Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында көптілді білім беруді әдістемелік қолдау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында көптілді білім беруді әдістемелік қолдау

Бегиндикова Эльмира Екияевна

ОҚО, Отырар ауданы, Отырар ауылы, «Сымбат» балабақшасының саз жетекшісі

Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi - бiлiм беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет - білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді.

Осыған орай Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім» екенін айта келіп, ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», - деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған болатын.

Бұл мәселе неден туындап отыр? «Бұрынғының айтқаны дәл келеді»-демекші, ертегі, батырлар жырында Алпамыс батыр минут сайын, сағат сайын өскен сияқты қазіргі заман, қоғам минут, сағат сайын дамуда. «Сондықтан заманына сай баласы»-демекші, әр адам қоғаммен бірге даму қажет. «Бұрынғы білім жақсы еді» -деп отыра беруге келмейді. Бұрынғы заман мен қазіргі заманды салыстыру мүмкін емес. Қазіргі заманда бәсекеге қабілетті, өз ойын айта-алатын, қарым-қатынас жасай алатын, алған білімін өмірде қолдана білетін тұлғаның қажеттігі туындауда. Сондықтан да елбасымыз Н. Назарбаев­ негізгі өзекті мәселелердің бірі бі­лім беру жүйесін жаңаша­ландыру қажеттігін атап беріп отыр.

Орта білім беру жүйесін жетілдіру, сапасын арттыру қажеттігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту Тұжырымдамасында айқындалып, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалғасын тапты. Бұл қазіргі басымдықтарды ескеретін жаңа білім стандартын, 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын, оларды жүзеге асырудың бағыттарын айқындайтын әдістемелік қызметті жаңарту қажеттігін анықтайды. Сондай-ақ ҚР білім және ғылымды дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында (ҚР БҒМ 2014 жылдың 13 қаңтарындағы №9 бұйрығымен бекітілген) біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін білім беру мазмұнын жаңарту, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту міндеттері белгіленіп отыр.

Функционалдық сауаттылық білім берудегі жаңа басымдықтарды айқындайды: алынған білімді өмірден практика жүзінде қолдануды, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуді, идеялар тудырып және іске асыруды, өзінің көзқарасын негіздей білуді қалыптастырады. Жеке тұлғаның функционалдық сапаларын белсенділік, шығармашылықпен ойлай білу, тосын шешім қабылдай білу, кәсіби жолын таңдай білу, өмірде өзін-өзі дамытып іске асыра білуді қалыптастырады.

Сонымен қатар Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің білім беру жүйесін жаңартуға ерекше көңіл бөлінген болатын. Мұндағы білім беру жүйесін жаңарту шарттары:

  • біріншіден, оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу;
  • екіншіден, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату;
  • үшіншіден, педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;
  • төртіншіден, педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен жоо мұғалімдерінің біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту;
  • бесіншіден, аймақтарда педагогтардың біліктілігін арттырудың кіріктірілген орталықтарын құру.

Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырады. Бұдан басқа білім беруді жаңарту қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыруына бағыттайды. Сондықтан болар, білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруде, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда әдістемелік қызметті қайта қалыптастырып, оған қойылатын талаптарға сай бағыттауда әдістемелік қызметті үйлестірушілерге зор міндеттер жүктеледі. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер мектеп мұғалімінің педагогикалық шығармашылық еркіндігіне мүмкіндік берді. Мектептің дамуы үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет.

ХХI ғасырдағы әлемдік білім беру жүйесі дамуының негізгі басымдықтары:

  • білім сапасын арттыру;
  • жаратылыстану-математикалық, техникалық пәндерді, шет тілдерді оқыту сапасын жақсарту;
  • білімде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану, жаңа технологияларды жасау және тарату, инновацияларды өрістету және ынталандыру;
  • мұғалімдер мен оқытушылардың білімі мен біліктілігін жетілдіру;
  • біліктілікті үздіксіз арттыру және адамның бүкіл өмірінде білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін инновациялық қоғам қалыптастыру;
  • өмір бойы оқу жүйесін дамыту;

Ел Президенті Н. Назарбаев­ кө­терген негізгі өзекті мәселелердің бірі бі­лім беру жүйесін жаңаша­ландыру. Дұрыс ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстың нәтижесінде мұғалім білім мазмұнын жаңартады. Бұрынғы дәстүрлі іс шаралар артта қалып, әдістемелік қызмет те басқа сипатқа ене бастады. Ғылыми-әдістемелік жұмыс шығармашылық сипатта жүзеге асуда. Әдістемелік қызмет мұғалімдерге қажетті мотивациялық, мазмұндық және процессуалдық компоненттерді дамытуға бағытталған. . Жаңа білім мазмұнына сәйкес ғылыми-әдістемелік жұмысты 4 модуль арқылы жүзеге асырудамыз.

1) ғылыми зерттеулер мен эксперименттік жұмыстар

  • вариативті және авторлық бағдамаларды әзірлеу, сынақтан өткізу;
  • рецензиялау;
  • зерттеу мәселелеріне сәйкес теориялық мәселелерді талдау;
  • ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттерге көптілді білім беруді жүзеге асыру аясында оқыту мен оқу үдерісінде кездесетін қиындықтар
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСТЕМЕСІН ПАЙДАЛАНУ
Көптілді білім берудегі пилоттық бағдарламаны жүргізуші мектептердегі көптілді білім берудің инновациялық моделдерін жүзеге асыру
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Үштілділік бағдарламасы бойынша орта мектептерде тілдерді салыстырмалы оқыту жолдары
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz