Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қызметін ұйымдастырудың негізгі аспектілері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қызметін ұйымдастырудың негізгі аспектілері
2.2. Танымдық-жобалық іс-әрекеттің әрбір кезеңіндегі ересектер мен балалар әрекеттерінің алгоритмі
2.3. Педагог пен балалардың танымдық-жобалық іс-әрекетінің алгоритмі
2.4. Жобалар технологиясы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жобалық іс-әрекет - бұл білім беру мазмұнының кез келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу, практикалық тапсырмаларын шешу үшін белгілі бір жоспарлар, белгілі бір мақсаттары бар мақсаттылық іс-әрекет. Жобалық іс-әрекет негізінде ересектер мен балалардың белгілі бір практикалық проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін іс-әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі үшін көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға болады.
Педагог баланың іс-әрекетін бақылау арқылы оны бірте-бірте қатысуға тартады, эпизодқа қатысуға, кейінірек серіктестікке, соңында ынтымақтастыққа жетелейді. Ересектердің жобалық іс-әрекетін сатылай ынталандыру баланың ұжымда жұмыс істеу қабілеті мен өзінің темпераментін, мінез-құлқын ортақ істің мүдделеріне бағындыру, шығармашылық жанжалдарды шешу, келісімділікке қол жеткізу, іс-әрекет қатысушыларына көмек көрсету, әрқайсысының іс-әрекетін бағалау қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қызметін ұйымдастырудың негізгі аспектілері
Шығармашылық жобалау педагогтан балаға деген төзімділік, махаббат, оның ересектер әлеміне кіру жолында мүмкіндіктеріне сенуді талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларда жобалық іс-әрекетті дамытуда үш кезеңді көрсетуге болады, ол мәні бойынша шығармашылық болып табылатын зерттеу, іздеу, проблемалық әдістерінің жиынтығын қосатын жобалық іс-әрекетінің педагогикалық технологиясының бірін білдіреді.
Бірінші кезең - үш жарым жастан бес жастағы балалармен іске асыруға болатын еліктеу-орындаушы кезең. Бұл кезеңде балалар екінші рөлдегі жобаға қатысады, ересектердің тікелей ұсынысы бойынша немесе оған еліктеу арқылы іс-әрекеттерді орындайды.
Екінші кезең - әртүрлі бірлескен іс-әрекет тәжірибесі бар, іс-әрекеттерді келісетін, бір-біріне көмек көрсете алатын бес-алты жастағы балалар үшін тән дамытушы кезең. Бала ересектер көмегіне сирек жүгінеді, құрдастарымен бірлескен іс-әрекетті белсендірек ұйымдастырады. Балаларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дамиды, олар өздерінің, құрдастарының әрекеттерін объективті бағалауға қабілетті. Бұл жаста балалар проблеманы түсінеді, мақсатты айқындайды, іс-әрекет нәтижесіне жету үшін қажетті құралдарды таңдауға қабілетті болып табылады. Олар ересектермен ұсынылған жобаларға қатысуға дайындығын көрсетеді, сонымен қатар шығармашылық, зерттеу, тәжірибелі-бағдарлы жобалардың жөнелтпелі нүктесі болып табылатын проблеманы өз бетімен табады.
Үшінші кезең - алты жастағы балалар үшін тән шығармашылық.
Ересектерге осы кезеңде балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту және қолдау, балалардың алдағы іс-әрекетінің мақсаты мен мазмұнын дербес анықтау, жобамен жұмыс жасау тәсілдері мен оны ұйымдастыру мүмкіндіктерін таңдау үшін жағдай жасау өте маңызды.

Танымдық-жобалық іс-әрекеттің әрбір кезеңіндегі ересектер мен балалар әрекеттерінің алгоритмі

Әрекет алгоритмі
Жобалық іс-әрекеттің
еліктеу-орындаушы кезеңі
Жобалық іс-әрекеттің дамытушы кезеңі
Жобалық іс-әрекеттің шығармашылық кезеңі
1-қадам
Балалардың қажеттіліктеріне жауап беретін проблемаларды анықтау
Балалардың немесе екі тараптың қажеттіліктеріне жауап беретін проблемаларды ересектердің немесе балалардың көрсетуі
2-қадам
Жоба мақсаттарын, оның мотивациясын қою
Жоба мақсаттарын, нәтижені болжауды бірлесе анықтау
Жоба мақсаттарын, нәтижені болжауды балалардың дербес анықтауы
3-қадам
Балаларды іс-әрекетті жоспарлауға және белгіленген жоспарды іске асыруға қатысуға тарту
Балалардың ересектердің елеусіз көмегімен іс-әрекеттерді жоспарлауы; құралдарды анықтауы
Балалардың іс-әрекеттерді жоспарлауы (ересектің серіктес ретінде ықтимал қатысуы кезінде), жобаны іске асыру құралдарын айқындауы
4-қадам
Нәтижеге қол жеткізу бойынша ересектер мен балалардың бірлескен іс-әрекеті
Балалардың жобаны орындауы; ересектердің сараланған көмегі
Балалардың жобаны орындауы; шығармашылық жанжалдарды шешу, келісімділікке қол жеткізу, өзара оқыту, бір-біріне көмек көрсетуі
5-қадам
Орындаудың бірлескен талдауы
Нәтижені талқылау: жұмыс барысын, әрқайсысының әрекетін, табыстар мен табыссыздықтар себептерін анықтау
6-қадам

Жобаны дамытудың келешегін бірлесе айқындау
Жобаны дамытуды бірлесе айқындау

Жобалық іс-әрекет балаларды проблеманы шешуге, іс-әрекеттің мақсатын қоюға және жоспарлауға үйретуге мүмкіндік береді. Жобалық іс-әрекет өзінің әрекетін және жұмыс барысын талдау, нәтижесін көрсету қабілетін дамытады. Балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекетінің нәтижесін макет, плакат, үлгі, театрға қоюға бейімдеу, сахналық көріністі қолдану арқылы презентация түрінде көрсетуге болады.

Педагог пен балалардың танымдық-жобалық іс-әрекетінің алгоритмі

Жобалық іс-әрекет кезеңдері
Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті
1. Проблеманы айқындау
Балаларды проблемалық жағдайға, ойлау қажеттілігіне жетелеуінен өзі үшін проблеманы қалыптастырады
Проблеманы көруге, маңызды мәселелерді тұжырымдауға үйренеді
2. Іс-әрекет мақсаттарын анықтау
Балалардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сүйене отыра, мақсат қояды
Іс-әрекет мақсатын белгілейді (қоршаған әлемнің белсенді зерттеушісі болады)
3. Нақты ой
Не болатындығын және қандай нәтижеге алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатылай оқыту технологиясы
Кітап және кітап құндылығын насихаттау
Педагогтың өздік жұмысы
Ата - аналардың педагогикалық қатынастарымен талаптарды үйлестіру
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Зерттеу нысаны - бастауыш мектеп оқушылары
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Жоба ұғымының анықтамасы
Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеудің формалары мен әдістері
Оқытуды сыныпта даралау технологиясы
Пәндер