Дүние жүзінің діндердін мәдениеті


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Дүние жүзінің діндердін мәдениеті
Дін сөзінің араб тіліндегі мағынасы - сыйлық, үкім, есеп, жаза, мойынсұну, бағыну, құлшылық, шариғат, заң, жол, тіпті кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды. Ал діннің терминологиялық мағынасын, Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықттарды, ақыретте Аллаһтың разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді деп түсіндіруге болады. Сондай-ақ, дін ұғымы - адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері т.б. Дін бүкіл әлемнің жаратушысы тек Аллаһ Тағала тарапынан ғана жіберіледі. Дін адамға Аллаһ Тағаланың таңғажайып даналыққа құрылған жаратылысының алдындағы мақсат-міндеттерін айқындап береді. Дін адамға екі дүниенің бақытына апаратын тура жолды көрсетеді. Адамның бүтін іс әрекетін қайырымдылыққа, ізгілікке бағыттайды. Дін пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізілген Аллаһтың бұйрықтары мен тыйымдарынан тұратындықтан тек уахиге ғана сүйенеді. Діннің ең басты ерекшелігі осы уахи арқылы келуінде. Дүниеге келген адамның бойында дінге, рухани тазалыққа, тылсым күшке сену сезімі болады. Бойдағы бұл сезім адамды ерте ме, кеш пе әйтеуір бір тылсым күшке сенуге жетелейді. Тарихи деректерге көз жүгіртсек дінсіз (яки, имансыз) адам болғанымен, дінсіз қоғам болмаған. Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж. Сонымен қатар қоғам өмірінде діннің алар орны ерекше. Өйткені, дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі
І. Діннің таралуы. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері - сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иуда діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т.б. діннің екі сипаты бар. Төменгісі - сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы - имандылық. Имандылық барлық дерлік діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты - бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар. Мысалы, тасбих тартып, Құдайдың қасиетті есімдерін қайталау; ән айтып, билеп, зікір салып Құдайды мадақтау, ғибадат ету, дұға оқу, т.б. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады
Будда діні -- б.з.б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өз. бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Будда діні фәни өмірдің азаптары -- ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті -- нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет: 1) өмір -- азап; 2) азап нәпсіден туады; 3) нәпсіні ауыздықтаса -- азаптан құтылады; 4) нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар: а) жүректің оянуы; ә) ниет, ақыл, ойды түзету; б) мінез-құлықты түзету; в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету (аїимса -- адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бір көрінісі). Аїимсаны жүзеге асыру үшін Будда Веданы жоққа шығарды. Себебі Веда уағызы бойынша құрбандық шалу дәстүрінен мал көп сойылушы еді. Веда ілімі бойынша жан иесі үш болмыстан тұрады: жан, әркімнің өзіндік қасиетін құрайтын нәзік болмыс және тән. Ал Будда осының соңғы екеуін ғана мойындап, жанды және оның мәңгілік екендігін жоққа шығарды. "Егер адам өлгеннен кейін нәзік болмысы әлемдік болмыспен араласатындай болып жетілсе, ол бұл өмірде қайта тумай, туу -- өлу айналымынан (самскара) құтылады, яғни, фәни өмірдің азабынан құтылады" деді. Мұны "шуньявади" (бос кеңістік, яғни, өлгеннен кейін ештеңе жоқ) философиясы деп атайды. Будда діні өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу -- өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. 5 ғ. -- б.з. басы); екінші, бодхисаттва -- құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. 5 ғ-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (көкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (5 ғ-дан кейін). Ол ваджраяна деп те аталды
Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде `anointed' -- орыс тілі `помазанный' -- қазақша `басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') -- Христиан дінінде Иисус Христос (Иисус помазанный) мессияға теңеліп (қара Иса), құдайға баланды. Христиан дінінің қалыптасуына Сенеканың ілімі де әсер етті. Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады: 1) Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн); 2) апостолдардың арнаулы хаттары; 3) Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар; 4) ақыр заман туралы өсиет. Христиан дінінің 3 тармағы: проваславие, католицизм, протестанттық.
Православие - құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді. Шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шыққан христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Дін философиясы
Дін – қоғам ішіндегі рухани күш
Халықтың саны және ұдайы өсуінің заңдылықтары
Жарық өмір Тәңірінің сыйы
Дін,қоғам,мемлекет,саясат
Мәдениет - күрделі қоғамдық рухани құбылыс
Діндер жайлы
Діни қызмет және діни бірлестіктер
Бейбітшілік пен келісім елі
Бахай ілімінің негізін қалаушы – «Баб» лақап атымен танымал Сейид Әли Мұхаммед
Пәндер