Мұрын төңірегінде жасалатын операциялар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 . Жалпы анатомо-топографиялық мәліметтер.

2 . Мұрын төңірегінде жасалатын операциялар.

3 . Мүйізге жасалатын операциялар.

4 . Бас сүйегінің ми орналасқан жеріне операция жасау.

5 . Малдың көзіне жасалтын операциялар.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 . Малдың басын бас сүйегінің ми орналасқан жеріне және бетке бөледі. Бас сүйегінің ми орналасқан бөліміне ми қуысы және құлақ өрнегі кіреді. Бет бөлігіне мұрын қуысы ауыз, жұтқыншақ, көз шарасы, екі жақтары және екі жақтың арасы көмейімен қоса жатады.

Жүйеленуі. Бас маңайындағы терілер қара мал мен жылқыда астыңғы жақтың төменгі жағымен құлақ қуысының жартысынан басқасы үштік нерв жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Олар: 1 . Көз нервісі

2 . Үстіңгі жақ нервісі

3. Астыңғы жақ нервісі

Көз нервісінен - көз жасы нервісі, маңдай нервісі, мұрын -төнірегі нервілері таралады.

Үстіңгі жақ нервісінен - шықшыт, сына, көз асты нервілері.

Астыңғы жақ нервісінен - ұрт маңы, үстіңгі және терең самай нервілері, тіл және астыңғы жақ нервілері.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\4.bmp

22-сурет. Сиыр басы нервілерін блокадалу.

а) иек асты б) көз асты в) маңда г) блок асты д) үстіңгі жақ е) мүйіз

е) шайнау бұлшық еттері нервтерін.

2 . Мұрын төңірегінде келесі операциялар жасалады:

а) мұрын сақинасын салу

б) мұрын-тұмсық айна пластикасы

в) мұрын қаушақтарын кесіп алу

Мұрын аумағындағы қуыстарда трепанация (тесіп алу) жүргізіледі, одан басқа мүйізге және тіске операциялар жасалады.

Мал басына операция жасағанда операцияға байланысты әртүрлі нервтер жансыздандырылады. Мұрын аймағында операция жасағанда келесі нервтерді жансыздандырады.

Мұрын аймағындағы қуыстарға операция жасағанда маңдай нервісі және көз асты нервісі жансыздандырылады.

Мүйізге жасалатын операциялар. Анатомо-топографиялық мәліметтер.

Мүйіз кесіндісі сыртынан тері негізімен қапталған. Тері негізі сүйек қабығымен тұтасады. Маңдай сүйегінде мүйіз өсетін жерінде тері қалыңдығында мүйіз туындысы пайда болады.

Сүйек қабығының астында экзостаз пайда болады. Алғашқыда экзостаз бен мүйіз туындысы сүйек қабығымен бөлініп тұрады, ал кейіннен екуі тұтасады. Мүйіз төбешігінде кішкентай қуыс пайда болады, ол маңдай қуысымен қосылады. Мүйізге мүйіз артериясымен қамтамасыз етіледі. Мүйіз негізіне маңдай және блок асты нервтерінің тармақтары келеді. Мүйізсіздендіру (тоқалдау) келесі жағдайларда көрсетілген.

А) мүйіздің сынуы

Б) дұрыс өспеуі

В) сүзегендігі

Бұл екі жолмен өткізіледі: а) мүйіз өсуіне жол бермеу.

Б) мүйізді алып тастау

Мүйізді өсірмеу үшін эпидермис және тері негізін бұзу қажет. Оны 1-3 апталық бұзауларда өткізеді.

Химиялық әдіс. Бұзаулардың алғашқы 3-15 өмір сүруі кезінде тері негізі мен оны қауіп тұрған эпидермис қабаттарын бұзауға негізделген. Бұл үшін көбіне сілтілі натрий не сілтілі калий қолданылады. Сілтілілерді қолданбас бұрын мүйіз өсіндісі төмпешігі манының жұн жамылғысын 1 см аумағында қырқады да вазелин жағады. Мүйіз төмпешегі терісін сумен ылғалдайды, сосын 1-2 мин. бойы қан тамшылары білінгенше сілтіні резеңке түтікпен үйкелейді.

Сілтілерді таяқша түрінде қолданған ынғайлы. Ұнтақ сілтілерді желіммен араластырады. Өңдеу өткізілген соң 2 сағат ішінде бұзаулар тынышсыздық білдіреді. Анасының желінін күйдіріп алмас үшін, бірінші 3-4 күнде оларды сиырларда жібермеу керек. Ал химикаты жалап коймаулары үшін, мүйіз төмпешігіне лейкопластырь жабыстырылады. _ңдеген соң •Қ- тәулік өткенде қатты қабыршақ пайда болады, ал 3-4 аптадан соң ол түседі де тыртықталған ткань пайда болады.

Екі әдістерде тігісті 10 күннен кейін алады.

Бас сүйегінің ми орналасқан жеріне операция жасау.

Анатомо-топографиялық белгілері ми қуысы хирургиялық шекаралары: қойда артқы шеті қарақұс сүйегінің тұсы, алдыңғы шеті көз бұрышының шеткі жағында жанама шеті самай сүйегі тұсы мен мүйіз өсіндісі тұсы.

Қабаттары тері, тері асты клетчаткасы, бұлшық ет қабаты, сүйек үсті.

Қан айналымы. Үстіңгі самай және үлкен құлақ артериясының тармақтары.

Жүйеленуі, блок асты, көз жасы және маңдай нерв жүйелерінің тармақтары.

Айналама қойлардағы (ауруын оперативтік түрде емдеу(

Айналма қабыршағының жетіліп, өсіп, айқын клиникалық белгілері көрінген жағдайларда жасалады.

Басты мәселе қабыршақ орналасқан жерді тауып, трепанация жасап орынды айықындау. Бұл жетілу қойда П. П. Герценнің ұсынысын қолданған жөн. Ол кісінің айтуы бойынша, бас сүйегінін сыртқы қабаты 4 бірдей бөлімге бөлінеді. Аурудың қай бөлімінде екенін, ерекше белгілер арқылы анықтау.

Операцияның жасалуы көрсетілген бөліктін ортасынан бұрыштама немесе жарты ай тәрізді тесік жасалынады. Кесіндінің ұзындығы 4 -5 см. Теріні сүйекке дейін тіледі, сосын сүйекті ақырын скальпельмен немесе тұяқ кесетін пышақпен алады. Қатты сүйекті трепанмен кеседі, сосын диаметрі 10-12 мм. Ми қабыршағының қалың бөлімінен скальпельмен немесе иненің ұшымен крест тәрізді етіп кеседі.

Айналма қабыршағын ақырын алады. Қабыршақ терең жатқан жағдайда, жатқан жерге анатомиялық пинцетті енгізеді де ми ұлпасын жауып енгізеді. Оның басы қабыршақ жанына жеткенде ол операциялық жарадан шыға бастайды, сосын пинцетпен ұстап оны ақырын бұрайды. Резеңке түтікті шприцке жалғап тез сорып қабыршақ қабатын алуға да болады.

Операция өткен соң сүйекті түзеп салып тігеміз, тігісті 7-10 күннен соң аламыз.

Көз алмасы маңына жасалатын операциялар.

АнатомоҚтопографиялық белгілері. Көз аламасының беткі қабаты көз алмасын көптеген қан тамырлары және бұлшық ет буындарымен қоршап жатады. Беткі қабатының сыртқы маймен қапталған. Көзге кіре беріс жер қабақтармен жабылған, көздін ішкі бұрышында көз жасы төмпешігімен үшінші қабақ орналасқан.

Қан айналымы көз жасы безі мен үстінгі қабақ маңының сыртын көз жасы артериясы қамтамасыз етеді, ішкі жағын көз асты артериясын тармақшалары қанмен камтамасыз етеді.

Жүйеленуі: басты нерв жүйесі көз нервісін одан басқа маңдай блок асты және көз жасы нервілерінің тармақтары көз алмасын жүйелендіреді.

Көз алмасын алып тастау.

Көз алмасының қатты зақымдануы, түсіп қалуы, іріңді қабынуы осы операция жасауға мәжбұр қылады. Ірі малдарды станокта бекітеді, кішігірім малдарды жатқан бойында бекітеді. Жергілікті жансыздандыру қолданылады, бұнда көз нервісін жансыздандырамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операция, операцияға дейiнгi және операциядан кейінгі кезеңдер
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ТУРАЛЫ
Жергілікті жансыздандыру түрлері (оқу әдістемелік нұсқау)
ЖАНСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пластикалық операция түрлері
Жылқыларды жығу тәсілдері
Инфильтрациялы анестезия
Малдарды бекемдеу
Иттің сүт безінің ісігінің оперативтік емі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz