Тұрар Рысқұловтың қысқаша өмірбаяны
Жоспар:
Кіріспе
Тұрар- қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметкер.
а) Тұрар Рысқұловтың қысқаша өмірбаяны.
ә) Тұрар Рысқұлов - Түркістан Республикасының саяси егемендігі
жолындағы күрескер.
б) Түркістанның экономикалық жағдайы.
в ) Республиканың ауылшаруашылығын қалпына келтіру және өркендету.
Қорытынды
Тұрар Рысқұлов - саяси арандатушылықтың құрбаны.
Кіріспе
Тұрар Рысқұлов адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер
ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан аспас кезінде жұрт аузына
ілініп, халыққа танымал болды.
1894 жылғы 26 желтоқсанда Жетісу облысы Верный уезіне қарасты
Шығыс Талғар болысында (қазіргі Алматы облысы Талғар ауданы Тұрар Рысқұлов
атындағы ұжымшар) дүниеге келген Тұрар шешеден де,әкеден де ерте айырылып,
жетімдіктің ауыртпалығы Рысқұл Жылқыайдарұлы 1905 жылы облыс әскери
губернаторының досы, әрі Шығыс Талғар болысының билеушісі Саймасай
Үшкемпіровты халыққа және тікелей өз басына жасаған қиянаты атып өлтірген
және сол айыбы үшін 1906 жылы он жылдық мерзімге алыстағы Сахалие аралына
жер аударуға кесілген. Әкесі тергеуде болған бірнеше ай бойы он бір жастағы
Тұрар онымен бірге түрмеде болып, оның ауласындағы әртүрлі жұмыстарды
атқарған, түрме бастығының атқосшысы болған. Сөйтіп жүріп хат таныған, орыс
тілін біршама меңгерген.
1916 жылдан бастап 20 жастан жаңа асқан Тұрар қоғамдық саяси
өмірге қызу араласып кетті, ол 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің Әулиеата
Мерке ошағына идеялық тұрғыдан басшылық жасады.1917 жылғы ақпан
революциясынан кейін осы өңірдің қазақ, қырғыз оқушы жастарын елдің
қоғамдық саяси өміріне араластыруға мұрындық болды. Бұл кезде Тұрар 1916
жылғы көтеріліс жеңіліс тапқан соң Қытай ауып кеткен босқындарды ата
мекеніне қайтару және оларға қажетті көмек көрсету ісін ұйымдастырды.
Тұрар республика үкіметін басқарған тұста Ахмет
Байтұрсыновтың, Халел Досмұхамедовтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан
Жұмабаевтың, Мұхамеджан Тынышбаевтың т.б. аса көрнекті қазақ зиялыларының
Ташкент пен Қазақстанның оңтүстік өңірін паналап, ғылыми, педагогикалық
және шығармашылық жұмыспен айналысулаға мүмкіндік алулары Тұрар шапағатының
нәтижесі екендігі күмән тудырмайды. Ол жалпыроссиялық, бүкілодақтық
мәселелерді шеше жүріп, туған Қазақстанның, қайраткер ретінде қанат
бекіткен аяулы Түркістанын бір күн де ойдан шығарған емес.
Тұрар Рысқұлов бүкіл саналы өмірінде мемлекеттік және
партиялық саясаттағы ұлыдержавалық шовинизмнің көріністеріне батыл күрес
жүргізді, ол жергілікті ұлтшылдық көп жағдайда ұлыдержавалық шовинизмге
жауап ретінде бой көрсететіндігін дәлелдеумен болды.

Қазақстан Республикасы қазақ халқының тәуелсіз мемлекеті. Тәуелсіз
мемлекетіміздің құрылуы қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт
азаттық күресінің заңды нәтижесі. Халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа
мазмұндағы саяси кезең басталды.
XX ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының отар аймағы
еді. Қазақ халқы орталық езгінің құқықсыздық пен кемсітушіліктің, ұлттық
тәуелдіктің бұғауында болатын. Патша өкіметінің отарлау саясаты өзінің
шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлау саясаты күшейген сайын халықтың
қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары
бұл қозғалысқа ұйымдасқан түр беріп, оны жаңа сапалық деңгейге көтерді.
Туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш
басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі болып Тұрар
Рысқұлов танылды.
Мың сегіз жүз тоқсан алтыншы жылдың жиырма алтыншы
желтоқсанында туған Т.Рысқұлов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының
жиырма отызыншы жылдардағы тарихында ерекше зор рол атқарған қайраткер.
Ол туралы мың тоғыз жүз жиырма екінші жылы жиырмасыншы қарашада М.С.Энштейн
былай деп жазды: Тұрар Рысқұлов жолдас есімімен Түркістандағы кеңес
өкіметінің даму тарихының тұтас бір дәуірі
байланысты болған қайраткердің бірі. Т.Рысұловтың есімі айналасына
партия қайраткерлерінің белгілі бір тобын топтастырған және сонымен қатар
басқа топтың қарсы күресін тудырған ру. Сондықтан да Т.Рысқұловтың қоғамдық
және саяси мемлекеттік қызметін зерттеудің қиыншылығы да аз емес. Өйткені
зерттеу обьектісінің ауқымы кең әрі тым қиыншылықты. Зерттеу барысында
Т.Рысқұлов өмір сүріп, қызмет еткен кезеңдегі аса күрделі тарихи процестер
мен саяси оқиғалардың сырына барынша терең үңілуге тура келеді. Т.Рысқұлов
ұзақ жылдар бойы, нақтырақ мың тоғыз жүз он алты мың тоғыз жүз отыз жетінші
жылдар аралығында, ірі мемлекеттік саяси істер мен саяси оқығалардың бел
ортасында жүрді. Ал, бұл кезең кеңес дәуіріндегі аса ауыр, барынша
қайшылықты кезең еді. Сондықтан да Т.
Рысқұловтың қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметін зерттеу сол
кезеңнің тарихын да зерттеу деген сөз. Алайда, Т. Рысқұловтың қоғамдық
саяси және мемлекеттік қызметі жете зерттелмеген. Ол туралы әр кезеңде
жазылған мақалаларды айтпағанда, арнайы зерттеу еңбектері өте аз. Ал
барының өзі партиялық идеологияның шырмауынан шыға алмаған. Бұл еңбектерде
Т. Рысқұловты ірі партия қайраткері етіп көрсетушілік басым.
Олардың баршасына тән ортақ кемшілік түпдеректік негіздерінің
әлсіздігі. Т.Рысқұловқа қарсы топты ұйымдастыруға бел шеше кірісіп, ұпай
жинап қалуға тырысқан, оның идеяларын іске асыртпау жолында барынша күш
қайрат жұмсаған қайраткерлердің бірі Н.Төреқұлов болды. Т.Рысқұлов жылы
Түркістаннан біржолата кеткен соң, оның төңірегіндегі саяси күрес біршама
сабырсығанымен, бұл мәселе жаңа екпінмен қайта жаңғырды. Бұл авторлардың
негізгі мақсаты Т.Рысқұловты ұлтшыл, буржуазияшыл ұлтшыл,
арандатушы, пантүрікшіл, фашизм тыңшысы, басмашылар идеологы және
халық жауы етіп көрсету болды. Тұрардың мың тоғыз жүз отыз жетінші жылы
халық жауы ретінде тұтқындалып, атылып кетуіне байланысты қырық
алпысыншы жылдары оның есімі мүлдем ұмытылғандай болды. Алайда, бұл
жылдары ол туралы арнайы еңбек жазыла қоймағанымен де, Түркістан
Республикасының тарихын жазушы авторлар оның қызметіне тоқталмай өте
алмайтын. Осындай кезеңде академик С.Бейсембаевтың Ленин и Казахстан атты
монографиясының жарық көріп, онда Тұрардың саяси қызметіне біршама дәрежеде
дұрыс баға берілуінің маңызы зор болды.
С.Бейсембаев тарихшы С.Көлбаевпен бірігіп, мың тоғыз жүз жетпіс
төртінші жылы Рысқұловтың өмірі мен саяси қызметіне арнап шағын кітапша
жариялады. Бұл Т.Рысқұлов туралы алғашқы зерттеу жұмысы еді, алайда
авторлар өз заманының сірескен идеологиялық талаптарынан аса алмай,
Тұрардың өмірі мен қызметінің жұпыны құжаттарға негізделген қысқаша
хронологиялық сипаттамасын берумен ғана шектелді.
Мың тоғыз жүз он сегізінші жылдың ортасында Түркістан Республикасында
азық түлік жағдайы мүлдем қиындап кетті. Түркістанға
Солтүстік Кавказдан, Россиядан, Сібірден тасылатын астық бірінші
дүниежүзілік соғыс жылдарында аса ауыр жағдай мен темір жол транспортының
жүйесіз жұмысы кесірінен мүлдем доғарылды. Өлкенің өз ішінде астық даярллау
ісін жүйелі тәртіпке келтіру мақсатында атқарылған шаралар нәтижесіз
аяқталды.
Республиканы сұрапыл аштық жайлады. Күн көрудің барлық көзінен айрылған
халық баудай түсе бастады. Билік басындағы Партия мен Үкімет Түркістан
Республикасының ұлттық өлке ретінде тарихи обьективті жағдайын түсінбеді,
негізгі бағыт ретінде Орталық Россияда іске асырылып жатқан шараларды
Түркістанда қайталау мақсатын таңдады. Барлық ауыртпалық Түркістанның
Кеңестік Россиядан коммунистік құрылыста кенжелеп қалғандығынан болып
отыр, деп уағыздалынды. Ал, шын мәнінде Түркістанда кеңес өкіметі орыс
отаршыларының қолында болып шықты, олар қолындағы қаруларына сүйеніп, қанау
саясатын жалғастыра берді. Бұл өкімет қыр халықтарына ашығу мен аштан
қырылудың кең бостандығын берді.
Республика Үкіметі мен орыс жұртшылығы негізінен өлкенің көшпелі
тұрғындарын қамтыған сұрапыл аштықты кездейсоқ, тұтқиылдан тап болған
зобалаң ретінде бағалады. Түркістан секілді табиғаты жайлы өлкені
мекендейтін жергілікті халық Россия империясының басып алуына дейін мұндай
нәубетті бұрын соңды басынан кешпегендігі оларды ойландырмады да.
Мұсылман зиялы қауымы арасынан мұндай сорақылыққа ең алдымен
ашына жауап берген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz