Білім берудің жаңарту жолдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Білім берудің жаңарту жолдары
Қоғамда туындап отырған жаңа экономикалық қатынастарға орай білім
беруді реформалау мәселесі туындайды. Реформалауың басты мәселесі білім
мазмұны толық жаңғырту жетілдіруді талап етеді. Ол білім беру
стандарттарын, базалық оқу жоспарларын жасау және тәжірибеге енгізу арқылы
жүзеге аспақ. Стандарттар барлық тұрпаттағы оқу құралдарының қай түріне
жататынына қарамастан, кадр даярлаудың жоғары біліктілік сапаларын
үйлесімді атқаруы тиіс. Бұл күнде өмір өлшеусіз өзгереді. Қазақ халқы өз
еркін өз қолына алып, өз болашағы болып табылатын болашақ жастарды білі мен
тәрбие ісіне көңіл бөліп, өзіндік бағыт ұстап, жасампаздық жолға меңзейтін
әдістер ұсынуда. Солардың бірі:

- Өз мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы,
адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу.

- Оқушылардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып,
ұлттық рухты сіңіру. Сондай – ақ тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін
қастерлеп, салт дәстүрін меңгерту.

- Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем
деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып
тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра
отырып дамыту

Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де
үнемі өзгеріп отырады. Ол білі беру заңдылықтарына байланысты өзгеріп дамып
отырады. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре
жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін
қашан да жолға қоярымыз анық.

Педагогикалық шеберлікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен Назарбаев
зияткерлік мектебі курсы бағдарламасын меңгеруде түйгенім:

- Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік
дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай
алатын, пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда
құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер:

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер:

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер Диалог негізінде оқыту және
оқу және метасана немесе Қалай оқу керектігін үйретуді қарастырады.
Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны - диалог. Диалог оқушылардың
сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл
үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызу мынадай
нәтиже береді:

*сабақта белсенділік жоғарылайды;

*сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;

*дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады;

*оқуға қызығушылықтары артады;

Қалай оқу керектігін үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылады.
Метатану индивид қалай ойлайтынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту
қабілетін түсінеміз. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және
ойлау нәтижелерін сабақта қолдана алу үдерісі болып табылады. Бұл үрдісінде
мұғалім оқушыға:

- білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

- жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;

- міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға:

- нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

бағдарламасы бойынша ол:

- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын
көзбен қарау;

- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімге қабылдауға
құштарлық;

- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын,
үйренушінінің сеніміне негізделген құрылым.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясын қолдану төмендегідей
нәтиже береді:

- білім алушының белсенділігін арттыру;

- пәнге қызығушылығын ояту;

- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;

- зерттеуге икемділігін дамыту;

- сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;

- білім алушылар бір - бірімен қарым - қатынас жасай біледі;

- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен
қарауға.

Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар
қойып дәлелдерді талдайды.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының
берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің
нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға
қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу
фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың
маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалау оқыту үшін бағалау және
оқытуды бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау әр сабақта жүзеге
асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс - әрекет
бойынша оқушының білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті
тәртібі т. б. бағаланады. Ал, сумативті бағалау немесе жиынтық бағалау
оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде
көрінетін білім деңгейінің өлшемі.

Жалпы, бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:

Бақылау;

Алынған мәліметтердің интерпретациясы;

Бұдан арғы іс - әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді
қорытындылау.

4. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияның тиімділігі - келешек
ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін
дамытуға жол ашатын педагогикалық - психологиялық жағдай жасауында.

Сондай - ақ, интерактивті тақта арқылы әр түрлі грамматикалық
тапсырмаларды орындау, мәтіндермен, жаңа сөздермен түрлі жұмыстар
жүргізуде, сөздерге талдау жасауға, уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың
ынтасын арттыруға қажетті әрі пайдалы құрал. Әр түрлі тест тапсырмаларын
жүргізіп, оқушылардың білім сапасын бақылауда да компьютерлік технологияның
үлесі зор.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу
арқылы қалыптасатын қасиет. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын
оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың
зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады.
Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты,
ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек
ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз,
көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек
оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының
шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың
арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы
зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық
жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа
жету - оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық
белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады

“...Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді.
Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке
айналдырып құртып тынады”. Плутарх

Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

Еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада
дәлелденген.

Мысалы, төрт жасар балалар көп сұрақ қояды және қайда, не, кім,
неге, қашан сияқты көптеген сұрақтар пайдаланады. Олар бес сөзден
тұратын сөйлемді пайдалана алады және олардың 1500 сөзден тұратын сөздік
қоры бар. Бес жасар балалар бағыныңқы бөліктері бар алты сөзден сөйлем
құрай алады және 2000 сөз пайдаланады.. бірінші сынып оқушылары 6000 сөзге
дейін пайдаланады, ал ересектер 25000 сөз пайдаланады және 50 000 сөз
біледі.

Жалпы шәкірт бойына білім нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас
ерекшеліктерін ескеру қажет. Топтық жұмыс немесе диалог барысында оқушының
жас ерекшелігін ескере отырып жұмыстану - бұл мұғалімнің жан - жақты
ойластырылған шеберлігін қажет етеді.

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру
кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану
қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін
ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Осы орайда өз
тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат
қойдым:

- заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық
қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:

- жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;

- шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

- өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;

- өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.

Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан
басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі,
оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация,
техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы
шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал,
көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық - әдіснамалық негіздері
Мұғалімнің инновациялық іс - әрекетін дамыту жолдары
Математикалық білім беру
Функционалдық сауаттылықты дамыту
Педагогикалық инновация туралы түсінік
12 жылдық жалпы орта білім беру мақсаты
Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама
Оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен технологияны қолдана отырып оқушының құзыреттілігін қалыптастыру
Пәндер