Жылқының оксиуроз ауруы
Аннотация
Бұл курстық жұмыста жылқы оксиурозы және оны дауалау туралы
мәліметтер жинақталған. Курстық жұмыс 37 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу,
техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі
қарастырылды.
Белгілер мен қысқартулар
м - шаршы метр
м - метр куб, көлем
м-метр
мс — қозғалыс (ауа)
% - пайыз
°С - температура
мг м ~ көлем
г - грамм
кг - килограмм
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
Анықтамалар
Гельминтология - паразит құрттардың қандай ауру тудыратынын, оның
тіршілік ететін ортасын, адамға, малға, өсімдікке келтіретін алуан
түрлі зиянын, емдеу жолдарын, күресу шараларын зерттейді.
Диагностикалық дегельминтизация - жануардың нақтылы қандай ішқұрт
ауруына тап болғанын гельминтокопрологиялық немесе басқа тәсілдермен
диагноз қою қиынға соққанда қолданылады. Экспертиза - сараптаудан
өткізу.
Мал тезегін сақтау және зарарсыздандыру - жануарлардың гельминтозға
шалдығуына жол бермеу үшін мал қораларындағы тезектерді дер кезінде
тазалап, әдейі бөлінген алаңға немесе көң сақтайтын орынға жинау керек.
Қи сақтаудың екі түрлі әдісі бар: біріншісі салқын, екіншісі ыстық
әдіс.
Мазмұны
Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.1 Жылқы оксиурозы ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . ... .10
1.2Гельминтоздардың тарау
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3 Арнаулы зертханалык
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...13
1.4 Құрттардың көбеюі және дамуы ... ... .16
1.5 Гельминтоздардың
эпизоотологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...17
1.6 Гельминтоздарды
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .18
1.7 Инвазиялық аурулардан сақтандыру
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 19
2Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.1
Proanamnesis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .22
2.2 Anamnesis
vitae ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...22
2.3 Anamnesis
morbi ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .22
2.4 Status praesens communoes
universalis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.5 Status praesens
localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..24
2.6
Diagnosis ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.7 Decursu morbi et
therapia ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..26
2.8
Epicrisis ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
3Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...37
Кіріспе
Паразитология (parasitos – паразит және logos – ілім деген грек
сөздерінен) – паразиттерді, сондай-ақ олар тудыратын адам, жануарлар және
өсімдіктер ауруларын, осы кеселдермен күрес шараларын жан-жақты зерттейтін
кешенді ғылым. Гельминтология паразит құрттардың қандай ауру тудыратынын,
оның тіршілік ететін ортасын, адамға, малға, өсімдікке келтіретін алуан
түрлі зиянын, емдеу жолдарын, күресу шараларын зерттейді. Бүл ғылым
медициналық, малдәрігерлік жэне агрономиялық болып үш салаға бөлінеді.
Гельминтоз дегеніміз-ішқұрттары немесе гельминттер тудыратын жұқпалы ауру.
Бүл кесел адамда, жануарларда, өсімдіктерде кездеседі. Олар адам мен
жануарлардың ішкі мүшелерінде (органдарында), мәселен өкпесінде, бауырында,
мида, ішек-қарында жэне т.б. орналасады. Паразиттік тіршілік ететін қүрттар
әр түрлі болып келеді. Жалпақ құрттар қатарына трематодалар немесе сорғыш
күрттар, цестодозалар немесе таспа қүрттар жатады. Нематодалар жүмыр
қүрттар тобын қүрайды. Мал мен қүхтың денесінде (организмде) акантоцефалар
немесе тікенбасты кұрттар ұшырайды. Сондықтан, гельминтоздарды олардың
қоздырғыштарының түріне байланысты трематодоздар, цестодоздар, нематодоздар
және акантоцефалездар деп атайды.
Гельминттер адам мен жануарлардың ішкі мүшелері жэне үлпаларына
(тканьдері), дене қуыстарына қоныс тебеді. Олар белгілі бір дене мүшесіне
орнығуға бейімделген. Құрттардың көптеген түрі ас қорыту жүйелерін
мекендейді. Гельминттердің басым көпшілігі ішекте күнелтеді. Мысалы, күйіс
малының ащы ішегінен жүмыр және таспа күрттар, ал бауырынан, үюда безінен
сорғыш құрттар(нематодалар), өкпе мен бауырға бершімектер (эхинококктар)
жайғасады, шарбы-шажырқайда жылауық үшырасады.
Гельминттермен жас төлден бастап ересек малға дейін зақымданады. Ішқүрт
эсерінен жануардың ас қорыту, тыныс алу, тағы басқа мүшелері зардап шегеді,
олардың қызмет атқару қабілеті бұзылады. Паразиттер мал денесінде қанмен,
сөлмен, торшамен (клетка) қоректенеді. Организмде паразиттердің саны
көбейсе, мал дертке шалдығыш, шығынға ұшырайды. Гельминтозға іліккен
түліктің өнімі кемиді, басқа жүқпалы ауруға қарсы тұрарлық қабілеті
төмендейді.
Қайсыбір қүрттар түрлері мал атаулының бірнеше түлігінде (мысалы, күйіс
қайыратындарда) кездессе, екінші біреулері бір ғана түлікте (мысалы,
жылқыда) өмір сүреді. Құстарда болатын гельминттер сүт қоректілерде
тіршілік ете алмайды.Ішқұрт ауруларының кейбіреулері адам өміріне де өте
қауіпті. Құрттар малдан адамға, ал кейде керісінше, адамнан малға жүғып
отырады. [1,2].
Қазіргі кезде инвазиялық аурулардың аты бірыңғайланып, олардың
қоздырғыштарының зоологиялық туыс атауынан шыққаны белгілі. Ең алғашқыда
(1928) К.И.Скрябин мен Р.С.Шульц гельминтоздарға ғылыми атау енгізіп, олар
қоздырғыштардың туыс атауына “оз” немесе “ез” деген қосымша қосуды ұсынды.
Әр зоологиялық түрдің латынша қос аты бар: туыстық және түрлік. Мысалы:
Dіcrocoelіum Lanceatum, Monіezіa expansa; ал бұлар қоздыратын ауруларды
дикроцелиоз және мониезиоз деп атайды.
К.И.Скрябиннің ұсынысы бойынша осыған ұқсас атаулар арахноэнтомолияға да
енгізіліп отыр. Мысалы: қотыр аурулары қоздырғышының атына байланысты:
псороптоз, саркоптоз, хориоптоз және т.б. бірнеше аттары бар. Ал бөгелек
құрттары қоздыратын аурулар гиподерматоз, эстроз, гастрофиллез атаулары,
Hypoderma, Oestrus, Gastrophіlus деген бөгелектердің туыс аттарынан
шығады.
Атау берудегі осы бастама протозоологияға да енгізілген. Мысалы: Eіmerіa
туысына жататын қарапайымдылар - эймериоз ауруын, ал Pіroplasma туысына
жататындары пироплазмоз ауруын қоздырады.
Ғылыми атаулармен қатар кейбір басты-басты аурулардың жергілікті қазақша
аттары да бар. Мысалы: су-ауру - трипанозамоз, айналма, тентек - ценуроз,
жылауық - цистицеркоз (тенуикольный), бөген-оксиуроз, бауырқұрт ауруы -
фасциолез, өкпе құрт ауруы - диктиокаулез, оқыра - гиподерматоз, құмыр -
цефалопиноз, киеңкі, қарақаптал - трипаносомоз және т.б.
Бұл ауру атаулары жергілікті халық арасында кеңінен қолданылады. Кейде
гельминтоздардың топтама атауларын қолдануға болады. Ол ішқұрттардың тобына
қарай: трематодоздар, цестодоздар және нематодоздар деп те аталады.
Мұндайда тектік, тұқымдас атаулары да ескерілуі мүмкін.
Мысалы: Strongylata тектік тармағына жататын қоздырғыштар тудыратын
ішқұрт ауруларын топтама аты стронгилятоздар. Ал кейбір таспа құрттардың
балапан қуықшалары қоздыратын ауруларды сол қуықша сатысының атымен атайды.
Мысалы: ценуроз (қазақша айналма), оның қоздырғышы Coenurus cerebralіs.
[1,3].
1 Негізгі бөлім
1.1Жылқының оксиурозы және оны дауалау
Жылқының тоқ iшегiнде тiршiлiк етiп, ас қорыту жүйесiн
зақымдайтын, құйрық түбiнiң қышымасын тудыратын Oxyuridae
тұқымдасындағы жұмыр құрт туғызатын iшқұрт ауру.
Қоздырғышы. Oxyuris egui iшқұрты еркегiнiң тұрқы 6-15 мм,
ұрғашысыныкiндей оның ұзын, жiңiшке құйрығы жоқ. Ауыз тесiгi алты
бұрышты. Өңешiнiң арт жағы торсиған. Құйрық жағы доғал, осы маңдағы
сыртқы қабығы жарғақша болып бiтедi, ал ол бiрнеше жұп сабақты
бүртiктермен шегенделiп тұрады. Сыңар және ұзынша келген спикуласы бар.
Ұрғашыларының тұрқы 18 мм, оның бас жағы жуан, қысқа, ал
құйрық жағы ұзын және жiңiшке. Бәтегi денесiнiң алдыңғы жағында.
Жұмыртқалары 0,085-0,099 х 0,040-0,045 мм. Олар түссiз немесе жартылай
мөлдiр, бисимметриялы, бiр жақ басында қақпақшасы, iшiнде шала дамыған
балаңқұрты бар.
Өсiп-өнуi. Ұрықтандырғаннан соң iшқұрттың еркектерi жойылады,
ал ұрғашыларында жұмыртқалар түзiледi. Жұмыртқаға толы ұрғашылары
жылқының қиымен iлесiп тiк iшек арқылы сыртқы ортаға шығады, ал
кейбiреулерiнiң iшектен басы ғана шығып, артқы тесiк айналасына
жұмыртқаларын салады.
Жылқы құйрығының астында iшiнде жұмыртқалары бар желiм тәрiздi
кiлегейлi қоңыр зат терi қатпарларына жабысып тұрады. Құйрық асты мен
артқы тесiк маңында жұмыртқалардың iшiндегi балаңқұрттың өсiп-дамуына
қолайлы жағдайдың бәрi бар.
Атап айтқанда, ылғалдылық және керектi жылылық. Артқы тесiк
төңiрегiндегi терi қатпарлары кепкеннен соң, мал құйрығын қозғағанда,
iшiнде өсiп жетiлген балаңқұрттары бар жұмыртқалар сыртқы ортаға түсiп,
атқораның қабырғасын, оттықтарды, төсенiштi, шөптi және т.б. ластайды.
Мал оксиуроз дертiне осындай зарарлы жұмыртқалармен ластанған жем-су
арқылы шалдығады. Мал iшегiнде жұмыртқадан босанған личинкалар 3-4 апта
өтiсiмен ересек құртқа айналады.
Эпизоотологиясы. Оксиурозбен көбiнесе бiр жасқа дейiнгi төл
(құлын, жабағы, тай) және кәрi жылқы ауырады. Бөген ауруы жылқыдан
басқа есекте, қашырда және хайуанаттар бағындағы зебрлерде кездесуi
мүмкiн. Бөген Қазақстанның барша аймақтарында, әсiресе атқорадағы жылқы
арасында кездеседi. Көбiнесе қазан айынан бастап, келесi мамыр айына
дейiн жас малдың 40 пайызына дейiн оксиуроз болуы мүмкiн.
Аурудың өрбуi. Тоқ iшекте көптеп жиналған оксиуристер iшектiң
кiлегей қабығын зақымдайды, уытын шығарады. Артқы тесiк маңындағы
қатпарларға шыққан iшқұрттың ұрғашылары терiнi қышытады, үнемi қасына
бергендiктен, құйрық түбiндегi жүнi және құйрық қылы түсiп қалады да,
құйымшағы қызыл шақа болып тақырланады.
Сырт белгiлерi. Бөген дертiне шалдыққан жылқының үнемi арт
жағымен астау, науаларға, қора қабырғаларына қасынудан жүнi және құйрық
қылдары түсiп қалады. Құйрық түбiндегi жүнi үрпиiп, ал құйрығы қып-
қысқа болып шолтиып тұрады. Бөген ауруының құрты жұққан жылқы
арықтайды, қоңы таяды. Асқорыту ағзаларының қызметi бұзылады.
Өлекседегi өзгерiстер әлi толық зерттелмеген. Оксиурозға
шалдыққан, бiрақ аурудан өлген жылқыны сойып көргенде тоқ iшектерiнде,
оның ортаңғы бөлiмiнде, яғни бүйенiнде көптеген оксиурис iшқұрттары
табылады. Бүйен және тiк iшек қанталап қабынған, кей жерлерiнде уытты
жаралар кездеседi.
Ауруды анықтау. Гельминтозды анықтауда ең алдымен эпизоотологиялық
деректердi, аурудың клиникалық белгiлерiн еске алумен қатар, артқы
тесiк маңынан және құйрық түбiнен алынған қырындыны микроскоп арқылы
зерттеп, оксиурис iшқұртының бисимметриялы жұмыртқаларын табу ауру
диагнозын дәлдей түседi. [1,3].
Гельминтоз диагнозын ажырата қойғанда бөгендi хориоптозбен
(терi жегiш қотыр) шатастырмау қажет. Сыртқы белгiлерi ұқсас болғанымен
хориоптозда терi қырындысын микроскоппен зерттегенде хориоптес
кенелерiн табамыз.
Емi. Бөген ауруына қарсы төрт хлорлы көмiртегi қолданылады. Оны
желатина қабығына салып немесе танау-жұтқыншақ түтiгi арқылы iшкiзедi.
Дәрi берердiң алдында жылқыны 8-10 сағат ашықтыру шарт. Аталған дәрi
мына мөлшерде берiледi.
Сақа жылқыға 25-40 мл, 2-3 жастағы жылқыға 20-25 мл, екi жасқа
дейiнгi тай мен жабағыларға 12-20 мл, 10-12 айлық тайларға 10-12 мл,
және 7-10 айлық тайға 8-10 мл. Iш айдағыш дәрiлер қолданылмайды.
Оксиурозға қарсы тиiмдi дәрiлердiң бiрi-пиперазин негiзгi
препараты және оның фосфорлы немесе күкiрттi тұздары. Дәрiнi шыланған
құнарлы азыққа қосып жеке малға немесе бiр топ жануарларға 0,1 гкг
мөлшерiнде арасына бiр тәулiк салып 2 рет беруге болады.
Пиперазиндi жеке бас жылқыға 2-5 пайыз ерiтiндi түрiнде танау-
жұтқыншақ түтiгi арқылы немесе шөлмекпен бередi. Топтап емдегенде 20-25
бiрдей жастағы жылқыға 20-25 кг құрама жемге немесе сұлыға қосып, суға
ертiлiген пиперазиннiң керектi мөлшерiн қосып, астауға салып жегiзуге
болады.
Пиперазиндi 2 жастан асқан жылқыға 20-25 г, жабағы мен тайға
15-20 г, 10-11 айлық құлынға 10-12 г, 7-10 айлық құлынға 8-10 г
мөлшерiнде бередi.
Шет елдiк дәрiлерден оксиурозға қарсы 20 пайыздық тетрамизол
гранулят, панакур және 10 пайыздық мебенвет гранулят жақсы нәтиже
бередi.
Сақтандыру. Бөген ауруы кездесетiн шаруашылықтарда жылқыны әрбiр 1-
1,5 айдан соң пиперазинмен дегельминтизациялайды. Аурудың клиникалық
белгiлерi айқын бiлiнген жылқыларды бөлек оқшаулап, оларға ем шараларын
қолдану қажет.
Сондай-ақ олардан инвазиялы жұмыртқалар қоршаған ортаға таралып
кетпес үшiн артқы тесiк маңын, құйрық түбiн зарарсыздандырғыш
ерiтiнделерге шыланған мақтамен (тампон) күнiне 1 рет сүртiп отыру
нәтиже бередi. Әрбiр 6 апта сайын дерт шыққан қорадағы жылқыны түгелдей
овоскопия әдiсiмен (артқы тесiк маңынан қырынды алу) зерттеп отыру
шарт. Қора iшiн, күрек, айыр, сыпырғыш, аттарақ және т.б. жақсылап
тазартып, ыстық сумен зарарсыздандырады. [1,3].
1.2Гельминтоздардың тарау жолдары
Малға паразиттер мен олардың жүмыртқалары және балаңқұрттары
жеген жем-шөп пен су арқылы жүғады.
Геогельминттердің жұмыртқалары мен балаңқұрттары шалшық
суларда, шөп сабақтарында, азықтарында кездеседі.
Биогельминттердің жұмыртқалары мен балаңқұрттары сыртқы ортада
немесе аралық ие денесінде болады.
Кейбір гельминттердің балаңқүрттары су бетінде не өсімдік
сабағына жабысып өмір сүреді. Мүндай жағдайда биогельминттер
геогельминттер сияқты жүғады. Кейбір гельминттер тек аралық ие арқылы
тарайды. Мысалы, ит өлген қойдың, шошқаның жэне басқа малдың
беріш (эхинококктер) жайлаған өкпе бауырын жеп
зақымданады, ал доңыз жаңбыр құрты арқылы метастронгилезге шалдығады.
Күйіс малы дикроцеллиозбен (қоздырғышы бауырда болатын сорғыштар)
күмырсқаларды шөппен бірге жатындықган зарарланады, ал қозы-бұзаулар
ұсақ топырак кенелерін шөппен бірге жүтып, монезиозға душар болады.
Бірқатар гельминтоздардың қоздырғыштары малға терісі арқылы
жүғады. Кейбір гельминттердің өсіп-жетілген балаңқұрттары мал
терісіне еніп, қан тамырлары арқылы дене мүшесіне енеді.
Мысалы, буностома, анкилостома, стронгилоидес текгес жұмыр
құрттардың, шистозома сорғыштарының балаңқүрттары малға оның терісі
арқылы жүғады. Кейде биогельминттердің балаңқұртты актық иесіне қан
сорғыш жәндіктер арқылы енеді. Сонымен гельминттер көбіне мал өрісін,
суаттарды зарарлайды. Жайылымның топырағы неғұрлым ылғалдырақ болған
сайын олардың жұмыртқасы мен балаңқұрттарының дамуы үшін соғүрлым
тиімді жағдай туады.
Гельминтоздардың эпизоотологиясы - аурудың тарау жолдарын,
әсіресе оның етек алу және жоқ болып кету себебін зерттейді. Ол
гельминтгердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне
негізделген. Ол ауыл шаруашылық жануарлары ішқүрт ауруларының эр
түрлі географиялық аймақтарындағы эпизоотологиялық ерекшеліктерді
көрсетіп отырады.
Гельминтозға қарсы қолданылатын шараларды табысты жүргізу үшін
аймақ (облыс) пен ауданның нақты эпизоотологиялық ерекшелігін білудің
аса зор маңызы бар. К.И.Скрябин мен Р.С.Шульц гельминтоздарды бір
жүйеге келтіре отырып, бұларды екі топка бөледі, олар:
геогельминтоздар
мен биогельминтоздар.
Геогельминтоздардың бастапқы қоздырғыштары топырақта, суда,
қора-жайларда (нематотоздардың басым көпшілігі) тікелей өмір сүре
береді. Биогельминтоздардың қоздырғыштары белгілі аралық иелерінің
қатынасуымен өсіп-өнбейді, ол тек өзінің бойына сіңген өнеді.
Құрт иелері бойынша жікке бөлінеді: ақтық иесі-оның денесінде
үлғайып, жынысы жетілген ересек гельминттер мекендейді; аралық иесі-
мүның организмінде паразит балаңқүрт сатысында тіршілік етеді.
Бірқатар гельминттер дамуы үшін екі бірдей ие қажет. Оның екіншісін
қосымша иесі деп атайды.
Барлық трематодоздардың, цестодоздардың, акантоцефалездердің
көпшілігі және нематодоздардың бір бөлігі биогельминтоздар болып
табылады. [3,6,8].
1.3 Арнаулы зертханалык зерттеулер
Гельминттер жануарлардың ұлпалары мен мүшелерінде қоныс
тебуіне байланысты, өздерінің өсіп-өну барысында сан алуан жолмен,
мал нэжісімен, қанмен, көз жасы, басқа да денеден бөлінетін заттармен
сыртқы ортаға жайылады. Мысалы, тыныс алу немесе асқорыту жүйесіндегі
күрттардың жұмыртқалары жэне личинкалары түліктің нәжісі арқылы
бөлініп шығадыТірі малға диагноз қою үшін аурудың клиникалық сырт
белгілері анықталады, эпизоотологиялық деректерге сүйенеді, арнаулы
зертханалық лабораториялық және иммунобиологиялық зерттеулер
жүргізіледі.
Клиникалық белгілері - гельминтоздардың клиникалық сырт
белгілері кейде айқын білінеді. Ал, аурудың созылмалы түрінде олар
көбінесе білінбейді, көмескі (субклиникалық) немесе жасырын түрде
өтеді. Көбінесе тыныс алу жүйесінің немесе асқорыту ағзалары
қызметінің бүзылуы салдарынан мал демігеді, жөтеледі, іші өтеді, қоңы
мен жалпы күйінің төмендеуі, сүт, ет, жүн өнімдерінің азаюы мүмкін.
Жоғарыда аталған белгілер анық біліне түрса да бұған сүйеніп, ауруды
анықтау қиынға соғады, өйткені мүндай белгілер басқа дерттерде де
кездеседі. Р.С.Шульц (1959) айтқандай "ауруды анықтауда клиникалық
белгілер шешуші емес, бағыттауыш деп қарау керек".
Эпизоотологиялық деректерге гельминтоздардың белгілі бір
маусымға тәуелділігі, малдың түқымы, жынысы, жасы ескерілуі, аурудың
жаппай етек алуы жэне жануар денесінде қүрттардың өсіп-жетілуіне
қолайлы жағдайлар болуы, мал өзара жанасуы, т.б. жөніндегі
мағлүматтар жатады.
Ішқұрт ауруларын анықгау мақсатымен жиі қолданылатын негізгі тәсіл-
гельминтокопрология, гельминтоовоскопия, яғни нэжісті зерттеу.
Нәжісті тікелей тік (көтен) ішектен алған жөн. Әдетте бүл тәсілмен
тұтастай
гельминттердің өзін, не оның үзігін, бунақгарын табу
(гельминтоскопия),
гельминт жұмыртқаларын іздеу (гельминтовооскопия), балаңқұрттарын
ажырату (гельминтоларвоскопия) болып үш саққа жіктеледі.
Гельминтоскопия. Нәжіс арасынан ірі құрттарды, олардың
бөлшектерін жай кезбен де байқаймыз. Ал көлемі шағын гельминттерді
немесе олардың үзіктерін, таспа құрттардың бунақтарын іздеу үшін
нәжісті түбі қара шұңғылдау ыдысқа салып үстінен су құйып езіп,
жақсылап араластырып, біраз тұндырып, сүйықтың жоғарғы бөлігін төгіп
тастайды. Осылай бірнеше дүркін жуып-шайған соң, ыдыс
түбінде нәжіс түнбасы әбден
тазарып ішіндегі қүрттар, олардың мүше беліктері айқын көрінеді.
Артынан оларды ұшы иілген имек инемен немесе қысқышпен
теріп алады.
Шаруашылық жағдайында табылған гельминттерді қажет болса
үлкейткіш әйнекпен (лупа) немесе стереоскопиялық микроскоптың
көмегімен зерттейді.
Гельминтоовоскопия. Мал нәжісінен (киынан, қүмалағынан не
тезегінен) паразит жүмыртқаларын іздестіру. Нәжісті зерттейтін
лабораториялық (зертханалық) эдістер біршама, ең бастылары
төмендегідей. Нәжіс жүғындысын қарау ең қарапайым әдіс. Таза төсеніш
шынының бетіне глицерин мен су қоспасының 1-2 тамшысы тамызылады.
Тамшыға шыны немесе ағаштан жасалған жіңішке таяқшамен (сіріңкенің
шиі де жарайды) жас нэжісінің шамалы бөлігі жақсылап араластырылады
(глицерин орнына жай суды пайдалануға болады, бірақ глицерин барда
жұмыртқалар айқындала түседі және олар тез арада кеппейді), содан
кейін езінді сүйықтың үстін жұқа жапқыш шынымен бастырын микроскоппен
қарайды. Бір жануардан 2-3 сынама нәжіс езіндісін дайындап зерттеген
жөн, тазарып ішіндегі құрттар, олардың мүше бөліктері айқын көрінеді.

көмегімен зерттейді. [5,6,9].

жөн.
Бұл қарапайым әдістің тиімділігі оны кез келген жерде
қолдануға болады. Бірақ кемшілігі де жоқ емес: ол мал ішқұрттармен аз
мөлшерде зақымданған кезде гельминтозды анықтау қиынға соғады. Бүл
әдісті жануар денесін жаппай паразит жайлаған жағдайда пайдаланған
дүрыс.
Шөгеру, тұндыру әдісі. Бүл негізінен алғанда сорғыш кұрттардың
жұмыртқаларын іздестіруге арналған. Ұсақ тұяқтан 3-5 г жас қүмалақ,
ірі малдан 5 г мөлшерінде нәжіс алынады. Оны арнайы фарфор келішеге
(ступка) салып, үстіне шамалы су құйып келісаппен езіп, қойыртпақ
дайындайды. Қойыртпақты дәке не темір елеуіш, не капрон сүзгімен
астына тосылған кішкене шыныаякқа (капрологиялық стакан) сүзіп құяды.
3-5 минутта түндырып, түнбаның бетіндегі сүйықты ептеп төгіп тастап,
оның орнына бұрынғы мөлшердегідей етіп су құяды. Осылай бірнеше рет
қайталап шайқағаннан кейін ыдыс түбіндегі түнба тазарады. Ақырында
бетіндегі мөлдір сүйықты соңғы рет төгіп тастап, шөгіндіні аз
мөлшерден құйып алып, микроскоппен зерттейді.
Кейбір таспа жөне жалпы жұмыр кұрттардың жүмыртқаларын табу
үшін бірнеші күрделі әдістерді пайдалануға болады. Бұлардың қатарына
паразит жүмыртқаларымен қанықкан ерітінділердің меншікті салмақ
айырмашылығын негізделген қалқыту немесе флотоциялық (құрт
жұмыртқалары ерітінді бетіне кылқып шығуы) әдістерін атауымыз қажет.
Ал қаныққан ерітінділерді әр түрлі тұздардан жасайды.
Фюллеборн әдісі қарапайым және өте қолайлы, кең тараған. Бүл
әдісті дала жағдайында да қолдануға болады. Оны жүзеге асыру үшін
қаныққан ас түзы ерітіндісі (меншікті салмағы 1,18), кішкентай
шыныаяқтар, таяқшалар, сондай-ақ мақта, дэке, дөңгелетіп бір үшы
иірілген жіңішке сым ілмектер-түзақшалар қажет. Ерітінді әзірлеу үшін
1 л суға 450 г ас түзын салып, қайнағанша ысытады. Содан кейін оны
мақтадан немесе дэкеден өткізіп сүзеді. Бүл ерітіндіні суытып
қолданады. Өлшеп алған нәжісті стаканға (кұмалақтарды келішеге)
салады да, оған аздап ерітінді қосады, осыдан соң оны таяқшамен
(қүмалақтарды келісаппен) әбден езеді. Осылай дайындалған нәжіс
қойыртпағына ерітінді қосып (флотациялық сұйық пен нәжістің қатынасы
20:1 шамасындай болуы шарт), сұйылтады да таяқшамен тағы
араластырады, сонан соң торкөзді сүзгішпен (дәке немесе темір елек)
сүзіп таза шыны ыдысқа қатырады да (ауызы тар, мойыны жіңішке шыны
қүмыралар-колбалар пайдалануға тиісті) 30-40 минут бойы түндырып
қояды. Осы мерзім ішінде құрт жүмыртқалары сүйықтың бетіне қалқып
шығады, оларды сым ілмешектермен (2-3 тамшы) іліп алып, төсеніш
шыныға еппен сілкіп салып, бетін жапқыш шынымен бастырып микроскоппен
тексереді.
Калантарян әдісі жоғарыда аталған Фюллеборн тәсілінен
айнымайды,
мұнда тек қалтқыштық сүйық ретінде меншікті салмағы 1,4 азот қышқылды
натрийдің (Ка2КО3) қаныққан ерітіндісін алып 1:1 қатынастағы
қосындыны
ысытады. Қайнаған сұйықтың бетін қиыршықты қабыршақ жабысымен, оны
салқындатып, сүзбей-ақ құрғақ шөлмектерге құйып
дайындайды.
Калантарян әдісі арқылы меншікті салмағы жоғарырақ жұмыр құрттардың
жұмыртқаларын анықтайды.
Дарлинг әдісінде шөгеру және флотациялау амалдар қатар
қолданылады. Өлшеп алынған қиды не құмалақты шағын көлемдегі сумен
араластырып езеді, қойыртпақты шыны түтікке (центрифуга пробиркасы)
сым елеуіштен өткізіп сүзіп, 1 -2 минут айналдырғыш аспабымен
(центрифуга аппараты) айналдырады (бұл кезде құрт жұмыртқалары
тұнбаға шөгеді). Осыған кейін түтіктегі сүйықтың жоғарғы бетін төгіп
тастап тұнбаға тепе-тең мөлшерде глицерин және қаныққан ас тұзы
қоспасын құяды. Пробиркадағы затты сыртқа төгілмейтіндей етіп шайқап,
тағы да 1-2 минут айналдырады. Соңынан темір түзақшамен сүйықты бет
жағынан сыдырып алып ақырын ғана төсеніш шыныға сілкіп, үстін шыны
жапқышпен жауып, микроскоппен қарайды. Бүл эдіспен нематода
жүмыртқаларымен бірге кокцидийлердің ооцистелерін (қарапайымдылар)
табуға болады.
Щербович әдісі. Қалқытқыш сүйық ретінде қаныққан күкірт
қышқылды магнезия (Мg504) ерітіндісін қолдануға негізделген (920 г
магнезия 1 л ыстық суда езіледі, сүзіліп, тоңазытып пайдаланады). Бүл
әдіспен шошқа нематодаларының жұмыртқаларын іздестіру тиімді.
Котельников пен Хренов әдісінде екі химиялық затты пайдалануға
болады: аммиак селитрасын (аммония нитраты - МН4ІО3 ) немесе азот
қышқьш қорғасынын. Аммиак селитрасы түйіршіктерін (гранула)
не
үнтағын қолданады. Қаныққан сүйықты дайындағанда 1 л ыстық суға 1500
г селитраны ерітеді (ерітіндінің тығыздығы 1,3-ке тең). Бү_л әдістің
орындалуы Фюллеборн тәсілімен бірдей, жалғыз-ақ тұндыру мерзімі 7-10
минут. Қорғасын нитратын да осы бағытта пайдаланады. Тұндыру мезгілі
15-20 мин. Котельников пен Хренов эдісімен мал мен құстың көптеген,
жалпақ, жұмыр және тікен басты құрттар жұмырткаларын анықтауға
болады.
Демидов әдісінде қалқыту-тұндыру амалдары қарастырылады
(қаныққан ас тұзы ерітіндісін пайдаланады). Бүл әдіс әсіресе
сорғыштардың кейде таспа және жұмыр құрттардың жұмыртқаларын
ажыратуға септігін тигізеді. [2,7].
1.4 Құрттардың көбеюі және дамуы
Гельминттер орасан көп жұмыртқа немесе балаңқұрттар (личинкалар)
салу жолымен өсіп-өнеді.
Сондықган да олар табиғатта соншалық кеңінен тараған. Ішқұрттардың
жұмыртқалары мен балаңқұрттары өте сақ келеді де жай көзге көрінбейді,
оларды тек микроскоппен ғана айыруға болады. Алдымен олар тікелей
сыртқы "ортада (жер бетінде, суда) немесе аралық ие деп аталатын
әртүрлі жәндіктердің денесінде дамиды. Сыртқы ортада тіршілік ететін
қүрттарды геогельминт деп атайды. Бұлардың жүмыртқалары мен
балаңқұрттары сыртқы ортаға иесінің нәжісі арқылы тарайды. Сыртқа
түскен жұмыртқада балаңкұрт дамиды, ол жұмыртқа ішінде өсіп-өнеді,
түлейді де инвазиялық, яғни залалдағыш, жұқпалы сатысына жетеді.
Біркатар гельминттерде жетіліп, дамып болған балаңқүрт жүмыртқа
қабыршағын жарып шығып, белсенді әрекет істей бастайды. Сыртқы ортада
балаңқұрттар одан әрі дамып, 2-3 рет түлеп, жүқпалы дэрежесіне жетеді
(жүқпалы балаңқүрт).
Гельминттердің жұмыртқалары мен балаңқұрттары сыртқы ортада дұрыс
өсш-жетілуіне белгілі мөлшердегі жылылық керек. Олардың тіршілігі үшін
ең қолайлысы 25-30° арасы болып табылады. Жылылық осыдан сәл төмендесе
болғаны, оның балаңқүртының өсіп-өнуі басендейді, температура 5-10°-тан
кем болса, ол эдетте өзінің дамуын тежейді. Жылылық 40° немесе одан
жоғары болған кезде кұрттардың күллі жүмыртқалары мен личинкалары
тіршілік етуін тоқтатады. Жүмыртқа мен балаңқұрттың өмір сүруі үшін
белгілі дәрежеде ылғалдық та керек. Егер ылғалдық жеткіліксіз болса,
олар кұрғап, қүрып кетеді. Көптеген гельминттер күннің салқындығына
ұзақ мерзім шыдай береді. Жұмыртқалар мен балаңқүрттар ауа райының
қайта-қайта суып не жылынып алмаса беруін көп көтермейді. [3,5,6].
Геогельминттердің өмір сүруі ең алдымен сыртқы орта мен табиғат
жағдайларына байланысты. Күн сэулесінің жиі түсуі, күннің қатты қызуы
кұрт жұмыртқасын, личинкаларын эсіресе олардың алғашқы тіршілік етуі
кезінде тез өлтіреді. Бірақ бұлардың әдетте мүндай қауіпті әсерлерден
көңтезектің қалдығында, жерде немесе суда едәуір қорғана алатынын да
естен шығармау керек. Өсіп-өніп есейген, үшінші жүқпалы сатысына жеткен
балаңқүрттар аса төзімді келеді. Ал дымқылдың тапшылығында да олар
көбіне өлмей, өміршеңдігін сақтап калады. Геогельминттің балаңқұрттары
сыртқы ортада қорек қажетті заттардың есебінен күнелтеді. Ал өзіне
қолайлы жағдай туған (ылғалдылық мол жөне жылылық, қалыпты) кезде олар
тез қозғалады, бір орында түрмайды, шөп басына өрмелеп те шыға алады.
Иелері (жануарлар, адам) табылмаған сэттерде мүндай балаңкүрттар
бірнеше жетіден кейін өліп қалады. Бірақ табиғат үнемі өзгеріп, құбылып
тұратындықтан көптеген геогельминттердің жүмыртқа мен балаңқүрттары
жайылымда жыл бойына сақталады. Мүндай өріс мал жаю үшін қауіпті болып
саналады. Балаң құрттары сыртқы ортада өніп-өсіп әрі даму үшін белгілі
жануар денесін кажет ететін құрттарды биогельминт деп атайды.
Биогельминттер жүмырткаларын немесе балаңқүрттарын геогельминт сияқгы
бастапқы кезде сыртқы ортаға бөліп шығарады, ал олар әртүрлі жолдармен
(су, өсімдік, мал азығы арқылы немесе өздігінен) аралық иесінің
денесіне енеді.
Ішкүрттардың аралық немесе ақтық иесінде белгілі түрі ғана тіршілік
ете алады. Мысалы, сорғыштардың аралық иесі ұлу болса, кейбір жүмыр
құрттардың аралық иесі қансорғыш жәндіктер. Биогельминттердің түрлеріне
байланысты аралық иесі жауын қүрт балық немесе басқа омыртқалы
хайуанаттар болуы мүмкін.
Мәселен, адамның ішегінде кездесетін кейбір таспа құрттардың аралық
иесі болып шошқа мен ірі кара саналады, ал иттің және жыртқыш аңдардың
ащы ішегінде мекендейтін цестодалардың аралық иесіне бірқатар үй
малдары және жабайы жануарлар жатады.
Кейбір гельминттер балаңқұрттары өзіне табиғи емес ие мүшесіне
орналасып, аялдама жасайды. Мүнда олар өсіп - өнбегенмен өліп те
қалмайды. Құрттардың осындай балаңқүрттарын сақтайтын қор жинағыш,
қорлы (резервуар) иесі деп атайды. [6,7].
1.5 Гельминтоздардың эпизоотологиясы
Малға паразиттер мен олардың жұмыртқалары және балаңқұрттары жеген
жем-шөп пен су арқылы жүғады.
Геогельминттердің жұмыртқалары мен балаңқұрттары шалшық суларда, шөп
сабақтарында, азықтарында кездеседі.

немесе аралық ие денесінде болады. Кейбір гельминттердің балаңқүрттары
су бетінде не өсімдік сабағына жабысып өмір сүреді. Мүндай жағдайда
биогельминттер геогельминттер сияқты жүғады.
Кейбір гельминттер тек аралық ие арқылы тарайды. Мысалы, ит өлген
қойдың, шошқаның жэне басқа малдың беріш (эхинококктер)
жайлаған өкпе бауырын жеп зақымданады, ал доңыз жаңбыр құрты
арқылы метастронгилезге шалдығады.

күмырсқаларды шөппен бірге жатындықган зарарланады, ал қозы - бұзаулар
ұсақ топырак кенелерін шөппен бірге жұтып, монезиозға душар болады.
Бірқатар гельминтоздардың қоздырғыштары малға терісі арқылы жүғады.
Кейбір гельминттердің өсіп-жетілген балаңқұрттары мал терісіне еніп,
қан тамырлары арқылы дене мүшесіне енеді.

сорғыш жәндіктер арқылы енеді.
Сонымен, гельминттер көбіне мал өрісін, суаттарды зарарлайды.
Жайлымның топырағы неғұрлым ылғалдырақ болған сайын олардың жүмыртқасы
мен балаңқұрттарының дамуы үшін соғүрлым тиімді жағдай туады.
Гельминтоздардың эпизоотологиясы- аурудың тарау жолдарын, әсіресе
оның етек алу және жоқ болып кету себебін зерттейді. Ол гельминтгердің
биологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне негізделген. Ол ауыл
шаруашылық жануарлары ішқұрт ауруларының эр түрлі географиялық
аймақтарындағы эпизоотологиялық ерекшеліктерді көрсетіп отырады.

жүйеге келтіре отырып, бұларды екі топка бөледі, олар: геогельминтоздар
мен биогельминтоздар.
Геогельминтоздардың бастапқы қоздырғыштары топырақта, суда, қора-
жайларда (нематотоздардың басым көпшілігі) тікелей өмір сүре береді.
Биогельминтоздардың қоздырғыштары белгілі аралық иелерінің қатынасуымен
өсіп-өнбейді, ол тек өзінің бойына сіңген өнеді.

үлғайып, жынысы жетілген ересек гельминттер мекендейді;
аралық иесі- мүның организмінде паразит балаңқүрт сатысында тіршілік
етеді. Бірқатар гельминттер дамуы үшін екі бірдей ие қажет.
Оның екіншісін қосымша иесі деп атайды. Барлық трематодоздардың,
цестодоздардың, акантоцефалездердің көпшілігі және нематодоздардың бір
бөлігі биогельминтоздар болып табылады. [1,2,5,6].
1.6 Гельминтоздарды анықтау
Гельминтоз ауруын дүрыс анықтап білсе, малды емдеуге жэне оны
дерттен тез жазуға мүмкіншілік туады. Демек, гельминтоз түрі
дэлелденген соң ғана індеттің мал арасына одан эрі таралуына жол
бермеуге болады.
Диагноз қою үшін әуелі жануардың қашан кеселге шалдыққанын, дерттің
қандай белгі бергенін, қандай жөм-шөп жегенін, жайылымын, суатын,
мүндай дертпен түліктің бүрын-сонды ауырған - ауырмағандығын, бірден
қанша бас дертке шалдыққанын сұрастырып біледі. Осыдан кейін малға
тексеру жүргізеді.
Алдымен ауру малдың жасына, жынысына, қондылығына, азыққа тәбетіне,
жүріс-тұрысына назар аударады.
Ішқұрт ауруларын анықтаудың өзіндік ерекшелігі бар.
Гельминттер дене мүшелері мен үлпалардан табылса да, жануар
гельминтозға үшыраған деп кесіп айтуға болмайды,
Ішқүрт ауруларын жануардың тірі кезінде және мал өлген соң
анықтайды. [5,6].
1.7 Инвазиялық аурулардан сақтандыру негіздері
Инвазиялық ауруларда жүргізілетін сақтандыру шаралары, індетке
қарсы шаралардан ерекшеліктері бар. Індеттен жануарларды сақтандыру
үшін вакцина егу кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, ауырып сауыққан
малдың сарысуымен емдеу, зарарсыздандыру және карантин шаралары да
қолданылады.
Инвазиялық ауруларда вакцина егу және сарысумен емдеу мал
дәрігерлігінде әлі кең қолданыс тапқан жоқ, ал дезинвазия, барлық
ауруларда қолданыла бермейді. Бірқатар инвазиялық ауруларда карантин
шаралары қолданылады. Қоздырғыштары адамды әрі жануарларды зақымдайтын
инвазияларды антропозооноздар деп атайды.
Адамның инвазиялық және індет ауруларының көптеген тасымалдаушылары
жануарларда да кездеседі. Сондықтан оларды жануарлар денесінде жою-
адамды сақтандыру шараларының бірі болып табылады. Сондықтан мал
дәрігерлерінің паразиттерге қарсы жүргізетін шаралары инвазиядан
жануарларды ғана емес, адамды да сақтауға мүмкіндік береді.
Инвазиялық аурулардың қоздырғыштарына қарсы шаралардың негізі-
биологиялық және химиялық сақтандыру әдістері. Биологиялық әдістерге
мыналар жатады: көңді биотермиялық зарарсыздандыру, жайылымдарды жырту
және суландыру, шалшық жерлерді кептіру, жайылым бөлтектерін оқшаулау,
ауыстыру және көпжылдық мәдени жайылымдарды кеңінен пайдалану.
Инвазиялық ауруларды химиялық әдістермен сақтандыру үшін
инсектоакарицидтер қолданылады. Мысалы олардың ерітіндісін теріге
жаққанда терідегі кенелер мен жәндіктер жойылады. Жайылым кенелеріне
қарсы акарицидтерді қолдану-жануарларды пироплазмидоз ауруларынан
сақтандырады.
Ішқұрт ауруларынан сақтандыру үшін жануарлардың жеміне арнайы
химиялық препараттарды қосып береді. Бұл дәрілер ішқұрттардың балаң
құрттарын өлтіреді немесе олардың дамуын тежейді.
Кейбір қарапайымдылар қоздыратын аурулардан сақтандыру үшін
жануарлардың қанына немесе тері астына қоздырғышты өлтіретін, немесе
оның дарығыштығын тежейтін дәрілер жіберіледі.
Қоздырғыштың биологиялық дарығыштық күші төмендегенде химиялық
дәрілердің әсерінен организмде залалды иммунитет, яғни премуниция пайда
болады. Бұл әдісті митигирлік дауа деп атаған. Ол ең алдымен
жануарларды пироплазмидоздардан сақтандыру үшін қолданылады. Кейде
биологиялық және химиялық әдістерді қолданып, қоршаған ортадағы аралық
ие немесе ауру тасымалдаушыларды жояды. Паразит ауруларын дауалауда
маңызды шаралардың бірі-жануарлардың күтімі мен азықтандыруын жақсарту.
Ал мұның өзі организмнің қоздырғыштарға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz