Білім беру, білім беру мақсаты, білім беру мазмұны ұғымдарын тұжырымдамалық тұғырлар тұрғысынан қарастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 228 бет
Таңдаулыға:   

Дәрістер мазмұны

1-дәріс: «Тұлғаның дамуына арналған білім беру» пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеттері. Білім беру - қоғамдық құбылыс және педагогикалық феномен. «Білім беру», «білім беру мақсаты», «білім беру мазмұны» ұғымдарын тұжырымдамалық тұғырлар тұрғысынан қарастыру.

1. 1. «Тұлғаның дамуына арналған білім беру» пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеттері.

Курстың мазмұны студенттерді тұлғаны жеке тұлғалық дамытудың теориясын, әдістемесін және технологиясын меңгеруге даярлау.

Курстың мақсаты: студенттерді мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, жеткіншек жастағы балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында педагогикалық қызмет жасауға даярлау; жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиеленуінің жасына және жеке ерекшеліктері туралы білім жүйесін меңгерту; олардың дамуы мен тәрбиеленуінің есепке алу біліктілігін қалыптастыру; балалар мен жасөспірімдердің жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру және тәрбиелеу ортасының субъектілерінің бірлескен әрекеті мен өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға даяплығы мен қабілетін қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

-студенттерді әртүрлі жастағы балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту жайлы түрлі теориялар, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, жеткіншек жастағы балалар үшін негізгі білім беру бағдарламалары туралы білімдермен қаруландыру;

-ойын және оқу әрекетінде балалардың дамуы мәселелері бойынша білім беру мекемелері педагогтарымен және басқа да мамандармен тиімді өзара әрекеттесе алуға үйрету;

-балалардың психикалық дамуы мәселелері бойынша педагогтар мен ата-аналарды психологиялық тұрғыдан оқытуға даярлау;

- студенттерді әлеуметтік қолдау мен көмек көсету ббаағдарламасын жасау, ұсынылған диагностикалық және түзетушілік-дамытушылық міндеттерді шешуге, дамуында ауытқушылықтар бар балалардың түрлі типтерімен олардың жасына және жеке ерекшеліктеріне сай жеке және бірлескен әрекет ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әдістер мен технологияларды қолдану біліктілігімен қаруландыру;

Студенттердің негізгі құзіреттіліктері:

Курс барысында студенттер

білуі тиіс:

  • жеке тұлғаның мәнді сипаттамасы, тұлғаның даму ерекшеліктері, тұлға дамуының қозғаушы күштері, тұлғаның психикалық дамуының негізгі бағыттары мен үрдістері туралы;
  • адами әрекеттің мәні, адамның әрекет субъектісі ретіндегі мәселелері, қимылдар мен әрекеттің психологиялық ерекшеліктері, адам әрекетінің түрткілері, түрлері туралы.

игеруі керек:

  • ақпаратты, педагогикалық байқаулар мен диагностика нәтижелерін жинастыру мен алғашқы өңдеуді;
  • бала туралы құжатты оның мәселелерін білім беру мекемелерінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумында талқылау үшін жинастыру және дайындай алуды;
  • білім алушылардың қызығушылықтарын, қиындықтарын, мінез-құлқындағы қақтығыстар мен ауытқуларды анықтай алуды.

қалыптасатын дағдылар:

-организовать индивидуальную и совместную учебную деятельность обучающихся, основанную на применении развивающих образовательных программ.

  • балалар дамуының жас ерекшеліктеріне сай олардың бірлескен және жеке әрекеттерін ұйымдастыру, түрлі жастағы балалар әрекетінің өнімді түрлерін ұйымдастыру;
  • білім алушылардың білім алу траекторясын құру және өзгерту, өзінің кәсіби әрекетінің тәсілдері мен нәтижелерін құру және өзгерту;
  • білім беру, сауықтыру және дамыту-түзету бағдарламаларының кәсіби міндеттерін іске асыру;
  • білім алушылардың дамытушы білім беру бағдарламаларына сүйенген жеке және бірлескен әрекет ұйымдастыру.

1. 2. Білім беру - қоғамдық құбылыс және педагогикалық феномен.

Педагогикалық жүйені айқындайтын негізгі компоненттердің бірі - білім берудегі мақсат. Ол қоғамның қажеті мен талабына, әлеуметтік жағдайына үйлесімді саясатына байланысты. Ал педагогикалық жүйені құрудың мақсатын белгілеу дидактикалық- психологиялық талаптар негізінде айқындалады.

Дидактика тарихын зерттеуші ғалымдардың оқыту мақсаты жөніндегі пайымдауларын негізге алғанда бұл саладағы пікірлерді екі топқа бөліп қараған жөн. Бірінші топтағылар оқытудағы мақсат - тұлғаның ақыл-ойын, есін, қабілетін дамыту деген түсінікті ұстанады. Сол себепті педагогика ғылымында бұларды «Формалдық білім берушілер» деп атайды. Ал екінші топтағылардың ұстанымы - білім берудін мақсаты ғылым негіздерін меңгертіп, өмір үшін кажетті де нақты түсінік қалыптастыру деп түсіндіреді. Осы орайдан бұларды “білім берудегі материалистік” көзқарастағылар деп атайды.

Қазіргі дидактикада түлғаның дамуы білім негіздерін меңгеруге тәуелді деген ұстанымды тұтынады. Сондықтан да білім негіздерін меңгеруде жалпы білімдік мақсатты айқындайтын міндеттерді былайша белгілейді:

Оқушыға жүйелі түрде білім беруде табиғат, қоғам, техника, мәдениет туралы білімдендіріп, шәкірттің алған білімін тиісті деңгейде өмірге үйлесімді ілгері дамытуға бейімдеуді қамтамасыз ету;

Оқушының қызығушылығын, қабілетін, ақыл-ойын, зейінін, қиялын, есін, сезімін, ерік қасиеттерін, таным-түсінігін және практикалық іскерлігін дамыту; негізгі де басты бағдар орта оқу орнын бітіруші өзін-өзі жетілдіріп, білімдік таным қабілетін, ойлана білу деңгейін өрістетіп дамыту;

Ғылыми көзқарасын, имандылық, адамгершілік, эстетикалық т. б. сапалық қасиеттерін қалыптастыру;

Өзін-өзі білімдендіру қабілетін қалыптастырумен қатар, өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге деген қажеттілікті өрістете түсу керек, өйткені дамудағы көз ілеспейтін жылдамдық, заман талабы тоқтаусыз өркендеуді қажет ететіндіктен әр тұлғаның үнемі оқып ізденуін талап етсе, оларды сол деңгейде болуға баулу негізгі шартқа айналғандығын әмісе ескеру;

• Өндірістің негізгі түрлері мен ондағы атқарылатын еңбекті ұйымдастырып, басқару жүйесі жөнінде білім беру және техникалық құрылымдарды пайдалана алу жолдары туралы тиянақты түсінік қалыптастыру жағын қадағалау керек.

Білімнің мазмұны. Білім берудегі мемлекеттік стандарт .

Қазіргі кезеңдегі білімнің мазмұнын айқындауға қойылатын басты бағдарлардың бірі - мемлекеттік стандарт , былайша айтқанда, мемлекеттік жұйедегі бірыңғай норма мен талапты жүзеге асыру міндетін шешу. Кеңестік кезеңдегі орта мектептер біртекті, бірыңғай жүйеде болды да, жоғарыдан жасалған оқу жоспары мен пән бағдарламалары негізінде оқылатын. Онда аймақтық жергілікті ерекшеліктер мен оқушыньщ тұлғалық өзгешеліктеріне мән берілмей эмпирикалық жүйе жүзеге асырылатын. ТМД (тәуелсіз мемлекеттер достастығы) құрамында болған елдер 1996 жылдан бастап «Білім беру туралы» заң жобаларын қабылдап, онда мемлекеттік стандарт мәселесін жүзеге асыру міндеттері белгіленді. Осы орайдан Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекет стандартында басшылыққа алынатын үш денгей көрсетілген:

  1. Тұлғаға берілетін білімнің әлемдік мәдениеттің қол жеткен табыстарына үйлесімділік (интеграциялық) мәнде болуы;
  2. Білім мазмұнының аймақтық, ұлттық танымға сәйкестігі және білімдендіруде елдің тілі мен әдебиеті, тарихы, жағрафиясы, өнері, дәстүрлік салты ескерілетіндігі т. б.

Берілетін білімді жүзеге асыратын оқу орнының ерекшеліктеріне сай тұлғаның мемлекет алдында, ал мемлекеттің тұлға алдында жауапкершілігі қатаң сақталып, білімнін терең де тиянақты болуы және оқу жүктемесінің нормалық талап деңгейіне сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету көрсетілген.

Білім бағдарламасы . Білім бағдарламасы дегеніміз берілетін білімнің деңгейі мен мазмұндық бағдарын айқындайтын білімдік жүйе. Мұнда ұстанатын бағдар оқушыға берілетін жалпы және кәсіби білімнің құрылымына кіретін мектепке дейінгі дайындық, бастауыш мектеп, жалпы орта білім мен кәсіби орта білім.

Бастауыш мектепте білімдендірудің міндеті - оқушыны кітап оқи білуге, жаза білуге, есептей алуға және білім ала білу жолдарына үйрету, ал орталау мектеп болса ғылымның негізгі салалары бойынша білімдік түсінік қалыптастыру болып табылады. Ал толық орта дәрежелі мектепте болса, ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеруі мен олардың бойына жеке бастың және этникалық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі айқындауы мен кәсіби бағдарға бейімдеу болып табылады. Бұл салада әрбір пәннің мазмұндық жүйесі базалық негізгі білім беру деңгейімен қиысады да тиісті ұғым-танымдық шеңберде аяқталып отырады. Оқу пәндерін таңдауы бойынша зерделеу үшін оқу жоспарынын вариативтік бөлігі кеңейтіледі. Бейімдеу алдындағы даярлық жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудің үшінші сатысы жаңа көзқарасқа құрылған. Мұнда оқытудың мазмұнын саралау, ынталандыру, кәсібилендіру және тұлғаның өз бетінше білімін кеңейтіп, тереңдету көзделген. Сндай-ақ оқушының әлем, қоғам және адам туралы жүйелі түсінікті меңгеруіне зейін қойылған.

Техникалық және кәсіби білім беру бағдарламасы жеке тұлғаның және жеке әлеуметтік топтардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, қоғам мен еңбек рыногы талабына қызмет ете алатындай жоғары білікті жұмысшы кадрлары мен мамандыққа деген қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталады.

Ал орта білімнен кейін, жоғары білім болып саналмайтын кәсіби білім ЮНЕСКО-ның ұсынысына сәйкес білікті маман даярлау бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Қазіргі кезеңде дидактика педагогика ғылымының дамыған, неғұрлым қалыптасқан маңызды да күрделі саласы ретінде қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде мектеп алдына қойылатын жаңа аса жауапты міндеттерді ойдағыдай шешу барысында үнемі дамып отыратын ғылым. Орта білім беру жүйесінде дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, құрылымын, оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарын, ерекшеліктерін, талаптарын, шарттарын, оны ұйымдастару әдістері мен формаларын және технологиясын, оқыту нәтижелілігін зерттейтін педагогиканың маңызды саласы болып табылады.

Дидактиканың тарихи тамырларын зерттеу - бүгінгі таңда орта жалпы білім беретін мектептегі пәндерді оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарын жүйелеу, білім құрылымы мен мазмұнын жетілдіру, жаңа сапалы білімге қол жеткізу үшін аса құнды.

Дидактиканың негізін салған педагог Я. А. Коменский өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегінде дидактика ұғымына анықтама беріп, оның зерттеу нысандарын, ұстанымдарын анықтап, оны ғылыми жүйе ретінде негіздейді, оқытудың әдіс-тәсілдерін ұсынады.

Ресей педагог-дидактары М. Н. Скаткин, Б. П. Есипов, М. А. Данилов, Л. В. Занков, В. В. Краевский, И. Я. Лернер, Ю. К. Бабанский, В. С. Леднев, Б. Гершунский оқыту ұстанымдары, оған қойылатын дидактикалық талаптар, білім мазмұны мен құрылымы, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары, мектеп оқушыларының меңгеруге тиісті білім көлемі, оқу әрекеттері, пәннің мазмұнына қойылатын талаптар, жаңа оқыту технологияларын ғылыми тұрғыдан пайымдайды. Олардың еңбектерінде: «Білім - адам, қоғам, табиғат, заттар мен құбылыстар жайлы ғылымда жинақталған білім жүйесі; адамзаттың жинақтаған мол тәжірибесі; ұғымдардың, заңдылықтардың, тұжырымдардың, қағидалардың, деректердің, пайымдардың жиынтығы т. б; Білім беру - қоғамдық, әлеуметтік, мәдени құбылыс; қоғам мен мемлекеттің өзінің азаматына қатысты функциясы; тұлғаның мәдениеті, мәдени құндылық; білім, білік, дағды-машықтардың және ойлау құралының жүйесі; ғылыми көзқарастар, шығармашылық қабілеттер мен мүмкіндіктерді дамыту үдерісі; терең сапалы білім негізінде жеке тұлғаның еркін бағдарлай білу, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамыту үдерісі; білім, білік, дағды мен іс-әрекеттердің жиынтығы және оны жүзеге асырудағы адамның іс-тәжірибесі; білім берудің тұтастығы, нәтижелілігі т. б. Білім берудің мазмұны - дидактиканың негізгі нысанасы; ғылыми білім мен білік, оқу дағдыларының қалыптасу жүйесі; өзіндік шығармашылық, ізденушілік әрекет тәжірибесі; жеке тұлғаның жан-жақты дамуының сапалық мазмұны мен сипаты. Оқыту - дидактиканың маңызды категорияларының бірі; оқытушы мен оқушының өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынасы, іс-әрекеті; білім беру, біліктері мен дағдылары, іс-әрекеттерді меңгерту процесі; белсенді шығармашылық әрекетті басқарудың негізгі жолы; сапалы білім беру, тәрбие, дамыту мқсаттарына сай оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған арнайы ұйымдасқан іс-әрекеті т. б. Оқыту үдерісі - мұғалім мен оқушылардың мақсаттылыққа бағытталған үйлесімді іс-әрекетінің нәтижесінде жеке тұлғаның толық, терең, сапалы білім меңгеруі, танымдық және өзіндік шығармашылық қабілеттерінің дамуы; біліктер мен дағдыларды қалыптастыру тәжірибесінің көзі» деп қарастырылды.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Заңы. «Білім туралы» Алматы: ЖШС «Издательство «Норма-К», 2013. - 64 бет.

2. Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы» Заңы. Астана, 2011.

3. «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. // Ана тілі. № 52 (1153) 21 желтоқсан 2012 - 4 қаңтар 2013 жыл, 1, 8-13 беттер.

4. «Қазақстан жолы - 2050»: бір мақсат, бір м. дде, бір болашақ. . Қазақстан Республикасы Презиленті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан. № 11 (28235) 18 қаңтар, 2013 жыл, 1 - 8 беттер.

5. «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіңжаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасы Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы - Алматы: Юрист, 2013. - 44 б

6. Конституция Республики Казахстан //В редакции Законов Республики Казахстан от 07. 10. 1998 г. N284-1, 21. 05. 2007 г. №254-III ЗРК (на казахском и русском языках) .

7. Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2011 - 2020 годы. - Астана, 2011. (на казахском и русском языках) .

8. Концепция государственной политики в области образования. - Алматы: Казахстан, 1995. - 35 с.

9. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. // Ана тілі. № 52 (1153) 21 желто0сан 2012 - 4 қаңтар 2013 жыл, 1, 8-13 беттер.

10. Агеев В. В. Психология созидания или Образование как шанс стать самим собой. Пособие для педагогов-исследователей. -Волгодонск. - 1994. 84

2-дәріс: Білім беру мазмұны. Білім беру мазмұны жобалау теориялары (проблемалық дәріс) .

Педагогика ғылымында білім мазмұны теориясы (М. Н. Скаткин, В. П. Беспалько, В. В. Краевский, И. Я. Лернер, В. С. Леднев, Л. Я. Зорина, А. В. Усова және т. б. ), жалпы орта және кәсіптік-техникалық білім мазмұны, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің оқу пәнін құрастыру теориясы жасалынған. Педагогика ғылымының зерттеушілері оқу пәндеріне материал іріктеу ұстанымдарына байланысты барлық идеяларды талқылап отырды. Бұл идеялар ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы оқу бағдарламаларын жетілдіруде көрініс тауып отыр. 1965 жылдың өзінде «Советская педагогика» журналында «Ғылым және оқу пәні» атты пікірталас ұйымдастырылып, білім мазмұнын таңдау ұстанымдары туралы мәселе көтерілген еді. «Оқу пәні» түсінігінің дамуында оқытуды ғылыми негіздеу мен жалпы орта білімінің теориялық негіздері әдіснамасы саласындағы іргелі зерттеулер маңызды кезең болып табылады. (В. В. Краевский және т. б. ) . Бұл ретте «білім мазмұны», «оқу пәні», «ғылым негіздері» сияқты түсініктердің мәні терең зерделенеді, оқу пәндерінің қызметтері анықталды, олардың мазмұнындағы жетекші компоненттер бөлініп алынып көрсетілді, оқу пәндерінің типтері анықталды, шын мәніндегі оқу пәнінің дидактикалық моделі жасалды (И. К. Журавлев) . Жоғары оқу орындары пәндеріне қатысты бұл бағыттар қазіргі уақыттың талаптарын ескере отырып қайта жасалды.

Білім мазмұнын құру мәселесімен айналысатын ғалымдар, ғылымның, білім жүйесі ретінде білім мазмұнының құрамына және құрылымына әсер ету үдерісін зерттеп, ғылымның білім мазмұының барлық құрама бөлшектерінде көрінетінін байқаған. Олар білімнің үш аясын бөліп көрсетеді: жеке пән бөлімдері, танымның арнайы әдістері жөніндегі бөлімдер және тарихи-ғылыми бөлімдер. Білім мазмұнының білім секілді құрама бөлшектерінде ғылымның барлық құрылымдық бөлшектері көрінеді, алайда оқу пәнінің басты қызметіне байланысты олар әртүрлі болады. Пәндік ғылыми білімдер ғылым негіздері (физика, химия, биология, астрономия, тарих, география) жетекші бөлік болып табылатын оқу пәндерінде ғылымның барлық құрылымдық бөліктері-ұғымынан бастап теорияға дейін көрініс табады (С. И. Архангельский және т. б. ) .

Зерттеушілер білім мазмұнын анықтау үшін негізгі үш шартты: біріншіден: ғылымның дамушы салаларын түсінуге және меңгеруге, сондай-ақ, соған сәйкес дағдылар мен іскерліктерді игеруге қажетті, жеткілікті деңгейде тұрақты іргелі және қолданбалы білімдердің кейбір көлемдерін анықтау ; екіншіден , ғылым мен техниканың сәйкес салаларының негізгі бағыттарын, идеяларын және қарқынын айқындау ; үшіншіден , студенттердің жалпы және ғылыми дамуының деңгейіне, олардың дүниетанымына және көзқарастарына қойылатын нақты талаптарды ұсынуды қарастырады.

Ғалымдар анықтаған ғылыми пәннің белгілерін жүйелей және қорытындылай отырып, ғылыми пәнді құрастыру қағидаларын ұсынды:

  • пән - білім жүйесінің талабына сәйкес оқытуға бейімделген ғылыми

білімдер, процедуралар, әдістер тобы және мазмұны;

  • ғылыми пәннің жеке зерттеу пәнінің болуы; зерттеу мен оқытуда пайдаланатын әдістер; теорияны құрастырудың арнайы тәсілдер; әдіснамалық бағдар; ғылыми пәннің басқа пәндермен өзара байланыстары; басқа пәндер үшін теориялық және әдіснамалық мәнділігі; әлеуметтік маңыздылығы: ғылыми мектептер, зерттеуші топтар

және т. б.

  • пәнді қоғамның мойындау дәрежесі; зерттеу нәтижелерінің практикаға қосқан үлестерінің

мүмкіндіктері;

  • зерттеу міндеттерін шешудің құндылықты мақсаттары мен үлгілері.

Бұл ережеде ғылымның пәндік моделін бағалау үшін жеткіліксіз болып

табылады. Зерттеушілердің пайымдауынша, ғылым оқыту үрдісінде белгілі бір бағыт-бағдар бергенмен, бұл оның басты қызметі емес. Оқу пәні ғылымды толығымен қамтымайды, оның негізін ғана білдіреді, себебі оқитын адамның дайындығы мен жасы, оқыту міндеті ескеріледі, оның негізгі қызметі - оқыту. Пән ғылым жүйесінің нақты көшірмесі болуы міндетті емес. Пән құрылымын анықтауда біліммен қаруландыру міндет бірінші орынға шығарылады. Оқулықты құрастырғанда ғылым мәліметтерінің жаңа көшірмесі жасалмайды, ғылым жүйеленіп, ұғымдар нақтыланып, тереңдей түседі. Оқулық өзінің негізгі оқыту қызметін атқара отырып, белгілі бір жүйеде құрылады. Кей жағдайда оны құрастырудың осы жүйесі ғылымның өзіне де оң ықпалын тигізеді. Оқу пәні ғылымдағы тиімділерін өзіне кіріктіре отырып, ғылыми нәтижелерді тексеруге қызмет етеді. Ғылыми ұғымдар, оқу пәнінде шығармашылықпен қайта өңделгеннен кейін, ғылымда нақтыланып, өзгерген түрде пайдаланылуы мүмкін.

Бұл тұрғыда оқу пәндері әлеуметтік шындықтың көптеген аймақтарымен байланысқан тарихи дамуда болатын педагогикалық практиканың аясында қалыптасады және қызмет етеді.

Оқу пәнін құрастыру мәселесі белгілі бір дәрежеде білімді іріктеу және сол білім түрлерінің өзі қалыптасқан мәдени қордан алынуының, оқу-тәрбие үрдісіне сәйкес іріктелген білім жиынтығын ретке келтірудің, білім компоненттері мен сол білім түрлерінің өзін ажыратудың, білімді сұрыптау және жіктеудің өлшемдерінің мәселелері болып табылады. Қазіргі педагогикалық әдебиетте оқу пәні бірнеше компоненттерден тұратын құрылымы ретінде көрсетіледі: идеялық-теориялық түйін; базалық (негізгі) мазмұны; қызметтік (қосымша) мазмұны және факультативтік бөлігі.

Осы тұрғыда, оқу пәнінің жобасын құрастыру үшін төмендегідей тапсырмалардың мағынасы зор екендігі дәлелденді. Ол тапсырмалар:

  1. Құрастырылатын оқу-танымдық әрекетінің пәндік аймағын анықтау:
  • танымдық қызметке кіретін объектілер шеңберін сызып көрсету;
  • көрсетілген нысандарды зерттеп-үйрету үшін қажетті ұғымдар,

мәселелер мен әдістер тізбегін бағыттап көрсету.

2. Оқу пәні шегінде игерілетін заңдылықтарды тұжырымдау.

Оқу пәні заңдардың, ұғымдар мен ғылыми әдістерінің қарапайым жиынтығы емес, басқа да маңызды компоненттерден тұрады, бұл тұғырда оны оқыту мен тәрбиелеу үшін арнайы жасалған «ерекше білім» деп қарастыруға болады. Ертеректе, оқу пәнін ғылым негіздерінің синонимі деп қарастырады, бұл оның тар мағынасы еді, шындығында оқу пәнінің құрамына түрлі мазмұнды игеру үшін қолданылатын тәсілдер енгізілген.

Оқу пәні-оқыту үдерісінде оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған жалпы орта білім мазмұнын жүзеге асыратын құрал.

Білім мазмұны мен оқыту пәні бір-бірімен мақсат және құрал ретінде байланыста болады. Оқу пәні мен ғылым негіздері - біртұтас ұғым, ал оның құрамдас бөлігі болып табылатын «оқу пәні» құрамы және жүйесі жағынан мазмұнын мен үдерістен құрылған. Оқу пәні 2 блоктан тұрады: негізгісі - мазмұн мен құралдар блогы, немесе, үдеріс блогы.

Оқу пәндері мазмұнындағы жетекші компоненттік рөл атқаратын блоктар:

1. Мазмұндық блок: пәндік ғылыми білім, әрекет тәсілдері; шығармашылық әрекеттегі тәжірибе; құндылық қатынастардағы тәжрибе.

2. Үдерістік блок: қосымша білім кешені; әрекет тәсілдері; үрдісті ұйымдастыру түрлері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
Педагогиканың шығуы және дамуы
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
Оқушылардың ұлттық келбетін қалыптастырудағы Қазақстандық ғалымдардың патриоттық мәселелерге байланысты ой-пікірлері
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тарихи-педагогикалық білім беруді жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz