Тұлғаның дамуы мен әлеуметтенуі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тұлғаның дамуы мен әлеуметтенуі

Тұлғаның әлеуметтену пролцесі жайындағы мәселені қоғам дамуының түрлі этаптарында көптеген ғаымдар қарастырып өтті. Олардың ішінде З. Фрейд, Ж. Пиаже, Б. Ананьев, Б. П. Парыгин, С. Л. Рубинштейн, К. А. Альбуханова - Снавская, И. С. Кон, Д. И. Фельдштейн, Н. В. Дельин, М. П. Дубинина, А. Ф. Помес. Олардың әрқайсысы өздерінің концепциясына сай «әлеуметтену» түсінігіне түрлі анықтамалар беріп өткен. Психологиялық сөздікте келесі анықтама берілген: «Әлеуметтену - бұл эволюциялық процесс. Ол субъектінің өзі индивидуалды іс - әрекетте, коммуникация факторында өзін жүзеге асырады ».

Жай сөзбен айтқанда, әлеуметтену - бұл индивидтің әрекет үлгісін, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды түсіну процесі. Әлеуметтену процесіне индивидті қоршағандардың барлығы қатысады: отбасы, көршілер, бала бақша, мектептегі құрдастары және т. б. Д. Спенсер бойынша әлеуметтену үшін үш фактордың әрекеті қажет: күту, әрекеттің өзгеруі және осы күтулерге сәйкес ұмтылыстар. Оның ойынша тұлғаның қалыптасу процесі 3 түрлі сатыда болады:

  • үлкендердің әрекетіне балалардың еліктеуі мен соны қайталау сатысы;
  • ойын сатысы, егер балалар жүріс - тұрысты рөлдердің орындалуы ретінде екенін түсінген жағдайда;
  • топтық ойындар сатысы;

Күтпеген жердегі әлеуметтік әсер ету кез келген жағдайда екі немесе одан да көп индивидтер өзара әрекеттескенде орын алады. Мысалы, үлкендердің өздерінің мәселесі жайындағы әңгімелер балаға жеткілікті түрде қатты әсер етеді, бірақ бұны тәрбиелеу процесі деп айту жеткілікті.

Бала түрлі әсерлерді енжар қабылдамай, субъектінің белсенді позициясына обьектінің әсеріне біртіндеп қосыла отырып әлеуметтенеді. Бала белсенді, өйткені ол балада қажеттіліктер бар, егер тәрбие осы қажеттіліктерді ескеретін болса, онда бұл баланың белсенділігін дамытуға икемдейді. Егер де тәрбиешілер баланың белсенділігін «тыныш отыр» деп төмендететін болса, онда деформацияланған, енжар тұлғаны қалыптастыруы мүмкін. Баланың белсенділі толығымен жоғалады, соның нәтижесінде тұлға әлеуметтік бейімделмеген, үрейленген болып қалыптасады немесе белсенділік түрлі компенсаторлық амалдар арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Баланың әлеуметтенуінің элементтерін З. Фрейд көрсеткен. З. Фрейд бойынша тұлға 3 элементтен тұрады: «ид» - қанағаттануға ұмытылуға түрткі болатын энергияның шығу тегі; «эго» -тұлғаның шынайы принцип негізіне орныдайтын және «супер эго» - өнегелі бағалы элемент.

Әлеументтенуді З. Фрейд тұлғаның үш құрастырушысы элементтің нәтижесінде болады деп айтқан. Бұл процесте Фрейд 4 сатыны көрсетеді, олардың әрқайсысы эрогенді зонадағы дененің белгілі бір бөліктермен байланысты: оральды, анальды, фамиалық және жыныстық кемелденген фаза.

Француз психологы Ж. Пиаже тұлға дамуының түрлі сатыдағы идеяларды сақтай отырып, индивидтің танымдық құрылымының дамуына акцент жасап, олардың тәжірибеге және әлеуметтік әсерлерге байланысты келесі құрылымды жасады.

Көптген психологтар мен социологтар әлементтену процесі адамның өмір сүру барысында жалғаса беретінін көрсетеді. Демек, адам өмір сүру барысында әлеуметтік қатынасқа түседі және мұның арқасында оның психикасында өзгерістер болуы мүмкін. Алайда «психиканың дамуы» және «әлеументтену» түсініктері ұқсас емес.

Әлеументтену дегеніміз психиканың өзгеруі мен тұлғаның қалыптасуы. Психика дамуының әлеуметтік процестерге қатысы болғанымен, тұла дамуы тек әлеументтенуге ғана ұқсас емес. Мұндай дамулар кем дегенде екі

процестің көмегімен жасалынады.

  • Әлеументтену
  • Тұлғаның өзінің дамуы.

Баланың ата-анасы әлеуметтенгендіктен, индивидке әсер етуден әлеуметтену басталады, ал бала алғашқыда тек биологиалық болмыс ретінде әсер етсе, кейін ол үлкендермен әрекеттесе алуға икемделіп және өз іс-әрекетіндегі әлеуметтік тәжірибесін қайталауға тырысады.

Тұлға дами отырып басқа адамға әсер ете алатындай әлеуметтік қатынастағы суъбект ретінде әсер етеді. Мұндай әсерлер әлеуметтену болып саналмайды, бірақ тұлғаның дамуына негіз бола алады.

Тұлғаның әлеуметтену құрылымын анықтау екі аспектідегі анализден тұрады: әлеуметтенудің статикалық және динамикалық құрылымын сәйкесінше шартты түрде белгілеуге болады. Сонымен қатар олардың жеке ішкі өзгерістерінің түрлі дәрежелері ескерілмейді.,

« Тұлға » түсінігі адамдағы әлеуметтік белгілерді, яғни бір жағынан табиғи бөлігі, екінші жағынан индивид болып келетін белгілерді көрсетеді. Бұл оның қоғамдық болмысы, ол тек қоғаммен бірге немесе тек оның негізінде дамиды. Әлеуметтену процесін анықтаушы фактор микроорта-өмір сүруде тұлғаға тікелей өзара әрекеттесетін әлеуметтік- саяси идеология, экономикалық факторлардың бірігуін көрсететін обьективті шынайылық.

Тұлғаның әлеуметтенуінің статистикалық құрылымы қоғамның дамуы кезініне қатысты анализге нақты жақындауға мүмкіндік береді. Сондықтан әлеуметтенудің статистикалық құрылымынң негізгі элементтерінің анализі олардың қозғалысы, өзгерістері өзара әрекеттесуі бұл процестің динамикалық құрлымын зерттеуге алып келеді. Динамикалық құрлымы статистикалық құрлымның элементтерінің өзгерістерін мойындауына негізделеді.

Әлеуметтену үш топқа бөлуге болатын көп факторлар арқылы жасалады. Осылайша әлеуметтену түсінігіне тұлғаны оқыту, тәрбиелеу дамыту түсініктері кіреді. Алайда әлеуметтенудің бағыттары, механизмдері және феномендері бар.

Әлеуметтік - психологиялық зерттеулерде қалыпты әрекеттерді көлемді жоспарда қарастыру керек, адамның жеке әрекетерін ғана емес, сонымен қатар жасалған әрекеттің әлеуметтік ортасын да таңдау қажет.

Әрекетті талдауда тұлға әлеуметтену кезінде төрт ортада болатынын ескерген жөн

  • Қалыпты жүріс тұрыс;
  • Әлеуметтік -психологиялық бейімделу;
  • Ауытқушылық қылық
  • Дұрыс емес қылықтар

Қалыпты әрекет өрісті тұлғаның қалыптасуы немесе қалыптаспауы - Ереже, Кодекс, Заң және т. б. салт - дәстүрге байланысты әдеттер түрінде көрінетін арқылы анықталған. Бұл өрісте тұлғаның тұлғаның дамуы процесі дисципнарлық, заңдық этикалық мүмкін болатын технологиялық қалыптарға және оларды міндетті әрекет түсінігі анықталмағандықтан әрекетті бағалау түрлеріне шекарасы тәуелді болады. Бұл мәселеде тікелей немесе жанама түрде әсер ететін көрсеткіщтер саны 20-дан 300 - ге дейін есептеледі, зерттеу 30 позициядан нормалық әрекетті 5 топқа бөлген.

1. Қоршаған ортамен қарым - қатынасқа түсе алуы:

- басқа адамдармен қарым - қатынасқа түсе алуға және әңгімеге араласуға мүмкіндік беретін минималды әрекеттер;

- кімде - кіммен әңгімеге түсе алуы;

- қызық мәселедегі әңгімеге түсе алуы, оны талқылап әңгімелесушінің сұрақтарына жауап бере алуы;

- басқа адамға оны тыңдап отырғаныңызды әңгімені ақылға қонымды ескертулер мен аяқтағаныңызды білдіртіңіз;

- басқа адамды тыңдап, оған өзіңіздің қызығушылығыңызды көрсетіңіз;

2. Әңгімелесушіге өзіңіздің позицияңызды білдіре алуы:

- сізге оның әрекеттерінен ұнайтындарды жақсы сөзбен жеткізу;

- сізге жасағандарына алғыс білдіретінді оған айту;

- өзінің күшіне сенімсіз болса қолдау көрсету;

- көмек сұрау;

- қандайда бір жұмысты қалай істеу керек екендігін түсіну;

- өзіңіздің қанағаттанбағаныңызды тікелей және адал білідріңіз;

3. Басқа адамның ойына көңіл бөле алуы:

- оның мақтауға тұратынын және оны бағалайтыныңызды білдіру;

- басқа адамның уайымына көңіл бөліп (эмпатия), өзіңіздің түсінетініңізді білдіріңіз;

- кешірім сұрау;

- көрсетілгендерді орындап, нұсқауларды қатал меңгере білу;

- басқа адамның тілегін ескеру;

- сәтсіздікке роцианальды әсерлену;

- басқа адамның ашуын түсіне алуы;

4. Адамдармен қарым - қатынасты жоспакрлай алу:

- сіз неге қол жеткізгіңіз келеді және ол қаншалықты шынайы екендігін шешіңіз;

- арнайы ақпаратты таңдай алуы;

- жұмысты орындау үшін шарттар жасай алу;

- жеке қабілеттерді дұрыс бағалау;

- қиын, күрделі әңгімелерден қашпай, оларға дайын болу;

5. Агрессивті әрекеттің алтернативін құрастыра білу;

- өзінің сенімдерін анықтау;

- үзілістер жібермей өзін басқару;

- талас - тартыста компромисті шешім таба білу;

Бала психологтан тұлғаның «қалыпты» белгілерін былай санайды:

  1. сіздің әлеміңізге қызығушылық;
  2. өмір философиясы мен өмір мағынасының болуы;
  3. бағалылардың иерархиясының болуы;
  4. шындықты әзілмен қабылдап бағалуға қабілеттілігі;
  5. сыртқы және ішкі өзгерістерге әсерленуге қабілетті тұлғаның бүтіндігі;
  6. рухани байланысты құрастыру қабілеті;
  7. қоғамның қалыпына әрекеттердің сәйкестігі.
  8. қоғамдық мақсаттарға бағыну;
  9. тұлғаның әрекетінің қалыпты сапаларының мұндай жіктеулері кеңінен тараған. Сонымен бірге оларды практикалық қолданулар белгілі бір қиындық тудырады. Мысалы, тұлға әлеуметтену қалыптастырған бағалылардың иерархиясы жағымды сапа болып табылады. Бірақ қылмыскерлер де өздерінің бағалау иерархиясы бар. Олар тұлға әрекетінде қалыпты емес;
  10. индивидуалдық көрсеткіштер қалыпты әрекеттердің толық көлемді белгілері болып саналмайды. Олардың анализінен тұлға жағымды әлеуметтік статусқа ие деп қорытынды жасау мүмкін емес. Әрбір ұсынылған көрсеткіштің жалған екені әшкерленуі мүмкін. Және бұл қалыпты ауытқушылық әрекеттері бар адамдар тұлғалық сапалардың салыстырмалы анализін мүмкін етпейді.

Әлеуметтік бағыттылық критериі, лидерлік сапалардың болуы немесе болмауы қорғңаныс деңгейі болып табылады. Оларға жататыны:

- жағымды әлеуметтік қондырғылар ;

- тұлғаның күшті типі;

- интеллекттің жоғарғы деңгейі;

- агрессиялық тенденцияның болмауы;

- әлеуметтік қайрымдылық сезімінің дамуы;

- қарым - қатынасқа түсушілік;

- конформизм және басқалар.

Мысал ретінде көрсетілген зерттеулер іс - әрекеттегі қалыптылық бағасының бірдей еместігін көрсетеді. Осының өзінде де әрекетті қалыптандыру анықталған көрсеткіш бойынша қажет. Таривті қойылымдар айлықты реттеу кезінде келесі көрсеткіштер қолданылады:

- маманданған шеберлік;

- қосымша жұмысты, өзіңнің қызметіңе қатысты жауапкершілікті талап ететін күрделі жұмысты орындауы;

- жұмыста шығармашылық көрсету (конкурста, семинарларда қатысу, жаңа әлеуметтік әдебиеттерді қарау) ;

- жаңа техникалық, экономикалық, ұйымдастыру және т. б. ;

- өз бетінше жұмыс істеу;

- тапсырмаларды өз уақытында орындау;

- жұмысты сапалы орындау және басқа көрсеткіштер.

Американдық компанияларда опаераторлардың аттестациялау кезінде жұмыстың 15 белгісін ескереді: Мамандық білімдер, байқаушылық, назар салушылық, жинақылық, мобильділік деңгейі, бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу қабілеті, ұжым арасындағы адамның орны т. б.

Ең маңызды детальді көрсету керек: барлық классификациялар да тұлғаның өнегелі - этикалық құрылымына тікелей қатысы бар көрсеткіштер аталып өтеді, өйткені бұл - маманданған сапаларды білдіреді. Жеке зерттеулер стратегиясын талқылауға сүйеғне отырып көрсетілген ерекшеліктер методологиялық және әдістемелік зерттеудің таңдауының негізгі қиындығымен бекітіледі.

Ауытқушылықты әрекеттегі балалардың типтік классификациясының негізіне әлеуметтік белгілер жатады. Оны 1914 жылы А. И. Зак әлемге таратты. Балалар 3 типке бөлінген:

  1. - тип. Кездейсоқ қылмыскерлер. Үлкенге қарағанда жиі кездеседі. Ауытқушылықтың психологиялық механизмі жеңіл: балалар құқықты білмей заңды бұзады, қылмыс жасағанын түсіне алмайды. Бірақ қаңғыбастықтың болуы отбасының толығымен шашырауына, жаплғыздыққа байланысты. А. И. Зактың ойынша, қаңғыбас балаларды тәрбиелеу оңай, жай жағдайда бір орында өмір сүреді, өздерін дұрыс ұстайды.
  2. - тип. Қылмыскер балаларға туыла пайда болған нашар тұқым қуалаушылық, психофизиологиялық ұйымдар.
  3. - тип. Ең кең таралғаны. Мұндай балалардың қылмысқа баруына екі күш себепті - аштық пен суықтық.

ХХ ғасырдың 20 - шы жылдары Ресей үшін негізгі мәселе панасыздық болды. Сондықтан қылмыстық деңгейдегі ауытқушылықтарға арналған классификациялар болды. Қылмыскер балаларды 5 топқа бөлді:

1 - топ. Эмоциональды және құмарлы субъекттер. Типтік бейнелері келесідей: құмарлық, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру - жыныстық эмоциясы, аппетит, азарт эмоциясы, өнегелі диффектілік т. б.

2 - топ. Әлсіз ерікті, еріксіз жалқау субъектілер. Тәрбие әсерлеріне оңай беріледі, бірақ басқалардың ықпалына тәуелді.

3 - топ. Қиялшылдар. Бұл қызметтік арманшылдар, жақсыға немесе жаман нәрсеге алып келетін елестеулері барлар. Тәрбиелеу педагогтың шеберлігіне байланысты.

4 - топ. Өнегелі және ақылды.

5 - топ. Психоневротиктер және психикалық аурулар.

4 - ші және 5 - ші топтағы балалар психопедагогикалық әсерлерге берілуі қиын. Психологиялық әдебиеттерде ауытқушылығы бар балаларды әлеуметтік тасталынған, жіберілген, тәрбиеленуі қиын, қалыпты емес және қиын әрекеттегілер деп атайды. Әрекеттегі нормативтіліктің алдымен тұлғаның әлеуметтену барысындағы әлеуметтік нормаларды, олардың түрлерін ғылыми тұрғыдан қарастыру қажет.

Тұлға индивидуалды деңгейде әлеуметтенуде бірнеше процесстерден

өтеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның маңызы
Тұлғаның рухани әлеуметтенуі
Жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындауда әлеуметтенудің рөлі
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЛЫПТАСУЫ
Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіру
Жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі әлеуметтік - педагогикалық атқаратын рөлі туралы
Орта мектептерде бесінші сыныпқа бейімделуге бейімделуі
Тұлғаның дамуы
Отбасындағы сәтсіздік түрлері балалық шаққа педагогикалық демеу беру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz