Жаңа туған төл аурулары және дауалау



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Жаңа туған төл аурулары және дауалау
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Төл - ауыл шаруашылық малдарының өсіп-даму процесіндегі жыныстық жағынан толық жетілмеген ұрпағы.
Әр түлік Төлінің өз атауы бар: түйе төлі - бота, жылқы төлі - құлын, сиыр төлі - бұзау, қой төлі - қозы, ешкі төлі - лақ деп аталады. Түйе, бие, сиыр, әдетте жалқы Төл, қой орта есеппен 1 - 2 қозы, ешкі жылына екі рет 3 - 4 лақ туады. Сүтқоректі жануарлардың Төлінің ең маңызды өсіп-жетілу мерзімі - олардың өсу қарқыны барынша жоғары болатын сүт ему кезеңі. Туылғаннан кейін алғашқы 2 - 3 аптада Төлдер тек қана ене сүтімен қоректенеді. Ірі қара (сиыр, жылқы, түйе)
Төлдері алғашқы 6 айда туылған кездегі салмағын орта есеппен 5 - 6 есе арттыратын болса, ұсақ малдардың (қой, ешкі) Төлдері бұл деңгейге 4 - 4,5 айда, енелерінен ажыратылғанға дейін жетеді. Осыдан кейінгі кезеңде олардың өсу қарқыны төмендеп, бағылу-азықтандырылу жағдайлары талапқа сай бола тұрса да 1 жасқа дейін салмағын 2 есеге ғана арттырады. Бір жасқа дейінгі, әсіресе, сүт ему кезеңінде Төлдерді күту-азықтандыру жұмыстарын мұқият атқару мал басын өз төлі есебінен көбейту жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік береді. Төлдерді азықтандыруда кеткен кемшіліктер олардың өсіп-жетілуін тежейді немесе мүлдем орнына келмейтін өзгерістердің жүруіне әкеліп соғады (қ. Жылқы өсіру; Қой шаруашылығы; Мал шаруашылығы; Сиыр өсіру; Түйе шаруашылығы).
Түлік түрлері мен олардың өнімділік бағыттары Төлдерді күтіп-бағу әдістерін айқындауда шешуші фактор болып табылады. Мысалы, сүтті, сүтті-етті бағыттағы мүйізді ірі қара бұзаулары - енелерінен бөлек, ал етті бағыттағылар - енелерімен бірге бағылады. Қымыз, шұбат өндіруші шаруашылықтарда құлындар мен боталар алғашқы айларда енелерімен бірге бағылса, сүт сауу маусымында белгілі мерзімге енелерінен ажыратылып, желіге байланады. Төлдерге қора мен суатқа жақын жерлерден жақсы жайылым қалдырылып, олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауы қатаң қадағаланады. Төлдерді бөлек бағу оларды құнарлы азықтармен (майдаланған сұлы, арпа, ақуызды-витаминді, минералды қоспалар) қосымша қоректенуге қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың өміршеңдігі, ересек кездегі өнімділік-тұқымдық қасиеттері шығу тегі мен бағылу-азықтандырылу жағдайларына тікелей байланысты болады

Жаңа туған төл аурулары және дауалау
Жаңа туған төлдің асфиксиясы - деп жаңа туған төлде анасының жатырынан шыққан мезетте тыныс алудың бұзылуын немесе оның болмауын айтады.
Себептері: анасы мен төл арасындағы газ алмасудың бұзылуы, яғни төл қанының көмір қышқыл газымен толуы. Бұған буаз малдың ұзақ уақыт бойы қажитын қимылдар жасауы немесе аналық плацентаның төлдік плацентадан біршама ажырауы, сондай-ақ анасының өкпе аурулары салдары себеп болады.
Клиникалық белгілері. Жеңіл түрінде төлдің тыныс алуы бір қалыпты емес сырылдайды, қысқа жөтеліп ауыз қуысына шырыш жиналады. Аузынан тілі ісіңкіреп, көкшіл тартып, салбырап шығып кетеді; тамыр соғуы жиі және әлсіз; көрінетін кілегей қабаттары көгерген, тік ішек көбінесе тоңғақпен ластанады. Жаңа туған төл қимылсыз жатады, кейде кіндіктен қан ағу байқалады.
Ауыр түрінде төлде ешқандай тіршіліктің нышаны байқалмайды. Мұнда тіршіліктің жалғыз белгісі тек төлдің әлсіз ғана жүрек соғысы.
Алғашқы тоңғақтың түспеуі. Алғшқы тоңғақ (мекони) жаңа туған төлдерде әдетте туғаннан кейін дереу немесе бірер сағаттың ішінде түседі. Бірақ алғашқы тоңғақтың түспеуін жиі байқауға болады, әсіресе, құлындарда организм уланып, көбіне өліммен аяқталады.
Себептері: уыздың жетімсіздігінен немесе сапасының нашарлығынан және төл организмнің әлсіздігінен. Тоңғақтың қаттылығы және ішектің атониясы осы тоңғақтың кідіруіне әкеліп соғады.
Клиникалық белгілері. Жаңа туған төлде дефекация жоқ. Туғаннан кейін екінші күні төл мазасызданып, күшеніп, арқасы бүкірейіп ішіне қарай береді және артқы аяқтарымен тыпыршып, тепкілене береді. Кейде терлеуі мүмкін, сонан соң жалпы әлсіздік белгілері байқалады.
Кіндіктен қан ағу. Кіндіктен қан ағуды ауылшаруашылық малдарының төлдерінде байқауға болады. Веноздық қан ағу кезінде қан ақырын, қысымсыз, пульсіз ағады, ал артериялдық қан ағу болса, онда күшті пульспен, қысыммен ағады.
Себептері : Кіндіктен қан ағу өкпе ателектазы, әлсіз тыныс алу немесе оның болмауы және жүрек ақаулары салдарынан болады. Кіндік бауды өткір аспаптармен, әсіресе, кіндік артериясындағы пульстің тоқтауына дейінгі мезетте кесу кіндіктен қан ағуға әкеліп соғады.
Емі. Кіндікті саусақтармен немесе гемостатикалық (қан тоқтататын) пинцетпен қысып, кіндіктің ұшынан екі елі кейін, залалсызданған жіппен байлайды. Сосын кіндіктің ұшын жоғары қайырып екінші рет байлайды.
Урахус фистуласы. Урахус дегеніміз - төл іште жатқанда оның қуығымен (кіндік сақинасы арқылы) зәр қабатын жалғастырып тұратын түтік. Осы түтік төл сыртқа шығып, кіндік үзілгеннен кейін жабылуы тиіс, ал осы түтік кейде жабылмай қалады оны урахус фистуласы деп атайды. Көбінесе құлындарда жиі, бұзауларда сирек кездеседі.
Себебі. Көбінесе қуық түтігінің кіндік сақинасына тығыз жанасып өсуі, соның солдарынан урахус кіндік үзілгеннен кейін құрсақ қуысына қарай кірмей, ауызы жабылмай қалады.
Белгілері. Кіндіктен үнемі немесе оқтын - оқтын несеп бөлініп, кіндіктің айналасындағы жүні, терісі ылғалданып жүреді. Осының салдарынан бұл жердің терісі тітіркеніп, алдымен дерматит, ал уақыт өте келе соңынан флегмонаға айналуы мүмкін.
Емі. Қан тоқтатқандағыдай ем қолданып, тігін салады. Қуық түтігі фистуласын кіндіктің қабырғасын термокаутермен, ляписпен, күйдіргіш майлармен күйдіру арқылы жабуға болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және ауырып айыққан вирус алып жүруші шошқалар
Колибактериозға қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
«Анаэробты дизентерия ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Аурудын дамуы мен сыртқы белгілері
Шошқаның обасы
Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Сиырдың жұқпалы ринотрахеиті
Ринопневмониямен ауырған жылқы
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Пәндер