Қазақстанның өзен алаптары
Жоспар
1. Кіріспе 1
1.1. Жеке тапсырма: Өзен алабы 2
1.2. Қазақстанның өзен алаптары 2
1.3. Өзен арнасы 3
1.4. Өзен аңғары 5
1.5. Өзен аңғарының элементтері 5
1.6. Өзен арнасының кесе көлденең қимасы 6
2. Қорытынды 7
Қолданылған әдебиеттер тізімі 8
Кіріспе
Өзен деп едәуір мөлшерде айқын қалыптасқан тұрақты арнасы бар, өзінің су жинау алабына түсетін атмосфералық жауын шашындармен әрі жер асты суларымен қоректенетін ағын суды атаймыз.
Өзен -- өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су[1] немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.
Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады.
Шөлді аймақтардың диқандары егіндіктерін жақын маңайдағы өзендерден артық тартып суарады. Өзендерде, сондай-ақ, электр қуаты өндіріледі. Өнеркәсіп жаңадан дами бастаған өткен ғасырларда, диірмендер, ұста дүкендері мен зауыттар ағысы қатты өзендердің жағасына орналасатын. Адам су екпінінің қуатын түрлі механизімдерді жұмыс істетуге қолданды. Өзендердің көлемі мен түрі әрқалай. Бірақ олардың бәріне ортақ нәрсе - өзен атаулының бәрі биік жерден басталады. Өзен суының тасуы да табиғи жайт. Өзен тасыған кезде оның арналары эрозияға ұшырап, шөгінділері шайылып, жаңа аңғарлар пайда болады.
Барлық өзендердің саласы болады. Олар әдетте, негізгі өзеннен қысқа болады. Негізгі өзенге ағыс бойынша оң жағынан келіп құятын саланы оң жақ саласы, ал сол жағын сол жақ саласы деп атайды. Мысалы, Ертістің оң жақ саласы - Бұқтырма, ал сол жақ салалары - Есіл мен Тобыл. Өзенді барлық салаларымен қоса өзен жүйесі, өзеннің салаларымен қоса су жинайтын жерін өзен алабы деп атайды. Жер шарындағы ең суы мол және өзен алабы үлкен өзен - Оңтүстік Америкадағы Амазонка. Ал ұзындығы жөнінен Африкадағы Ніл өзеніне тең келер өзен жоқ. Оның ұзындығы - 6671 км. Өзен алаптарының шекарасын суайрық деп атайды. Бірақ суайрықтар көзге айқын көрінерліктей қырат болып тұрмайды. Жазық жерлерде суайрық тегіс қыраттар арқылы өтеді және оны анықтау қиынға соғады.
Жеке тапсырма: Өзен алабы
Өзен алабы (Речной бассейн) - жер беті және әрі жер асты арқылы (топырақ және тау жыныстар қабаттары арқылы) жалпы су ағындары жеке өзенге немесе өзен жүйелеріне келіп қосылатын, өзенге су жиналатын жер бетінің белгілі бір аймағы.[1]
Өзен алабы:
* ағынды;
* тұйық.
Кейде "су жиналатын алап" деп те аталады. Әрбір өзен алабы жер беті және жер асты (топырақ, таужыныстар қабаттары) арқылы су жиналатын алаптарға бөлінеді. Әрбір өзеннің су жиналу алабы басқа өзеннен суайырық арқылы бөлінеді. Өзен алабы өзінің ауданы, биіктік белдемі мен таралуы, орташа биіктігі, ені, еңістігі арқылы сипатталады. Өзен алабы ағынды және тұйық болып ажыратылады. Басқа өзен жүйесімен, мұхиттармен байланыспайтын өзен алабы тұйық алапқа жатады (Каспий, Арал теңіздеріне құятын өзендер). Өзен алабының пішіні, мөлшері, географиялық орны, жер бедері геологиялық құрылысына байланысты әр түрлі болып келеді. Ең ірі өзен алабы Оңтүстік Америкадағы Амазонка алабы (ауданы 7,2 млн. км²). Қазақстандағы ірі өзендердің өзен алабының ауданы Ертісте 1643 мың км², Сырдарияда - 462 мың км², Жайықта - 237 мың км², Іле өзенінде 140 мың км².[2]
Өзен алабының су беру мүмкіндігі (Водоотдача речного бассейна) -- белгілі бір уақыттағы өзен алабының су беру көлемі. Ол -- алқаптағы жиналған судың белгілі уақытта жерге сіңгеннен кейінгі қалған айырмасына тең болады (тәуліктік, онкүндік және т.б. болып бөлінеді).
Өзен алабының ұзындығы (км) -- өзеннің сағасынан алаптың ең шалғай нүктесіне дейіңгі түзу қашықтық.
Қазақстанның өзен алаптары
Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады. Қазақстан өзендері
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрықСауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).
Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері -- Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.
Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады.
Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.
Өзен арнасы
Өзен арнасы әдетте, тұрақты ағын су, ал кейбір құрғақшылық аудандарда уақытша тартылып қалуы мүмкін, климаты қатаң, суық аудандарда қатып қалады.
Ағып өтетін жердің бедеріне баланысты өзендер мынадай түрге бөлінеді:
1. жазық жер өзендері - биіктігі 300-500 метрлік ойпаттар мен жазықтықтарда ағады.
2. тау өзендері - бедері 300-500 м-ден биік тау жоталары мен қыраттардлы басып өтеді.
Климаттық жағдайы мен су жинайтын алабының мөлшерінге байланысты, өзендер тұрақты немесе уақытша әрекет етуі мүмкін. Аумақтағы тұрақты өзендер мен уақытша ағын сулар, көлдер және батпақтар жүйесі осы аумақтың гидрографиялық желісін құрайды. Гидрографиялық өзен желісінің құрылымын мынадай буындарға бөлуге болады.
1) Қолат- гидрографиялық желінің ең жоғарғы буыны. Беткейлері шымдақ әрі көлбеу жатқан, табаны тегіс келген еңістеу жердің ойдымы.
2) Өзек - қолаттан өзінің қазған орының тереңдігі, беткей-биіктігі және құламасымен ерекшеленеді.
3) Құраңғар - гидрогрфиялық желінің беткейлерінің ассимитриялығымен және ирек арналы уақытша ағын сумен сипатталатын аңғар алды буыны.
4) Аңғар - тұрақты өзен ағындысы басталатын гидрографиялық желінің соңғы буыны.
Басқа ағын сулар (жылғалар, бұлақтар, өзендер) келіп құятын, әрі өзі көлге немесе теңізге құятын өзенді негізгі (басты) өзен дейміз, ал оған құятын өзендерді оның салалары деп атайды. Басты өзенге тікелей келіп құятын өзенді бірінші дәрежелі сала, оның саласын - екінші дәрежелі және т.б. деп атайды.
Кез келген өзеннің басталатын жері, яғни бастауы болады. Өзенннің бастауы жер астынан қайнап шығатын бұлақ, батпақ, көл, мұзарт немесе екі саланы қосылатын орны болуы мүмкін. Көлден басталатын өзендердің бірі, Байкал көлінен бастау алатын Ангара өзені немесе Ладогадан басталатын Нева өзені мысал бола алады.
Жазық аудандарда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz