Білім мазмұнын жаңарту контекстіндегі мектеп кітапханалары қызметінің жағдайы мен мәселелері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1
Білім мазмұнын жаңарту контекстіндегі мектеп кітапханалары қызметінің жағдайы мен мәселелері

2
Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметінің мақсаты мен міндеттері

3
Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымның дамуы бағытының белгіленген басымдылығы шеңберінде білім беру мазмұнын жаңарту бойынша елеулі жұмыстар жүргізілуде. Жаңартудың негізгі мақсаты, ол - орта білімнің сапасын көтеру.
Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы - мектеп кітапханасының алар орны зор. Мектеп кітапханасы бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының ресурстық орталығы. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында мектеп кітапханасының қосар үлесі бар. Мектеп кітапханасының қызмет аясын кеңейту, қорын пайдалану, соның ішінде мектеп кітапханасы - оқушыға әдебиет таңдау, оқырмандық қызығушылығын кеңейту, мұғалімге кәсіби өсуге көмектесуші, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы болып табылады.
Мектеп кітапханасы қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету. Ол мектеп оқытушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр.
Мектеп кітапханасы білім алу және ақпараттарға негізделген, қазіргі қоғам өміріне ойдағыдай қатысу үшін ең маңызды болып табылатын, ақпараттарды алу және идеялармен танысуға мүмкіндік береді. Оқытуға байланысты қызмет көрсетіп, кітаптар мен материалдар, мектеп қоғамдастығының барлық мүшелеріне сыни тұрғыдан ойлауға, дағдылануға мүмкіндік береді және барлық тасымалдағыштар мен әртүрлі форматтағы ақпараттарды қолдануға тиімді болып табылады. Мектептерді жаңа білім беру стандарттарына көшіру, инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізу мектеп кітапханаларының білім беру кеңістігінде бірінші орында тұруына мүмкіндік бермей отыр.
Мақсаты - бүгінгі инновациялық процестер кезеңінде мектеп кітапханасына да заман талабына сай жаңаша келбет, жаңаша серпін қалыптастыру. Кітапханашылардың қоғамдық дәрежесін арттыру. Кітапхана ісін қалың оқырман арасына жарнамалау, оқырмандар санын көбейту, жаңартылған білім беру жағдайында мектеп кітапханаларына жаңаша тәсілдерді бағдарлау болып табылады.
Міндеті:
* кітапхананы білім мен жаңа технология үндескен қазіргі заман талабына сай мәдени орталық ретінде қалыптастыру;
* білім беру мекемелерінің ақпараттық білім беру орталығы ретінде кітапхана ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беру;
* әлеуметтің оқу-тәрбие процесіндегі барлық қажеттіліктеріне жауап бере алатын білім-мәдени жұмыстарын жаңдандыру;
* мектеп кітапханашыларының рөлін арттыру, білім алушыларды кітап оқуға, оны сүюге, қастерлеуге баулу.

Білім мазмұнын жаңарту контексіндегі мектеп кітапханалары қызметінің жағдайы мен мәселелері

Мектеп кітапханасы - мектептің мәдени, білім беру және ақпараттық орталығы, балаларды оқуға тартудың бастапқы буыны. Сондықтан да мектеп кітапханаларының материалды-техникалық базасын нығайту, заманауи ақпараттық технологияларымен жабдықтау, қорларды жинақтау сапасы, мектеп кітапханашылардың біліктілігін көтеру т.б. мәселелер бүгінгі таңда әлі де өзекті болып отыр. Мектеп кітапханасы ақпаратттар мен жаңа сыни ойлардың ордасы. Қазіргі ақпарат пен білімнен құралған заманда баланың жетіліп, дамуына, қалыптасуына кітапхананың маңызы өте зор. Мектеп кітапханасы үздіксіз өзін-өзі тануға, денсаулығына жауапты және белсенді қарауына үлесін қосып, қалыптасуына жәрдем жасайды. Кітапхананың басқа түрлеріне қарағанда мектеп кітапханасы тек қана оқырмандармен емес, білім алушылардың барлық контингентімен жүйелі және мақсатты түрде жұмыс жасайды, оның мектепте жыл бойы жұмыс жасай алуға мүмкіндігі бар. Балалармен жұмыс жасаудың басты бағыты - білім алушылардың тұлғалық әлеуметтенуі мен дамуы, рухани-адамгершілік мәдениеті, ақпараттық ресурстардың барлық түрлері мен деңгейлерін пайдалануға үйрету, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, кітапхананы пайдалануға дағдыландыру.
Мектеп кітапханасы оқырман келіп кітап алатын жер ғана емес, ақпараттық, сарапшылық ресурстарын пайдалануға арналған инновациялық орталық. Мектеп кітапханасы ақпараттармен қамтамасыз ету, білім, сауаттылық сонымен қатар, әлеуметтік және мәдени даму, экономикалық салаларда кез келген ұзақ мерзімді стратегияда басты маңызға ие болады. Сондықтан Елбасының жылдағы дәстүрлі Жолдауында мәдениет саласы да ұмыт қалмайды, соның салдарынан кітапхана мәселелесі жыл санап біршама алға жылжып, кітапхана сөрелері жаңа кітаптарға көбейіп, мектеп кітапханасын жетілдіру бойынша халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибелер енгізіліп келеді. Электрондық ресурстарды ұйымдастыру және жинақтау (кітапханаларда интернет пен компьютерлер, дербес интерактивті тақталар (ДИТ), электрондық жеткізгіште ақпараттық ресурстарды өндеу және іздеу, бағалауға мүмкіндік жасау, ақпараттық-талдау қорларын қалыптастыру мақсатында электрондық каталог және картотека жасау).
Мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи ақпарат технологияларымен жабдықталуы, алыс-жақын шет мемлекеттерден анағұрлым артта қалып отырғанымызды көрсетеді. Оқырман сұранысына сай алуан түрлі әдебиеттердің болуы, озық кітапханаға арналған техникалармен жабдықталуы, кітапханалық ақпараттық жүйемен (мысалы КАБИС, ИРБИС, АБИС т.б.) қамтамасыз етілуі сынды-мәселелер толыққанды шешілмеген мектеп кітапханалары бар, бұл мектеп кітапханаларының көпшілігіне тән жағдай. Білім беру ұйымындағы кітапханалардың маңызды рөлі электронды оқулықтар, компьютерлер, ақпараттық технологиялар болып табылады. Онсыз оқушылардың оқуын заманауи үрдісте дамыту мүмкін емес. Мысалы, Оңтүстік Кореяда кітапхана жүйесі жақсы дамыған, техникалық жабдықталуы жоғары дәрежеде. 1200 балаға бір кітапханашы қызмет көрсетеді. Мектеп кітапханасында оқырманның кітапханамен жұмыс жасауына барлық жағдайлар жасалып, жақсы жабдықталған. Кітапхана білім беру ресурстары - оқулықтардан өзге танымдық, ғылыми-көпшілік, көркем әдебиеттер, электронды онлайн деректер базасымен қамтамасыз етілген. Оқырмандарға электронды қызмет көрсетіледі. Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады
Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметінің мақсаты мен міндеттері

Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапханада осы міндетті бірге атқарады. Осыған орай мектеп кітапханасының алдына қойған өзекті мәселесі жас ұрпақты тәрбиелеу. Білім және тәрбие жүйесінде контекстін жаңарту процесінің бастауында мектеп кітапханашысының ролі және мектеп кітапханашысының түпкілікті өзекті мәселелері де жаңашаланады.
Бүгінгі мектеп кітапханасы кітап қарауылшысы ғана емес, білім жолындағы білім мен тәрбие процесінің концепциясын жауапкершілікпен қадағалап дәріптеуші. Ол үшін не істейді дегенге келетін болсақ, мектеп кітапханашысы сол мектептегі жаңалықтың жаршысы, әрбір елімізде болып жатқан уақиғалардың насихатшысы болу керек. Мектеп кітапханасы мектептің оқу-тәрбие процесін қамтамасыз етеді. Мектеп мұғалімдері алдына қойған мақсаттарға қарап, өзінің жұмысының жоспарын құрады. Ол тек қана кітапхана-библиография негізімен байланысты. Сонымен қатар мұғалімдерге білім жолындағы жандарға, мамандарға кәсіби біліктілігін көтерудегі шеберлікке үйретеді. Мектеп кітапханасы білім жүйесіндегі мұғалім мен әкімшіліктен кем қатыспайды. Олар мектеп, білім жүйесіндегі реформаларды, мәселелерді шешеді. Осыған орай айта кетерлік жайт осындай білім жүйесінде мектеп жүрегінің жұмыс атқаруы. Әр мектеп мұғалімінің, яғни білім жолындағы адамның жеке басының кітапхана арқылы көптеген жаңалықтардан хабардар болғанда іске сәттілік әкеледі. Білім процесінің біліктілігін көтерудегі жетістік тікелей мектеп кітапханашысына да байланысты.
Мектеп кітапханасы педагогикалық қызметінің негізгі мақсаты: білікті оқырманды дайындау арқылы рухани қалыптастыру.
Кітапхана жұмысын сапалы жүргізу үшін оқырмандармен жүйелі жұмыс жасау керек, сонымен қатар, кітапхана жұмысын жетілдіру:
- балалар мен оқырмандар арасында библиографиялық білімді насихаттау;
- кітапханашы қызметкерлерінің арасында өзара библиографиялық білім беру арқылы іс-тәжірибе алмасу;
- кітапханада АБА-каталогтар жүйесін құру;
- электрондық каталогтар, оларды құрастыру ерекшелігі;
- ақпараттық қызметте Интернет ресурстарын қолдану;
- ақпаратты-библиографиялық бөлімінде Қолжазба қоры ұйымдастыру т.б. Кітапханашы ақпаратты жеткізуші ретінде көзқарас өткен уақытта қалған.
ХХІ ғасырдағы мектеп кітапханасының миссиясы білім алушылардың ақпараттық мәдени тұлғасын, айналаға, баланың тұлғасын тану, білім алу құқығы, еркіндік, бақыт, әлеуметтік қорғау дұрыс қарым-қатынас тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге, - деп Абай атамыз айтпақшы барлық адам баласы үшін кітап - рухани азық. Осы рухани азығымызды жетілдіруде, кітапхананың барлық қауымға тигізері мол. Баланың дүниетанымы мен мінез-құлқының адамгершілік нормаларын қалыптастыруға кітап зор үлес қосады. Сондықтан кітапханаға оқырмандарды тарту, жаңа кітаптарды насихаттау, интеллектуалды әлеуетін ынталандыруға жәрдем беруде маңызды орын алады.
Мектептің маңызды бөлімі ретінде мектеп кітапханасы негізгі мақсаты - рухани бай, дені сау, адамгершілігі мол оқушыны қалыптастыру үшін, жоғары рухани-адамгершілік және азаматтық сана-сезімін, интеллектісі, шығармашылық қабілеті дамыған, салауатты өмір салты дағдысы, оқу және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу дағдысы тұрақты, сонымен қатар, нәтижелі оқу-тәрбие процесін қолдау үшін жағдай жасау.
Мектеп кітапханасында кітапхана қызметінің сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізіліп, онда педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық-әдістемелік қызмет көрсетуін жетілдеру жолдары көрінеді. Мектептегі заманауи кітапхананың рөлі бойынша жүргізілген зерттеулерден келесідей міндеттер қарастырылды:
* кітапхана қызметінің сапасы мен тиімділігі;
* мектеп қызметкерлерінің ақпараттық қажеттіліктері;
* заманауи ақпараттық-әдістемелік орталық ретінде перспективалық бағыттары.
Зерттеуге мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен әкімшілік мүшелерінен 75 қатысушы қатысты. Олар алынған оқу, әдістемелік ақпараттар деректері бойынша келесідей үлгіде орналастырылды (1-сурет).

Ақпараттарды алу
деректері
Әдіст.кабинет, әріптестер
9%
Мектеп кітапханасы 50%
Жеке кітапханалар 30%
Қалалық кітапхана
11%
Ақпараттарды алу
деректері
Әдіст.кабинет, әріптестер
9%
Мектеп кітапханасы 50%
Жеке кітапханалар 30%
Қалалық кітапхана
11%

1-сурет - Алынған ақпарат деректері бойынша орналастырылған

Мониторингтен алынған деректер талдамасы қолданушылардың (50%) көп бөлігі дәл осы мектеп кітапханасының ақпараттарына жүгінетінін көрсетеді.
Ақпараттарды алу жүйелілігі
Күнде
4%
53% аптасына бір рет
Түсуіне қарай 5%
31% айына бір рет
Ақпараттарды алу жүйелілігі
Күнде
4%
53% аптасына бір рет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітап және кітап құндылығын насихаттау
Мектеп кітапханасы және оның мақсаттары мен міндеттері
Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру
Мектеп кітапханасында ақпараттық технология және оны қолдану
Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары
Инновацияны зерттеудің әдістемесі мен бағыттары
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ИНВАРИАНТТЫ МАЗМҰНЫ
Ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету әдісі
Мектеп кітапханасының ақпараттық жүйесін құру
Жаңа әлеуметтік – мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету
Пәндер