Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ТРИЗ технологиялары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
0.1. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ТРИЗ технологиялары
0.2. ТРИЗ технологиясында қайшылықтардың тәсілдері
0.3. Әртүрлі психологиялық кедергілер
1. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
ТРИЗ - өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы - Генрих Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г.С.Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады. ТРИЗ мақсаты - балалардың ой-өрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлауынуға үйрету. Тәрбиешілердің қолына балалардың қоршаған ортаның қайшылықтары мен біртұтастығын ұғынуға қабілетті шығармашылық қасиеттерін нақты практикалық тәрбиелеу құралын беру. Үдерісте ТРИЗ бейімделген әдістерін қолдануда артықшылықтары бары сөзсіз:
балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді;
шығармашылықтың туындауына ынта береді;
балалардың бейнелей сөйлеуін дамыту үшін жағдай жасайды (бағалау лексикасының сөз қорын ауыспалы мағынадағы сөздер, синоним мен антонимді байыту);
барлық тілдік құралдарды меңгерудің тиімділігін арттырады;
лексика-грамматикалық құрылысын құрудағы саналылығын қалыптастырады;
ойлау қабілетінің талдау-синтетикалық операцияларының икемділігін дамытады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда ТРИЗ элементтерін қолдана отырып, келесідей дидактикалық қағидаттарды ескеру қажет:
таңдау еркіндігі қағидаты - балаға кез келген оқыту немесе басқару әрекетіне таңдау құқығы;
ашықтылық қағидаты - балаға ашық (шешімінің бірнеше жолы бар) тапсырмалармен жұмыс істеу мүмкіндігін беру керек. Шығармашылық тапсырмалар жағдайында шешімнің әртүрлі нұсқаларын жасауы керек;
іс-әрекет қағидаты - кез келген шығармашылық тапсырмаға практикалық іс-әрекетке қосу қажет;
кері байланыс қағидаты - тәрбиеші балалардың ойлау операцияларын меңгеру үдерісін тұрақты бақылай алады, өйткені жаңа шығармашылық тапсырмада алдыңғы шығармашылық тапсырманың элементтері болады;
мінсіздік қағидаты - шығармашылық тапсырмалар арнайы жабдықты қажет етпейді және кез келген сабақтың бөлігі болуы мүмкін, бұл өз кезегінде балалардың білімі мен қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін барынша қолдануға мүмкіндік береді.
1945 жылы дарынды ойлау жай ойлаудан немен ерекшеленетіндігін ұғынуға ұмтылған Г. С. Альтшуллер шығармашылықтың ғылыми технологиясын дайындауына кірісті. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. ТРИЗ жаңа техникалық мақсаттарды нақты ғылымға айналдырады, себебі өнертапқыштық тапсырмалардың шешімі ізденістердің орнына текке логикалық операциялардың жүйесіне құрылады. Экскаватор болған жағдайда, күрекпен жұмыс істеу, автокөлік болғанда, жүкті арқалау орынсыз және ысырабы көп. Ойды қажетті бағытқа бұруға және ескішілдік, қызығушылық тудыртпайтын жұмыстың көп бөлігін орындауға қабілетті жүйелі құралды қолданудың орнына шығармашылық нұрлануды күту орынсыз.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ТРИЗ технологиялары
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ТРИЗ технологиялары - бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады. ТРИЗ ұстанушыларының ұстанымы: әрбір бала тумысынан дарынды және кемеңгер, алайда оны барынша төмен шығын жағдайында барынша жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі заманға бағдарлануына үйрету керек. Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырыпты, материалдар мен іс-әрекет түрін дербес таңдауды білдіреді. Олар балаларды заттар, құбылыстардың қайшы ерекшеліктерін анықтауға және осы қайшылықтарды шешуге үйретеді. Қайшылықтарды шешу - шығармашылық ойлауға деген кілт.
Балалармен жұмыс жасаудың негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Педагог балаларға дайын білім бермеуі керек, олардың алдында ақиқатты ашпауы тиіс, ол ақиқатты өзі табуы қажет. Егер балалар сұрақ қоятын болса, сол уақытта дереу жауап бермеуі керек. Керісінше, ол өзі не ойлайтындығын сұрауы қажет. Оны талқылауға шақыру керек. Жетелеуші сұрақтармен баланың жауапты өзі тапты деуге алып келуі керек. Егер бала сұрақ қоймаған жағдайда, педагог қайшылықтарды атап көрсетуі тиіс. Баланы жауапты табу жағдайына, яғни құбылыс немесе заттың тануы және қайта түрленуінің тарихи жолын қайталауы керек жағдайға қояды. Мәселен, тәрбиеші балаларға ағаштың қасиеттері туралы білім бере отырып, Егер жерде ағаш болмаса не болар еді? деген сұрақтан бастауы мүмкін. Балалар өздерінің ой-пікірлерінің нұсқаларын айта бастайды. Одан кейін: Ағаш несімен пайдалы? деп сұрақ қояды. Жауаптардың түрлі нұсқалары айтылады, кейбір жауаптар қайталанғанымен, ағаштың жаңа қасиеттері мен ерекшеліктері ашылады. Сұрақтар тізбегі жалғасады: Егер ағаш сондай пайдалы, одан көптеген заттар жасауға болса, онда адам неліктен металды өндіруді, пластмасса жасауды үйренді? Ағаштың қандай қасиеттері адамға ұнамады? Ағаштың несі қолайсыз? Неліктен адамдар орман өсіреді және саябақтар жасайды? Барлық ағаштардың қасиеттері бірдей ме, әлде ерекшелене ме? Ағаштар несімен ерекшеленеді? Ағаштан жасалынатын қандай заттарды атауға болады? және т.б. Одан кейін ағаштың қасиеттері анықталынатын тәжірибелер жүргізіледі: суда бата ма немесе батпай ма; жана ма, жанбай ма; суды өткізе ме, жоқ па; бояла ма, боялмай ма және т.б. Сонымен, сабақ ақиқатты және мәнін іздеу ретінде өтеді. Баланы ағашты зат ретінде көп түрлі қолдану мәселесіне алып келеді және ыдыс-аяқ, жиһаз жасау кезінде ағаштың алмастырушылары бар екендігін түсіндіреді.

ТРИЗ технологиясында қайшылықтардың тәсілдері
ТРИЗ технологиясында қайшылықтардың көптеген тәсілдері жинақталған. Алайда деректер банкін, көп жағдайда, жас тәрбиеші қолданады. Тәжірибелі мол педагогтар табиғат және затты әлемнің қоршаған объектілерінде өздері қайшылықтарды табады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдардың практикасында қолданылатын педагогикалық технологиялар
Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытуға арналған инновациялық технологиялар
Балаларды ақпараттық технология білімін жетілдіру
Сөйлеу әрекетінің орталығы
Сатылай оқыту технологиясы
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САУАТ АШУ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Интерактивті оқыту
Балалар бақшасындағы балалардың сөйлеу тілін дамыту
Пәндер