Өзен жүйесін гидрографиялық зерттеу, есептеу



Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе 1
2. Негізгі бөлім
2.1. Өзен алаптары 2
2.2. Өзен жүйесін гидрографиялық зерттеу, есептеу 4
2.3. Өзеннің мерзімдік ағынын анықтау 6
2.4. Су ағысының жылдамдығы және оны 6өлшейтін аспаптар 6
3. Қорытынды 8
Қолданылған әдбиеттер тізімі 9

Кіріспе
Климаттық жағдайы мен су жинайтын алабының мөлшерінге байланысты, өзендер тұрақты немесе уақытша әрекет етуі мүмкін. Аумақтағы тұрақты өзендер мен уақытша ағын сулар, көлдер және батпақтар жүйесі осы аумақтың гидрографиялық желісін құрайды. Гидрографиялық өзен желісінің құрылымын мынадай буындарға бөлуге болады.
1) Қолат- гидрографиялық желінің ең жоғарғы буыны. Беткейлері шымдақ әрі көлбеу жатқан, табаны тегіс келген еңістеу жердің ойдымы.
2) Өзек - қолаттан өзінің қазған орының тереңдігі, беткей-биіктігі және құламасымен ерекшеленеді.
3) Құраңғар - гидрогрфиялық желінің беткейлерінің ассимитриялығымен және ирек арналы уақытша ағын сумен сипатталатын аңғар алды буыны.
4) Аңғар - тұрақты өзен ағындысы басталатын гидрографиялық желінің соңғы буыны.
Басқа ағын сулар (жылғалар, бұлақтар, өзендер) келіп құятын, әрі өзі көлге немесе теңізге құятын өзенді негізгі (басты) өзен дейміз, ал оған құятын өзендерді оның салалары деп атайды. Басты өзенге тікелей келіп құятын өзенді бірінші дәрежелі сала, оның саласын - екінші дәрежелі және т.б. деп атайды.
Кез келген өзеннің басталатын жері, яғни бастауы болады. Өзенннің бастауы жер астынан қайнап шығатын бұлақ, батпақ, көл, мұзарт немесе екі саланы қосылатын орны болуы мүмкін. Көлден басталатын өзендердің бірі, Байкал көлінен бастау алатын Ангара өзені немесе Ладогадан басталатын Нева өзені мысал бола алады.
Жазық аудандарда өзендер әдетте бастауын батпақтардан алады. Мысалы Пин батпақтарынан ағып шығатын Днепр мен Висла өзендерінің салаларын жатқызуға болады.
Өзеннің басқа өзенге, көлге (бөген) немесе теңізге құятын жерін өзеннің сағасы деп атайды. Өзендердің сағаларында көл, теңіздердің өзендермен өзара әсерінің нәтижесінде жер бедерінің күрделі формалары мен тарамдары (жеңдер), яки атырау пайда болады.
Өзен атыраулары әдетте екі типке: делта мен эстуарийге бөлінеді.
Дельта деп тарамдалып кеткен, теңіздің тайыз бөлігіне келіп құятын өзеннің тасып әкелген шөгінділерінің нәтижесінде пайда болған атырауды айтады.
Эстуарий деп өзеннің теңіз жағына қарай кеңейе беретін воронка тәріздес (терең) сағасын айтамыз, ол теңіздің толысуымен қайтуы болатын жағалауларға тән. Салалар әсеріне ұшырамаған эстуарийді лиман деп атайды.
Жер беті мен әрі жер асты (топырақ және тау жыныстары қабаттары арқылы) өзенге су жиналатын аймақты өзен алабы деп атайды.
Өзен алаптары
Жер беті өзен алабы дегеніміз жер бетінің осы өзен желісіне немесе жеке өзенге су жиналатын кеңістігі.
Жер асты жинау алабы - осы өзен желісіне су жиналатын топырақ қабаты.
Өзен алаптары әдетте бір-бірінен мөлшерімен және сұлбасымен ерекшеленеді. Өзен алабының негізгі сипатына, оның жер беті су жинау кеңістігінің ауданы жатады. Өзен алабының ауданы Ға (км) болып осы жердің шектеуші жақтауға дейінгі, суайырықпен шектелген көлбеу проекциясының ауданы есептеледі. Ол планиметрдің немесе палетканың көмегімен ірі масштабты картадан, алдын-ала суайырық шекарасын жүргізген соң анықталады. Алабының ауданының мөлшеріне байланысты өзендер шартты түрде ірі, орташа, кіші болып бөлінеді.
Ірі өзендердің қатарына ауданы 50000 км2-ден үлкен жазықтық өзендері жатады.
Орташа өзендердің қатарына ауданы 2000-нан - 50000 км2 дейінгі өзендер жатады.
Кіші өзендерге ауданы 2000 км2-ден кем өзендер жатады.
Өзен аңғары деп жер бетіндегі өзі аса енді емес, әдетте ұзынабойы ирелеңдеп созылып жатқан ойыстау, жалпы еңістігі өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған жерді айтамыз. Бірнеше аңғарлар бірімен бірі қосылып ірі аңғарлар құрайды, еш уақытта бір аңғар екінші аңғарды кесіп өтпейді. Олар бір-бірінен тереңдігі, ені және ұзындығымен ерекшеленеді.
Кесе көлденең қимасының сипатына қарай аңғарлар төмендегідей типтерге бөлінеді:
1) саңылау - терең әрі тар аңғар, бекейлері әдетте тіптік, кейде арнаға қарай еңкіш келеді, аңғардың табанын түгелдей су алып жатады.
2) Каньон - өте құлама беткейлі терең аңғар, әдетте табаны тар, таудан шыға берісте немесе тауларда кездеседі
3) Шатқал - терең жартасты тау аңғары, әдетте беткейлі шығыңқы келіп етегіне қарай құламасы өседі.
4) Трапецияға ұқсас - шығыңқы немесе түзу көлбеу кең аңғар, бұл жазықтықтағы аңғардың сипаты. Бұл типьің бір түрі - жәшік тәрізді табаны тегіс, беткей құлама аңғар.
5) Астау тәрізді - беткейлері ойыс (батыңқы), етегіне жақын біртіндеп көлбей түседі. Мұндай көрініс мұздықтар әрекетінен болған.
Өзен аңғарының элементтері: Өзен аңғарының элементтеріне оның: табаны, тальвегі (фарватері), арнасы, жайылмасы, өзен аңғарының беткейлері, террассалары және аңғардың жар қабағы (кемері) жатады.
Табаны деп өзен аңғарының тегіс келген еңістігі бар бөлігін айтамыз.
Тальвег - аңғар табанының ең терең нүктелерін қосатын ирек сызық.
Арна - өзен суы үнемі үздіксіз ағатын өзен аңғарының бөлігі.
Жайылма - өзен аңғарының тасқын немесе су тасуы кезінде су басатын бөлігі.
Аңғардың беткейлері - өзен аңғарының екі жағалауын шектейтін, еңістігі өзен арнасына бағытталған жер беті. Беткейлердің беті жыра, сай және басқада жуып шаю әрекетінен болған элементтерден тұрады.
Террасалар - тегіс немесе аздаған еңістігі бар аңғар және беткейлер шегінде сатылап орналасқан алаңдар. Жайылма ең төменгі терраса болып есептеледі.
Жар қабақ (кемер) - өзен аңғары мен қоршаған кеңістіктегі шектеуші сызық.
Өзен аңғарының тереңдігі едәуір мөлшерде құбылып тұрады. Жазық аудандарда аңғарлар саяздау, тереңдігі бірнеше ондаған метрден, 200...300 метрге дейін; тауларда аңғарлардың тереңдігі 2...4 мың метрге дейін жетеді.
Өзен аңғарының ені әдетте оның жоғарғы ағысынан төменгі ағысына қарай кеңейе береді, ал кейде өзен арнасының тау қыраттарын басып өтуіне байланысты өзен аңғарының жіңішкеруі де мүмкін.
Өзен арнасының кесе көлденең қимасы деп, ағын судың бағытына перпендикуляр, астынан арнаның түбімен екі бүйірінен - арнаның беткейлерімен, жоғарыдан- су бетімен шектелген жазықтық.
Арнаның көлденең қимасына келесі сипаттамалар кіреді:
1) судың ең жоғарғы деңгейіне дейінгі жалпы ауданы;
2) өлшеу сәтіндегі су деңгейіне дейінгі толық ауданы;
3) су қимасының ауданы - бұл суға батқан мұздың ауданын алып тастағандағы көлденең қиманың толық ауданы;
4) тірі қиманың аудыны - су ағысының жылдамдығы нолден жоғары су қимасының ауданы;
5) өлі кеңістіктің ауданы - су ағысының жылдамдығы нолге тең су қимасының ауданы.
Өзеннің ұзына бойы кескіні (профиль), оның табанының еңістігі және су бетінің еңістігі ағыстың ұзына бойына өзгеруін сипаттайды. Өзеннің табанының ұзына бойы кескіні әдетте оның аңғарының ұзына бойы кескініне жақындайды, әрі толқынға ұқсаған болып келеді. Өзен арнасында иірімдер мен қайраңдар кезектесіп келіп отырады, ал су бетінің ұзына бойы кескіні біріңғай өзгереді.
Өзеннің еңістік сипатының өзгеруіне қарай ұзына бойы кескінінің төмендегі 4 негізгі типтерін атауға болады:
1) тепе-теңдік қимасы немесе біркелкі ойыс, еңістіктің бастаудан сағаға қарай кемуімен сипатталады;
2) түзу сызық, өзеннің бүкіл ұзына бойына еңістік біркелкі өзгеріссіз келеді. Жазықтағы кішігірім өзендерде кездеседі;
3) шығыңқы, өзеннің жоғарғы ағысында еңістігі аз, ал төменгі ағысында - құлама, табиғатта сирек, негізінен кішігірім өзендерде кездеседі:
4) баспалдақты, еңістігі әр түрлі үлескіден тұратын өзен.

Өзен жүйесін гидрографиялық зерттеу, есептеу
Өзеннің, көлдің және т.б. тереңдігі деп су деңгейі мен түбінің ара қашықтығын айтады. Ағынның белгілі жеріндегі тереңдікті жергілікті тереңдік дейміз. Тереңдікті өлшеу жұмыстары нәтижесінде су обьектісінің бірдей тереңдікті жерлерінің жобасын жасауға, көлденең және бойлық қимасын көрсетуге, қима ауданын немесе көлдегі, су қоймасындағы судың көлемін есептеуге болады. Су тереңдігі туралы мәліметтер обьектілерді гидрографиялық зерттеу жасағанда, гидрометриялық жұмыстарда, кеме қатынасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағынды, эрозияны және су сапасын басқару
Торғай өзені алабы
Өзендер және классификациясы, морфометриялық сипаттама
ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ГИДРОЛОГИЯЛЬІҚ ЖЕЛІСІ
Жер асты сулары және планета туралы жалпы түсінік
Есіл алабы өзендерінің ең жоғары ағындысын бағалау
Іле атырауында арналық процестердің гидроморфологиялық дамуы
Қара Ертіс өзені алабының негізгі өзендерінің жылдық ағынды үлестірімі
Тентек өзені алабының гидрографиялық жағдайы
Кіші Алматы өзені – СЭС-тен 164 км жоғары бекетінің гидрологиялық сипаттамаларын есептеу
Пәндер