Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімОқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруБалаларды бірлікке тәрбиелеу
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр. Еліміздің даму бағытын бекіткен « Қазақстан - 2030 » бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік манызды бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген.
Салауаттылық ұғымы қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыру. Бір сөзбен айтқанда өз ұлтының дінін ұстануға үйрету.
Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.
Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады.
Бала тәрбиесі әсіресе, мектептен тыс уақыттағы сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мән-мағынасы өте зор болып келеді. Бүгінгі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарастың жеткіліксіздігі азаматтардың рухани деңгейінің төмендігіне және оның нәтижесінде жағымсыз жайттардың кең өрістеуіне себепкер болып отыр. Жастар денсаулығының нашарлауы, олардың ағзаларының ауруға қарсы тұру қабілетінің әлсіздігі, азып-тозуы, тез шаршағыштығы, өмірінің қысқа болуы - осы жайттардың айқын көрінісі. Бұл мәселелердің барлығы жастар арасында тәрбие жұмыстарының жұтаңдығының салдары екендігі даусыз.
Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру
Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.
Сондықтан адам денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әуес болып табылады. Бүгінгі таңда балалар мен жастардың денсаулық жағдайына басты назар аударуда. .
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:
- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана
сүйену;
- Экологияландыру адам организміне қоршаған орта факторларының
әсерін білу;
- Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты
туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
- Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз
қалыптастырып үнемі пайдалану;
- Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін
дайындау.
Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Қай мектептің болсын нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол бола-шаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.
Экологиялық мәдениетті қалып-тастыру өзекті мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасында мектеп жасындағы балалардың экологиялық білім алуының мемлекеттік жүйесін жасау жолында, олардың: «Жер планетасының үстіндегі өмірдің, көп түрлі себеп - салдары байланыстары мен құрылуының тұтастығы, табиғат пен қоғам жөніндегі ғылыми көзқарастары туралы, . . . био-сферадағы тіршілік негіздерін қиратудың қауіптілігі туралы білімдерді қалып-тастыру» және Қазақстан Республика-сының экологиялық кодексінде атап өтілгендей «Табиғатты қорғау мен табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауды, белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басты міндеттерінің бірі», - болып саналады.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасын И. Д. Зверев, А. Н. Захлебный, Б. И. Иоганзен, И. Т. Суравегина, Е. Н. Кудряв-цева және т. б. ғылымдардың еңбектерінің теориялық - әдіснамалық мәні зор. Экологиялық білім мен тәрбие берудың теориясы мен практикасы мәселелері А. Я. Ясвин, С. Н. Глазычев, С. Д. Дерябо, С. В. Алекторов сияқты зерттеушілердің ізденістерінде шешімін тапқан. Л. П. Семеновтың бастауш мектептегілерге экологиялық білім беру, Л. П. Салееваның төменгі сынып оқушыларының табиғатқа қатысын түсіндіру, М. В. Лучичтің мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты тануы, оларға жануарлар мен өсімдіктер туралы білім беру, А. Тушинаның бала бақшада табиғатты қорғауды үйрету, С. И. Николаеваның жанды жаратылысты қорғау, сақтау жөніндегі зерттеулерін табуға болады. Аталған еңбектерде балалардың табиғатты құрмет тұтуды үйренуі экологиялық тәрбиенің негізгі екендігі баса көрсетіледі. Сонымен бірге аталмыш ғалымдар баланың қолынан келетін еңбекке баулумен қатар балаларға табиғат жөнінде де білім беру экологиялық сауаттылыққа бастайтынын дәлелді түрде баяндайды. Баланың табиғат жөнінде алған білімі бастапқы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға негіз бола алады. Экологиялық мәдениет баланың ішкі сезімінің дамуына қарай, таңқалу, қызығу, қайғыру, тірі жәндіктерге қамқорлық жасау, оларды әлсіз тіршілік иесі ретінде қабылдау, қоршаған ортаның сұлулығын байқай білуімен тығыз байланыста қалыптасады.
Бүгінгі таңда экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негіздері қазақстандық ғалымдардың наза-рынан тыс қалмай Н. С. Сарыбеков, А. С. Бейсенова, М. Н. Сарыбеков, М. А. Лигай, Г. К. Длимбетова, Ұ. Есназарова, Ж. Ж. Жатқанбаев, А. Г. Сармурзина, В. В. Егоров және т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Тұтастай алғанда, жоғарыда қарас-тырылған зерттеулердің бағыттары және білім беру жүйесінде оқушылардың эколо-гиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жинақталған практикалақ тәжірибеге қара-мастан бастауыш сынып оқушыларының дүниетану сабағынан экологиялық мәде-ниетін қалыптастыру мәселесінің әлі де болса шешімі табалмағандығына көз жеткіземіз.
Мәдениет - тарихи даму барысында адамзат жасаған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы. Адамдардың қолымен жасалынып жатқан құндылықтар, осы құндылықтырмен адамдардың өзара байланысы, олардың оны игеруі мәде-ниеттің маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда, мәде-ниет - адамдардың бірлесе ғылыми, мора-льдық - әлуметтік, көркем және техникалақ құндылықтар жасаудағы қарым - қаты-настар жиынтығы. Сөйтіп, мәдениеттің мәні адамның өзіндік адамдық еңбегімен байланысты туындайтын өнім деуге болады.
Мәдениет жалпыға ортақ ұғымда адамзаттың материалдық және рухани еңбек өнімдеріндегі, әлуметтік нормалар мен мекемелер жүйесіндегі, рухани құндылықтардағы, адамдардың табиғатпен, өзара және өзімен қарым - қатынастарында көрініс алған тіршілік әрекетін ұйым-дастыру мен дамытудың өзіндік әрекеті ретінде сипатталады.
Балаларды бірлікке тәрбиелеу
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеп, білім беру - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Өскелең өміріміздің өркені - жас жеткіншектерді тәрбиелеуде халқымыз ерекше көрегендік пен тапқырлық үлгісін көрсеткен. Үлкенге құрмет, кішіге ілтипатты тәлім-тәрбие мен ақкөңіл, кең пейілді дархандылығымен, сөз тыңдайтын ынтымақты бірлігімен, қара қылды қақ жаратын әділдігімен, елі, жері үшін жан қиятын ерлігімен, ақ қар, көк мұзда, шың-құзда, кең далада мал бағып күн көретін еңбекқорлығымен басқа халыққа үлгі болған.
Қазіргі таңда шәкірттерімізге білім беруде тәрбиенің алатын орны ерекше. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы», деп ұлы данамыз әл-Фараби айтқандай, шәкірттерімізді отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық халықтарды достық қатынасқа тәрбиелеу - аса маңызды міндет. Қазір Қазақстан Республикасы - тәуелсіз мемлекет. Мұнда көптеген халықтар мен ұлттар мекендейді. Осы жас мемлекеттің ойдағыдай дамып гүлденуі үшін барлық халықтың бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрулері тиіс.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz