Оқушыларды зерттеу іс-әрекетке баулу технологиясы


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. 1 Оқушыларды зерттеу іс-әрекетке баулу технологиясы
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларын зерттеу іс-әрекетке баулу
технологиясы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс және оның
нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Зерттеу іс -әрекетке баулу - оқыту үрдісі үшін барынша маңызды. И. Я. Лернер интеллектінің табиғи қабілеті мен еңбек сүйгіштігіне байланысты болатын және олардың негізін қалайтын сипаттар номенклатурасын былайша көрсетті:
- білімдер мен біліктіліктерді жаңа ахуалға өз бетінше пайдалану
- таныс ахуалдағы жаңа мәселені көре алу;
- обьектінің жаңа функцнясы қызметін көре білу;
- кызметтің белгілі әдістерінен өз бегінше жаңа әдіс құрастыру;
- қарама-қайшы фактілердің барлығын, берілген мәселенің әр түрлі
шешілу мүмкіндіктерін, әдістерін көре білу;
- барлық белгілі әдістерден бас тартып, принципті түрде жаңа әдіс жасау.
Келтірілген номенклатура кез келген мәселені шешу барысында түрлі формада ұшырасып отырады. Олай болса, алдын-ала зерттеу іс -әрекеттің қатаң сызбасын жасауға болмайды. Өйткені әлі пайда болмаған мәселенің шешілу әдістерін, сипаты мен күрделілігін алдын-ала білу мүмкін емес. Тек мәселені көре білу біліктілігі мен қызмет әдістерін комбинациялауды талап ететін жаңа мәселенің шешімін іздестірудің нақты үрдістерінде ғана зерттеу іс -әрекет тәжірибесін жинақтауға болады.
ІІІындығында, мәселе зерттеуқа оқыту мүмкіндігі емес, окытудың тиімді болуы мен зерттеу мүмкіндіктерді қалыптастыру шарттарында, яғни зерттеу кызмет әдісінде болып отыр. (И. ЯЛернер) .
Зерттеу іс - әрекет тәжірибесін жинақтаудың әдісі зерттеу әдісі болып табылады. Бұл:
- зерттеу іс-әрекеттің жоғарыда келтірілген сипаттарын
қалыптастыратын;
- білімді зерттеу түрде меңгеруді, яғни проблемалық
есептерді шешу мен осы арқылы жаңа білімдер іздеп табуды
үйрететін;
- танымның ғылыми әдістерін іздестіру үрдісі барысында ғылыми
әдістерді меңгеруді қамтамасыз ететін.
- іс- әрекетке қызығушылық пен іс -әрекетті қажет етушілік себептер осы қызметтен тыс пайда болмайтын болғандықтан, зерттеу іс -әрекетке қызығушылық пен оны қажет етушілікті қалыптастыру шарты болатын және де ауыстырылуы мүмкін болмайтын бірден-бір әдіс. Мұның басты міндеті мәселелер мен проблемалық есептерді шешудегі іздену қызметін ұйымдастыру.
Оқушыларды зерттеу іс -әрекетке баулу негізінде оқыту процесінде жүзеге асырылады. Осыған орай, оқу процесіндегі бірқатар пәндер (дүниетану еңбек, бейнелеу) арқылы оқушыларды зерттеу іс -әрекетке баулу жолдарын қарастыруға болады.
2. 1 Оқушыларды зерттеу іс-әрекетке баулудың технологиясы
Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдары мен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, соңғы нәтиже оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Егер, мектеп-өскелең ұрпаққа жинақталған тәжірибе беру бойынша міндеттерді нәтижелі шешетін болса үздіксіз білім беру идеясы қазіргі заманғы жағдайда іске асуы мүмкін. Өскелең ұрпаққа тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және окушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді менгеруі кажет: ана тілін, ғылым тілін және технология.
"Технология" ұғымының мәнін өндірістік процестерге байланысты П. Р. Атутов пен В. А. Поляков "Технология (технологиялық процесс) - өндірістік процестің негізгі бөлігі. Осындай мәнде өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау және т. б., өндірісті техникалық бақылау, сондай-ақ өндірістік процестерді сипаттауды және оларды орындау бойынша нұсқауды технология . . . " деп айта келе, шикізатты алу, өңдеу және қайта өңдеу тәсілдері мен амалдарын даярлайтын және жетілдіретін ғылыми пәнді технология деп атайтынын жазды.
Педагогикалық іс -әрекет саласында “Технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф. Б. Гильбрейт, Ф. У. Тейлор және т. б) деген идеаға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау технологиясын, мұғалім мен оқушылардың іс -әрекетін (Т. А. Ильина) ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптер мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Педагогикалық технологияға берілген анықтамалар бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы (В. П. Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі) оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс -әрекеттің моделі (В. М. Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адаммен ортаның өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г. К. Селевко) В. А. Сластениннің ойы бойынша педагогикалық технология деген: ол қатаң ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.
Жалпы педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы төмендегідей болып табылады.
Біріншіден, педагогикалық технология тәжірибе жүзінде бұрынғы педагогикалық экспериментті жоққа шығарып, оны алдын- ала жобаланған оқу -тәрбие процесс жолына аударады, кейін бұл жобаның сыныпта жүзеге асырылуын камтамасыз етеді. Бұл дидактикалық (тәрбие) түсініктеме тілдерінде мүмкін болып табылады.
Екіншіден, бұрынғы мұғалімдерге арналған сабақ жоспарларынан өзгеше, педагогикалық технология окушының өзіндік жұмыс мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесіндегі жоба ұсынады, яғни бұл оқу-танымдық жұмыс жобалануы кез-келген оқушылар санын жоғарғы тұрақты табысқа жетуге болады дегенді білдіреді.
Үшіншіден, педагогикалық технологияның айшықты қасиеті - мақсат білімділік процесі. Бұл педагогикалық технологияның негізгі мәселесі дәстүрлі педагогикадан басты айырмашылығы. Ол екі қырынан талқыланады:
- мақсат білімділіктің болжамы және окушылардың оқу
бағдарламасын сапалы меңгеруін объективті бақылау;
- жалпы тұлғаның дамуы.
Төртіншіден, педагогикалық технологияны нақты педагогикалық жүйе жобасы ретінде білу арқасында оның маңызды қағидаларының бірі - бүкіл оқу-тәрбие процесінің тұтастық қағидасын (құрылымдық және мазмұндық) тұжырымдауға болады. Тұтастық қағидасы педагогикалық жүйенің аралық элементтерінің үйлесімділігі.
Бірінші кезеңде әрбір оқушы өзбетінше қағазбен жұмыс жасайды. Бір біріне кедергі болмайды.
Оқыту процесі
мұғалім
оқушы
Шығармашылық сабақ пен оқытудың эвристикалық әдіс тәсілдері
Ұйымдастыру
формалары
Оқыту әрекеті
Оқыту
құралдары
- жеке
-топтық
-жұптық
-ұжымдық
-өз бетінше
-білім алу
- ақпараттық
танымдық
- дамытушылық
- зерттеушілік
(ізденушілік)
- оқулық
- қосымша
әдебиеттер
- ақпараттық
материалдар
Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулу
Кейбір жағдайда шеберханада жұмысты топпен бірден бастауға болады. Әрбір варианттың өзінің оң және теріс жағы болады. Жеке дара жұмыс кезінде әрбір оқушының ойын топтастыруға, мәселені, өзінің шешуін іздеуге, басқа окушылардың ойларының ықпалына ұшыраумаға мүмкіндігі болады.
Егер материал аз топтағы жұмысқа арналған болса, онда оны бірден топпен іздеуге болады.
Келесі кезекте егер жеке дара жұмыс осыған дейін болса, онда аз топта талқылау болады. Бұл көрініс барлығына аралық өзіндік нәтиже болады. Бұл кезеңді француз педагогтары "әлеуметтендіру" деп атаған. Осы кезеңде оқушы өзінің жұмысын түзетуі, толықтыруы, жақсартуы мүмкін.
Басты қажетті талаптардың бірегейі басқа жұмыстардағы оңдыны, белгіліні, өте жақсыны іздеу іскерлігіне және талабына оқушыларды баулу болып табылады.
Еңбекке баулу сабақтарында оқушылар еңбек объектілерін (бұйымдарды, заттарды немесе технологиялық процестерді, операцияларды, қозғалыстарды) зерттейді. Оқушылар бұйымды дайындаудың тәртібін қалыптастырады.
"Материалмен жұмыс" және "әлеуметтендіру" кезеңдері шеберхана жұмысы барысында кезектесуі мүмкін.
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларын зерттеу іс-әрекетке баулу технологиясы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс және оның нәтижелері
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу іс-әрекетке баулудың (оқыту) тәжірибелік жұмысы мына төмендегі мақсаттарды шешуге бағытталды.
- зерттеу іс-әрекет құрылымының мазмұнын негіздеу;
- зерттеу іс-әрекетке баулудың тиімді жолдарын айқындау;
- зерттеу іс-әрекетке баулу үрдісін тәжірибе негізінде баяндау, онда зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын анықтау.
Эксперименттік жұмыс - нақты жағдайды есепке ала отырып педагогикалық процесті немесе белгілі бір құбылысты, мәселені зерттейтін ғылыми тәжірибе. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеттері - мазмұнның салыстырмалы түрде нәтижелілігі, әдістері, тәсілдері, жағдайы, шарты, әдістемелік жүйенің оқу-тәрбие үрдісіндегі тиімді жолдарын таңдау болып табылады.
Дидактикада негізінен кездесетін төрт эксперимент түрі болатын болса, оқыту экспериментін жүзеге асыруды жөн көрдік. Оқыту логикалық тәсілдердің негізінде жүзеге асыруды дұрыс деп таптық.
Бастауыш сыныпта белгілерді талдауды іс жүзіне асыруды үйрету қажет: а) ойша объектілерінің іс-жүзінде бөлінбейтін белгілеріне қарай іріктеу (объектінің түсіне, сыртқы түріне, көлеміне, салмағына, қозғалыс жылдамдығына, иісіне, температурасына, т. с. с. ) - айқын (нақты) белгілерін талдау; ә) жеке белгілерін бөлектеп және ойда ұстап тұрып, қалған белгілерін алып тастау - аудару (абстракциялау) .
Логикалық тәсіл жинақтау талдауға кері жүзеге асырылады. Жинақтау - жекелеген бөліктерді бүтін затқа ойша құрастыру, калпына келтіру; затты ойша құрастыру үшін барлық уақытта бұрынғы іс-әрекет болуы қажет. Практикалық белсенділіктің өрнегі "Ойлану - жасау - бағалау" болып табылатындықтан оқушылардың ойлануын, нәтиже алу үшін практикалық іс-әрекет жасауын және оны бағалауын қамтамасыз ету керек. Өрнектегі ойлану мен бағалау буыны ой әрекетімен байланысты.
Объектінің белгілерін жинақтауды: а) объектілер арасындағы ұқсастықтарды және айырмашылықты анықтау - ойша салыстыру; ә) ойша объектілердің ұқсас белгілеріне қарай біріктіру - талдап қорыту (ойша топтау) ; б) ойша жеке бөліктерді әр түрлі топтарға бөлектеу - нақтылы топқа (теориялық білімді іс жүзінде қолдану сияқты) .
Қорытынды .
Жүргізілген зерттеу жұмысымыз педагогика мен мектеп тәжірибесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі болып табылатын оқушылардың танымдық дербестігін дамыту мен оқушыларды зерттеу іс -әрекетке баулуға арналған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz