Сиырдың сүт өнімдерін өндірудегі желінсау ауруы


Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Сиырдың сүт өнімдерін өндірудегі желінсау ауруы
  2. Жасырын желінсауды диагностикалаудың жаңа тәсілдер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Желінсаумен ауырған сиырларды сауу кезінде сүт безінде пайда болатын ауырсынулар жатыр спазмасына әкеледі, басқа көбею органдарының жұмысын бұзады (төлдің шығарылуы және сорылуы, іш тастау, дұрыс жетілмеген төлдердің туылуы, сиырларды қайталап ұрықтандыру) . Бұлардың барлығы төлдің жатырдан шығуына кері әсерін тигізеді.
Желісау кең тараған ауру ретінде болып тұр. Бұл аурудың пайда болуында негізгі себептердің бірі машинамен сауу техналогиясының және жалпы сүт сауу техналогиясының бұзылуы болып тұр.

Желінсау (Mastіtіs) - желіннің қабынуы. Көбінесе, сауын сиырларында бұзаулау және суалу кезінде байқалады. Ауру қоздырғышы - стафилококк, стрептококк, диплококк, микрококк бактериялары, микоплазмалар, вирустар мен саңырауқұлақтар. Желінсаудың негізгі себептері: желіннің жарақаттануы, тазалық сақтамау, дұрыс саумау, т. б. Сондай-ақ, аусыл, актиномикоз, күл сияқты жұқпалы аурулар да желінсауға шалдықтырады. Ауру малдың температурасы көтеріліп, жемшөпке тәбеті болмайды, желіні ісініп кетеді. Сауған кезде іртіктелген сүт немесе ірің тәрізді сұйық зат бөлініп шығады. Кейде желінде іріңді ісік жара пайда болады. Желінсаудың жасырын түрінде малдың сүті біртіндеп азая береді және сүттің физикалық-химиялық қасиеті өзгереді. Аурудың өту және көріну белгілеріне қарай серозды, катаральді, фибринозды, іріңді, геморрагиялық желінсау деп бөледі. Бие, қой, ешкі желінсаумен ауырғанда да жоғарыдағыдай белгілер байқалады. Кейде оларда желінсаудың өзгеше түрі дамиды: биеде - ботриомикоз, қойда - іріңді желінсау. Ауру малды клиникалық белгілеріне қарап немесе сүтті лаб-лық тексеру арқылы анықтайды. Тез емдемесе ауру асқынып, желіннен қайтып сүт шықпай қалуы мүмкін. Ауру малды оқшаулап, астына құрғақ төсеніш салады. Құрғақ, құнарлы шөп беріп, желініне майлы дәрі жағып, таңып тастайды. Венасына новокаин қосылған окситоцин енгізеді, бұлшық етіне антибиотиктер мен сульфаниламидтер, желінсауға қарсы препараттар (мастицид, мастикур, т. б. ) егеді. Желінсау ауруынан мал шаруашылығына көп зиян келеді, сондықтан ауру тудыратын себептерді алдын ала жойып отыру тиімді.


  1. Сиырдың сүт өнімдерін өндірудегі желінсау ауруы

Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара - сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африкаға кең тараған. Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті. [1]

Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін - бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) - баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) - тайынша, бір жастағы ұрғашысын - қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын - құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) - дөнежін, еркегін - бұқа, піштірілген еркегін - өгіз деп атайды.

  • Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетін тұқымдары 6 - 7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 - 35 жыл, бұқасы 15 - 20 жыл тіршілік етеді.
  • Сүт бағытындағы Сиырдан 9 - 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді.
  • Сиырды етке 1, 5 - 2 жасында бордақылап немесе жайып семіртіп өткізген жөн.
  • Асыл тұқымды сиырларды тұқым алу үшін 5 - 10 жыл пайдаланады.
  • Ұрғашы тайыншалардың жыныстық қабілеті 7 - 10 айлығында, бұқаларда 8 - 10 айлығында жетіледі.
  • Алайда шағылысқа қашарды 18 - 22, бұқаны 14 - 18 айлығында қосады.
  • Бұзаулағаннан алғашқы күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созылады, күйті 19 - 22 күнге, буаздығы орта есеппен 285 күнге созылады.
  • Ұрғашысы әдетте бір бұзау табады, егіз бұзау табатыны сирек (2%-ға жуық) . Егіздің ұрғашы сыңарлары көбіне төл беруге қабілетсіз.
  • Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салм. 18 - 45 кг, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек бұзаудың салм. 1 - 3 кг артық болады. Олардың еті мен майы салыстырмалы түрде аз, ал сүйектері тірі салмағының 30%-ын құрайды.
  • Ересек Сиырдың салм. 250 - 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 - 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады.

Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіреді. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500 - 400 кг, сүтінің майл. 3, 6 - 4%. Бір сауын маусымында 2 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82, 2 кг (ярослав тұқымы) . Сауылым мерзімі 280 - 320 күнге созылады, суалу кезеңі 1, 5 - 2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында.

Сиырдың етті тұқымдарының ет өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы Сиырларға қарағанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет береді. Бордақыланған Сиырлар майды ішкі органдарына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет) қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың еті өте құнды, дене тіндері және олардың хим. құрамы жасына байланысты өзгеріп отырады. Сойыс шығымы тұқымына байланысты 48 - 70% аралығында.

Сиырдың қыстағы басты азығы пішен, сүрлем және құрама жем, ал жазда жайылым шөбі және қосымша азық (сүрлем, құрама жем) .

Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а. ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т. б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады.

Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т. б. ; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т. б. өсіріледі

Қазақы сиыр - сүт пен ет өндіру үшін өсірілетін жергілікті тұқым. Қазақстанның қатаң табиғатына бейімделген, суыққа төзімді, жайылымда тез семіреді. Қазақы сиыр аяқтары қысқа, жатаған, шағын денелі, түсі көбінесе қара қоңыр, тарғыл. Сүт өнімділігі төмен, бірақ сүті майлы. Қазақы сиырды пайдалану нәтижесінде жоғары өнімді, Қазақстан табиғатына бейімделген жаңа сиыр тұқымдары - Алатау сиыры, Әулиекөл сиыры, Әулиеата сиыры, Қазақтың ақбас сиыры - шығарылды.

6. Жасырын желінсауды диагностикалаудың жаңа тәсілдері

Қазіргі кезде еліміздің тәуелсіздігін дамытып, экономикасын жоғары деңгейлерге жеткізу мақсатында мал шаруашылығының алатын орны зор. Сонымен қатар Қазақстан бүкіл әлемдік сауда ұйымына мүше болуды көздеуде, бұл жоғары сапалы тауарлар мен өнімдер шығарылуын қажет етері сөзсіз.

Мал шаруашылығының дамуы әр түрлі ауыл шаруашылық малдарының аурулары салдарынан кешеуілдеуде. Ал мал бастарын көбейтіп, сүт өнімділігін жоғарылатуды тежеуші мәселелердің бірі - сиырлардың акушерлік-гинекологиялық аурулары, оның ішінде желінсаулар.

Желінсау - сүт безінің қабынуы болып табылады. Желінсаудың дамуы организмде, соның ішінде ірі қара малдың сүт безінде тек ішкі емес, сондай-ақ сыртқы факторларға да байланысты. Көптеген авторлардың пайымдауынша сиыр желінсаулары айтарлықтай дамып, 2-5-тен 10-55 %-ға дейінгі шаманы қамтиды. Желінсаудың жасырын түрімен ауырған сиырларда аурудың клиникалық белгілері байқалмайды, сондықтан да ондай малдың сүті адам және жас төл үшін өте қауіпті. Желінсаудың бұл түрінде сүттің сезімдік көрсеткіштерінде ешқандай өзгерістер байқалмайды, дені сау малдың сүтінен айырмашылығы жоқ. Бірақ мұндай сүттің ішінде патогендік және токсигендік микробтар өте көп болады. Жасырын желінсау сауын және сауылған сиырларда жылдың барлық мезгілінде кездеседі. Осы аурудың әсерінен сүттің өндірістік көрсеткіштері кемиді.

