Тұрар Рысқұловтын саяси портреті


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тұрар Рысқұловтын саяси портреті.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы, әсіресе 20 ғасырдың алғашқы жартысы қазақ халқы үшін ауыр зардаптарға толы болды, яғни сол уақыттағы Алаш зиялыларының көсемі Әлихан Бөкейханов айтқандай - Заман жаманға айналды. Келешек қараңғы, қорқыныш зор. Осындай бүліншілік заманда аяқ асты болып, зорлықта қалмауымыздың қамын кеңесу үшін . . . - деп баяндаған болатын. Осындай қиындықтардан шығу жолын іздеген қазақ зиялылары әр түрлі бағытты ұстана отырып ел тәуелсіздігіне қол жеткізуге барынша саяси белсенді жұмыстар атқарды. Кейбір зиялы қауым өкілдері ұлттық территориялық автономия құрамыз десе, ал қалған бөлігі кеңестік билікте жүріп-ақ қазақ халқының аман қалуына жағдай жасады. Сондай тұлғалардың бірі Тұрар Рысқұлов.

Мақсатымыз Тұрар Рысқұловтын саяси портретін ашу болғандықтан оның негізгі мемлекеттік қызметтегі кейбір тұстарын ашып көрсетпекпіз. Сондай белсенді істерінің бірі, 1918 жылы күзде Түркістан Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып Т. Рысқұлов тағайындалды. Бұл негізінен өте қиын жағдай еді яғни Түркістан Республикасында ашаршылық жағдайы орын алып тұрған болатын. 1917-1918ж Түркістанда 1, 114 милион адам аштан қырылды. Оның 75% қазақтар. 1919ж Т. Рысқұловтын бастауымен Түркістан өлкесінде аштарға көмек беру комиссиясы құрылды. Құрылған ұйымның құрылымы мен ережесін Т. Рысқүлов өзі жасап шығарады. Енді ғана құрылып жатқан комиссияның жұмысы көптеген обьективті қиыншылықтар мен басқа ұйымдардың қасақана әрекеттерінен ауырлай түсті. Жалпы бұл Орталық комиссияға жергілікті атқару комитеттері ешқандай көмек көрсетпейді, ол комитеттерді басқарып отырған азаматтардың шовинистік көзқарасы басым еді. Осы мәселені алғанда Т. Рысқұлов басшылығымен жасалған Орталық Комиссияның жұмыс жоспары мынадай негізгі бағыттарды қамтыды:

  • республика көлемінде ашыққан халыққа жедел көмек ұйымдастыру үшін арнайы қоғамдық тамақтандыру орындары мен жетім балалар үйлерін ашу, оларға дәрігерлік көмек ұйымдастыру;
  • өлкелік Азық-түлік директориясымен бірлесе отырып қоғамдық тамақтандыру орындарын етпен, нанмен және басқа да азық-түліктермен қамтамасыз ету үшін азық-түлік даярлайтын бөлімдер құру;
  • ұсақ таулары өнеркәсіп орындарын: тоқыма, етікшілік, аспаздық, жібек пілләсі, қағаз және қолөнер шаруашылықтарын ашып, жандандыру үшін жергілікті халықтарға жан-жақты көмек көрсету;
  • отырықшы халықтын егіншілікпен шұғылдануына жағдай жасау үшін оларға мемлекеттік қордан жер үлесін беріп, егіншілер комунасын ұйымдастыру және Жер шаруашылығы комиссариятымен келісе отырып, бұл комуналарды қажетті ауылшаруашылығы құрал саймандармен және тұқыммен жабдықтау;
  • көшпелі халыққа өздерінің мал шарушылықтарын қалпына келтіруге және өркендетуге мүмкіндіктер ашу;
  • қоғамдық тамақтандыру орындарында тамақтанып әлдене бастаған аштардың еңбекке жарамдыларын экономикалық ұйымдардың көмегімен түрліше қоғамдық жұмыстарға: жолдар салу, суландыру жүйелерін қалпына келтіру, отын даярлау, құрылыстар жүргізу және т. б жұмыстарға тарту. Жалпы осындай қызметтер жасаған болатын.

Бұл жерде байқайтынымыз қазақ зиялыларының негізгі идеясы бір болғандығы Т. Рысқұловтын бұл баяндамасындағы 5 тармақ Алаш партиясының программасындағы 10-бөліміндегі “Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілуі, жерді қазақ үй басына иеленбей ауыл аймақ, туысқан табына меншіктеп алу; өзара әділдік жолымен пайдалану” деп көрсетіледі, сонымен қатар Жалпы Сібір съезінде мынандай тұжырымдар бар “Қазаққа жер кесілгенде ауылға, ұлысқа, руға, өздерінің тілегіне қарай, табақ бір тартылсын . . . Жерді бірге алған ру, ауыл, болыс өз ішінде өздері тәртіп жасап, әділдікпен пайдалансын” міне осындай көріністерден шығатын мәселелер бізге Т. Рысқұловта, Алаш зиялылары жерді ауыл болып пайдалану яғни көшпелі қазақ қоғамының сақталуын яғни отырықшылық қазақтарға қиыншылық әкелетінің жете түсінген.

Енді біз Т. Рысқұловтын Мұсылман Бюросын ұйымдастыруы және ондағы қызметіне тоқталамыз. Шығыс халықтары комунистік ұйымдарының 1съезі қабылдап, РКП(б) 8 съезі бекіткен шешімге сәйкес, 1919ж 14-31 наурыз аралығында Ташкент қаласында болып өткен ТКП 2 конференциясы “ . . . партияның мұсылман бөлігіндегі партия жұмысына басшылық пен ұйымдастыруды” жақсарту үшін ТКП ОК жанынан Мұсылман Бюросын құру туралы шешім қабылдады. Мұсбюро құрамына: Т. Рысқұлов (төрағасы) , Н. Ходжаев, Ю. Алиев, Ю. Ибрагимов және А. Мұхитдиновкірді.

Мұсбюро дегеніміз Түркістан республикасындағы тұрғындардың 95% мұсылман халықтары болғандықтан, соларға кеңестік билікті жете жүргізу үшін, сол билікті мойындатып басқару үшін құрылған болатын. Мұсбюроның жұмысы алғашында саяси әдебиеттерді ана тілдеріне аудару, “Иштракун” газетіне басшылық жасау, Ұлт істері жөніндегі халық комиссариятына сүйене отырып үгіт насихат жүргізді. Осындай істердің ең беделдісі яғни Т. Рысқұлов тарапынан бастау алған бұл мұсылман азаматтарын партиялық билікке тартуы яғни еңбекші мұсылман халқын өзге 5% ұлттармен тең дәрежеде өмір сүруіне жағдай жасады. Осы уақыттың өзінде Т. Рысқұлов айтқан болатын Түркістан Республикасында шовинизм өршіп тұрғанын, соның негізінде ол мұсылман жұртшылығынан билікке азаматтарды тарту керек екенің көрсетті. Негізінен Мұсбюроның құрылуы халықтын сауатын ашуға септігін тигізді яғни ашылған курстар Түркістан Республикасындағы мемлекеттік өмірдің түрліше салалары бойынша білікті мамандар даярлауға зор ықпал жасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін оқыту
Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби тұрғыда талдау
Қазақ драматургиясы туралы
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби талдау
Қазақтың ұлы жазушылары
Жұмыстың қолданбалы маңызы
Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси өмірі
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері
Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz