Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi жайлы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
І Тарау. Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi
және педагогикалық-психологиялық ерекшелiктерi.
1. Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың
теориялық
негiздерi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..5-10
2. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында оқушылардың
оқу-танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың
педагогикалық-психологиялық
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..11-17
ІІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қабілеттерін
арттырудың ерекшеліктері мен жолдары.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларында оқу іс - әрекеті
негізінде танымдық белсенділіктерін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-21
2.2. Бастауыш мектепте оқушылардың танымдық қызығушылығы
мен шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың жолдары ... ... ... ... ...21-
24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5-26
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .27

Кiрiспе.
Бүгiнгi қоғамымыздың дамуына байланысты оқушылардың танымдық
әрекеттерiн және шығармашылық қабiлеттерiн арттыру қазiргi заман
педогогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңiнде көкейкестi
проблемалардың бiрi болып отыр. Оқушылардың негiзгi әрекетiнiң түрi оқу
болғандықтан, бұл заңды. Қазiргi қоғам жеке адамнан прогрессивтi ойлай
алатын белсендi әрекеттi, жан– жақты болуды талап етедi. Бiлiм беру үрдiсiн
дұрыс жолға қоймайынша мүмкiн емес.
Себебi жеке пәндi оқытуды яғни оқыту үрдiсiн жетiлдiрмей, қоғамның
қажеттiлiгiн қанағаттандыратындай жеке адамды тәрбиелеу мүмкiн емес.
Халқымыздың ұлы ақыны Абай өзiнiң даналық ойларының бiрiнде “Адам
баласы екi түрлi мiнезбен дүниеге келедi. Бiрiншiсi iшсем жесем деп туса,
екiншiсi көрсем, бiлсем, үйренсем деп туады деп армандайды” деген. Осының
екiншiсi көрсем, бiлсем, үйренсем деп тұратын бастауыш сынып оқушыларына
мұғалiм тарапынан көптеп көмек көрсетiлiп, көптеген үйрету жолдарын
қызықтыра отырып қалыптастыруды қажет етедi. Себебi өзiн қоршаған ортаны,
дүниенi жете таныған бала сабақты да терең меңгерерi сөзсiз.
Тақырыптың көкейкестiлiгi.
Қазiргi кезде мамандық атаулының барлығы, ептiлiктi, бейiмдiлiктi,
шапшаңдықты ерекшк ой қызметiн, шығармашылық мүмкiндiкердi, өзiн қоршаған
ортаға тез икемделiп қана қоймай, оларды керектi бағытына шығармашылықпен
бұра бiлу қабiлеттiлiгiн және танымдық қызығушылықтары арқылы бiллiм алуға
және оны меңгеругше талпындыруды қажет етедi. Осы мәселелердiң шешiмiн табу
бiздiң зерттеу проблемамызды айқындап, тақырыпты,жеке пәндi оқыту барысында
оқушылардың оқу – танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабiлеттерiн
дамыту деп таңдауымызға негiз болды.
Зерттеу пәнi. Бастауыш сыныпта қазақ тiлiн оқыту процесi.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тiлi сабағында танымдық
мiндеттерiн қалыптастыру, шығармашылық қабiлеттерi мен қызығушылығын
жетiлдiру жолдарын теориялық және практикалық тұрғыда негiздеп әдiстемелiк
жағын қарастыру.
Зерттеу мiндеттерi: 1) Бастауыш сыныпты оқыту барысында оқушылардың оқу
танымдық қызығушылық қабiлеттерiн қалыптастырудың педогогикалық -
психологиялық еңбектерге талдау жүргiзу.
2) Бастауыш сыныпты оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызығушылық
қабiлеттерiн қалыптастырудың шарттарын анықтау.
3) 3-шi сыныпта оқушылардың оқу танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық
қабiлеттерiн арттыруда қазақ тiлi пәнiнiң ерекшелiгi.
4) Бастауыш сыныпта қазақ тiлiн оқытуда оқушылардың оқу танымдық
қызығушылықтары мен шығармашылық қабiлеттерiн дамыту жолдары.
Зерттеу көздерi: Қазақстан Республикасының заңдары, Бiлiм мәдениет және
денсаулық сақтау министрлiгiнiң тұжырымдамалары, бағдарламалары, танымдық
қызығушылық, шығармашылық қаблеттерiн дамыту туралы философ, педогог,
психолог еңбектерi, бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң озат тәжiрибелерi;
педогогикалық инновация және оқытудың қазiргi технологиялары.
Зерттеу әдiстерi: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық,
педогогикалық әдiстемелiк әдебиеттерге теориялық талдау жасау, бақылау,
әңгiме, озат педогогикалық iс-тәжiрибелерiмен танысу және оқушылардың
шығармашылық еңбектерiн және тапсырмаларды талдау.
Өзіндік жұмыстың құрылымы: кiрiспеден, екi бөлiмнен, төрт параграфтан,
қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшадан тұрады.

І Тарау. Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi
және педагогикалық-психологиялық ерекшелiктерi.
1. Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi
Баланың танымдық қабiлеттерiн дамыту мәселесi өзiнiң тамырын адамзат
тарихының тереңiнен алады.
Әлемнiң екiншi ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фараби ‘’Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарастары жайлы” трактатында бақытқа жетудiң бiрден-бiр
жолы адамның ақыл-ойын, қабiлеттерiн қалыптастырып, дамыту арқылы жүзеге
асатындығын айтып өшпес мұра етiп қалдырған ғалым.
Бүкiл бiр халықтың ұстазы ұлы Абай өзiнiң қара сөздерiнде, бала өмiрге
келгендегi бойындағы қабiлеттерiн қалыптастырып, дамытуды қажет
ететiндiгiн, сонда ғана ол пайдаға, керекке асатынын жазып, назардан тыс
қалған жағдайда бала бойындағы қабiлеттерi бара-бара жойылып кететiн, оған
қайта қол жеткiзу қиынға түсетiнiн айтқан.
Бастауыш сынып оқу-танымдық қызығушылық қабiлеттерiн қалыптастыру
мәселесiн талдау ең алдымен ‘’қабiлет’’ ұғымының мәнiн терең түсiнiп алуды
талап етедi.
Философияда қабiлеттердi, тұлғаның белгiлi-бiр әрекеттi орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшелiктерi дей келе олар қоғамдық тарихи iс-
әрекеттердiң нәтижесiнде қалыптасып әрi қарай дамып отыратынын атап
көрсетедi.
Орыс халқының аса көрнектi психологы А.Н.Леонтев: “Қабiлеттер”-деп
әрекеттiң талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетiстiктерге жеткiзетiн
адамның қасиеттерiнiң синтезiн атаса, “Қабiлеттер”-бiлiм алуға қажеттi
адамның психологиялық ерекшелiктерi” –дейдi А.В.Петровский.
“Қабiлет iс-әрекеттiң белгiлi бiр түрiн орындай алу мүмкiндiктерi”
деген де анықтама бар. ”Мүмкiндiк бiлiм де, дағды да емес. Ол адамның
белгiлi бiр iстi орындауға даярлығы” деп қарастырады Ә. Алдамұратов.
Отандық психологияда қабiлеттер жайлы iлiм бiркелкi дамып отырған жоқ.

Қабiлеттiлiк мәселесiнiң теориялық және практикалық негiзiн қалауда
С.Л. Рубинштейн еңбектерi зор роль атқарады. Ең алдымен қабiлеттiлiктiң
дамуы туралы, қабiлеттiң қалыптасуының негiзiн салса, кейiнiрек олардың
көрiнуiнiң психологиялық құрылымын ашып бердi. С.Л.Рубинштейн
қабiлеттiлiктi нақты бiр iс-әрекетке икемдiлiк деп түсiндiредi.
Қабiлеттiлiк – жаңа бiр iс-әрекеттi жеңiл меңгерумен, сонымен қатар
индивидтiң бiр iс-әрекеттен екiншi бiр iс-әрекетке көшуi мен қабылдау
тәсiлдерiн терең меңгере алуы. Оның айтуы бойынша қабiлеттiң негiзi туа
бiткен нышан, тұқым қуалаушылықтың белгiсi болып табылады. Яғни, адамның
жүйке, ми аппараттарының анатомиялық-физиологиялық ерекшелiгi болып
табылады. Осыған орай, ғалым “қабiлет-нышандардың негiзiнде дами отырып,
нышанның өз бетiнше функциялануы емес, тек дамудың негiзгi кезеңi, алғы
шарты“ - деп жазды.
С.Л. Рубинштейн iс-әрекет барысында қабiлет пен ептiлiктiң өзара
байланысы ерекше роль атқаратынын айтады. Бұл екеуiнiң бiр-бiрiмен тығыз
байланыста екендiгiн еске сала отырып, бiр жағынан ептiлiк, бiлiм т.б.
меңгеру қабiлетi бар екенiн бiлдiрсе, қабiлеттiң қалыптасуы сол iс-
әрекеттердiң ептiлiгi мен бiлiмдердi меңгеруi арқылы iске асатындығын
түсiндiредi. Осыдан бастап қабiлеттердiң әрекетте дамитындығы жайлы теория
қалыптасып, бұл екi теория бiртұтастықта қарастырылатын болды.
Ерекше тоқталуды қажет ететiн еңбектер қатарына Б.М.Теплов және оның
шәкiрттерiнiң еңбектерi жатады. Олар қабiлеттердi жеке адамдар арасындағы
психолгиялық өзгешелiк деп қарастырады. Б.М Теплов қабiлеттiлiкке анықтама
бере отырып, қабiлеттiлiктiң үш белгiсiн көрсетедi, бiрiншiден
қабiлеттiлiк бiр адамды екiншi адамнан ажыратуға негiз болатын жеке
даралық психологиялық ерекшелiк; екiншiден қабiлеттiлiкке барлық жеке
даралық ерекшелiктердi жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бiр немесе
бiрнеше iс-әрекеттi орындау барысында нәтижесi табысқа сәйкес жететiн
ерекшелiктердi, қабiлет деп атауға болады; үшiншiден, “қабiлет“ түсiнiгi
адамда бар бiлiм, ептiлiк және дағдымен ғана шектелiп қана қоймайтындығын
айтады, яғни тек ептiлiк, бiлiм, дағды ғана бар деп айтуға болмайды,
керiсiнше, сол ептiлiк, бiлiм, дағдыны меңгеруге қабiлеттi деп санайды.
Б.М.Теплов қабiлеттiлiктiң дамуы-бiр жақты ғана болмайды, оның қозғаушы
күшi қарама-қарсы ойлардың күресi деп көрсетедi.
Қорыта айтқанда олар қабiлеттер дамуындағы нышандардың ролiне ерекше
назар аударып, қабiлеттер туа пайда болады деген пiкiрлерге қарсы шығып,
туа берiлген тек табиғи алғышарттар,яғни нышандар деп қорытындылайды.
А.Н. Леонтьев басқа авторлардың қабiлеттерге берген анықтамаларына
қосыла отырып, оларды дамытудағы әлеуметтiк жағдайлардың шешушi роль
болатындығына назар аударады. Барлық психикалық қасиеттер де алдыңғы
ұрпақтар тәжiрибесiн меңгеруде қалыптасып, дамып отырады деген идеяны алға
тартады. Қабiлеттер жайлы ой-пiкiрлердi өрбiте отырып, Б.Г. Ананьев
қабiлеттер тек бiлiм, бiлiк жиынтығы ғана емес, оларды қолдана бiлудегi
дербестiк, саналылық, шығармашылық деген пiкiр айтады. Қабiлеттердiң
дамуын тұлғаның дамуымен байланыстырады. Сондай-ақ, таланттылық жайлы
мәселе көтерiп, таланттылық деп қабiлеттердiң көп қырлылығын айтады.
Б.Г.Ананьевтiң пiкiрi бойынша нышан қабiлеттердiң алғы-шарты және олар
тек iс-әрекетте ғана қабiлетке айналады.
Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше қасиеттi зерттеген Н.С.Лейтес
“қабiлет - iс-әректтiң белгiлi бiр түрiнде жетiстiктерге жеткiзетiн
психологиялық қасиет“, - деген анықтама бередi. Ақыл-ой қабiлетiнiң
алғышарты белсендiлiк және өзiн-өзi реттеу деген қорытынды жасайды.
Педагогикалық қабiлеттердi арнайы зерттеген Н.В. Кузмина оның
құрамының үш түрлi қасиеттер тобынан тұратындығын анықтап, олардың бiр-
бiрiмен байланысын ашып көрсетедi.
Қабiлеттер жайлы еңбектер мен зерттеулердi талдай отырып, бұл
проблемаға деген қызығушылықтың үнемi болып отыратындығын және оларда
соншалықты қарама-қайшылықтың жоқ екенiн байқауға болады. Аталған
еңбектердiң әрқайсысы қабiлеттер мәселесiнiң теориялық негiздемесiн
қамтамасыз етiп, әрi қарай жетiлдiру жолдарын белгiлеуге үлес қосады.
Қабiлет туа бiттi қасиет емес, ол тәрбие арқылы қалыптасады және дамиды.
Қабiлеттiң қалыптасуына мiнез, табандылық, еңбексүйгiштiк, ерiк күшi
қатысады. Ал бұл аталған қасиеттер адам нақты, қатаң әрi белсендi әрекет
жағдайында болғанда қалыптасады, жетiледi.
Қабiлеттердiң қалыптасып даму мәселесiн зерттей келе А.Н.Леонтьев,
А.В.Петровский, В.А.Куртецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов,
Т.Тәжiбаев, Қ.Жарықбаев қабiлеттер оқытусыз да дамитынын, бiрақ онда ол
ұзақ процеске айналатынын айтады.
Қабiлеттер проблемасы – оқушылардың жекелiк айырмашылықтар
проблемасы. Мүлдем еш нәрсеге қабiлетi жоқ адам болмайды әр адам бойында
бiр нәрсеге деген қабiлет болады. Қабiлеттер дәрежесi әр адамда әр түрлi
деңгейде болады. Бала бойындағы қабiлеттердiң алғы шарты нышан болып
табылады. Қабiлет әрекетте байқалып, қалыптасып дамып отырады. Қабiлеттер
туа бiттi қасиет емес, олар өмiр сүру барысында қалыптасып, дамып отырады.
“Қабiлет - әр адамның белгiлi бiр әс-әрекет түрiне икемдiлiгiнде
немесе мақсатқа бағытталған, тәлiм-тәрбие жұмысына байланысты бiр iс-
әрекетке ұйымдасқан түрде бейiмделуiнен байқалады. Бейiмдiлiк-адамның
әрекетпен айналысуға бет-бұрысы, оған көңiлiнiң аууы, оянып келе жатқан
қабiлеттердiң алғашқы белгiсi“, - деп жазды академик Т.Тәжiбаев. Бала
кезiнде ерекше көзге түсетiн бейiмдiлiк оның келешек қабiлетiнiң көрсеткiшi
екендiгiн айтады.
Қабiлеттер мәселесiн қарастыруда “талант“, “дарын“, “данышпан“
терминдерiн айналып өтуге болмайды.
Адам қабiлеттерiнiң дарлық ерекшелiктерiн танытатын қасиеттiң бiрi –
дарындылық. Көптеген зерттеушiлер мен психологтар нышан – көп мәндi қасиет.
Яғни сол нышанға негiзделiп, адам өмiрiнiң жан-жақтылығына қарай түрлi
қабiлет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабiлеттiң түрiн-
дарындылық дейдi көрнектi психолог Қ. Жарықбаев. Дарындылық - адамның
белгiлi бiр iске деген айырықша қабiлеттiлiгi, өмiрдiң қандай да бiр
саласында өзiн ерекше қырынан көрсетуi. Мұны мынадан айқындай түсiнуге
болады: Яғни дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетiн
болады.
Қабiлеттiлiктiң ең жоғарғы дәрежесiн ”талант” деген сөзбен белгiлейдi.
Көптеген ғалым психологтар ”талант” адамның нақты бiр iстi нәтижелi
орындауға қабiлеттiң бiршама жағымды қасиеттерiнiң өзара байланысты түрде
үндесуi деп дәлелдейдi көрнектi ғалым Ә. Алдамұратов.
Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада, т.б.
әрекеттерде көрiнедi және таланттың дамуы еңбек ете бiлумен,
сүйiспеншiлiкпен тығыз байланысты. Орыстың ұлы жазушысы М.Горький (талантты
өсiретiн нәрсе – iстi сүю” деп бекер айтпаған.
Францияның ағарту iсiнiң өкiлi К.А.Гелъвеций адамдардың бiрдей тең
дәрежеде болатындығын сол себептi кез-келген баланы талант дәрежесiне
көтеруге болады дегендi уағыздап кеткен.
Көптеген зерттеушiлер мен психологтар дарындылық пен таланттылық одан
әрi дамып, тарихи-әлеуметтiк маңызы бар творчество беретiн қабiлеттiлiктiң
ең жоғарғы түрi данышпандық деп тұжырымдайды. Данышпан адамның iс-әрекет
нәтижелдерi адамның әлеуметтiк өмiрi мен қоғамдық тiршiлiгiнiң жақсаруына
елеулi үлес қосып, мәдени рухани, саяси экономикалық т б салалардың
өркендеуiне әсер етедi, қоғамның тарихи дамуында өшпес iз қалдырады.Сондай
адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Насыр Әл-Фараби, Ұлықбек сынды
ғұламалар, қазақтың Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке
би, Майқы би Мәнұлы, Абай тәрiздi бiртуар перзенттерiн жатқызуға болады.
Қабiлеттер мәселесiн қорытындылай келе педагогикалық практика үшiн
мәнi ерекше мына жағдайларға айырықша тоқталуды жөн деп есептеймiз.
Бiрiншi-адамдардың қабiлеттер деңгейi жағынан тең дәрежеде болмауы.
Қабiлеттердiң бiрдей еместiгiн сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр
пәнге және әр деңгейде қабiлеттi болатындығы мен дәлелдеуге болады. Бiрi
есепке жүйрiк болса, екiншiсi тiлге бай, ал ендi бiреулерi сурет салғанды
тәуiр көредi. Олардың қабiлеттерiнiң құрылымы да, оны құрайтын компоненттер
де әртүрлi болады. Мәселен математикалық қабiлетi басым балаларда ойлау
операциялары тез, дiл болады да, бейнелеу өнерiне қабiлеттi балаларда нақты
заттардың бөлiктерiнiң арақатынасынан жылдам анықтай бiлу сияқты белгiлер
басым болады. Музыкаға қабiлеттi есту, ритмдi түсiну сезiмталдық сияқты
сапаларымен ерекшеленедi.
Екiншi-адамдар бойында қабiлеттiң бiр түрi ғана бола ма, әлде әр
түрлi қабiлеттiң белгiлерi болама деген сауал төңiрегiндегi пiкiрлер жайлы.
Ғалымдар керiсiнше көзқарастардың бар екендiгiне қарамастан, адам бойында
әрекеттiң бiрнеше түрiн орындай алу мүмкiндiктерiнiң бар екенiн дәлелдейдi.
Б.М.Теплов ақындықпен қатар музыкаға, суретке қабiлеттi болған.
А.С.Грибоедовты мысал ретiнде келтiрсе, ұлы Абай, Шоқан, Шәкәрiм сынды
ғұламаларымыздың қалдырған мол мұралары да осының айғағы дегiмiз келедi.
Халқымыздың (жiгiтке жетi өнер де аз болмайды(, ”сегiз қырлы, бiр сырлы
болсын” деп айтылатын нақыл сөздерi адам табиғатының шексiз мүмкiндiктерiн
көрсетсе керек.
Қоғамдағы өзгерiстерге сәйкес оқушыларға бүгiнгi таңда тиянақты бiлiм
беру үшiн олардың танымдық қабiлетiн дамыту басты мақсат болып отыр. Бұл
мақсатқа жету жолында пән аралық байланыс, оқушылардың өздiк танымдық
белсендiлiгiн дамытуға арналған дәстүрлi және дәстүрлi емес сабақтардың
түрiн өзгертiп отыру нәтиже беретiнi сөзсiз. Педагогикалық ахуалдарға
байланысты оқытудың дара және ұжымдық түрлерiн бiрiктiру,оқу құралдарын
дұрыс пайдалана бiлудiң маңызы зор.

1.2. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық
қызығушылықтарын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшелiктерi
Соңғы кезде оқушылардың танымдық iзденiмпаздылық қабiлеттерiн арттыруға
көп көңiл бөлiнiп отыр. Көптеген әдiстемелiк еңбектер де айтарлықтай бар.
Осы мәселелер төңiрегiнде әр түрлi көзқарастар бар.
Ұлы немiс педагогы А. Дистервергтiң әйгiлi ”Немiс мұғалiмдерiнiң бiлiм
беру iсiне басшылық” атты еңбегiнде ”Жаман мұғалiм ақиқатты өзi айтып
бередi, ал жақсы мұғалiм оқушының өзiн iзденуге жетелейдi, ойлауға
үйретедi”–деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, алып педагог Л.Занков ”Оқыту-
оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет” десе көрнектi психолог
Л.Выготский ”Жақсы оқыту деп, баланың дамуын iлгерi жүретiн, оны жетекке
алатын оқытуды айтады(- деп тұжырымдайды және оқу баласын өзiнiң танымдық
белсендiлiгi екенiн анықтайды. Яғни белсендiлiк болмаса қызығушылық
болмайды, қызығушылық болмаса,белсендiлiк болмайды.
Пәнге қызығудың 3 түрi бар. Бiрiншiсi мазмұнның жаңартылуы, бұрын
жария етiлмеген фактiлердi жаңаша сипаттау, хабарлап отырған материалдарға
тарихи бағдар беру, iлiмнiң практикалық мәнiн ашып көрсету ғылымның соңғы
жаңалықтарын, табыстарын жүйелi баяндау, екншiсi- өз бетiнше жұмыс iстеудiң
әрқилы түрлерiне негiзделген, проблемалық тұрғыдан қолға алған материалды
зерттеуге және оқушылардың шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағытталғн
оқыту тәсiлдерi, үшiншiсi - оқушының қабiлетiн ұштау, мұғалiмнiң оқушыға
көмек беруге дайын тұруы, олардың күш мүмкiндiктерiне қолдау көресету
қабiлетi, талап қоюшылығы мен адалдығы, балаларды көтермелей бiлу, сондай-
ақ, оқушылардың өзара бәсекесiне көмек көрсете бiлу қасиетi. Оқушылардың
танымдық қызыушылықтарын, iзденiмпаздығын арттыру үшiн оқу үрдiсi оларды
қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет.
Осы ретте таным деген не? деген сұраққа жауап беретiн болсақ; таным
обективтi шындықты, адамның ойында бейнелейтiн және қайта жаңғыртатын
қоғамдық iс-әрекетi барысы.Ол заттардың мәнiне жетудегi күрделi және қарама-
қайшылықты барыс ретiнде қаралады. Ақиқатқа жетудiң, обективтi шындықты
танудың диалектикалық жолы; Нақты пайымдаудан, абстрактiлi ойлауға, одан
тәжiрибеге көшу болып табылады. Таным барысында ойлаудың түрлi тәсiлдерi
пайдаланылады. анализ, синтез, индукция, дедукция, абстрактiлiктен
нақтылыққа көтерiлуi және т.б. танымның негiзгi және бiлiмнiң
ақиқаттылығының шарты- тәжiрибелiк iс-әрекет.
Оқушылардың оқу iс-әрекетi танымдық iс-әрекет ретiнде жүзеге асады,
себебi оның оқу iс-текетiнiң нәтижесi оны таным өрiсiнiң жаңа шеңберiне
алып келедi, ол үшiн жаңа бiлiм,бiлiк, дағдылардың көзi ашылады.
Оқу-оқушылардың әлеуметтiк қажеттiлiктерi мен қабiлеттерiн дамытудың,
ұйымдастырылған iс-әрекетi қоғамдық iс-әрекет құралдары, тәсiлдерi
жөнiндегi жалпы адамзаттың бiлiмдердi меңгерудiң қажеттi шарты.
Таным барысын ғылыми түсiнуден педагогиканың теориясы мен тәжiрибесi,
үшiн шығарылатын басты қорытынды- оқушылар берiк және ықпалды бiлiмдi
ұжымдық қоғамдық пайдалы iс-әрекетте өз қабiлеттерiн қалыптастыруды қатар
алады.
Қоғамдық прогрес ғылымының ықпалынан, оқытудың жаңа мiндеттерi мен
озат тәжiрибесiнiң жинақталуынан оқыту талаптары дамиды нақтыланады, жетiле
түседi.
Бiлiм беру және оқыту теориясы оқыту барысындағы, оқушылардың
саналылығы, белсендiлiгi, өзбеттiлiгi, бiлiм мен бiлiктерiнiң берiктiгi,
ұғынықтылығы және әрекеттiлiгi талаптарын қамтиды. Бұл талаптардың
орындалуы оқушылардың оқу материалдарын түсiнуге, өткендi жаңамен
байланыстыруға, алған бiлiмдерiн тәжiрибеде пайдалануға өз пiкiрлерiн
дәлелдеуге ұмтылысынан көрiнедi.
Әр түрлi жастағы оқушылардың танымдық қызығуының өзiндiк мазмұны,
ерекшелiктерi зерттеушiлер үшiн қиыншылық тудырады. Өйткенi, танымдық
қызығудың қалыптасуы және дамуы- жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын
өте күрделi үрдiс.
Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы бала айналысатын iс-әрекетке және
жеке өмiр тәжiрибесiне байланысты болады. Сондықтан да баладағы танымдық
қызығудың даму деңгейi тек нақты жасқа байланысты деп те қарастыруғуа
болмайды. Бiр жастағы балаларда тұрақтылығы бағыттылығы мазмұны жағынан
бiрдей емес қызығу болуы мүмкiн.
Балалар жасына байланысты осы мәселенi зерттеу бiрқатар кеңестiк
ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған: Н.Рыбникова, Л.Гордон, Беляева,
Ц.Цветкова, Л.Моневцова, Н.Постникова, К.Романова, Р.Римбург, П.Сирбиладзе
(мектепке дейiнгi кезең), И.Шевченко (жеткiншек жас), В.Ильина, В.Иванова,
Н.Костина, Л.Рожина, (ересектер жасы). 60-жылдардың басында бастауыш мектеп
оқушылары бойынша А.Абдуллаева, М.Морозова, Хо Хун Синь, Ф.Гусеинова
(бастауыш сынып оқушылары қызығуының жүйесiн зерттеу), А.Дусавицкий
(оқушылардың танымдық қызығулары дамуына оқыту құралдарының әсерi.),
Л.Скалярский (үлгерiмi нашар оқушылардың танымдық қызығулары дамуының
ерекшелiктерi), М.Шеломенцова (бастауыш мектеп жасында танымдық қызығудың
дамуында ғылыми көркем кiтаптардың рөлi) еңбектерi шықты.
Бұл зерттеулердiң көрсетуi бойынша әрекет танымдық қызығушылық арқылы
жеңiл еркiн, тез жүзеге асады.
“Қызығу-әр қырынан алып қарауға болатын күрделi ұғым, адамның белгiлi-
бiр обьектiнi ұнатып, бiлуге ұмтылған iс-әрекетiн қуаттандыратын психикалық
ерекшелiк” деген пiкiр айтады ғалымдар: М.Беляев, Н.Морозова, С.Рубинштейн.
Қызығу адамды жаңаны бiлуге, әрекеттiң жаңа әдiстерiн iздестiруге
құмарландырады. Сондықтан адамның қызығуы бiр iспен шұғылданғанда, әр түрлi
әрекеттердекөрiнiс табады.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық iс-әрекетi оқыту үрдiсiнде
жүзеге асады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың қызығуы ойын iс-әрекетiмен
байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу iс-
әрекетiнде жүзеге асырылады.
Қызығу өте ерте жастан қалыптасады және оның алғашқы көрiну түрi
әуестiк, құмарлық түрiнде болады. Баланың бiрiншi жылында-ақ оны ашық түстi
заттар, қатты шыққан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзiне тартады. Бала
күнделiктi осы тiтiркендiргiштердi үздiксiз қабылдайдыжәне оларды қайта-
қайта қабылдауға тiлек бiлдiредi.
Психология-педагогика ғылымдарының мәлiметтерiне сүйенсек,
қажеттiлiктiң iшкi түрткiсi субетiнiң байланысты iс-әрекетi мен өмiр сүру
себебi болып табылады.
Танымдық әрекет қажеттiлiк арқылы жүзеге асады. Өзiнiң тiршiлiк және
рухани қажеттiлiгiн өтеу үшiн оқушы дүниенi танып бiдгiсi келедi. Алайда ол
өзi үшiн ешбiр мәнi жоқ нәрсеге қызықпайды. Оқушының қызығуы мен құндылық
бағдары тығыз байланысты. Оқушы өзi үшiн құнды, әрi қажеттi нәрсеге,
мәселен, оқу пәнiне қызығады. Кейiннен бұл нәрсе (пән) оқушы iс-әрекетiнiң
мақсатына,қозғағыш күшi-мотивiне айналуы мүмкiн. Осыған орай, кейбiр
ғалымдардың қызығуды оқушының дербес iс-әрекетке жұмыс мотивi ретiнде
қарастырады. Бұл жайында Б.Теплова Жақындағы мақсатқа жеткiп, алыстағы
мақсатты көздейдi„- деп түйiндейдi. Ал, Н.Морозова “Iс-әрекет көздеген
пайдалы мақсатқа жетуге түрткi болады“ - дейдi. А.Леонтьевтiң пiкiрiнше,
танымдық қызығу –бiр нәрсеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңыздылығы
Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
Шығармашылық – адамның іс-әрекетінің жоғары формасы
Дамыта оқытудың шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудағы ғылыми-теориялық негіздері
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Дамыта оқыту кезінде оқушының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін жазба жұмыстары арқылы қалыптастыру жолдары
БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ
Дамыта оқыту шығармашылық қабілеттердің теориялық мәселелері
Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдары
Пәндер