Клиникалық белгілері айқын түрде өтетін желін қабынулары мен жасырын түрде өтетіндердің орта есеппен алғандағы қатынасы 1:2-1:5-ті құрайды.

Қазіргі уақытта желінсаудың табиғатта кездесетін барлық түрлерін емдеудің орасан көп түрлері бар, оларды бір-бірінен ажырату, анықтау тұрғысында көптеген еңбектер жазылған. Желінсау негізінен микробтардың әсерінен пайда болады. Желінсау мен күресте дүние жүзі ғалымдары бір тұжырымға келді. Олардың шешімі бойынша желін желінсауы инфекция арқылы беріледі.

Жасырын желінсау ауруының тарауы және сүт сапасының төмендеуінің басты себептері: азықтандыру жағдайындағы, малды ұстаудағы және микроклиматтағы кемшіліктер, сондай-ақ сауу аппараттарының ақаулары, сауу құралдары мен желіннің санитарлық тазалығын сақтамау, еденнің ластығы және т. б. Сонымен бірге желінсаудың туындауына себепкер болатын факторлардың қатарына, жануарлардың жоғары өнімділігі, желінсау ауруына ұрпақтық бейім келуі, желін және емізіктің анатомиялық және функционалдық аномалиясы, желін терісінің аурулары (дерматит, емізіктің жарылуы, фурункулез т. б. ), сонымен бірге жануарларды азықтандыру және күтіп - бағудағы кемшіліктер жатады.

Республика шаруашылықтарында сауын сиыр арасында жасырын желінсаудың жиі кездесетіні, өндірілетін сүттің тазалығы әлі де төмен екені және қарапайым мал дәрігерлік-санитарлық шаралардың өз деңгейінде жүргізілмейтіні ескертеді. Жасырын желінсау ауруын азайту мақсатымен сүт тазалығын жоғарылатуға бағытталған орындауға болатын мал дәрігерлік-санитарлық және емдеу шараларының тиімділігі ұсынылады.

Алайда, жасырын желінсаулардың шамамен 10-15 %-ның емделмей қалатыны туралы деректер көптеп ұшырасады, ал бұған кейбір анықталынбай қалған (уақыт, күш, жабдық-жадығат, қаражат т. б. ) жағдайларға орай, емделінбей қалған сиыр бастарын қосса бұл сандық мәліметтің жоғары болары хақ!

Көптеген жағдайларда сиырлардың жасырын желінсауларын емдеу мақсатында антибиотиктер терапиясы қолданылады, ал бұл ем, өкінішке орай сүт тұтынушыларын уытты - аллергиялық кеселдерге шалдығуға әкеліп соғуы ықтимал.

Сонымен қатар, айта кететін, баршаға түсінікті қарапайым жайт, қабыну барысының дамуына ықпал ететін көрініс жануар организмінің дұрыс азықтандырмау, пайдаланбау, түрлі жарақаттарға шалдығуына орай әлсірейтіндігі. Осы кезде айқын лейкопения, бүйрек үсті бездері белсенділігінің төмендеуі, сиырлар организмінің иммунды биохимиялық реактивтілігінің әлсіреуі орын алады.

