Ұрпақтар арасындағы тарихи сабақтастық пен этносаралық татулық - көптілді және көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру


Ұрпақтар арасындағы тарихи сабақтастық пен этносаралық татулық - көптілді және көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру
Каратаева Гүлжанат Акимжановна
ОҚО Сайрам ауданы Ақсукент ауылы
Санатория үлгідегі балабақша
Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында «Қазіргі заманғы қазақтар ата-баба дәстүрлерін ұстана отырып, бірліктің, толеранттылық пен патриотизмнің, мемлекет пен қоғамға қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетуі тиіс», - деген болатын. Міне, осы сөздерден кейін көп түрлі мәдениеттердің тұрақты даму жағдайында, полиэтникалық білім ортасында балалардың көпмәдениетті құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі арта түсті.
Еліміздегі бейбітшілік пен ұлтаралық бірлік, ішкі және сыртқы саясат мәселелері, соның ішінде ұлтаралық мәдениетті қалыптастыру мен рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі негізгі орын алады. Қазіргі таңда білім беру саясатының негізгі мақсаты - бәсекеге қабілетті ұлт, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Негізгі міндет - ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып бүгінгі ХХI ғасыр ағымына лайықты тұлға қалыптастыру. ХХI ғасыр ағымына лайықты тұлға - көптілді коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігі дамыған, көпмәдениетті, рухани-адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейін меңгерген, қазақ елінің және жалпықазақстандық құндылықтарды қастерлейтін, тілдерді меңгеруге тұрақты қызығушылық танытатын, отансүйгіштік және азаматтық сана-сезімдері дамыған адам.
Көпмәдениетті тұлға тәрбиелеуде әдебиет сабақтарының маңызы өте зор. Себебі, әдебиет - сөз өнері. Сөз адамның ой-сезімін жеткізудегі бірден-бір күшті құрал. Әдебиеттің шыншылдығы мен көркемдігі артқан сайын тәрбиелік, өнегелік мәні күшейе түседі. Сондықтан да әдебиет, бала өмірінде, түсінігінде, сана-сезімінде ауқымды орын алады.
Көпмәдениетті тұлға дегеніміз - көпұлтты және көпмәдениетті ортада белсенді, әрі тиімді өмір сүре алатын, өз халқының мәдениетін білетін, қастерлейтін, өзге мәдениеттерге құрметпен қарай алатын, елдегі басқа халықтармен ынтымақтастықта өмір сүруге бейім азамат.
Қазіргі заманғы көпмәдениетті қоғамның сұранысынан әдебиет сабақтарын жүргізу маңызы мен мақсаттары туындайды. Тұлға-ұлт-адамзат - бұл адамзаттың бірлескен мәдениет құрамы ретінде анықтайтын алғашқы ұғымдар. Жалпы адамзаттық ұғымдар - шығармашылықтың басы. «Жекеленген мәдениет болмайды, олар бір-бірімен қарым-қатынаста», - деп Леонид Андреев («Роза мира») айтқан болатын. Өз ұлтының, өз шығарушысының құндылығы бола тұра, әр мәдениет өз ерекшелігін сақтап, басқа мәдениеттерге әсер етеді. Ол туралы академик Д. С. Лихачев былай деген: «Шын мәніндегі патриоттық дегеніміз, рухани өзі толыға отырып, басқаларды толықтыру». Өнер ұрпақтар арасында, халықтар арасында, әр мәдениет өкілдері арасында қатынас жасайтын құрал. Яғни, өнердің негізгі функциясы - тұлғаға тәрбиелік және эстетикалық әсер етуден басқа, мәдениеттердің өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндігі.
Біз, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатта жұмыс істейміз. Мемлекеттік тілде оқитын балаларымыздың тоқсан пайызға жуығы интернатта тұрып оқиды. Олардың барлығы ауылдардан келіп оқитындар. Балалардың жартысына жуығының психикалық дамуы тежелген. Балаларымыздың оқуға деген ынталылығы толық қалыптаспаған. Психикалық үрдістерін дамытып, түзетіп отырамыз. Олар: аз және көп уақытқа дейін есте сақтау, логикалық, көрнекіліктік-бейнелік ойлау, ықылас. Сол себептен осы балалардың даму ерекшеліктерін ескеріп, түзете жасалған жалпы білім бағдарламасы бойынша сабақ береміз. Мектептегі білім беру үрдісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сол себептен мектеп-интернатымызда балаларымыздың білім беру барысымен қатар көпмәдениеттік тәрбиесіне аса зор көңіл аударамыз.
Сонымен, мектепте әдебиет сабақтарын жүргізу маңызы мен мақсаты мәдениеттік сөйлесім, негізгі орын алатын заманауи көмәдениетті қоғам талабына байланысты. Сөйлесім түсінігі әдебиет курсының негізгі болып танылады. Бұл жерде балалардың тарихи мәдениет, әлемнің тарихи-мәдениеттік бейнесі бар сөйлесімін айтамыз. Олар бала танымы мен ықыласында пайда болады. Балалар кітапты тарихи-мәдени ойлау түсінік сөйлесімі, шектестік арқылы түсінуге үйренеді. Тек сөйлесім үрдісі кезінде ғана кітапты түсінуге болады деп ойлаймыз. Сондықтан да сабақ жүргізудің негізгі түрі мұғалімнің кітап туралы әңгімесі, не мұғалімнің кітап түсіндіруі емес, шығарманы түсінуге бағытталған балалар мен мұғалім арасындағы - кітаппен жұмыс, сөйлесім.
Сөйлесім әр баланың өз оқыған мәтіні туралы ойымен бөлісуден басталады. Өз сұрақтарын қояды. Кітаптағы кездескен қызықты не ерекше оқиға туралы айтады. Әр ойлар туындап, әртүрлі талас, пікір туады. Кітаппен жұмыс сол сұрақтарға жауап іздеу жұмыстарымен жалғасады. Бұл жұмыс арқылы мәтін талданып, түсінік беріледі. Мәселені талдаған кезде басқа да сұрақтар тууы мүмкін.
Мұғалім сабақ барысында сөйлесімді ұйымдастырып, жүргізеді. Әр балаға сұрақты, ойды, бейнені, мәселені анықтауды түсініп, көңілде ұстап тұрып, айтуға көмектеседі. Ол баланың ойын сабақтың талқылау мәселесіне айналдырады.
Мұғалім сөйлесімге қатысудың бірі. Ол балаларды тарихи мәдениетпен, жанрмен, кітаппен, автормен таныстырады. Оқып жатқан шығарманы тарихи-мәдени және әдебиеттік құрамына ендіреді. Ол өз оқыған шығармасына деген ойын кітаппен жұмыс кезінде балалармен ұстанып, дамытады. Мәтінді оқыған кезде оны терең түсіну үшін тарихи-мәдени түсіну ойымен таныстырып, әдебиеттану мен мәдени түсініктерді енгізеді. Осы кітап не мәселе туралы ойланғанда сөйлесім барысына ақын, ғалым сияқты жаңа қатысушыларды ендіреді.
Осы сияқты ұйымдасқан түрде өткен жұмыс барысында балалар бір-бірін тыңдауға, басқа адамның ойын түсінуге, өз ойын тереңдетуге үйренеді. Осындай жағдайда көпмәдениетті сөйлесім өзара толығатын сөйлесімге айналады.
Психикалық дамуы тежелген балалардың қазақ әдебиеті сабағы мен сыныптан тыс іс-шаралар барысындағы көпмәдениеттік сөйлесім жағдайына тоқталайық.
Жұмыс барысында алға қойған мақсаттарымыз:
-ұлттық әдет-ғұрыптар мен қазақтандық, әлемдік мәдениет негізінде шығармашылық өзіндік дамып, этномәдениеттік және адамзаттық өзіндік танылуға қабілетті жанжақты, үйлесімді тұлға қалыптастыру;
-түлектерді мемлекет және заманауи даму жағдайында өмір сүруге дайындау, өзіндік даму мүмкіндіктерін, әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін кеңейту, өмір сапасын арттыру;
-білім беру үрдісін дамыту, ашық көпмәдени және көптілді әлемде жауапкершілікті, нәтижелі, кәсіби іс-әрекетке дайын баланы тәрбиелеу;
-балалардың байланысты ауызекі және сөйлеу тілдерін дамыту.
1. Әдебиеттен көпмәдениеттік тәрбие беру құралының бірі - фольклор шығармалары. Халық ауыз әдебиетін оқыған кезде кейбір халықтардың дәстүрлері салыстырылады. Балалар орыс халық ертегілерінің кейіпкерлерімен танысып, құрылымын, белгісін түсінген кезде, олар іс жүзінде ертегі әлемі мен құрылым заңының бірізділігіне көздері жетеді. Ұлт ертегілері мен орыс халықтарының ертегілерін оқыған кезде балалар өз ұлттық нәсілдеріне қарамастан барлық халықтар бақытқа ұмтылып, мейірбандық, өзара көмек, еңбекқорлық, ақылдылыққа ұмтылатыны туралы шешімге келді. Үй тапсырмасы ретінде жақсы, жаман қылықтарын салыстыру, жоғары адамгершілік қасиеттер туралы сөздік құрау берілді.
2. Жоғары мәдениетті, толерантты тұлға қалыптастыру үшін ежелгі қазақ, орыс шығармаларына көңіл бөлінеді. Мысалы: «Игорь полкы туралы сөз» орыстың, «Ер Тарғын» қазақтың дүниетанымын, мінез-болмысын айқындайтын шығармалар. Мәдениетті адам өзінің тарихымен қатар басқа да халықтардың тарихымен таныс болады. Олармен танысу халықтың қолымен құрған әсемдікті тануға үйретеді. Өткен ғасыр шығармалары ғасырлар арасындағы кедергіні жояды. Бұл жерде бала бойында түсінушілік, сезінушілік, жан ашырлық сезімдер пайда болады. Өткен ғасырлардың, басқа халықтардың мәдени құндылықтарын түсіне алған адам таршылықты жеңеді, жаукершілік пен күдіктіліктен босайды. Классикалық әдебиетте халықтардың жалпыгуманистік бейнелері мен адами құндылықтары бейнеленген. Сондықтан әдебиет сабақтарында мына сұрақтарға жауап аламыз: Өмір дегеніміз не? Не үшін өмір сүруіміз керек? Адам қандай болуы керек? Жамандық, жақсылық деген не? Қиыншылық көру деген не, онсыз өмір сүруге бола ма? Басқа адамның өмір тәжірибесін өз бойынан өткізе отырып, бала дамиды. Бұл іштен жүретін нақты ықпал. Оқытудың бұндай тәсілі үйлесімді тұлға қалыптастыруға көмектеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz