Логикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімЛогикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамытуБаланың логикалық ойлауын саусақ ойындары арқылы дамытуБалалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары.
  3. Қорытынды
  4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

« Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту»

Қазақстан Республикасының қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.

Сол себепте қазіргі таңдағы негізгі талаптардың бірі - білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған, жаңаша, тәуелсіз, ойлай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кетейін. Логика (грек тілінен алынған logic -сөз, ой, ойлау, ақыл -ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.

Обьективтік пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.

Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше.

Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі - логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Әр тәрбиеші ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет деп біліп, мен де өз жұмысымда баланың логикалық ойлауын дамытуды мақсат еттім. Сол себептен шығармашылық бағыт бойынша жүргізетін жұмысымдағы мақсатым:

Балалардың бойында кіші жастан танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллекттісін, қисынды ойлау бейімін қалыптастырып дамыту, математикалық тілдің элементтерін меңгерту, яғни «математикалық сауаттандыру»

 балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту;

 қиялдарын ұштау;

 тапқырлыққа жетелеу;

 қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру.

Міндеттерім

 балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету;

 логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;

 балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты -бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.

Логикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі, мектепке дейінгі мекемеде білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі қойылған. Балалардың өз ізденуге, ойлауына, еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, өз пікірін айтуға көңіл бөліп, қабілетті, білімді бала тәрбиелеу үшін, оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын іздестіреміз. Сондықтан, тобыма бақылау жасай отырып, «Логикалық ойындар арқылы балалардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбын алдым.

Негізінде, баланың логиқалық ойлау қабілеті дегеніміз - қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарды меңгеруден басталады. Өйткені, бала сөйлегеннен бастап өзінің атын, мекен- жайын жаттай бастайды. Міне, сан санауда осыдан басталады. Оны жүйелі түрде тыңдау тәрбиешінің басты міндеті, логика - адам ойы, дұрыс ойлау ұрпақтан- ұрпаққа табиғи түрде де беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы қалыптасады.

Логика латынша (логас - дәлелдеу, түсіндіру деген) ұғымды білдіреді. Яғни, балалардың бірте - бірте ой өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйренеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйе - логикалық ойлауға сүйенеді.

Ой тану - сезіну, қабылдау, елестеу жолдарымен көрініс табады, оның көмегімен бір заттың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Барлық құбылыстарымен салыстырғанда адамның ойлауы өте күрделі және танып білуі балаларға өте қиын.

Ойлауды зерттеуде көптеген психологтар детерминизм принципін басшылыққа алады. Ол сыртқы құбылысты тану ішкі шартты рефлекс арқылы жүзеге асады деген ережеге сүйенеді. Мұнда ойлаудың ішкі құрылысы, олар ойлау операциялары; анализ ( талдау), синтез (жіктеу) және жалпылау. Білім, ойлау процесі арқылы алынатын болса, ойлау процесінде қандай да бір білімге сүйенеді.

Қазіргі күнде ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуі, яғни танымдық, тәжірибені және әрекетті меңгеруіне байланысты деп қарап, оны оқу, білім алу деген сөз дейді. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамдарды дамытады.

Негізгі мәселе ретінде - тәрбиеленушілерге білім бере отырып, ойлануын дамыту, яғни оқу әрекетін қалыптастыру, қызығушылықтарын арттыру және ойлау қабілетін дамыту.

Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамытуда қарапайым математиканы ойын арқылы меңгерту тиімді өйткені, жасырып тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу, баланың ми қартыстарының жұмысын шыңдайды.

Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мына әдіс - тәсілдерді қолданамын:

1. Балаға қойылатын сұрақтар жүйелі әрі түсінікті болу керек. Сұрақ қоя білу қиялдаудың ең жоғарғы сатысы және ойлауда негізгі рөл атқарады деп ойлаймын.

2. Ойын арқылы балалардың негізгі іс - әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс - жүзінде асырады.

3. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл - ойы дамиды. Міне, осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті қалыптасады.

4. Тәрбиеші балалардың дұрыс ойлап, үйренуіне күш жұмсау керек, өйткені жас балаға ойлау тым ауыр. Тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткен де сақтықпен іс - әрекет ету керек .

Баланың логикалық ойлауын саусақ ойындары арқылы дамыту

Баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленеді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс - тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой - қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырады.

Сәби өмірінде саусақ ойындарының маңызы зор. Атау ұйқастырып бүгінгі күні балаларды өз ана тілінде еркін сөйлеуі мемлекеттік тілді меңгеруі маңызды мәселеге айналып отыр. Балалар көп сөздің мағынасын түсінбейді, сөздік қорлары өте аз. Сол себепті балалардың тілін дамыту үшін әдіс - тәсілдердің тиімді жақтарын қарастыру жөн.

«Саусақ ойын» бағдарламасының басты мақсаты:

Оқушылардың ойын жаттығулары арқылы қисынды ойлауы мен қолын жазуға дайындау, ойлау қабілетін дамыту.

«Саусақ ойын» бағдарламасының басты міндеттері:

- Жаттау арқылы баланың тілін жетілдіру;

- ойын арқылы зейіндерін шоғырландыру. ;

- Аттары ұйқасқан заттарды танып білу;

- Дүниетанымын өсіру.

- Ана тілінде еркін сөйлеуі;

- Қайталама сөздермен сөз өрнегін баулу;

- Тілдік қорды дамыту;

- Қызығушылығын қалыптастырып дамыту;

- Баланың қисынды ойлауы мен есте сақтауын ортаны тез қабылдауын дамыту;

Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары.

Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз - қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз. Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Логикалық тапсырмаларды үнемі жүргізіп отырсақ, біз балалардың тек пәнге қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауында мынадай тәсілдер арқылы дамыта аламыз.

Ұғым қалыптастырудың логикалық тәсілдері:

Талдау- бұл нәрселерді бөліктерге жіктеу және олардың белгілерін айқындап көрсету. Мысалы «Апельсин» біз ойша оның пішіні дөңгелек, бүдірлеу, түсі-қызғылт сары, ішкі құрылымы кішкене бөліктерге бөлінген.

Жинақтау-талдау нәтежесінде алынған белгілерін, бөліктерін ойша біртұтас бүтінге біріктіру. Мысалы: ол көкөніс.

Салыстыру- нәрсенің мәнді, мәнсіз белгілеріне қарай ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау. Мысалы: Апельсин және мандаринді алсақ пішіні бірдей көлемі әртүрлі.

Абстракциялау-нәрсенің белгілі бір белгілерін ойша баса көрсету және оны басқалардан дерексіздендіру. Мысалы: олардың екеуінің формасы бір, дөңгелек

Жалпылау- біріңғай нәрселерді ойша кейбір кластарға біріктіру. Мысалы: геометриялық пішінге жатқызу.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде, интеграциялық сабақтарда түрлі формаларда өткізуге болады. Мысалы. Мерекелік кеш (әзіл-жұмбақтар, ребус, сөзжұмбақ, математикалық фокус), математикалық логикалық ойын, есеп-жаттығу (танграм, стомахион, пентомино, құрақ құрату), дидактикалық ойын т. б.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады.

Тапсырма орындау 2 кезеңнен тұрады;

Ауызша немесе сурет бойынша тапсырманы орындауға бағыт беру. Бұл баланың қабылдауына, есте сақтауына, ойлауына ықпал етеді;

Ойын жаттығулар арқылы зейінін тұрақтандырып, іс әрекетті тікелей орындау арқылы баланың дамуын анықтаймыз. Ойнай отырып ойлауға бағыт береміз.

Бала ойлауын анықтауға арналған тапсырмалар:

Көзбен көре отырып таңдау.

Заңдылықтарын табу

Күрделі пішінді заттарды талдау, іріктеу

Қатарды жалғастыру

Қатесін табу

Ой толғау

Сөздік логикалық ойын

Жетіспейтін заттарды табу.

Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, бүлдіршіндердің ой - өрісін іс - қимылын жан - жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті.

Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әртүрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойдың ерекшелігі қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс -әрекетін талдауға үйренеді. Балалардың логикалық ойлауын дамытудың қажеттілігі туралы әдіскерлер А. Я. Зорина, Ж. Икрамова, т. б ерекше атауға болады. Сонымен бірге Қазақстандық ғалымдарЕ. Әбілқасымова, А. Баймадиева сынды ғылымдардың еңбектерін естен шығармауымыз керек. Мектепалды даярлық балаларының алғашқы сатысы іс-әрекеті логикалық тапсырмаларды ойын әрекеттерін, ұштастыра отырып бастаған дұрыс. Бала ойынға қызығу арқылы оның ой-өрісі, қиялы, логикалық ойлауы қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық қабілеттерін дамыту мынадай тапсырмаларды орындаудан басталады.

«Жан-жануарлардың төлдерін ата», «Қарама-қарсы кескінді тап»,

«Бірдей өрнекті тап», «Заттардың сыңарын тап», т. б тапсырмаларды орындағанда оның бір ғана жауабы болмайтынын, көп екенін, тағы іздеуге

болатынын түсінеді. Күнделікті сабақтарымда логикалық тапсырмаларды бере отырып, баланың ой-өрісі дамиды.

Мысалы бірнеше заттардың бейнесін көрсеткен кезде, бала сол суреттерге қарап, топтап, жүйелеп логикалық ой қортындысын жасайды. Мысалы: Бұл суреттердің ішінен сәйкес келмей тұрғанын табу деп суреттер көрсетіп, мына суретте не артық деп сұрасақ, бала артық заттарды атайды. (Қосымша1)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған эксперименттік жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі топта дидактикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту
Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың маңызы
Оқыту кезінде оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz