Аюлар (лат. Ursidae) -- жыртқыштар отрядына жататын сүтқоректі аң тұқымдасы


Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Аю
Аюлар (лат. Ursidae) -- жыртқыштар отрядына жататын сүтқоректі аң тұқымдасы.
Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю, қоңыр аю, барибал, ерінді аю, малай аюы, көзілдірікті аю және үлкен панда деген 8 түрі кездеседі. Ақ аю Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді. Оның дене тұрқы 3 м-дей, салмағы 400 - 700 кг-дай. Суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді, табаны жүнді болғандықтан мұз үстінде таймайды. Ит балықпен, әсіресе каспий итбалығымен (нерпа) қоректенеді. Ақ аю екі жылда бір балалайды, қонжықтары енесімен 1,5 жылға дейін жүреді. Ақ аю Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген (1976 жылы). Ал Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың 2 түр тармағы (қоңыр аю, Тянь-Шань қоңыр аюы) мекендейді. Қоңыр аюдың дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 150 - 200 кг-дай, түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Өзінің мінез құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман ішінде адам көзіне көрінбейді. Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес. Қорек талғамайды. Аюлар үш жасында жыныстық жағынан жетіледі. Ұйығуынан 7 ай өткен соң, 2 - 4 қонжық табады. Қаңтар, ақпан айларында жаңа туған қонжығының салмағы 300 - 600 г болады. Енесінің сүтімен 4,5 - 5,5 айға жуық қоректенеді, бір-екі жыл енесімен бірге жүреді. Аюлар 30 - 40 жылдай тіршілік етеді. Буаз аю ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер, олардың сан алуандылығы
Қазақстанда кездесетін жыртқыштардың жекеше сипаттамалары
Қазақстан жануарлары
Жылан жайлы аңыздар
Приматтар отряды – Primates
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлардың био алуан түрлілігі
Қазіргі кездегі балықтардың басым көпшілігі осы сүйекті балықтар
Сүтқоректілердің жалпы сипаттамасы
Алматы қорығының сирек және жойылып бара жатқан жануарлар популяциясының экологиясы
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген кемірушілердің түрлері
Пәндер