Тағы айта кететін жайт, кез-келген қабыну кезінде, белсенді биогенді аминдер деңгейі, әсіресе гистамин деңгейінің күрт өсуі байқалады. Ауру жануарлар қанында гистамин деңгейінің жоғарылауы, лимфоциттердің Т-супрессорлық қызметін белсендіре түседі, ал бұл жануар организмінің иммунды реактивтілігін бәсеңдетеді. Организмнің ішкі ортасына бөгде ақпараттағы бөгде белгілері бар заттар түсуі оның құрылымдық және химиялық құрамының бұзу қауіпін туғызады. Ішкі ортаның сандық және сапалық тұрақтылығының, яғни гомеостазының сақталуы барлық организмдегі жүйелердің өздігінен реттелуі салдарынан қамтылады.

Осы тұрғыда, біз өз алдымызға сиырлардың жасырын желінсауларын диагностикалаудың жаңа түрлерін құрастыру және сиырлардың жасырын желінсауларын емдеу үшін гистаминге қарсы қан сарысуын қолдану мүмкіндігін ойластыру мен сиырлар организмінің иммунды күйін әр тұрғыдан зерттеуді мақсат етіп, мәселелер қойдық.

Сиыр желінсауымен күресу үшін әр түрлі диагностика, емдеу және алдын алу шараларын жекелей жүргізу тиімсіз. Сондықтан, ғалымдардың пікірі бойынша, сиыр желінсауымен күресу үшін ұйымдастырудың жоспарлы жүйесі қажет, бұл арқылы сүт өндірісін жоғарылатуға, сүттің тағамдық немесе санитарлық сапасын жақсартуға және өзіндік құнын азайтуға болады. Сонымен бірге желінсаумен күресу нәтижесінде сүт өндірісінің деңгейі жоғарылап, сүт өнімдерінің сапасы жақсарады. Бұл аурудың келтіретін экономикалық шығыны тікелей және жанама деп бөлінеді.

Олардың негізгілері - сүт өнімділігінің төмендеуі, бұзаулардың ауруға шалдығуының көбеюі, сүт және сүт өнімдерінің сапасының нашарлауы, уақытынан бұрын сиырлардың жарамсыздыққа шығарылуы, сиырлардың қысыр қалу санының жоғарлауы, желінсауға қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізуге кеткен шығындар болып табылады. Осылай сиырларда кең таралған желінсау ауруы ауыл шаруашылығына үлкен экономикалық шығын әкеледі. Желінсаумен ауру жануарлардың сауымы төмендейді, ал кейде аурудан кейін бір немесе бірнеше желін бөліктерінің зақымдануынан сүт беру қасиетінде жоғалтады.

Қазіргі уақытта барлық шаруашылық түрлерінде кең тараған ауру - сиырлар желінінің қабынуы болып табылады. Ол шаруашылықтардың экономикасына едәуір зиян келтіреді.

Дүниежүзілік ветеринарлық денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша желінсау сиырлардың басқа ауруларына қарағанда үлкен шығынға әкеп соқтырады. Желінсаудан келетін экономикалық шығын өте үлкен, ауру кезінде де, аурудан кейін де сүт беруі төмендейді, сонымен қатар оның сапасы нашарлайды. Соңғы жылдарда желінсау нәтижесінде сүтті жоғалту 30-40 % құрайды. Жыл сайын 30 %-ға жуық желін қабынуынан келетін агалактия салдарынан сиырларды жарамсыздыққа шығарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүт кешендеріндегі сиырдың желінсау ауруы және оған қарсы жүргізілетін тиімді ветеринариялықсанитариялық сақтандыру шараларын ұсыну
Сиыр желінсауының эпидемиологиялың мәні
Ағаш ыдыстарда сақталған сүт
Мүйізді ірі қаралардағы желінсау ауруының этиологиясы
Желін үрпісінің аурулары және аномалиялары
Қазақтың ақбас сиыры
Сауылатын сиырдың желін ауруын диагностикалау
Желін безінің аурулары
Желін ауруларының шаруашылыққа тигізетін зияндары және пайда болу себептері
Бактериялар тобынан сүт өндірісінде кеңінен пайдаланылатыны сүт қышқылды бактериялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz