды. Яғни белсендiлiк болмаса қызығушылық
болмайды, қызығушылық болмаса,белсендiлiк болмайды.
Пәнге қызығудың 3 түрi бар. Бiрiншiсi мазмұнның жаңартылуы, бұрын
жария етiлмеген фактiлердi жаңаша сипаттау, хабарлап отырған материалдарға
тарихи бағдар беру, iлiмнiң практикалық мәнiн ашып көрсету ғылымның соңғы
жаңалықтарын, табыстарын жүйелi баяндау, екншiсi- өз бетiнше жұмыс iстеудiң
әрқилы түрлерiне негiзделген, проблемалық тұрғыдан қолға алған материалды
зерттеуге және оқушылардың шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағытталғн
оқыту тәсiлдерi, үшiншiсi - оқушының қабiлетiн ұштау, мұғалiмнiң оқушыға
көмек беруге дайын тұруы, олардың күш мүмкiндiктерiне қолдау көресету
қабiлетi, талап қоюшылығы мен адалдығы, балаларды көтермелей бiлу, сондай-
ақ, оқушылардың өзара бәсекесiне көмек көрсете бiлу қасиетi. Оқушылардың
танымдық қызыушылықтарын, iзденiмпаздығын арттыру үшiн оқу үрдiсi оларды
қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет.
Осы ретте таным деген не? деген сұраққа жауап беретiн болсақ; таным
обективтi шындықты, адамның ойында бейнелейтiн және қайта жаңғыртатын
қоғамдық iс-әрекетi барысы.Ол заттардың мәнiне жетудегi күрделi және қарама-
қайшылықты барыс ретiнде қаралады. Ақиқатқа жетудiң, обективтi шындықты
танудың диалектикалық жолы; Нақты пайымдаудан, абстрактiлi ойлауға, одан
тәжiрибеге көшу болып табылады. Таным барысында ойлаудың түрлi тәсiлдерi
пайдаланылады. анализ, синтез, индукция, дедукция, абстрактiлiктен
нақтылыққа көтерiлуi және т.б. танымның негiзгi және бiлiмнiң
ақиқаттылығының шарты- тәжiрибелiк iс-әрекет.
Оқушылардың оқу iс-әрекетi танымдық iс-әрекет ретiнде жүзеге асады,
себебi оның оқу iс-текетiнiң нәтижесi оны таным өрiсiнiң жаңа шеңберiне
алып келедi, ол үшiн жаңа бiлiм,бiлiк, дағдылардың көзi ашылады.
Оқу-оқушылардың әлеуметтiк қажеттiлiктерi мен қабiлеттерiн дамытудың,
ұйымдастырылған iс-әрекетi қоғамдық iс-әрекет құралдары, тәсiлдерi
жөнiндегi жалпы адамзаттың бiлiмдердi меңгерудiң қажеттi шарты.
Таным барысын ғылыми түсiнуден педагогиканың теориясы мен тәжiрибесi,
үшiн шығарылатын басты қорытынды- оқушылар берiк және ықпалды бiлiмдi
ұжымдық қоғамдық пайдалы iс-әрекетте өз қабiлеттерiн қалыптастыруды қатар
алады.[14]
Қоғамдық прогрес ғылымының ықпалынан, оқытудың жаңа мiндеттерi мен
озат тәжiрибесiнiң жинақталуынан оқыту талаптары дамиды нақтыланады, жетiле
түседi.
Бiлiм беру және оқыту теориясы оқыту барысындағы, оқушылардың
саналылығы, белсендiлiгi, өзбеттiлiгi, бiлiм мен бiлiктерiнiң берiктiгi,
ұғынықтылығы және әрекеттiлiгi талаптарын қамтиды. Бұл талаптардың
орындалуы оқушылардың оқу материалдарын түсiнуге, өткендi жаңамен
байланыстыруға, алған бiлiмдерiн тәжiрибеде пайдалануға өз пiкiрлерiн
дәлелдеуге ұмтылысынан көрiнедi.
Әр түрлi жастағы оқушылардың танымдық қызығуының өзiндiк мазмұны,
ерекшелiктерi зерттеушiлер үшiн қиыншылық тудырады. Өйткенi, танымдық
қызығудың қалыптасуы және дамуы- жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын
өте күрделi үрдiс.
Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы бала айналысатын iс-әрекетке және
жеке өмiр тәжiрибесiне байланысты болады. Сондықтан да баладағы танымдық
қызығудың даму деңгейi тек нақты жасқа байланысты деп те қарастыруғуа
болмайды. Бiр жастағы балаларда тұрақтылығы бағыттылығы мазмұны жағынан
бiрдей емес қызығу болуы мүмкiн.
Балалар жасына байланысты осы мәселенi зерттеу бiрқатар кеңестiк
ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған: Н.Рыбникова, Л.Гордон, Беляева,
Ц.Цветкова, Л.Моневцова, Н.Постникова, К.Романова, Р.Римбург, П.Сирбиладзе
(мектепке дейiнгi кезең), И.Шевченко (жеткiншек жас), В.Ильина, В.Иванова,
Н.Костина, Л.Рожина, (ересектер жасы). 60-жылдардың басында бастауыш мектеп
оқушылары бойынша А.Абдуллаева, М.Морозова, Хо Хун Синь, Ф.Гусеинова
(бастауыш сынып оқушылары қызығуының жүйесiн зерттеу), А.Дусавицкий
(оқушылардың танымдық қызығулары дамуына оқыту құралдарының әсерi.),
Л.Скалярский (үлгерiмi нашар оқушылардың танымдық қызығулары дамуының
ерекшелiктерi), М.Шеломенцова (бастауыш мектеп жасында танымдық қызығудың
дамуында ғылыми көркем кiтаптардың рөлi) еңбектерi шықты. [24]
Бұл зерттеулердiң көрсетуi бойынша әрекет танымдық қызығушылық арқылы
жеңiл еркiн, тез жүзеге асады.
“Қызығу-әр қырынан алып қарауға болатын күрделi ұғым, адамның белгiлi-
бiр обьектiнi ұнатып, бiлуге ұмтылған iс-әрекетiн қуаттандыратын психикалық
ерекшелiк” деген пiкiр айтады ғалымдар: М.Беляев, Н.Морозова, С.Рубинштейн.
Қызығу адамды жаңаны бiлуге, әрекеттiң жаңа әдiстерiн iздестiруге
құмарландырады. Сондықтан адамның қызығуы бiр iспен шұғылданғанда, әр түрлi
әрекеттердекөрiнiс табады.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық iс-әрекетi оқыту үрдiсiнде
жүзеге асады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың қызығуы ойын iс-әрекетiмен
байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу iс-
әрекетiнде жүзеге асырылады.
Қызығу өте ерте жастан қалыптасады және оның алғашқы көрiну түрi
әуестiк, құмарлық түрiнде болады. Баланың бiрiншi жылында-ақ оны ашық түстi
заттар, қатты шыққан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзiне тартады. Бала
күнделiктi осы тiтiркендiргiштердi үздiксiз қабылдайдыжәне оларды қайта-
қайта қабылдауға тiлек бiлдiредi.
Психология-педагогика ғылымдарының мәлiметтерiне сүйенсек,
қажеттiлiктiң iшкi түрткiсi субетiнiң байланысты iс-әрекетi мен өмiр сүру
себебi болып табылады.
Танымдық әрекет қажеттiлiк арқылы жүзеге асады. Өзiнiң тiршiлiк және
рухани қажеттiлiгiн өтеу үшiн оқушы дүниенi танып бiдгiсi келедi. Алайда ол
өзi үшiн ешбiр мәнi жоқ нәрсеге қызықпайды. Оқушының қызығуы мен құндылық
бағдары тығыз байланысты. Оқушы өзi үшiн құнды, әрi қажеттi нәрсеге,
мәселен, оқу пәнiне қызығады. Кейiннен бұл нәрсе (пән) оқушы iс-әрекетiнiң
мақсатына,қозғағыш күшi-мотивiне айналуы мүмкiн. Осыған орай, кейбiр
ғалымдардың қызығуды оқушының дербес iс-әрекетке жұмыс мотивi ретiнде
қарастырады. Бұл жайында Б.Теплова Жақындағы мақсатқа жеткiп, алыстағы
мақсатты көздейдi„- деп түйiндейдi. Ал, Н.Морозова “Iс-әрекет көздеген
пайдалы мақсатқа жетуге түрткi болады“ - дейдi. А.Леонтьевтiң пiкiрiнше,
танымдық қызығу –бiр нәрсеге ерекше зейiн қою арқылы эмоция тудыру.
Психологтар Л.Божович, Н.Морозова, Л.Славина себептiң екi негiзгi
құрамын көрсетедi:
1.Оқушылардың оқу iс-әрекетiне түрткi болатын қоршаған ортасы;
2.Мазмұндық және үрдiстiк сипаттан тұратын, оқу iс-әрекетiнiң өзi
түрткi болатын таным қызығуы;
Қызығудың физиологиялық негiзiн талдау, оның мақсатының рефлекске
көбiрек жақын екенiн тұжырымдайды, себебi жеке адамның белгiлi мақсатқа
ұмтылуы, бағыты байқалады. Қызығу iс-әрекетке деген бiр жақтылықтан пайда
болып, объектiге әсер ету нәтижесiнен тартымды қарым-қатынас туғызады.
Жеке адамның жан-жақтылығын, маңыздылығын, анықтамаларын салыстырмалы
талдау арқылы қызығудың ғылыми түсiндiрмесiн табуға болады.
Бихевиорристикалық Перри қызығу тұжырымдамасы, Мак-Ивераның
динамикалық бағалау теориясы, Паргонның әрекет пен бағыттық әлеуметтiк
теориясы, Маркузе теориясы қызығудың маңызды әрi тиянақты анықтамалары
саналады. Американдық философ Р.Перри қызығу өз көзқарасымен, елiктеумен
сипатталады деп көрсетедi.
Мектепте бастауыш сынып оқушыларына жүргiзiлген бақылаулар нәтижесiнде
бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуының мынадай көрсеткiштер
байқалады:
- қоршаған ортадағы құбылыстар мен обьектiлерге және iс-әрекет
сипатына қарай таңдамалы қатынас.
- бiлiм алуға және оны меңгеруге тырысу.
- таным үрдiсi мен танымдық iс-әрекетiнiң эмоционалдық көрiнуi.
- танымдық iс-әрекетте ерiктiң болуы.
- бос уақытын пайдалана бiлу сипаты.
- танымдық белсендiлiктiң жалпы сипаты.
- жаңаны бiлуге ұмтылысы.
- мектепке және оқуға жағымды қатынасы.
Неге бала өмiрдiң қызығын бүгiн көрмей, кейiн көруi керек? Көптеген
оқушылар мектепте көңiлсiз, әрi қызықсыз деп шағымданады. Неге бiзге
балалардың өмiрiн бүгiн қызықты етуге болмайды? Қызығу қуаныш, қанағат
әкеледi және еңбек сүйгiштiктi тәрбиелеуге әсер етедi.
Демек, қызығуды тәрбиелеу оқуға немқұрайлы қарауды жеңуге көмектеседi.
Қызығу жұмыстағы кемшiлiктi және қиындықты жеңуге жәрдемдеседi, қол
жетпейтiн нәтижелерге жеткiзедi. Мектеп оқушыларының қызығуын қалыптастыру,
белсендiру, одан жан-жақты дамыған, бiлiмдi шығармашыл қайраткердi
тәрбиелеуге көмектеседi.
Таным iс- әрекетiнiң процесiнде жаңа мотивтер (ықылас, тiлек, және
т.б) туады, баланың түсiнiгi мен ұғымы, бiлiмi мен тәжiрибесi артады, ойлау
операциясы да (талдау, синтез, салыстыру, абстракциялау, жинақтау,
классификация) жетiле түседi. Оқу мен тәрбие процесiнде бала ойлау
операциясы арқылы обективтiк шындықтың құбылыстары мен заттарын анықтай
бiлуге, адам баласының бай тәжiрибесiн үйренiп игеруге талаптанады. Әрине,
бала өз бетiнше жаңалық ашпайды, ол мұғалiмнiң көмегiмен белгiлi,
зерттелген ғылыми мәлiметтердi бағдарлама, оқулық және басқа да әдебиеттер
арқылы қабылдап, меңгередi.
Ойлау әрекетi негiзiнде мектеп жасындағы балалардың дүниеге көзқарасы
қалыптаса бастайды, нақты ойлаудан абстрактiлi ойлауға көшедi. Сөйтiп
олардың өрiсi кеңейдi.
Таным психикалық процестерiнiң (түйсiк, қабылдау, зейiн, ойлау, сөйлеу
т.б. ) дамуымен бiрге баланың психиалық қасиеттерi де (қабiлет, бейiмдiлiк,
мiнез,) қалыптаса бастайды. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық,
бақылағыштық, бiлуге құмарлық, тапқырлық, iзденiмпаздық сияқты болымды
жақтары да жетiле түседi.
Оқу – оқыту процесiндегi оқушылардың оқу iс - әрекетi. Оқыту
процесiнiң логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту
процесiнiң звенолары – танымдық iс-әрекеттiң кезеңдерi кiредi.
- таным мiндеттерiне жете түсiну;
- жаңа материалды қабылдау;
- ұғыну - жаңа оқу матьериалдарын түсiнiп жинақтау процесi;
- бiлiмдi, iскерлiктi дағдыны бекiту және жетiлдiру;
- бiлiмдi, iскерлiктi дағдыны практикада қолдана бiлу;
- оқушылардың жетстiктерiн талдау, бiлiмiн, iскерлiгiн және дағдысын
тексеру бағалау;
Ендi, оқыту процесiнiң звеноларына тоқталайық.
Таным мiндетi түсiнiктi болса, оны оқушылар өз бетiмен iзденiп iзденiп
шешуге тырысады, оқыту процесiнiң әрбiр звеносына жеке дара дайындалады.
Қабылдау адамға тiкелей әсер ететiн заттардың я құбылыстардың адам
санасындағы бейнелеу процесi. Сабақ үстiнде оқушылардың жаңа материалдармен
танысуы түйсiктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсiк сананың сыртқы
әлеміне байланысы. Сезiм мүшелерiмiзге әсер етiп, оның миымызды бейнелеуiн
түйсiк деп атаймыз. Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау,
эксперимент, практикалық жұмыстар процесiнде тiкелей қабылдау арқылы немесе
жанама түрде мұғалiмнiң сөзi, эвристикалық әңгiме, оқулық арқылы iске
асырылады.
Ұғыну – бұл саналы түрде ғылыми бiлiмдi, заңдылықтарды ұғу, фактiлердi
жинақтау процесi, қорытынды шығару. Ұғыну процесiнде оқылатын материал
терең ойластырылады, дәлелденiледi, бекiтiледi.
Бекiту - бұл оқушылардың бiлiмдi берiк ұғуының тиiмдi тәсiлi.
Сабақта жаңа материалдарды алғашқы бекiту қолданылады. Өткен оқу
материалын еске түсiру үшiн мұғалiм күнделiктi қайталауды жүргiзiп отырады.

Оқу бағдарламасы бойынша нақты тарауларды, оқу курсын толық
бiтiргенннен кейiн жинақтап қайталау басталады. Мұндай қайталау оқушылардың
бiлiмiн бекiту және жүйеге келтiру үшiн жүргiзiледi.
Бiлiмдi iскерлiктi және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзiндiк
қасиетiн дамытады. Оқушылардың өз бетiмен дамуына лабораториялық жұмыстар,
практикалық және семинар сабақтары ,үйрету машиналары, ауызша және жазбаша
жаттығу жұмыстары мүмкiндiк туғызады .
Оқушылардың жетiстiктерiн талдау, бiлiмiн, iскерлiгiн және дағдысын
тексеру, бағалау бұл оқытудың керi байланыс процесi. Таным iс-әрекетiнiң
бұл кезеңiнде оқушылардың сабақ үстiнде тек қана белгiлi сұрақ бойынша
бiлiмiн тексерiп бағалаумен шектелуге болмайды. Сондықтан оқушылардың
барлық жетiстiктерiн бiлiм сапасын, пайымдау сауаттылығын, жалпы ой-
өрiсiнiң даму дәрежесiн ескерiп, талдау жасап отырған жөн. Оның негiзiнде
бiлiм мазмұны анықталады, әдiл баға берiледi.
Оқыту практикасында оқудың әр түрлi мотивтерi болады. Мотив - адамның
обективтi мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтiн әрекетiне iшкi талаптануы.
Демек, мұқтаждық пен ынта мотивация негiзi болады. Оқушылар бiлiмге
мұқтаждығын сезуi қажет, ал мұқтаждық оқушылардың оқуға деген ынтасын
көтередi. Сонымен бiрге мотив түрiнiң бiрi – тiкелей талаптандыру
мотивтерi – бұл оқушылардың ұстаздарын ұнатуы, оған сүйiспеншiлiгi. Өйткенi
мұғалiм оларға қызықты, тартымды сабақ бередi, түрлi көрнекi және
техникалық құралдарды, лингофон, компьютер кабинеттерiнде қызықты сабақтар
өткiзедi. Олардың бәрi оқушыларды терең бiлiм алуға қызықтырады,
талаптандырады .
Перспективтi талпындыру мотивтерi оқушының өзiнiң көздеген мақсатына
ұмтылушылығына ,оның iс -әрекетiнiң болашаққа бағышталуына байланысты .
Бұған жататын мотивтер:
а ) мамандықты таңдап алуға байланысты шәкiрттердiң пәнге қызығушылығы
.
ә) келешек мамандыққа байланысы жоқ белгiлi iс -әрекеттерiне
қызығушылық . Бұл жерде мұғалiм оқушыны белгiлi бiр мақсатқа ынталандыруы
қажет .
Ойдың талпындыру мотивтерi таным iс -әрекетi процесiмен байланысты, iс
-әрекеттiң барысында сұрақтар немесе проблемаға оқушы өз бетiнше жауап
беруге тiлек бiлдiредi тырысады, тапсырманы табысты орындағаны үшiн қанағат
сезiмiне бөленедi .
Тапсырманың практикалық мәнiне түсiнедi . Түрлi психологиялық -
педогогикалық зерттеу деректерiне сүйенiп (А.К. Марков, Г.И. Щукина,
В.И.Ильина, т.б) мотивтердi екi топқа ажыратуға болады.
1 . Танымдық мотивтер.
а ) оқушыларды жаңа бiлiмдi игеруге және ұғу тәсiлдерiне

бағыттау мотивтерi .
ә ) өз бетiмен бiлiм алу ,оны iс -әрекетiнде қолдана бiлу

мотивтерi .
2 . Әлеуметтiк мотивтер .
а ) кең мағынадағы әлеуметтiк мотивтер . (оқуда
белсендiлiк , ынталық , жауапкершiлiк және борыЩын
сезiну)
ә ) тар мағынадағы әлеуметтiк мотивтер (үйелмен ,ұжым
және жолдастарының құрбы - құрдастарының
алдындағы бедел) .
б) ынтымақттастық әлеуметтiк мотивтерi оқу - тәрбие жұмысында өзара
әрекеттесуге ұмтылу және үнемi жетiлдiру .
Әлеуметтiк мотивтер бұл дүние танымының қалыптасуына идеялық сенiмге
негiзделген борыш, қажеттiлiк, жауапкершiлiк сезiмi. Осы мотивтердi iске
асыру және оққу жұмысының әлеуметтiк мәнiн көтеру мақсатында мұғалiм
оқушыға сынып және мектеп бойынша еңбектерiнiң нәтижелерiн ,келешек
мамандықты игерудiң , еңбек iс -әрекеттерiндегi белсендiлiктiң қажеттiлiгiн
жете түсiндiре бiлу керек .
Мотивтер жас ерекшелiгiне байланысты өзгерiп отырады. Мысалы : кiшi
мектеп жасындағы балалар үшiн тiкелей талпындыру мотивтерi үлкен роль
атқарады . Ал ,ойдың талпындыру мотивтерi оқудың барлық сатысында болуы
қажет .
Оқу үрдiсi оқушылардың танымдық iс -әрекетi нәтижесiнде жүзеге асады,
ал танымдық iс -әрекетi негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiк
қалыптасады. Белсендi танымдық iс -әрекеттiң көздейтiн мүддесi, бiлiмнiң
қоғамдық мәнiн ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынның үдету қажеттiлiгi
негiзiнде дамиды. Белсендiлiктiң ең жоғарғы кезеңi оқушылардың алған
бiлiмдерiн өмiрде, тәжiрибеде нәтижелi пайдалана бiлу болып табылады. Демек
оқушылардың танымдық белсендiлiгiн қалыптастыруды арнайы ұйымдастыруды оқу
үрдiсiн жетiлдiрудiң негiзгi шарты ретiнде қарастыру қажет .
Мектеп оқушыларының танымдық белсендiлiгiн қалыптастыру мәселесiне
педогог – психологтардың әдiскерлердiң көптеген еңбектерi арналған.
Зерттеулерде танымдық белсендiлiк туралы әр түрлi пiкiрлер бар. Бiреулерi
танымдық белсендiлiктi iс -әрекетiнде қарастырса, екiншiлерi жеке тұлғаның
ерекше қасиетi ретiнде түсiндiредi .
А.Аристова танымдық белсендiлiктi қоршаған орта құбылыстары мен
заттарына сәйкес субьектiде жаңару, өзгеру әрекетiнiң пайда болуы ретiнде
қарастырса, Т.Сабыров : “оқушылардың оқудағы белсендiлiгi дегенiмiз – оқуға
қажеттi бiлiм мен дағдыны меңгеру және оларды өмiрлiк тәжiрибеде пайдалана
бiлуге үйренуге оқушының iстейтiн сапалы әрекетi” , - деп атап көрсетедi .
Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, белсендiлiк адамның өз бетiнше әрекет
етуге дайын болуға ұмтылысына, алға қойған мақсаттарға жету үшiн оңтайлы
жолдарды таңдай бiлуден көрiнiс табатын жеке тұлғаның сипаты ретiнде
айқындалады .
Белсендiрудiң қандай да бiр тәсiлi мен әдiстерiн пайдалануда оқушының
қабiлет дәрежесiн ескеру қажет . Күрделi танымдық мiндеттердi танымдық
қабiлет дәрежесi жоғары оқушылар ғана тапсыра алады. Оқушыға оның таным
күшiне сәйкес келмейтiн, мүмкiндiгiнен жоғары бiлiм деңгейiнен анағұрлым
асып түсетiн мiндеттер бiлiм беруде оңды нәтиже бермейдi .
Жоғарыда айтылғандай бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық iс -
әрекетi оқыту үрдiсiнде жүзеге асады. Осы жаста қарым -қатынас шеңберiнiң
кеңеюiнiң маңызы артады. Баладағы өтiп жатқан осы өзгерiстер педагогтерден
бүкiл оқыту – тттәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етедi.
Негiзгi iс - әрекет түрi оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдiсi
(қабылдау, ес, зейiн, қиял ,ойлау) дамиды .[15]
Бастауыш мектеп оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен
ерекшеленедi, сонымен қатар оларда бiлуге құмарлық , әуестiкте байқалады .
Олар өздерiне күнделiктi жаңа бiр нәрсенi ашып отыратындықтан қоршаған
ортаны қызығумен қабылдайды .
Олардың зейiнi де тұрақсыз болып келедi. Сондықтан бастауыш мектепте
оқыту мен тәрбиелеу үрдiсi, негiзiнен зейiндi тәрбиелеуге бағытталады.
Мектеп өмiрi балада ерiктi зейiнiн жаттықтыруды, назарын бiр орталыққа
бiрiктiру үшiн ерiк күшiн жинақтауды талап етедi. Балалардың ерiктi зейiнi
оқу мотивтерiмен бiрге дамиды .
Бұл жастағы балалар өте сезiмтал. Оның сезiмi тәуелсiз және өте ашық
болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берiлгiш
келедi. Балалардың қиялына мүмкiндiк берсе, оларды қандайда болсын бiр iске
оп-оңай-ақ тартуға жеңiл. Сонда балалар қиын iстердi де құштарлықпен
орындайды .
Баланың бүкiл өмiр бойында оның даму үрдiсi жүрiп жатады. Даму
үрдiсiнде баланың таным белсендiлiгi артып түседi. 6 – 7 жастағы балалар
заттарды түсiне, түрiне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын пайдалану
тәсiлдерiн бiлгiсi келедi. Күнделiктi өмiр барысында бала шындық дүниенiң
құбылыстары мен заттарын анықтай бiлуге, адам баласының жинақтаған бай
тәжiрибесiн үйренуге талпынады. Балалардың бiр нәрсенi құмартып бiлуге
талаптануын таным ынтасы дейдi. Балалар өте байқағыш, елiктегiш, әр нәрсеге
үңiле қарайды , көп нәрсе оларды ойлантады .[24]
Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын
олар ересектерден күтедi, өйткенi олардың түсiнiгiнше, ересектердiң
бiлмейтiнi болмайды. Мұндай ерекше сұрсқтар баланың ақыл-ой еңбегi мен
шұғылданудағы ниетiн ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала
сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебi, сұрағына жауап ала
алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниенi
тануына керi әсер етуiне әбден мүмкiн. Баланың қызығуын орнықтыратын :
мектеп ,оқу үрдiсi, тәрбие, мұғалiмдер ұжымы. Бала мектепке оқуға қызығып
келедi. Оқи бастаған соң жақсы оқыған пәнiне қызыға түседi, сәттiлiгi
көбейген сайын қызығуы арта түседi сәтiмен меңгеруге бiлiм қуаныш
туғызады. Пәнге қызыққан сайын бiлiмдi сәттi меңгерген бала алдымен оқудың
мазмұнына ,оқытудың әдiсiне қызыға бастайды . Бала әуелi жеке пәнге кейiн
бiрнеше пәнге қызығады . Сөйте – сөйте оқудың барлық саласына қызығуы дамып
өрiс алды . Тұрақты қызығу ересек және жас өспiрiм кезiнде орнығады .
Мақсатсыз жұмыс ең қызықсыз жұмыс. Сондықтан да оқушылардың оқуға
қызығуы туындауы үшiн олардың не iстеп жатқаын қандай нәтиже алатынын бiлуi
, сонымен қатар жұмыс мақсатының түсiнiктi болуы аса қажет . Оқушыларға
өздерiнiң бос уақытын мақсатты қолданып өз қызығуын қанағаттандыру үшiн iс
-әрекеттiң әр түрлiмен шұғылдануы қажет . Таңдап алған саладағы белсендi
оқу мен iс - әрекет , танымдық мүмкiндiктер туғызудың дамуына негiз болады
.
Адамның кез-келген әрекетi белгiлi себептен туып , нақты мақсатқа
жетуге бағытталған. Оқушы iс-әрекетiнiң негiзгi түрi : оқудың да өзiне тән
мотивтерi болатынын жоғарыда айтып кеттiк . Егер балалардың iс -әрекетiнде
мотив болмаса ол белгiсiз үрдiске айналуы мүмкiн . Мұғалiмге және оқушыға
тиiстi мотивтердi бiлу оның әрекетiнiң мақсатын дұрыс анықтау үшiн аса
қажет. Демек, қажеттiлiк пен қызығу осы түрткiге негiз болады .
Балалар бiлiмнiң қажеттiлiгiн сезiнуi қажет, ал қажеттiлiк олардың
оқуға деген қызығуын арттырады. оқуға байланысты негiзгi түрткiнiң бiрi
қызығу. Бұл адамды елiктiрiп әкететiн ынтызарлық оқудың жемiстi болуы оған
зорлап оқытуға болмайды . Ескертетiн бiр жайт, балаға барлығы оңай болатын
оқу ешбiр қызықты болмайды, таным мен қуаныш әкелмейдi .
Баланың қоршаған өмiрге қызығуы болса, ол өзiн қызықтыратын құбылысты
бақылауын күшейтедi, өзiнше оны ойлап байқайды, осыған байланысты өзiнше
шешiм шығаруға тырысады. Осындай iс - әрекет барысында қызығу өз - өзiнен
дамиды және баланың ақыл – ойы дамуына әсер етедi . Қызығудың ерекшелiгi,
оның әсерiнен iс - әрекет сипаты өзгередi . Қызығу бар кезде iс - әрекеттiң
жақсы нәтижесi ғана қамтамасыз етiлiп қоймай, оның сипаты тұтастай өзгередi
: белсендi , дербес және жан – жақты , шығармашыл тереңдетiлген .

1. 2. Бастауыш мектепте оқушылардың танымдық қызығушылығы мен шығармашылық
қабiлеттерiн дамытудың жолдары.
Бүгiнгi таңда жастарға әлемдiк ғылым мен прогресс деңгейiне сәйкес
бiлiм мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттiлiгiн, ойлау бiлу
мүмкiндiгiн жетiлдiру, сонымен қатар адамның кәсiби бiлiктiлiгiн,
iскерлiгiн арттыру әдiлеттi қоғамның мiндетi болып табылады.
Мiне осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты бiлiмдi, жоғары мәдениеттi, жұмысты
шығармашылықпен iстей алатын жеке адам қажет. Ондай адамды мектеп
дайындайды. Ол үшiн бастауыш сыныпта жеке пән оқыту арқылы оқушының
шығармашылық қабiлеттерiн арттырудың педагогикалық шарттарын таңдап алу
қажет. Сонымен қатар оқушының шығармашылық қабiлеттерiн дамыту жолдарын
тиiмдi ұйымдастыра бiлген жөн.
Осы ретте “шығармашылық” ұғымының мәнiн анықтауға келемiз.
“Шығармашылық” сөзiнiң төркiнi, этимологиясы, шығару, “ойлап табу” дегенге
келiп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетiстiкке қол
жеткiзу деп түсiну керек. Философиялық сөздiкте “шығармашылық -
қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәнi бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын iс-
әрекет” – деп түсiндiрiледi. [18].
“Шығармашылық ” деп жаңалық ашатын әркеттi атаған көрнектi психолог
Л.С.Выготский. Ал осы мәселенi терең зерттеген психологтардың бiрi
Я.А.Пономарев оны “даму” ұғымымен қатар қояды. Өйткенi әрбiр жаңалық,
әсiресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық
деңгейге көтередi деп есептейдi. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік оқыту студенттерінің тігін технологиясы арқылы эстетикалық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңыздылығы
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi жайлы
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Шығармашылық – адамның іс-әрекетінің жоғары формасы
Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер