ТҰЛҒА ДАМУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ШАРТТАРЫ


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ТҰЛҒА ДАМУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ШАРТТАРЫ

Орындаушы:

4 курс студенті Ерғазиева М. С.

(қолы)

Ғылыми жетекші:

п. ғ. к., доцент Төлешова Ұ. Б.

(қолы)

Рецензент:

ҚызПИ п. ғ. к.,

доцент Дайрабаева А. Е.

(қолы)

Норма бақылаушы:

жалпы және этникалық

педагогика кафедрасының

оқытушысы Сатывалдиева А. С.

(қолы)

Қорғауға жіберілді

«___» 2008 ж.

Жалпы және этникалық педагогика

кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. д., профессор Исаева З. Ә.

(қолы)

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ
:
КІРІСПЕ4: КІРІСПЕ 4
:
:
КІРІСПЕ4:
:
: 1
КІРІСПЕ4: ТҰЛҒА ДАМУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
:
: 1. 1
КІРІСПЕ4: Тұлғаның психологиялық - педагогикалық дамуы туралы ой-пікірлері
: 7
: 1. 2
КІРІСПЕ4: Тұлғаны диагностикалаудың психологиялық - педагогикалық шарттары
: 17
: 1. 3
КІРІСПЕ4: Студент жастардың психологиялық - педагогикалық даму ерекшеліктерінің моделі
: 27
:
КІРІСПЕ4:
:
:
КІРІСПЕ4:
:
: 2
КІРІСПЕ4: ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
:
: 2. 1
КІРІСПЕ4: Студент жастарға педагогикалық-психологиялық диагностикалау жұмысы негізінде тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастыру жолдары
: 43
: 2. 2
КІРІСПЕ4: Эксперименттің максаты, міндеттері және әдістеріне сипаттама
: 47
: 2. 3
КІРІСПЕ4: Эксперименттік практикалық зерттеу нәтижелерін талдау, өңдеу, қорытындылау
: 68
:
КІРІСПЕ4:
:
:
КІРІСПЕ4:
:
:
КІРІСПЕ4: Қорытынды
: 78
:
КІРІСПЕ4:
:
:
КІРІСПЕ4: Қолданылған әдебиеттер тізімі
: 79
:
КІРІСПЕ4:
:
:
КІРІСПЕ4: Қосымшалар
: 82

РЕЗЮМЕ

ТҰЛҒА ДАМУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ШАРТТАРЫ

Зерттеу мақсаты: қазіргі студент жастармен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық қызметтің шарттарын теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Зерттеу объектісі: Жоғары мектептің оқу-тәрбие процесі

Зерттеу пәні: Тұлға дамуын педагогикалық - психологиялық диагностикалау процесі.

Зерттеудің болжамы:

Егер:

- тұлға дамуын диагностикалаудың шарттарының ғылыми мазмұны теориялық тұрғыдан негізделсе ;

- студент жастардың педагогикалық - психологиялық даму ерекшеліктерінің моделі құрылып критерилері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалып, шарттары анықталса;

-студенттермен жұмыс істеу ұдайы қарастырылса, онда студенттердің дамуына үлкен көмегін тигізіп, бойында ізгі қасиеттер сіңірілген жеке тұлға қалыптасуына ықпал етеді және іс-әрекеттерінде көрініс тауып, нәтижесінде адами қасиеттердің иесі, толық қанды дамыған тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туады.

Зерттеудің міндеттері:

- Студент жастарға педагогикалық-психологиялық жеке көмек беру;

- педагогикалық, психологиялық ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, студент жастардың тұлғасының жан-жақты, тұлғалық, жеке даралық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;

мектеп әкімшілігімен сынып жетекшілерінің және ата-аналардың

сұраныстары бойынша педагогикалық-психологиялық қызмет,

Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы: Тұлға дамуын диагностикалаудың қажеттілігі ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұлға дамуының педагогикалық - психологиялық ерекшеліктерінің моделі дайындалып, тәжірибелік эксперименттер жүргізілді.

Зерттеудің негізгі ойы: студент жастардың дамуын диагностикалаудың педагогикалық-психологиялық шарттары негізінде жеке тұлға қалыптасуы мен өзіне тән ерекшеліктерді бойына жинақтауға ықпал етеді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: студент жастардың дамуын педагогикалық-психологиялық диагностикалау, психологиялық, әлеументтік, педагогикалық еңбектерді сараптап, басшылыққа алуымен қамтамассыз етілді.

Бітіру жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттері тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе

Бүгінгі таңда басты мақсаттардың бірі білімді, мәдениетті, шығармашыл, белсенді және адамзаттық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады. Жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, зерттеу, білу- оның даму бағытын айқындаудың басты шарты.

Олай болса, қазір қоғам алдындағы негізгі міндеттердің бірі - заман сұранысына сай дайындауда студент жастардың дамуын диагностикалаудың педагогикалық - психологиялық шарттарын айқындау қажеттігі туындап отыр.

Осындай себептерден кейін студенттермен педагогикалық-психологиялық жұмыс жасау, психологиялық кеңес беру, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда психологиялық көмек қажеттілігі туындап зерттеу тақырыбына арқау болуда.

Тұлға дамуын қарастырмас бұрын «тұлға» дегеніміз не?

А. Н. Леонтьевтің [1. б. 88. ] пікірі бойынша «Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі» - деп қарастырады.

Тұлғаның дамуы мен қалыптасу факторларына отандық және әлемдік ғалымдар әр тұрғыдан қарастырып кеткен. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық- педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан .

Мәселен, ( Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, З. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т. б. ) . [ 2. б. 89-112. ]

Ал, отандық тұлғаның жас ерекшеліктеріне қарай даму жүйесін Қ. Б Жарықбаев [3. б. 48-55. ], диагностикалық бағыттарын С. М. Жақыпов, Ф. Бизақова, Л. Көмекбав[4. б. 77-95. ] және т. б. ғалымдардың еңбектері болса, педагогикалық-психологиялық іс-әрекет арқылы даму мәселесімен әлемдік ғалымдардан Н. В Кузьмина., А. А Реан [5. б. 244., В. А. Сластенин [6. б. 12-28. ] Л. С. Выготский [7. б. 112-128. ], және т. б. ғалымдар зерттеп, өзіндік үлес қосқан.

Дегенмен, жоғарыда аталған ғылыми жұмыстарды саралай келе біздің зерттеу нысанымызға алып отырған тұлға дамуын диагностикалаудың педагогикалық-психологиялық шарттары мәселесі әлі де болса жеткілікті дәрежеде ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегенін анғардық. Бұл мәселе, кеңінен талданып педагогика және психология ғылымынан тиесілі орын алуы керек деп санаймыз. Өйткені, егеменді еліміздің ұрпақ жалғастығын дайындайтын университет қабырғасында білім алушы студент жастардың дамуын педагогикалық - психологиялық тұрғыдан диагностикалаудың маңыздылығын айқындап, соның негізінде дамытудың маңызы ерекше.

Зерттеу барысында айқындағанымыздай бұл өзекті тың тақырып бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде шешімін таппаған. Сондықтан, студент жастардың дамуын диагностикалау өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын “Тұлға дамуын педагогикалық - психологиялық диагностикалаудың шарттары” -деп таңдап толық мәлімет беру үшін студент жастарды зерттеуді жөн көрдік.

Зерттеу объектісі: Жоғары мектептің оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: Тұлға дамуын педагогикалық - психологиялық диагностикалау процесі.

Зерттеу мақсаты: қазіргі студент жастармен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық қызметтің шарттарын теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Зерттеудің міндеттері:

- Студент жастарға педагогикалық-психологиялық жеке көмек беру;

- педагогикалық, психологиялық ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, студент жастардың тұлғасының жан-жақты, тұлғалық, жеке даралық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;

  • мектеп әкімшілігімен сынып жетекшілерінің және ата-аналардың сұраныстары бойынша педагогикалық-психологиялық қызмет, психологиялық сақтандыру, диагностикалық түзету, психокоррекциялық жаттығулар, кеңес беру жұмыстарын жүргізу;

Зерттеудің болжамы:

Егер:

- тұлға дамуын диагностикалаудың шарттарының ғылыми мазмұны теориялық тұрғыдан негізделсе ;

- студент жастардың педагогикалық - психологиялық даму ерекшеліктерінің моделі құрылып критерилері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалып, шарттары анықталса;

-студенттермен жұмыс істеу ұдайы қарастырылса, онда студенттердің дамуына үлкен көмегін тигізіп, бойында ізгі қасиеттер сіңірілген жеке тұлға қалыптасуына ықпал етеді және іс-әрекеттерінде көрініс тауып, нәтижесінде адами қасиеттердің иесі, толық қанды дамыған тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туады.

Зерттеудің негізгі ойы: студент жастардың дамуын диагностикалаудың педагогикалық-психологиялық шарттары негізінде жеке тұлға қалыптасуы мен өзіне тән ерекшеліктерді бойына жинақтауға ықпал етеді.

Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы: Тұлға дамуын диагностикалаудың қажеттілігі ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұлға дамуының педагогикалық - психологиялық ерекшеліктерінің моделі дайындалып, тәжірибелік эксперименттер жүргізілді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: студент жастардың дамуын педагогикалық-психологиялық диагностикалау, психологиялық, әлеументтік, педагогикалық еңбектерді сараптап, басшылыққа алуымен қамтамассыз етілді.

Зерттеу базасы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, тарих фаультетінің 2-курс студенттрі, Қ. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті АИСУ, АТМ-03-01қ.

Бітіру жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттері тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1. ТҰЛҒА ДАМУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тұлғаның психологиялық - педагогикалық дамуы туралы ой-пікірлері

Қазақстан Республикасының « Білім туралы» заңының 8-бабында:

«Жеке адамның шығармашылық, рухани дене мүмкіндіктерін дамыту адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасауы арқылы интеллектілігін байыту- қазіргі білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі», делінген

болатын [8] .

Бүгінгі таңда тұлға - педагогика мен психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік - экономикалық жақтарын жаңарту кезінде-жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.

Психологтар мен педагогтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандығынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымында да біртұтас көзқарастар жоқ. Л. С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп бөлуін ұсынды. Л. С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі - оның бағыттылығы деп атады . Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С. Л. Рубинштейн, 1957, Л. И. Божович, 1968, А. Н. Леонтьев, 1971, М. З. Неймарк, 1972 және т. б. ) . Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану, бағдар және т. б. ) . түрліше қарастырады.

Л. С. Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға - бұл қоғамдық - тарихи дамудың өнімі . Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни мінез-құлық пен іс-әрекеттің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қытынастарының бірлігін құрайды . Нәтижесінде аламның кез - келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық -әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады. Тұлға дамуының - механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді. Л. С. Выготскийдің «балның психикасы әлеуметтік

табиғатқа . . . », - деген пікірі осыған негізделеді.

Л. С. Выготскийдің айтуы бойынша, адамның тұлғалық дамуы - оның дамуындағы әлеуметтік жағдайларымен байланысты.

Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.

Психологиялық ғылымда «тұлға» категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады . Бірақ «тұлға» ұғымы тек психологияға тән емес ол барлық қоғамдық ғалымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т. б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?

Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Мұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әр қилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді.

Осы орайда И. С. Кон былай деп жазады: «Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдермен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адмдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарыям-қытынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді».

Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен бекітілген, сондықтан «тұлға» ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз.

Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас т. б. қасиеттер жатады. Адам бойындағы танымдық қасиеттерін қарастырмас бұрын жеке тұлға ұғымына тоқталып өтейік.

Белгілі психолог Б. Г. Ананьев еңбектерінде “Адам-физиологиялық, психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің көмегімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны өзгертетін және еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екені көрінеді”-деп қарастырады [9. б. 48-52. ] .

Тұлғаның дамуы мен жан-жақты қалыптасу мәселесі, оның тарихы болашағы туралы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.

Жеке тұлға түсінігі - тек адамзатқа арналған. Жеке тұлға - жеке даралық, психикалық қасиеті және әлеуметтік қызметі бар нақты қоғамның мүшесі .

Жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін педагогикалық-психологиялық еңбектерді жүйелей келе оның төмендегідей бағыттарға бөлеміз:

Психологиялық бағыт жеке тұлғаның белсенділігін, қалыптасу жағдайларына жауап іздейтін, белгілі бір нәрсеге ұмтылып, оны керек ететін, тіршілік етуде белсенділік танытатын бағыт.

Жеке тұлғаның іс-әрекетін зерттейтін бағыт.

Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт.

Жеке. тұлғаның ішкі психологиялық құрылымын зерттеу бағыттары.

Олай болса, А. Н. Тугаринов өз еңбегінде: “Жеке тұлғаны жауапкершілік пен саналылықты ішкі қасиеттерімен сәйкес құқық пен еркіндікке сай қолданған адам”, - деп көрсетеді [10. б. 63-77. ] .

Ал Қазақстанда тұлға мәселесі Ж. И. Намзбаеваның жетекшілігімен және оның шәкірттерінің, яғни Л. О. Сәрсенбаева, Р. Ш. Сабырованың, Л. В. Пилипчук, С. Ж. Өмірбекова, Г. Т. Бекмұратова және т. б. ғылыми зерттеу еңбектерінде белсенді түрде дамуда.

Ж. И. Намазбаева тұлға мәселесін зерттеуінде әр түрлі іс-әрекет ойын, еңбек спорт оқу барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдері мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді көзқарастарды жетілдірді. Мұндай көзқарастардың жүзеге асуы - толығымен тұлғаны қарастыруға мүмкіндік береді.

Мәселен, Т. Тәжібаев өз еңбегінде: «Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі» - деп қарастырады [11. б. 23-35. ] .

Ал, Ә. Алдамұратов “Адам - табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы дамыған қоғамдық тұлға” деп анықтама берсе [4. б. 22-29. ], республикамызға танымал ғалымдарымыздың бірі Қ. Б. Жарықбаев: “Жеке тұлға дегеніміз - қоғам мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады”, - деп тұжырымдайды [12. б. 69-74. ] .

Ал, біз ғылыми еңбегінде : «жеке тұлға дегеніміз - сана сезімі, тұлғалық, ізгілік қасиеті қалыптасқан, өзіндік мақсаты мен өмір жолын таңдай білетін, тәрбиелі, білімді, іскер, танымдық қызығушылығы басым, барлық күш жігерін өзіндік игілігіне жұмсай алатын, саналы тіршілік иесі» дейді.

Сондай-ақ философиялық еңбектерде жеке тұлға туралы екі тенденция қалыптасқан. Оның бірінші тенденциясын колдаушы ғалымдар жеке тұлғаның дамуын талдай келе, оның бір жақты формасы деп санап, әлеуметтік мазмұнына көңіл аударды. Екінші тенденциядағылар жеке тұлғаның дамуын қоғамдық қарым-қатынас жүйесінде ашылып, оның ішкі, психологиялық бейнесіне зиян келтіреді деген. Философ Н. И. Макаров бағыттылық мәселесін зерттей отырып, бағыттылық индивидтің құндылыққа қатынасы, оның объективтік құндылығы жеке тұлғалық ойы, сапалары деп бағалаған. Бағыттылықты жоғары қажеттілік, әр қилы ниет пен бейімділік тудырады деген. Дегенмен, әлеуметтік ғылымдарда жеке тұлғаның бағыттылығы туралы ілімдердің әдіснамалық негізімен қатар, практикалық құндылығы болды.

Психологиялық әдебиетте жеке тұлғаның бағыттылығы оның құрылымындағы компонент түрінде қарастырылды. К. К. Платоновтың пайымдауынша, жеке адамның бірінші құрылымында ― бағыттылык, қатынастар және моральдық қасиеттер. «Бұл құрылым тәрбиелеу аркылы қалыптасады[13. б. 114-125. ] . Түтастай алғанда бағыттылық иеарархиялы түрде байланысқан бірнеше форманы қамтиды: бағыттылықтың ең қарапайым формасындағы әуестік, ынтаға айналатын тілек, дүниетаным, сенім. И. Д. Левитов жеке тұлғаның бағыттылығын адамның өмірі мен әрекетіне ықпал ететіндей оның шынайылыққа қатынасы ретінде түсіндіреді [14. б. 254 . ] .

В. С. Мерлиннің айтуынша, жеке адам сипаттамасында ең маңыздысы және негізгісі - оның бағыттылығы, яғни жеке адам өмірінің жалпы бағыты меи барлық белсенді шығармашылық іс-әрекеті соған байланысты. Жеке адам бағыттылығына мінезінің қасиеттері, тіпті қабілеттерінің дамуына, әлеуметтік және адамгершілік қүндылықтары да байланысты [15. б. 15-39 . ] .

В. Г. Леонтьев жеке адамның психологиялық тұжырымдамасын бастаушы (инициатор) мен мақсаттың тұрақты қарым-қатынасын бейнелейтін және мінезқұлық пен іс-әрекетті реттестіріп отыратын психологиялық құрылым ретінде ұсынады. Бұл көзқарас бойынша бастаушы ретінде қажетгіліктер, сенім, мұрат, мотивтер (себеп-салдар) болуы мүмкін [16. б . 26-66 . ] .

Қазіргі кезде жеке тұлғаның жалпы бағыттылығы, оның бейнесін құрушы факторы ретінде қарастырылады. Мәселен, С. Л. Рубинштейннің, А. Н. Леонтьевтің, Б. Г. Ананьевтің, К. К. Платоновтың және тағы басқалардың жеке адам тұжырымдамаларындағы әртүрлі сипаттамаларды талдай келіп, Б. Ф. Ломов былай дейді: «Жеке адамды зерттейтін талдаулардың жоспарларының әртүрлілігіне қарамастан . . . барлық көзқарастар жеке адамның негізгі сипаттамасы ретінде оның бағыттылығын баса айтады. Нақ осы қасиетінде, жеке адам мақсаты, оның мотивтері, болмыстың әртүрлі жақтарына субъективті қатынасы: оның бар сипаттамаларының жүйесі көрінеді. Осы проблема бойыыша теориялық зерттеулерді біршама қорытындылайтын жеке адам бағыттылығына деген мұндай кең көзқарас, оны іске асыруда нақты қиындықтармен байланысты. Сондықтан да біз «жеке тұлға бағыттылығы» ұғымының мазмұнын авторлар ар қырынан түсіндіретініне кездесеміз. Бұл ұғымның мазмұнын өздерінің жеке адам туралы теориялық тұжырымдамаларының ерекшеліктеріне байланысты анықтайды [17. б. 333. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамыту
Тұлға дамуындағы диагностикалау
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
Психологиялық кеңес беру жайлы ақпарат
Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының мәселелері
Дарындылық туралы жалпы түсінік
Тұлға дамуын диагностикалау
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби педагогикалық деңгейін қалыптастыру
Мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық диагностика үрдісі
Педагогикалық зерттеулердегі диагностикалық әдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz