Көптілді білім берудегі пилоттық бағдарламаны жүргізуші мектептердегі көптілді білім берудің инновациялық моделдерін жүзеге асыру


Көптілді білім берудегі пилоттық бағдарламаны жүргізуші мектептердегі көптілді білім берудің инновациялық
моделдерін жүзеге асыру
Есіркеп Гүлсана Халықбайқызы
ОҚО, Мақтарал ауданы, Есентаев ауылы,
«А. Әуметхан» бөбекжай
балабақшасының саз жетекшісі
Көптілді білім беру дегеніміз - оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту-қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде іске асырылады.
«Тілдің үштұғырлығы» тіл саясаты бағдарламасы күні кеше ғана айтылған дүние емес. Президентіміздің аталмыш тілдік стратегияны 2004 жылы жария еткен болатын. Ал, биылғы жылы Еуроодақтық өздерінде үштілді білім тәжірибесін заңды түрде енгізді. Бұл- тарихи қажеттілік.
Тілдерді дамыту - еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу - ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады. Елбасымыз үстіміздегі жылы Қазақстан халқына арнаған “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Тілдердің үштұғырлығы” мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін және мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі - орыс тілі мен жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі - ағылшын тілі болуы тиіс екенін ерекше атап көрсеткен.
Көптілді білім берудің проблемасы туралы отандық және шетелдік әдебиеттермен мәліметтерге сүйенсек, әр мемлекет көптілді білім беру жүйесінде өзіне тән бір ерекшелігі бар екені көрініп тұрады. Бірақ барлық жағдайларда ең маңыздысы - адам факторы, яғни көптілді білім беру барысында жеке адамның ұлтына, мәдениетіне тағы сол сияқты басқада құндылықтарына мән берілуде.
Көптілділік - қазіргі заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.
Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпяларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-әдістемелік т. б. салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет.
Көптілді білім беруді енгізу төмендегі мәселелерге сай жүргізіледі:
- Мемлекеттік тіл ретіндегі ағылшын тілін күшейту арқылы студенттердің ұлттық біртектілігін сақтау және дамыту ;
- Бұқаралық Ақпарат Құралдары арқылы шетел тілін оқытуды ұйымдастырудың негізгі идеясын кең насихаттаудың қажеттілігін түсіндіру және білім берудің ашық жүйесін дамыту жағдайында қоғамдық пікірді ескеру;
- Шетел тілін оқытуды жүзеге асырудағы ғылыми негіз жасауда арнайы зерттеу жүргізу;
- Шетел тілін тереңдетіп оқытатын элиталық жоғары мектептер негізінде ғана шетел тілін оқыту мүмкіндігі;
- Отандық жағдайларды ескере отырып шетел тілін оқыту технологиялары мен модельдерін жасау. ҚР орта жалпы білім беру құрылымы мен мазмұны;
- Бірыңғай оқу жоспары негізінде шетел тілін тереңдетіп оқытатын мектептерге типтік оқу жоспарын жасау;
- билингвалық білім беру жалпы және жеке әдістемесін құру ;
- полилингвалық білім беруге кезеңдеп көшу үшін кадрлық, материалды-техникалық, оқу - әдістемелік негізін айқындау;
- шетел тілін тәжірибелік оқыту үшін ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау.
Бүгінгі күн жастары халықаралық стандарттар деңгейіне сай білім алуға байланысты, ағылшын тілін үйрену мен тәжірибе жүзінде пайдалану қажеттілігімен бетпе-бет келіп отыр. Сонымен қатар, ағылшын тілін білу білім беру жүйесі жоғары дамыған елдерде білім алуға, ақпараттық кеңістікте байланыс шекарасын кеңейтуге ықпал етеді, қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын білімін кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Бұл тілді меңгеру арқылы бүгінгі күн ақпараттар ағымында жұмыс істеуге көмектеседі. Біздің ел туралы: біздің ұлттық салт-дәстүр, мәдениет пен жетістіктеріміз жайлы білім негізі және тану құралы ретінде ағылшын тілінің маңызы өсуде. Ағылшын тілі- әлемдік білім беру кеңістігіне жету және еліміздегі басқа ұлттардың бірігу құралы.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министлігі жас ұрпаққа ана тілі мен қоса бірнеше шет тілдерін оқу бағдарламасына енгізіп оқытуды қарастыруда, яғни жақын болашақта көптілді білім алған мектеп түлектеріміздің халықаралық еңбек нарығындағы сұранысқа жауап беретін білікті маман болып жетілуіне септігін тигізеді [5] . Көптілді білім беру мәселесіне отандық ғалымдар мен шетелдік ғалымдар қызығушылық танытуда. Шетелдік зерттеулерде көптілді білім беру мәселесі туралы терең қарастырылған ал отандық зерттеулерде көптілді білім беру мәселесі бойынша жеткілікті ғылыми зерттеу жүргізілмеген, бірақ осы бағыттағы жұмыстар өз бастамасын тапқан.
Көптілді білім беру мәселесін зерттеуде өз үлестерін қосқан ғалымдар: Б. Хасанұлы, Е. Ю. Протасова, Л. В. Щерба, Э. Сулейменова, Н. Шаймерденова, К. С. Мусин, Д. Д. Маханова, Рысалды Қ. Т., М. П. Алексеев, А. Мартине, Б. Жумагулова. К. Ж. Кожахметова, Э. Д. Гайпов, Л. Р. Хашимов, М. Қ. Исаев, С. Выготский, Ю. С. Степонов, J. Grimes, Barbara Comrie Bernard, Crystal David, Dutcher Nadine, С. С. Кунанбаева, И. А. Зимняя, Г. В. Рогова, М. А Хасман, Дж. Хармердің, А. Г Делич, И. А . Пассов, Г. С. Суюнова.
Екітілді немесе көптілді білім беретін инновациялық әдістемені білім беру жүйесінде қолданып жүрген мемлекеттердің тағы бір міндеті - бұл халықаралық тілдермен бірге ұлттық және мемлекеттік тілдерінің де деңгейін көтеру болып табылады. Соңғы отыз жылдан бері дүниежүзіндегі көптілдікті зерттеген ғалым Р. Таккер төмендегідей ой қорытындылайды:
- Үй тілі мен мектеп тілі бір бірінен ерекшеленеді (ұқсамайды)
- Саналы тілді немесе бірінші тілді қалыптастыру үшін көп уақытты қажет етеді.
- Жеке адам өзінің бірінші тілінде сауаттық (әдеби) дағдысын өте оңай дамытады;
- Жеке адам бірінші тілде берілген материалдың мазмұнын, жоғары деңгейде қабылдап саналық дағдыларын (cognitive skills) өте оңай дамытады.
- Саналық/тілдік дағдылар дамытылып материалдың негізгі мазмұны қабылданса, ол оңай түрде өңделеді.
- Екінші тілдегі саналы тілдің ең жақсы дамуы бірінші тілдегі саналы тілдің жеткілікті деңгейін көрсетеді.
Көптілділік бейбітшілік пен өркениеттің орнауына себепші бола алады. Қосымша коммуникативтік мүмкіндіктер түрлі мәдениеттерді үйренуге, тануға жол ашады, бірізгілік пен тұтастықты тудырады, әлеуметтік мәртебенің биіктеуіне көмектеседі, кәсіби және материалдық жетістіктерге қол жеткізуге жағдай туғызады.
Көптілділіктің негізгі мәселелері - білім беру мен тілдерді үйрету. Онда 1990 жылдардың соңында көптілділікті дамытуға қойылған талаптар қамтылады. Бұл саяси шеттетілудің аяқталғанын және «Батыс - Шығыс» ықпалдастығының орнауының; мемлекеттер арасындағы шекаралардың ашылуы (Шенген, Нафта), қолданылу аясы тар тілдерге мүмкіндік туғызатын аймақтандыру және толықтыру принциптерін қолдану секілді қазіргі заманауи құбылыста. Біздің ғалымдарымыз бен саясаткерлеріміз көптілдік және көпмәдениеттік білім беру таптық, саяси, экономикалық және діни қарама-қайшылықтарды, ұлттар арасындағы қақтығыстар сияқты қазіргі замандағы өзекті мәселелерді шешуде маңызды роль ойнайды деп есептейді. Мұндай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, мәдени төзімділікке тәрбиелеу үшін оқушылардың бойында әр ұлттық мәдениетіне түсіністікпен қарау және танып білуге тырысу, қызуқандылыққа салынбау, құрметтеу сезімдерін дамыту керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz