Көптілділік -- қазіргі заман талабы


Көптілді білім берудегі пилоттық бағдарламаны жүргізуші мектептердегі көптілді білім берудің инновациялық
моделдерін жүзеге асыру
Момынов Дархан Орманович
ОҚО, Түлкібас аауданы, Т. Рысқұлов ауылы, «Балдырған» балабақшасының жоғарғы санатты саз жетекшісі.
Көптілді білім беру дегеніміз - оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту-қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде іске асырылады.
«Тілдің үштұғырлығы» тіл саясаты бағдарламасы күні кеше ғана айтылған дүние емес. Президентіміздің аталмыш тілдік стратегияны 2004 жылы жария еткен болатын. Ал, биылғы жылы Еуроодақтық өздерінде үштілді білім тәжірибесін заңды түрде енгізді. Бұл- тарихи қажеттілік.
Тілдерді дамыту - еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу - ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады. Елбасымыз үстіміздегі жылы Қазақстан халқына арнаған “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Тілдердің үштұғырлығы” мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін және мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі - орыс тілі мен жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі - ағылшын тілі болуы тиіс екенін ерекше атап көрсеткен.
Көптілді білім берудің проблемасы туралы отандық және шетелдік әдебиеттермен мәліметтерге сүйенсек, әр мемлекет көптілді білім беру жүйесінде өзіне тән бір ерекшелігі бар екені көрініп тұрады. Бірақ барлық жағдайларда ең маңыздысы - адам факторы, яғни көптілді білім беру барысында жеке адамның ұлтына, мәдениетіне тағы сол сияқты басқада құндылықтарына мән берілуде.
Көптілділік - қазіргі заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.
Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпяларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-әдістемелік т. б. салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет.
Көптілді білім беруді енгізу төмендегі мәселелерге сай жүргізіледі:
- Мемлекеттік тіл ретіндегі ағылшын тілін күшейту арқылы студенттердің ұлттық біртектілігін сақтау және дамыту ;
- Бұқаралық Ақпарат Құралдары арқылы шетел тілін оқытуды ұйымдастырудың негізгі идеясын кең насихаттаудың қажеттілігін түсіндіру және білім берудің ашық жүйесін дамыту жағдайында қоғамдық пікірді ескеру;
- Шетел тілін оқытуды жүзеге асырудағы ғылыми негіз жасауда арнайы зерттеу жүргізу;
- Шетел тілін тереңдетіп оқытатын элиталық жоғары мектептер негізінде ғана шетел тілін оқыту мүмкіндігі;
- Отандық жағдайларды ескере отырып шетел тілін оқыту технологиялары мен модельдерін жасау. ҚР орта жалпы білім беру құрылымы мен мазмұны;
- Бірыңғай оқу жоспары негізінде шетел тілін тереңдетіп оқытатын мектептерге типтік оқу жоспарын жасау;
- билингвалық білім беру жалпы және жеке әдістемесін құру ;
- полилингвалық білім беруге кезеңдеп көшу үшін кадрлық, материалды-техникалық, оқу - әдістемелік негізін айқындау;
- шетел тілін тәжірибелік оқыту үшін ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау.
Бүгінгі күн жастары халықаралық стандарттар деңгейіне сай білім алуға байланысты, ағылшын тілін үйрену мен тәжірибе жүзінде пайдалану қажеттілігімен бетпе-бет келіп отыр. Сонымен қатар, ағылшын тілін білу білім беру жүйесі жоғары дамыған елдерде білім алуға, ақпараттық кеңістікте байланыс шекарасын кеңейтуге ықпал етеді, қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын білімін кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Бұл тілді меңгеру арқылы бүгінгі күн ақпараттар ағымында жұмыс істеуге көмектеседі. Біздің ел туралы: біздің ұлттық салт-дәстүр, мәдениет пен жетістіктеріміз жайлы білім негізі және тану құралы ретінде ағылшын тілінің маңызы өсуде. Ағылшын тілі- әлемдік білім беру кеңістігіне жету және еліміздегі басқа ұлттардың бірігу құралы.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министлігі жас ұрпаққа ана тілі мен қоса бірнеше шет тілдерін оқу бағдарламасына енгізіп оқытуды қарастыруда, яғни жақын болашақта көптілді білім алған мектеп түлектеріміздің халықаралық еңбек нарығындағы сұранысқа жауап беретін білікті маман болып жетілуіне септігін тигізеді [5] . Көптілді білім беру мәселесіне отандық ғалымдар мен шетелдік ғалымдар қызығушылық танытуда. Шетелдік зерттеулерде көптілді білім беру мәселесі туралы терең қарастырылған ал отандық зерттеулерде көптілді білім беру мәселесі бойынша жеткілікті ғылыми зерттеу жүргізілмеген, бірақ осы бағыттағы жұмыстар өз бастамасын тапқан.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек» деген тұжырымы бүгінгі жоғары оқу орындарының ғылыми негізде, жан-жақты дамуына қойылып отырған талап, қоғамдық сұраныс [6] . Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Сондықтан, еліміздің өркениетін көтеру мақсатында шет тілдерін меңгеру, шет елдермен қарым-қатынас орнатудың маңызы зор екендігін көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз қазақстандықтар үшін, жастар үшін ағылшын тілін үйрену-ғылымды, экономиканы, бизнесті одан әрі дамыту қажеттілігін туындатып отыр. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан ғаламдану әлеуметтік экономикалық және саяси өзгерістерге байланысты шет ел тілін білуге, өз бетінше үйренуге деген құлшынысты арттырып оның рөлін күшейтіп отыр.
Қазіргі таңда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшысымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән берілуде [7] . Әлемдік білім алу кеңістігінде (шет ел тілін оқыту) интеграциялық процестердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында шет ел тілін оқыту өзекті біліктілігі жоғары дәрежеде маманданған білімі жағынан бәсекеге түсе алатын өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп жүре алатын мамандар дайындау мәселесінің бөлінбес бөлігі болып табылады. Қазіргі заман тілдері, тіл үйрету оқыту бағалау европа одағы қолданған жалпы европалық біліктілік стандартына қол жеткізуге бағытталған. Мәселен мектеп қабырғасында шет ел тілін үйретудің негізі қаланса, ал университетте болашақ мамандарға шет ел тіліне кәсіптік бағдар беріледі. Сонымен қатар шет тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz